Гуманитарлық пәндер



бет18/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. М.Әуезовтың өмір жолына тоқталыңыз

  2. М.Әуезов және балалар әдебиеті

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
10 Дәріс І.Жансүгіров – лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы ( «Малта», «Шәркей», «Жетісуға», «Жазғы шілде», «Жазғытұры» т.б. арналған өлеңдері).
Сағат саны-1
жоспары
1. І.Жансүгіров – лирикасындағы табиғат және өнер тақырыбы
2. Балаларға арналған шығармалары және олардың тақырыптары
3. Ақын өлеңдерінің танымдық сипаты
1.Өмірі мен шығармашылығы. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бірінші мамыр күні қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданының бұрынғы 4-ші ауылында туды. шешесінен жастайынан жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. Қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. Өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болған. Ол аяқ киім тігетін етікшіжәне темір мен ағаштан түйін түйетін ұста екен. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болғандықтан халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинапты. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс та әкесіндей әрі етікші, әрі ұста, әрі әнші, әрі домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таныды. Осының өзі Ілиястың әдебиетке қызығуына көп көмегін тигізеді. Әкесінен көптеген қызықты әңгімелер, халық өлеңдерін естиді. Халық өлеңдері мен ертегілері оны халық өмірімен, арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады. Айналасындағы болып жатқан неше алуан өмір құбылыстары да баланың байқағыштық назарынан тыс қалмаған еді.
Ежелден ескеруші ем елдің сөзін,
Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.
Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,
Құлақты қырға түріп жүрген кезім, -
дейді.
Әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен де қанағаттанбай 1905жылы жергілікті жердегі Қарағашта ашылған орталау мектепте оқып, оны 1911жылы бітіріп шығады. Осы кезден бастап өлең жазумен айналысады. Өз білімін көтеру үшін 1920жылы Ілияс Ташкентке барады.Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына оқуға түседі. Тұрмыстың сол жылдардағы ауырлығына байланысты Ілияс бір жағынан қызмет істеуге мәжбүр болады. Ілияс қаламынан шыққан бірсыпыра өлеңдер осы жылдары жарық көре бастайды.
Ілияс Ташкенттегі мұғалімдер дайындайтын қазақ- қырғыз институтының екі жылдық курсын бітірген соң 1921жылы Жетісуға қайта оралады. Өз еліне келісімен Қапал уезі, Ақсу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып орналасады. Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сондықтан ол «Жалпы жасқа» деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел,еркек, жалпы жас! Оқи, орталас, ұйымдас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш! Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жаңбырлы, жазғы жапырақтай, Жиылатын күн жетті,
Көркей, көгер, гүлің шаш! Қайтіп ұйқың қиылмас!-
деп, ел арасына, қарамағында оқып жүрген жас өспірімдерге үгіт жүргізеді. Осы идеясын іске асыру үшін мұғалімдік қызыметімен қатар, Ілияс батырақтар одағына кіріп, жолшылар арасына үгіт жұмысын одан әрі жүргізеді. Бұл кезде жазылған өлеңдерін көбінесе солардың өміріне жеке жас ұрпақтарға арнады. «Жастар ұраны» «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлеңдері жас өспірімдерді оқуға, өнер білімге шақырады. Сол кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өлеңін әнмен шырқап бүкіл елге таратқан.
1924 жылы қазақ ағарту институтының директоры болып қызмет атқарады. 1925жылы Ілияс Москва журналистика институтына түседі. Мұнда ол оқумен қатар өзінің ақындық шығармашылық жұмысын күннен күнге дамытып, өлеңдерінің көркемдік жағын жетілдіріп, сапасын арттырады.Жазушы білім жағынан да, ақындық талантымен де енді тек Қазақстан көлемінде ғана емес, бүкіл Одаққа таныла бастайды. Ілияс журналистика институтын 1925 жылы аяқтайды.
І.Жансүгіровтың әдеби-әлеуметтік қызметі осы кезден бастап кең арна, даңғыл жолға шықты. Москвадан қайтып оралғаннан кейін Ілияс әдеби шығармашылық іске беріле кіріседі. Бірнеше жыл республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқара жүріп,көптеген өлеңдерін, поэмаларын жазып, жарыққа шығарады. Ақынның әдеби еңбегі бағаланды.
Ілиястың бұл кезде мол еңбек еткендігі соншалық, бас-аяғы он шақты жылдың ішінде ол 20- дан астам кітабын бастырып шығарды. Ілияс қазақ поэзиясының ірі ақыны болумен қатар проза, драматургия саласында да үлкен еңбек еткен жазушы.
І.Жансүгіров отызыншы жылдар ішінде драмматургия саласында «Кек», «Түрксиб», «Исатай - Махамбет» пьесаларын жазды.
Жүрегім, жырым,
сенікі,
Кеңісті далам,
кең далам.
Тудым, өстім,
есейдім,
Ен далам – анам,
мен – балаң,-
деп жырлаған қазақ совет балалар әдебиетінің іргесін қалаушылардың бірі болған талант иесі өмірден репрессияның құрбандарының бірі болып жас кетті.
2.Балаларға арналған шығармалары және олардың тақырыптары. І.Жансүгіров: «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. Бұл туралы біраз еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық» т.б. Бізде, әсіресе, техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек дейміз»,-дейді өзінің «Мен қалай жаздым?» деген мақаласында.
Оқу-білім тақырыбы. Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатын ашуды үлкен міндет етіп қояды. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жас бұлбұлдарға», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күзде» деген өлеңдерінде ақын жас буындарды оқуға, өнер- білімге шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет