Гуманитарлық пәндер



бет2/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:
Көркем сөз өнерінің бір саласы ретінде балалар әдебиетінің ерекшеліктерін таныту, білім алушыларді әр кездегі балалар әдебиетінің таңдаулы нұсқаларымен таныстыру және әдеби теориялық білімдерін толықтыру


3. ПӘН БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:
Оқу нәтижесінде білім алушы:

  1. халық ауыз әдебиеті үлгілерінен (ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар, аңыздар, шешендік сөздер) балаларға лайық шығармаларды іріктеп алуды және олардың тәрбиелік, білімдік мәнін;

  2. балалар әдебиеті өкілдері шығармашылығын, олардың балаларға арналған еңбектерін;

  3. көркем шығарма түрлерін ажыратып, оларды талдау әдістемесін;

  4. көркем шығарма жанрларын мәнерлеп оқуды;

  5. өлеңдер мен прозалық шығармаларды жатқа айтып үйренуді (12-15 өлең, 6-8 прозалық туындыдан үзінділер);

  6. шығармаға әдеби-теориялық талдау жасауға дағдылануды (шығарма тақырыбы мен идеясы, сюжет пен композиция, әдеби кейіпкер, көркем шығарманың тілі, құбылту мен айшықтаудың түрлері, жанр түрлерін);



4. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
(бакалавриат деңгейі бойынша) .

  1. көркем шығарманың тақырыбы, композициясы, негізгі идеясы, жоспары т.б. әдебиет теориясынаналған білімдерін практикада қолдануды;

  2. тақырыбы бір-біріне ұқсас шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыра пайымдай алуды;

  3. мектепке дейінгі балалар үшін көркем шығармаларды іріктей білуді;

  4. ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу тілін жетілдіруді;

  5. өз ойын, өз пікірін білдіруді және өзіндік көзқарасын қалыптастыруды;

  6. адамгершілік, елжандылық, еңбексүйгіштік, салауаттылық, мәдениеттілік тұлғасын тәрбиелеуді;

  7. көркем шығарманы әдістемелік талаптарға сай мәнерлеп оқуды үйренуі тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет