Гуманитарлық пәндер


Балалар фольклорының жанрлық түрлері



бет9/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

3.Балалар фольклорының жанрлық түрлері..
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихында айтуға тұрарлық бір еңбек -әдебиет зерттеуші ғалым Х.Досмұхамедовтың «Қазақтың халық әдебиеті» атты қысқаша очеркі. «Ғалым өзінің төрт бөлімнен тұратын (алғы сөз, халық әдебиетінің мән-мазмұны, қазақтың халық әдебиетін классификациялау және қазақ халық әдебиетінің үлгілері) еңбегінде ауыз әдебиетінің барлық жанрлық түрлерінің табиғатын аша келіп, оны 46 түрге бөледі. Олар: эпос (жыр), ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырым сөзі, жаңылтпаш, наным-сенім, аңызда жыл санау, демнологиялық әңгімелер, космогиялық әңгімелер,түс жору, ойындар, әпсаналар, шежіре, лиро-эпос жырлары, айтыс, мақтау өлеңдері, жоқтау өлеңдер, жылау-сықтау өлеңдер,көңіл айту, жұбату өлеңдері, мысқыл, кекесін өлеңдер, билік сөзі, бата, алғыс, қарғыс, күлкі, көңілдесу сөзі, әзіл, үгіт өлең, зарзаман, толғау,қыздырушы, намыстандырушы өлең, болжал өлең, өсиет өлең,өмірбаян, бесік жыры, үйлену-салт жырлары,жігіт өлең, қоштасу өлеңі, көрісу өлең, сәлем өлең, аруақпен сөйлесу, емдеу мақсатындағы өлеңдер,өтірік өлең, жарамазан, діни әдеттегі өлеңдер, қисса».
В.А Василенко шығармаларды атқаратын міндетіне қарай жіктеп, «ойын әрекетіне байланысты шығармалар», «ойын әрекетінен тыс шығармалар» деген топтау үлгісін көрсетті.
М.Н Мельников өзінің «Орыс балалар фольклоры» атты кітабында аталмыш мәселені зерделей келіп, балалар мұрасын «Әлпештеу поэзиясы» (пестования), «тұрмыстық фольклор» (бытовой), «ермектік» (потешный), «ойындық» (игровой) фольклор деп төрт топқа бөлуді ұсынады.
Бекіту сұрақтары:

  1. Фольклор сөзіне түсініктеме

  2. Халық ауыз әдебиеті өкілдері

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет