Жұмыс барысындамансапты басқара отырып, мыналарды орындау қажет: - өз білімін кеңейтіп, алдыңғы қатарлы тәжірбиелерін үйрену
- жалақысы жоғары қызметті алуға өзін даярлау
- мансап үшін маңызды адамдарды тану және бағалау
- өмірде бәрі өзгеретінін есте сақтау керек
- мансап саласында сіздің шешіміңіз әрқашанда ескеру қажет.
Мансаптың әр алуандық түрінің болуы, оның төрт негізгі «трамплин», «баспалдақ», «жылан»,«шытырман» сияқты үлгілерінің бір бірімен үйлесуі арқылы
негізделеді.
«Трамплин» мансабыжетекшілер мен мамандар арасында кеңінен тараған.
Қызметкердің өмір жолы қызметтік саты бойынша ұзақ мерзімді жоғарылаудан, бірте-
бірте оның әлеуеті, білімі, тәжірбиесі, біліктілігінің өсуінен тұрады. Белгілі бір кезеңде
жұмыскер жоғары қызметті иеленіп, сонда ұзақ уақыт отыруға тырысады.
«Баспалдақ» мансабының үлгісі әрбір саты жұмысты белгілі бір уақыт бойынша,
мысалы бес жыл атқаратын қызметтен тұрады. Әрбір жаңа лауазымға қызметкер өз
біліктілігін жоғарылатқаннан кейін ғана орналасуына болады.
«Жылан» мансабының үлгісі жұмыскерді бір қызметтен екіншісіне әрқайсысының
уақыты 1-2 жыл болатындай көлденең бағытта жылжуды қарастырады.
«Шытырман» мансабының үлгісі жетекшісінің немесе маманың белгіленген
немесе өзгермелі уақыты аяқталғаннан соң кешенді аттестациялаудан өтетіндігін
қарастырады.Оның нәтижесі бойынша қызметін жоғарылату, ауыстыру немесе төмендету
жөнінде шешім қабылданады. Бақылау сұрақтары: 1.Мансаптың әр түрлі кезеңдерде адамдармен не болу керектігін график түрінде
бейнелейтін мансапты басқару құралы
2. Адамның кәсіби өмірі барысындағы атқарған қызметтерінің тізбегі
3. Өзінің жоспары мен кәсіби нақтылығын жүзеге асыру үшін қызметкердің орындайтын
іс-әрекеті
4. Қызметкердің мансабы туралы түсінік
5. Мансап түрлері
6. Кәсіпкерлік мансаптың даму сатылары
7. Ұйым ішіндегі мансапты іске асыру бағыттары
8. Мансапты таңдау
9. Мансапты жоспарлағанда және таңдағанда басшылыққа алатын ережелер