Гуманитарлық пәндер



бет20/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2. «Абай жолы» эпопеясы. Эпопея ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының өмірін үлкен тарихи оқиғалардан бастап, күнделікті қоғамдық тіршіліктің ұсақ фактілеріне дейін жан-жақты баяндайды. Сонымен қатар, ұлы ақынның өмірін қоғамдық-тарихи шындықпен, қазақ халқының тұрмысымен, әдет-ғұрпымен және дәстүрімен
«Бірінші кітаптың «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деп аталатын тараулары дәл және поэтикалық тұрғыда жазылған.
Эпопеяның алғашқы беттерінде Қодардың трагедиясы басталады. Құнанбай Қодарға жала жауып, өлім жазасына кеседі де, жерін өзі басып алады.
Абайдың балалық шағы мен жастық шағы, рухани өсуі жағынан нанымды сипатталған. Әуелі балалық шаққа тән, айналадағының бәрін жақтырмай қарсы алатын Абайды көрсек, ал кейінірек әділдік іздеп алқынған, халық қамына, мұңына жаны ашитын, кедейлер үшін өз басын да аямаған бала жігіт Абайды байқаймыз.
Эпопеяның екінші кітабы «Тайғақта», «Жайлауда», «Еңісте», «Оқапта», «Асуда», «Тарауда», «Биікте» тарауларынан тұрады.
Эпопеяның екінші кітабында жеткіншек ұрпақтың өкілдері өздерінің әр түрлі үміт армандарымен, болашаққа талпыныстарымен көзге түседі.
Эпопеяның екінші кітабында жеткіншек ұрпақтың өкілдері өздерінің әр түрлі үміт армандарымен, болашаққа талпыныстарымен көзге түседі. Сәдуақас, Хасен, Мағауиялар өз халқына пайда келтіру мақсатында мектепте оқып жүр.Олар Абайдың өлеңдерін сүйіп оқиды, оны халық арасына таратады.Өйткені олар болашақ қоғамның өкілдері әрі үміті еді. Бұл адал, пәк жастарға қарама-қарсы бағытта қатал, сараң, қатыгез Әзімбай, екі жүзді, жағдайға қарай құбылғыш, арам ниетті Шұбар мен Көкбай көрінеді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Абай және балалар әдебиеті

  2. Балаларға арналған өлеңдері

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
12 Дәріс. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы. Ж.Жабаев («Ленинградтық өренім», «Балама хат», «Москваға», «Капитан Гостелло», «Жиырма сегіз батыр» т.б.өлеңдері), Б.Бұлқышев («Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі, жастар», «Тыңда, Кавказ!», т.б. публицистикалық шығармалары), С.Мұратбеков («Жусан иісі»повесі), Ғ.Мүсіреповтің ( «Қазақ солдаты романы»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет