Гуманитарлық-заң факультеті



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#125492
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіністер. Бекіністер негізінде үлкен қалалардың төңірегінде, керуен жолдарының бойында, өткелдердің басында, асулардың етегінде, жалпы, қорғанысқа табиғи жағдайы қолайлы жерде орналасқан. Әртүрлі көлемдегі бекіністер ежелгі, ортағасырлық Тараз, Отырар, Ақтөбе және т.б. қалалардың төңірегінде сақталған. Бекіністерді іздеу кезінде де олардың орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару керек, олардың орындары қала төңірегіндегі жан-жағы жақсы көрінетін жерде, қала қақпаларына кіре берісте де кездеседі. Бекіністердің бірнеше түрлері кездеседі, олар: үлкен қалаларға жақын жерге салынған, көлемі шағын бекіністер; өткелдер мен асуларды қорғау үшін биік жерге салынған бекіністер және көлемі үлкен, қорғаныс жүйесі күрделі, қақпасы «Г» тәрізді болып келген уақытша (мерзімді) бекіністер және т.б.

Талас өңірінде орналасқан Қонысбай, Нарымбай, Күделі (61-сурет) бекініс-қалашықтарының қамалы мықты, олардың мұнаралары, қамал қабырғасынан шығып тұр. Кейбір бекініс-қалашықтардың іші бос, мәдени қабаты жоқ болып келеді.



Қарауыл мұнарасы мен қарауыл төбелер керуен жолдардың бойында, асуда, өткелдің басында, ежелгі және ортағасырлық қалалардың арасындағы, төңірегіндегі жан-жақты бақылап тұруға ыңғайлы, биік жерге, таудың басына, тастан не кесектен қаланған болып келеді. Ежелгі Тараз қаласының қала аймағын, оған шартараптан келетін керуен жолдарын, өткелдер мен асуларды бақылап тұрған қарауыл мұнаралары Кішібұрыл және Ботамойнақ тауларының биік жерінде орналасқан. Тастан қаланған, жобасында дөңгелек, төртбұрышты қарауыл мұнаралары 2-3м биіктікте сақталған (62-сурет).

Топырақтан, тастан үйілген қарауыл төбелер де биік жерде орналасқан, әдетте, олар ежелгі және ортағасырлық қалалардың аралығында, жан-жағында тұрған таудың биік жерінде, асуда орналасқан болып келеді (63-сурет),



Ежелгі және ортағасырлық қалалар. Археологиялық барлау жұмыстары кезінде әртүрлі тарихи кезеңдердің қалалары кездеседі. Олар негізінде қорғанысқа қолайлы жерге салынған, көлемі мен жобасы әртүрлі қалашықтар мен қалалар Ұлы Жібек жолының бойында және онымен байланысты керуен жолдарының бойындағы жан-жағы ашық жерде, биікте, өзендердің жағасында, атырауда, тау алды жазығында, тау шатқалдарына кіре берісте, шатқалда, өткелдің басында және т.б жерде орналасқан. Сақтардың қалалары Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы Қызылқұмдағы ежелгі оазистерде кездеседі, Шірікрабат (64-сурет), Бәбішмола тарихи бедері жақсы сақталған үлкен қалалар.

Ежелгі қалашықтар мен қалалардың Сырдария өзенінің жағасында, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тауалды жазығында, Талас, Шу өңірлерінде кездеседі. Ежелгі Тараз қаласы Талас өзенінің жағасында, Ұлы Жібек жолы мен бірнеше керуен жолдарының қиылысқан жерінде орналасқан, ал ортағасырлық Отырар (65-сурет), Түркістан, Шауғар, Сауран, Сығанақ, Жент қалалары Сырдарияны жағалап жүретін керуен жолының бойында орналасқан қалалар. Ежелгі және ортағасырлық қалашықтар мен қалаларды іздеу мен барлау жұмыстарына үлкен даярлықпен кіріскен дұрыс, ол үшін барлауға даярлық кезінде зерттеу жүргізілетін ауданның ортағасырлық қалалары туралы жазба деректермен танысып, олар туралы ауызекі дерек жинау керек, сонымен қатар, сол ауданда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесімен танысып, қалашықтар мен қалалардың орналасу ерекшеліктерін анықтап, аэро суреттерін түсіріп алу керек. Мысалы, Талас пен Шу өңірлеріндегі ортағасырлық ұзын қорғанды Қысымшы, Ақтөбе, Меркі, Құлан және т.б. қалалар тауалды жазығында, Ұлы Жібек жолының бойында не онымен байланысты керуен жолдарының бойында орналасқан.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қандай ортағасырлық елді мекендер мен бекіністерді білесің?

  2. Қарауыл мұнаралар мен қарауыл төбелердың атқаратын қызметі қандай?

  3. Қазақстандағы қандай ежелгі және ортағасырлық қалаларды білесің?



СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Семинар 1. Археология зерттеулерінің тарихы

Мақсаты: ХҮІІІ-ХХ ғғ. аралығындағы археологиялық зерттеулер мен зерттеушілер және археологиялық зерттеу нысандары бойынша толық мағлұмат алу

Негізгі сұрақтар:

  1. ХҮІІІ ғ. зерттеулер

  2. ХІХ-ХХ ғғ. Зерттеулер

Әдістемелік нұсқау: Европадағы алғашқы археологиялық зерттеулер (ХҮІІІ ғ.). Ресейде археологиялық зерттеулердің басталуы (ХҮІІІ ғ.). ХІХ-ХХ ғасырлардағы археология. Ежелгі Шығыс өркениеттерінің ашылуы. Антик өркениетін зерттеу. Америкадағы үндіс өркениеттерінің ашылуы. Европа, Азия мен Африкада тас ғасырының зерттелуі. Европа қола ғасырының зерттелуі. Евразия ертетемірінің зертелуі. Евразия ортағасырлық мәдениеттерін зерттеу. Ресей археологиясы. Қазақстан археологиясы дамуының кезеңдері. Орта Азия археологиясы. Қытай археологиясы. Моңғолия археологиясы.

Әдебиеттер:

  1. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Исин А.И. Шыңғыстау, Берел, Шілікты, Абыралы: 1999-2003 жж. Археологиялық зерттеулер. Семей, 2004.

  4. Қазақстан тарихы. А., 1-том. 2010.


Семинар 2. Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері

Мақсаты: Ескерткіш түрлерінің ең басты ерекшеліктері. Археологиялық ескерткіштердің түрлері: петроглифтер, қоныстар, тұрақтар, жерлеу орындары, қалалар мен елді мекендер туралы түсініктерін қалыптастырып, археологиялық ескерткіштерді зерттеудің кезеңдері жайлы мәліметтер алу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Петроглифтер

  2. Қоныстар

  3. Тұрақтар (үңгірлер)

  4. Жерлеу орындары

  5. Қалалар мен елді мекендер

Әдістемелік нұсқау: Қазақстандаңы археологиялық ескерткіштерді түрі сен сипатына, айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне қарай талдау. Соымен қатар археологиялық ескерткіштердің негізгі түріне жататын: петроглифтер, қоныстар, тұрақтар, жерлеу орындары, қалалар мен елді мекендер туралы түсінік қалыптастыру үшін үшін көрекі құралдар мен аудио, видео материалдар арқылы берілуі керек.

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  1. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.


Семинар 3 тақырып. Тас ғасыры археологиясы

Мақсаты: Тас кезеңінің археологиялық кезеңдері мен ескерткіштері, олардың орналасқан аймақтары туралы жан-жақты мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Тас ғасыры және оның хронологиялық кезеңдері.

  2. Төменгі ертетас дәуірнамасы мен сипаттамасы.

  3. Қазба адамдар тарихы.

Әдістемелік нұсқау: Пікір таласта Қазақстандағы тас ғасыры ескерткіштері тақырыбын қарастыра отырып, ерте, орта жаңатас ескерткіштерін, тас индустриясысы жайында мағлұматты игеру мақсаттарын объективті түрде саралауға себепші болады және сабақ өткізу барысында студенттің белсенділігін нығайтады. Плейстоценнен голоценге өту. Мұзбасудың шегінуі. Оңтүстік Қазақстанның мезолит ескерткіштері. Материалдық мәдениетке сипаттама. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дәлелденуі. Тұрмыста садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек құралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нұра, Ертіс өзендері жағаларындағы ескерткіштер. Еңбек құралдарындағы айырмашылықтар. Мезолиттің тарихи орны мәселелеріне назар салып, саралау қажет.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А., 1979.


Семинар 4. Қазақстандағы қола ғасыры

Мақсаты: Қола ғасырының дәуірнамасы мен сипаттамасы, Орталық Қазақстан ескерткіштері, Шығыс Қазақстан ескерткіштері,Солтүстік және Солтүстік Батыс Қазақстан, Арал өңірі, Онтустік Қазақстан мен Жетісудағы қола, қола қоныстарының мүлкі, қола молаларының мүлкі, қола козелері, егіншілік, тау – кен ісі мен металлургия құралдары, қола ғасырының құрылуы, қола ғасырының әшекейлері, қола ғасырының ескерткіштері жайлы дерек көздері арқылы мағлұмат алу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Қола ғасырының дәуірнамасы мен сипаттамасы

  2. Орталық Қазақстан ескерткіштері

  3. Шығыс Қазақстан ескерткіштері

  4. Солтүстік және Солтүстік Батыс Қазақстан

  5. Арал өңірі, Онтустік Қазақстан мен Жетісудағы қола

  6. Егіншілік, тау – кен ісі мен металлургия құралдары

  7. Қола ғасырының ескерткіштері

Әдістемелік нұсқау: Қола ғасырының жалпы сипаттамасы және кезеңдерге бөлудің дамуы: малды бағып өсіру, жайылымдық-жайлауда өсіру, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Патриархат. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы. Этникалык қауымның дамуы.

Қазақстан территориясындағы Андронов жене Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, -тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.



Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  4. Маргулан А., Акишев К., Оразбаев А., Кадырбаев М. Древняя культура Центрального Казахстана А., 1966.

  5. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бута в І в.в Западном Казахстане. М.-Л., 1962.

  6. Черников С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М., 1960.


Семинар 5. Қазақстандағы ертетемір

Мақсаты: Тасмола мәдениеті, Майенер, Берел, Құлажорға ескерткіштері, Солтүстік және Солтүстік – Батыс Қазақстанның ертетемірі, Арал аймағындағы ертетемір, Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың ертетемірі ескерткіштері жайында түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Тасмола мәдениеті

  2. Майенер, Берел, Құлажорға ескерткіштері

  3. Солтүстік және Солтүстік – Батыс Қазақстанның ертетемірі

  4. Арал аймағындағы ертетемір

  5. Онтүстік Қазақстан мен

  6. Жетісудың ертетемірі ескерткіштері

Әдістемелік нұсқау: Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай өту. Тасмола мәдениеті, Майенер, Берел, Құлажорға ескерткіштері. Ерте темір дәуіріндегі тайпалар. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері тасмола мәдениеті. Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар. Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

  3. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.

  4. Самашев З., Жумабекова Г., Базарбаева Г., Сунгатай С. Берел. А., 2000.

  5. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.


Семинар 6. Сақ мәдениеті

Мақсаты: Сақ ескерткіштері, Бесшатыр қорғаны, Есік қорғаны, Берел обалары, сақтардың тұрмыс заттары мен әшекейлері, сақтардың құралдары мен қарулары, сақ қоныстары туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Сақ ескерткіштері

  2. Бесшатыр қорғаны

  3. Есік қорғаны

  4. Берел обалары

  5. Сақтардың тұрмыс заттары мен әшекейлері

  6. Сақтардың құралдары мен қарулары

  7. Сақ қоныстары

Әдістемелік нұсқау: Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. П - б.з.Ү ғ.ғ.). Сақтардың мәдени-тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен каңлылар және савраматтар-сарматтар. Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі - рулық-тайпалық құрылым. Үйсіндер мен каңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1984.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

  4. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.

  5. Самашев З., Жумабекова Г., Базарбаева Г., Сунгатай С. Берел. А., 2000.

  6. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.


Семинар 7. Үйсін мен қаңғұй екерткіштері

Мақсаты: Үйсін ескерткіштері, Қаңғұй ескерткіштері, еңбек құралдары, қарулары, тұрмыс заттары мен әшекейлері жайында түсінік беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Уйсін ескерткіштері

  2. Қаңғұй ескерткіштері

  3. Еңбек құралдары

  4. Қарулары

  5. Тұрмыс заттары мен әшекейлері

Әдістемелік нұсқау: Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. П - б.з.Ү ғ.ғ.). Сақтардың мәдени-тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен каңлылар және савраматтар-сарматтар. Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізі - рулық-тайпалық құрылым. Үйсіндер мен каңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций А., 1989

  3. Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии А., 1980.


Семинар 8. Ежелгі түркілердің археологиясы

Мақсаты: Ежелгі түркілер ескерткіштері, Түркі молалары, Түркі қарулары мен тұрмыс заттары, тас тұғырлар туралы деректерді жан-жақты талдау

Негізгі сұрақтар:

  1. Ежелгі түркілер ескерткіштері.

  2. Түркі молалары

  3. Түркі қарулары мен тұрмыс заттары.

  4. Тас тұғырлар

Әдістемелік нұсқау: Түрік қағанаты (552-603 жж.)- Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түрік тарихы және ғүндар мемлекеті. Түріктер және ғүндардың мемлекеттік, мәдени дәстүрлері. Қазақстан Түрік қағанатының құрамында. Қағанат шекараларының Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін ұлғайтуы. Византия, Иран жене Қытаймен қарым-катынасы. Қағанаттың екіге бөлінуі. Батыс-Түрік қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Соғыс-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік құрылымы. Тайпалық иерархия. Батыс-Түрік кағанатының әлсіреуі. Әулеттердің ауысуы.

Әдебиеттер:

  1. Археологические памятники Казахстана А., 1977.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Досымбаева А. Мерке – священная земля тюрков Жетысу. А., 2002.

  4. Ермоленко Л.Н. Каменные изваяния Казахстанских степей. Н., 2004.

  5. Шер Я. Каменные изваяния Семиречья. М., 1966.


Семинар 9. Ортағасырлық түркілер археологиясы

Мақсаты: Жерлеу ғурпы, тас тұғырлар, қарулары, тұрмыс заттары мен әшекейлері, ат әбзелдері туралы түсінік беру

Негізгі сұрақтар:

  1. Жерлеу ғурпы

  2. Тас тұғырлар

  3. Қарулары

  4. Тұрмыс заттары мен әшекейлері

  5. Ат әбзелдері

Әдістемелік нұсқау: Түркеш қағанаты (704-756 жж.) Түркештердің Орта Азиядағы Тан әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түркеш қағанатының құлдырауы. Осымен Түрік қағанаты тарихы аяқталды, оның орнына Жетісуда Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.), Сырдарияда Оғыздар державасы (ІХғ. басы-ХІғ.) құрылды. Қарлұқтар, оғыздар, қимақтар - ерте түрік мемлекеттік дәстүрлерді жалғастырушылар.

Әдебиеттер:

  1. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций А., 1989

  2. Бернштам А.К. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алая М.-Л., 1952.

  3. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  4. Досымбаева А. Мерке – священная земля тюрков Жетысу. А., 2002.

  5. Ермоленко Л.Н. Каменные изваяния Казахстанских степей. Н., 2004.


Семинар 10. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

Мақсаты: ҮІ-ҮІІ ғғ. қалалар, ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар, ХҮІ-ХІІІ ғғ.қалалар, Отырардағы қазба жұмыстары, Ортағасырлық Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҮІ-ҮІІ ғғ. қалалар

  2. ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар

  3. ХҮІ-ХІІІ ғғ.қалалар

  4. Отырардағы қазба жұмыстары

  5. Ортағасырлық Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері

Әдістемелік нұсқау: Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы. Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғ. - XVIII ғ. басында мәдениетінің кері кетуі, оның себептері. Қала құрылысындағы өзгерістер. Тұрғын үйлер.

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., и др. Отрар в ХІІІ-ХҮ вв. А., 1987.

  2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (ХІ- начало УІІ вв.) А., 1986.

  3. Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалалары. А., 2005.

  4. Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века А., 1985.

  5. Самашев З. С. Сарайшық. А., 2001.



ОСӨЖ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


1 тақырып. Археология ғылымы және оқу пәні – 1 сағат.

Мақсаты: Археология ғылымының даму тарихы және оның пән ретінде қалыптасуын баяндап, осы ғылымның салалары мен бөлімдерін жіктеп, түсіндіру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы

  2. Археология пәні

  3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстары. Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер. Археология ғылымының ерекшеліктері. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар. Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология М., 1966.

  4. Брей, У., Трамп, Д. Археологический словарь. М., 1990.




2 тақырып . Археологиялық деректемелер және ескерткіштер – 2 сағат.

Мақсаты: Археологиялық деректемелер мен ескерткіштер туралы жан-жақты түсінік алу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Археологиялық деректемелер

  2. Археологиялық ескерткіштер

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер.

Әдістемелік нұсқау: Археологиялық деректемелер туралы түсінік. Археологиялық деректемелердің ең басты ерекшелігі. Деректемелерді зерттеу. Археологиялық деректемелер түрлері. Еңбек құралдары. Қару үлгілері. Тұрмыс заттары. Ыдыс.

Ат әбзелдері. Өнер туындылары. Сүйек қалдықтары. Археологиялық ескерткіш туралы түсінік. Археологиялық ескерткіштер. Археологиялық ескерткіштерді зерттеудің кезеңдері. Археологиялық ескерткіштер түрлері.



Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.




3 тақырып. Археологиялық зерттеу әдістері – 2 сағат.

Мақсаты: Археологиялық барлау кезінде жаңа ескерткіштерді ашу, оларды толық зерттеп шығу, ескерткіштерді қорғап, сақтау жолдарымен танысу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Археологиялық барлаулар

  2. Қазба жұмыстары

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Археологиялық барлаудың мақсат-міндеттері. Барлауға дайындық. Барлаудың дәстүрлі әдісі. Барлаудың жаңа әдістері. Қазба жұмыстарына рұқсат. Қазба жұмыстарына дайындық. Ғылыми қызметкердің міндеттері. Қазбаны белгілеу. Қазу және тазалау әдістері. Мәдени қабат туралы түсінік. Стратиграфиялық зерттеудің маңызы. Ашық және жабық комплекстер.

Әдебиеттер:

  1. Методы полевых археологических исследований М., 1983

  2. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  3. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  4. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  5. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




4 тақырып. Мәдени қабат және стратиграфия – 2 сағат.

Мақсаты: Археология ғылымында мәдени қабатты зерттеудің орны мен маңызын, археологиялық стратиграфия және археологияда ескерткіштерді сипаттауда қолданылаын ашық және жабық кешен ұғымдары жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Мәдени қабат туралы түсінік.

  2. Археологиялық стратиграфия.

  3. Ашық және жабық кешендер

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Студенттер тапсырманы орндау барынсында мәдени қабат ұғымы мен археологиялық стратиграфияның ғылыми маңызын және археологиялық ашық және жабық кешендер жайлы жан-жақты ізденіс жұмыстарын жасайды.

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  4. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  5. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




5 тақырып. Ескерткіш жоспарлары мен сызбалары. Дала күнделігі – 1 сағат.

Мақсаты: Ескерткіштен дұрыс тарихи мағлұмат алу үшін жоспарлар мен сызбалар, фото және бейнематериалдар жасауды және археологоия қалыптастырған қазу әдістерінде жоспарлар мен сызбалардың маңызын сипаттау.

Негізгі сұрақтар:

  1. Жоспарлар

  2. Тілік (кесік) сызбалары

  3. Дала күнделігі

Әдістемелік нұсқау: Ескерткіштен дұрыс тарихи мағлұмат алу үшін жоспарлар мен сызбалар, фото және бейнематериалдар жасалады. Археологоия қалыптастырған қазу әдістерінде жоспарлар мен сызбаларды жасау үлкен орын алады. Солар арқылы ескерткіштертану тиісті ғылыми дәрежеге жетеді.

Ескерткіш жоспарын жасау үшін арнайы жабдықтар және аспаптар болу керек. Жоспар миллиметрлі қағазға сызылады. Археологта штативке орнатылған айланбалы планшет болуы керек.



Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




6 тақырып. Археологиялық уақытнама әдістері – 2 сағат.

Мақсаты: Археологиялық зерттеулердің маңызды бір мақсаты – ескерткіштер мен деректемелердің уақытын анықтау мәселлері мен ғылымдағы уақытнама әдістерінің көптеген түрлерін, дәстүрлі тарихи уақытнама сонымен қатар ескерткіштер мен заттардың уақытын анықтайтын: жазба деректер, металл ақшалар, өнер туындыларының ерекшеліктері жайлы мағлуматтар беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Археологиялық уақытнама әдістерінің негізгі түрлері.

  2. Радиоизотоптық уақытнама және радиокарбондық әдіс.

  3. Калий-аргон әдісі.

  4. Дендроуақытнама.

  5. Археомагниттік және термолюминесценттік әдістер.

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Тасырманы орындауды студенттер ғылымының қазіргі заманауи табыстары мен жетістіктерін ескере отырып жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы нәтижесінде тарихи уақытнама әдістері едәуір молая түскендігінен хабардар болуы керек. Бұл әдістердің көпшілігі – радиоизотоптық. Өзге маңызды әдістер – дендроуақытнама, термолюминесценттік, археомагниттік т.б.

Әдебиеттер:

  1. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Першиц А.Н., Монгайт История первобытного общества. М.1975г.

  4. Методы полевых археологических исследований М., 1983.




7 тақырып. Тас ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау – 1 сағат.

Мақсаты: Тас ғасырының хронологиялық мерзімі, тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер туралы түсінік алу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Ежелгі ертетас ескерткіштері

  2. Соңғы ертетас ескерткіштері

  3. Жаңатас ғасырының ескерткіштері

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Тас ғасырының сипаттамасы және кезеңделуі. Жаңатас құралдары мен жаңалықтары. Евразия жаңатасы мәдениеттері. Қазақстандағы тас ғасырының зерттелуі. Қазақстандағы ежелгі, соңғы және жанатас ескерткіштері мен мәдениеттері. Тас ғасының қоныстары мен қорымдары, жебелерінің жіктелуі және өнер ескерткіштері.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А., 1979.

  6. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС А., 1987.




8 тақырып. Қола ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау – 1 сағат.

Мақсаты: Қола ғасырының дәуірнамасы мен сипаттамасы, Орталық Қазақстан ескерткіштері, Шығыс Қазақстан ескерткіштері,Солтүстік және Солтүстік Батыс Қазақстан, Арал өңірі, Онтустік Қазақстан мен Жетісудағы қола, қола қоныстарының мүлкі, қола молаларының мүлкі, қола козелері, егіншілік, тау – кен ісі мен металлургия құралдары, қола ғасырының құрылуы, қола ғасырының әшекейлері, қола ғасырының ескерткіштері жайлы дерек көздері арқылы мағлұмат алу.

Негізгі сұрақтар:

  1. Ежелгі ертетас ескерткіштері

  2. Соңғы ертетас ескерткіштері

  3. Жаңатас ғасырының ескерткіштері

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Қола ғасырының жалпы сипаттамасы және кезеңдерге бөлудің дамуы: малды бағып өсіру, жайылымдық-жайлауда өсіру, көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Патриархат. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы. Этникалык қауымның дамуы.

Қазақстан территориясындағы Андронов жене Беғазы-Дәндібай мәдениеті. Үй кәсіпшілігі, -тұрғын үй шаруашылығы, дін және өнер. Археологиялық ескерткіштер (қоныстар, молалар, рудниктер, петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас т.б. Артефактілер типологиясы. Ескерткіштердің тараған территориясы.



Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының бөлінуі. Сазбалшықтан шеңбер жасаудың пайда болуы. Жерлеу салты. Ботай, Тоқсанбай алғашқы қала үлгілері.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  4. Маргулан А., Акишев К., Оразбаев А., Кадырбаев М. Древняя культура Центрального Казахстана А., 1966.

  5. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бута в І в.в Западном Казахстане. М.-Л., 1962.

  6. Черников С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М., 1960.




9 тақырып. Жерлеу орындарын іздеу және барлау – 1 сағат.

Мақсаты: Әртүрлі тарихи кезеңдердің жерлеу орындарына жерлеу шұңқырлары, қоршаулар, обалар мен кесенелер және т.б. ескерткіштер мен оларды іздеудің өзіндік ерекшеліктері жайлы мағлұматтар беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Жерлеу шұңқырлары мен тас қоршаулар

  2. Обаларды іздеу

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Ежелгі көшпелілер археологиясының зерттелуі. Сібірдегі ертетемір ескерткіштері. Тывадағы Аржан және Аржан-2 қорғандары. Тағар мәдениеті. Таштық мәдениеті. Солтүстік Тарғыбатайдың Шілікті қорғандары. Алтай мен Шығыс Қазақстанның ертескиф кезеңі. Алтай мен Шығыс Қазақстанның Пазырық мәдениеті. Пазырық қорғандары .Үкек қорғандары. Үкек ханымы. Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстанның Тасмола мәдениеті. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы сақтардың археологиялық мәдениеті. Бесшатыр қорғандары. Есік қорғаны. Есік алтын адамы. Түгіскен ғимараттары. Савроматтардың археологиялық мәдениеті. Сармат мәдениетінің басқы кезеңдері. Аралтөбе алтын адамы.

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1984.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  3. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  4. Кадырбаев М., Курманкулов Ж. Культура скотоводов и металлургов Сары-Арки. А., 1992.

  5. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.

  6. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.




10 тақырып. Тасқа салынған суреттерді іздеу және олардың көшірмесін алу – 1 сағат.

Мақсаты: Қола ғасырынан бастап Қазақ хандықтары кезіне дейінгі бірнеше мың жылдықтар аралығында салынған суреттер еліміздің барлық аймағында кездеседі. Оларды орналасқан жеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастыры отырып, жан-жақты мәлеметтер беру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Тасқа салынған суреттерді іздеу

  2. Тасқа салынған суреттердің көшірмесін алудың әдстері

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Тасқа салынған суреттер Қазақстанда кең таралған. Қола ғасырынан бастап Қазақ хандықтары кезіне дейінгі бірнеше мың жылдықтар аралығында салынған суреттер еліміздің барлық аймағында кездеседі. Оларды орналасқан жеріне қарай бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: теңіз деңгейінен 3000-3500м биіктегі қия беткейдегі тастарға, алаңқайдағы мұздақтар жылжытып әкелген тас үйіндісіндегі тастарға не жеке-жеке жатқан үлкен тастарға салынған суреттер; тау шатқалдарындағы тік жартастарға, тау беткейіндегі, тау етегіндегі жартастарға салынған суреттер; тау етегін қуалай аққан бұлақтың, өзеннің аласа жағасындағы жартасқа салынған суреттер; тау аралық жазықтағы қатар-қатар болып жер бетіне шығып жатқан тастарға салынған суреттер; тау етегіндегі аласа қырқалар мен төбелердің арасын бөліп жатқан суағардың, бұлақтың жағасындағы жартастарға салынған суреттер; тау аралық жазықта, өзеннің, бұлақтың, көлшіктердің жағасында жатқан үлкен-кіші тастарға салынған суреттер және т.б.

Әдебиеттер:

  1. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  2. Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. А., 1992.

  3. Кадырбаев М.К., Марьяшев А.К. Наскальные изображения хребта Каратау. А., 1977.

  4. Максимова, Ермолаева, Марьяшев. Наскальные изображения урочища Тамгалы. А., 1985.

  5. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. А., 1979.




11 тақырып. Ежелгі және ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді іздеу және барлау – 1 сағат.

Мақсаты: Ортағасырлық Қазақстан қалаларының археологиялық зерттелуін, қалалық мекен-жайды, Қазақстан аймақтарындағы қалаларды қарастыру.

Негізгі сұрақтар:

  1. Елді мекендер мен бекіністер

  2. Қарауыл мұнаралар мен қарауыл төбелер

  3. Ежелгі және ортағасырлық қалалар

Тапсырма: Конспект, жүйелеу, кестелер мен схемалар, меңгерілген ксерокөшірмелер

Әдістемелік нұсқау: Евразияның ортағасырлық қалалары. Ортағасырлық Қазақстан қалаларының зерттелуі. Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары. Таразды қазу. Отырардағы қазба жұмыстары. Түркістандағы қазба жұмыстар. Жетісу қалалары. Қойлық пен Талғарды қазу. Алматы аумағындағы қазба жұмыстар. Орталық Қазақстанның қалалары мен қоныстары. Бұзоқ қаласын қазу. Батыс Қазақстанның қалалары мен қоныстары. Сарайшықты қазу. Алтынорда қалалары. Ортағасырлық қалалардың құрылымы. Ортағасырлық керамика. Нумизматикалық табылмалар.

Әдебиеттер:

  1. Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалалары. А., 2005.

  2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (ХІ- начало УІІ вв.) А., 1986.

  3. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  4. Самашев З. С. Сарайшық. А., 2001.

  5. Акишев К.А., и др. Отрар в ХІІІ-ХҮ вв. А., 1987.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет