Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды жинақтаудың сыртқы көзі-



Pdf көрінісі
бет129/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
oku kural personald baskar

Персоналды жинақтаудың сыртқы көзі-ұйымда жұмыс істеуге қабілетті, бірақ 
дәл қазір істемейтін адамдардың анықталмаған саны жатады. 
Персоналды жинақтау үрдісіне әсер ететін сыртқы факторлар-үкіметтік және 
кәсіподақтық шектеулер, жұмысқа қабылдауда жіктеулерге тиым салатын заңдар
жұмысшы күші нарығына бағыт алу, жұмысшы күшінің құрамы, ұйымның орналасқан 
жері. 
Персоналды жинақтау үрдісіне әсер ететін ішкі факторлар-зейнеткерлікке 
шығу, өзара шарт мерзімінің аяқталуы, өндірістік іс-әрекеттер бағыттарының өзгеруі, 
кадрлардың қысқаруы. 
Персоналды жоспарлау және маркетинг кіші жүйесі-кадрлар саясатын және 
персоналды басқару стратегиясын жасау, кадрлар әлеуетін және еңбек нарығын талдау, 
кадрларды жоспарлауды ұйымдастыру, персоналға деген қажеттілікті жоспарлау, болжау, 
жарнаманы ұйымдастыру. 
Персоналды жоспарлаудың икемділік қағидасы-бұрын қабылданған кадрлық 
шешімдерге үнемі түзетулер енгізуге немесе өзгермелі жағдайларға сәйкес кез келген 
сәтте қайта қарауға мүмкіндік беретіндей қағиданы орындауға мүмкіндік береді. 
Персоналды жоспарлаудың үздіксіздік қағидасы-барлық жоспарлар келешекті 
ескере отырып жасалынуын, орындалу нәтижелері ескерілетіндей, белгілі бір кезектілік 
сақталатындай болуын талап етеді. 
Персоналды жұмысқа тартуды және еңбекке бейімделуді жоспарлау-
келешекте ұйымның кадрларға қажеттілігін сыртқы және ішкі көздер есебінен 
қанағаттандыру мақсатында персоналды жалдау және қабылдау жөніндегі іс-шараларды 
жоспарлау. 
Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау-өндірісті 
немесе басқаруды оңтайландыру салдарынан жұмыс күшінің керек шамадан артықтығы 
пайда болады.Персоналды босатуды жоспарлау сыртқы еңбек нарығына біліктілігі жоғары 
кадрларды шығармауға және осы персоналға әлеуметтік қиыншылықтар тудырмауға 
мүмкіндік береді. 


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет