Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Мақсатты басқару әдісінің мәні мынада



Pdf көрінісі
бет57/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132
oku kural personald baskar

23. Мақсатты басқару әдісінің мәні мынада: 
а) әрбір жұмысқа спецификалық өлшенетін мақсаттарды қою 
ә) міндеттердің орындалуын бағалау 
б) міндеттердің орындалу нормаларын құру 
в) орындалуды бағалау үшін қалпына келтірілетін факторларды таңдау 
г) кәсіпорын ұжымының қарым-қатынасын анықтау 
24. Міндеттерді орындау және бағалаудың маңыздылығы мынада: 
а) ұйымда жұмысшыларды таңдауда 
ә) жұмыста уәждемені жоғарылатуда 
б) міндеттерді орындау нормаларын құрастыруда 
в) нұсқаулық құзырын құрастыруда 
г) ұйым алдындағы міндеттерді шешуде 
25.Бағалауды кім жүргізу керек? 
а) ұжым мүшелері, басшылар, рейтинг комитеттері, персоналдар бойынша менеджерлер 
ә) ұйым басқарушысы 
б) жоғары басқару орындары 
в) ұжым мүшелері, жұмысшының өзі 
26. Жалақы дәрежесін анықтау үшін еңбекті бағалаудың мақсаты не? 
а) міндетті орындаудың сапасын бағалау 
ә) еңбектің салыстырмалы құндылығын анықтау 
б) орындалатын жұмыс көлемін анықтау 
в) «еңбек шарты»
 
9 - Тақырып: Персонал басқару қызметінің жұмысын бағалау 
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі: 
1. Персоналды басқару бойынша нәтиже (эффект) 
2. Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың негізгі тәсілдері
 
1.Персоналды басқару бойынша нәтиже (эффект). Персоналды басқарудың 
экономикалық тиімділігін бағалау кезінде жұмыс күшіне кететін шығынды анықтаудан 


52 
бөлек осы іс-әрекеттің нәтижелік көрсеткіші есептелінеді. Кәсіпорынның еңбек әлеуетінің 
дамуы қабылданған басқару шешімдерінің нәтижесі ретінде өндірістік іс-әрекеттен 
қосымша нәтиже алу көзі болып табылады.Осы қосымша қортынды нәтиже көзі бола 
отырып, ол әр түрлі нышан қабылдап,әр түрлі әдіс бойынша бағаланады: 

Еңбек өнімділігін өсіру, оның сапасын жоғарылату арқылы өнім көлемін 
көбейте аламыз 

Еңбекпен қанағаттанушылық, әсіресе еңбек қатынастары әлеуметтік 
мәселелерге негізделіп құрылған болса 

Кәсіби мамандарды іріктеу арқылы оқытуға кететін уақыттың азаюынан 
түскен қаржылардың үнемділігі. 
Егер кәсіпорынның жалпы іс-әрекетін анықтайтын көрсеткіштер есебінде өндіріс 
көлемі, еңбек өнімділігінің артуы сияқты жинақтамалы көрсеткіштерді қолдансақ, онда 
олардың көлеміне персоналды басқару арқылы жұмылдырылған тек қана өндірістің жеке 
факторы ғана емес, сондай-ақ техника-технологиялық және ұйымдастырушылық сияқты 
факторлар да әсер етеді.Ағымдағы жылдық қортындысы бойынша өткен жылдардағы 
болған шығындар ағымдағы жылдық шығындарына қарағанда көбірек әсер етуі 
мүмкін.Сондықтан жиынтық көрсеткіш жалпы түрде нәтиженің бар жоғын көрсеткенімен, 
персоналды басқару тиімділігі туралы қорытынды шығара алмайды. Бұл мәселе әлі де 
ашық түрінде қалып, шешімін таба алмай отыр.Жұмысшы күшіне кететін шығындар 
тиімділігін бағалауға байланысты аса ірілендірілген есептеулер, әсіресе персоналдың 
қызмет қортындысын бағалауда, жиі қателіктер жіберілді. 
Жеке көрсеткіштер бойынша саналған жалпы қортындының қосындысының 
артықшылығы бар, себебі ол қай бағытта оң, ал қай бағытта теріс қортынды болғанын 
анықтауға мүмкіндік береді.Әрение, есептеу әдістемелігінің әр түрлігі, оң және теріс 
нәтижелердің бірігіп жойылуы, қайта саналуы және т.б. сияқты мәселелрге байланысты 
жалпы қосынды бірінші әдіс бойынша алынған нәтижемен сәйкес келмейді. 
Есептемелердің тағы бір қиын жері: әр түрлі шығындардың әсерінен нәтиже әр 
түрлі күйде көрінеді және оларды кейде белгілі бір жүйеге келтіру қиынға соғады.
Онан басқа кейбір шаралар ұжымда жұмыс істейтін барлық қызметкерлерге 
қатысты болса, кейбіреуі тек белгілі бір жұмыскерлер тобын ғана қамтиды.Нақты шара 
тиімділігін талдау кезінде алдымен жұмыскерлер тобының берген нәтижесі негізге 
алынады. Іс-әрекеттің арқасында алынған нәтиже және соған негізделінген қорытынды 
өзінің нақтылығымен көзге түседі.Жалпы жиынтық көрсеткіш есептелгенде жұмыскерлер 
тобының нәтижесі басқа шаралар бойынша да алынған нәтижелері ескеріліп, қоса 
сналады. Келесі есептеулер орташа көрсеткіштерді негізге ала отырып есептелінеді.Ал 
қортынды бойынша персоналды басқарудың «бағытын» бере отырып, жалпы сипатқа 
иелендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет