Гуманитарлық пәндер


Балалар әдебиетінің ерекшеліктері



бет5/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2.Балалар әдебиетінің ерекшеліктері Бесік жыры. «Бесік жыры» – жас нәресте туғанда, шілдехана күні, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең. Бұл да ертеден осы кезге дейін айтылып, жаңарып, дамып келе жатқан тұрмыс-салт лирикасының бір түрі. Дәстүрлі халық жырының әр шумағы «әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем» деген жолдарынан басталады.
Қазақ бесік жырының үлгілері алғаш Ә.Диваевтың жинауымен XIX ғасырдың аяғында хатқа түсіп
XX ғасырдың басында басылып шыға бастады. Бесік жырының хатқа түскен тағы бір үлгісі Н.Г.Потанин жазбасында кездеседі. Қазақ бесік жырының музыкалық ырғағына назар аударған В.Н.Шнитников та оның бір нұсқасын жариялаған.
Бесік жырын халық әдебиетінің жеке жанры ретінде танып, алғаш зерттеу обьектісіне айналдырған А.Байтұрсынов оны «жын шақыру», «құрт шақыру», «дерт көшіру» сияқты жанрлармен бірге «қалып» сөзінің бүгінгі тілмен айтуында ғұрып фольклорының көне наным-сенімдермен байланысты саласына жатқызады. Бұл тұста ғалым бесік жырының «тұрмыс қалпында болатын істер сарынымен айтылатындығына мән берген.
Бесік жырына айрықша мән беріп, оны алғаш зерттеу обьектісіне айналдырған адамның бірі – С.Сейфуллин. Оның 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты еңбегінде қазақ бесік жырының таңдаулы үлгілері арнайы қарастырылып, оның жалпы сипаты мен халық шығармашылығындағы орнын анықтауға талпыныс жасалады.
Одан кейінгі М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты еңбегінде бесік жырына арнайы орын беріліп, жанрлық ерекшеліктері, эстетикалық мұраты мен тәрбиелік қызметі, кейбір көркемдік қырлары сөз болады..
Қазақ бесік жырларын зерттеушілер екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады:
дәстүрлі бесік жырлары, суырып салма бесік жырлары. Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен, мазмұндық-композициялық негізгі қаңқасы толық сақталып, Қазақстанның барлық түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар, негізінен, тікелей балаларға арналған. Жыр құрылысында «әлди-әлди» немесе «жылама, бөпем, жылама» тәрізді қайырмалар қайталанып, жырдың негізгі мазмұны баланы ұйықтауға, тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. Бұл жырларда қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол.
Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Ол жырларда сол кезеңдік оқиғалардың бедерлері мол. Бала тербетіп отырған адам бесік жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады. Бұл топтағы жырларды іштей тарихи-тұрмыстық тақырыптағы және айтушының жеке басына байланысты мұң-шер жырлары деп екіге бөлуге болады. Бірақ бұл топтағы жырлардың көпшілігі белгілі аймақта ғана айтылып, кең тарамаса, кейбіреулері кең таралғанмен, өлеңнің тууына себеп болған оқиғамен бірге уақыт өткен соң ұмытылып кеткен.
Балалар ойынының поэзиялық өрнегіне, фольклорлық мән-мағынасына тоқталатын болсақ, екі үлкен жікке бөліп саралауға болатын тәрізді. Оның алғашқы тобына балалардың қимыл-қозғалыс ойындарына, ойынның басталуына, жүргізілуіне, аяқталуына байланысты айтылатын, яғни, ойынға байланысты өлеңдер, екінші жікке өлең-ойындар жатады. Екінші жағдайда балалар өлең сөзін ойынға айналдырады, сол арқылы тапқырлық, ұтқырлық сияқты ой жарысына түседі. Әрекетке құрылған рольді ойындардың (ролевые игры) құрылысында өлең сөз ерекше белсенді қызмет атқарады.
Ойынға байланысты келетін өлеңдердің әрқайсысының өзіне тәуелді функциясы, соған орай мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осы сипаттарына қарай бұл өлеңдерді фольклоршылар мынадай ішкі жанрлық түрлерге жіктеп жүр:
-Ойынға шақыру өлеңдері.
-Қаламақ.
-Санамақ.
-Драмалық ойындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет