2.5 оқу нәтижелерін бақылау және бағалау
1. Аралық бақылау І: Реферат жазу
2. Аралық бақылау ІІ: Тест тапсырмаларын орындау.
3. Қорытынды: бақылау жұмысы
Бақылау түрлері: студенттердің оқу нәтижелерін бағалау (ағымдық бақылау) (оқу кестесі мен оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі); аралық бақылау (бір академиялық кезең ішінде аталған оқу пәні бойынша); қорытынды бақылау (оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу жоспарына сәйкес).
Бақылау нысандары: реферат, ғылыми мақала, баяндама, жоба, эссе, кейс-стади, ауызша сұхбат, презентация, жағдаяттар, тест, бақылау жұмысы, рөлдік ойындар және т.б.
Өзіндік жұмыс лекция сабақтарының тақырыптарына қатысты сұрақтарды теориялық оқу, немесе лекция сабақтарының теориялық курсына кірмей қалған, сонымен қaтар қысқаша қаралған тақырыптарды ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, терең іздену болып табылады.
2.6 Оқу сабақтарының мазмұны, бақылау және бағалау нысаны
№
|
Жұмыстың түрі және коды
|
Пән тақырыптарының реттік саны
|
Тапсырма тақырыбы, мақсаты, мазмұны
|
Ұсыныла тын әдебиеттер
|
Орындалу ұзақтылығы
|
Бақылау нысаны
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері туралы пікір айту
|
1
|
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
1 апта
|
2
|
Теориялық материалды оқу, тақырыптар бойынша эссе жазу
|
2
|
Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
2 апта
|
3
|
Тақырып бойынща презентация жасау
|
3
|
Мемлекеттік басқару үрдісіндегі мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
3 апта
|
4
|
Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, экономикалық, моральды-этикалық және әлеуметтік-саяси әдістерін қарастыру
|
4
|
Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: қарым – қатынасы өзара іс-қимыл
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
4 апта
|
5
|
Мемлекеттік органдардың мәртебелік белгілеріндегі факторларын қарастыру
|
5
|
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
5 апта
|
6
|
Мелекеттік басқарудың конститутциялық негіздері.
|
6
|
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу
|
1-10
|
2 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
6-7 апта
|
7
|
Тақырып бойынща презентация жасау
|
7
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрлымының жүйесі
|
1-10
|
1 апта
|
топтық
|
3,7 семестр
8 апта
|
8
|
Мемлекеттік басқару тәжірибесіндегі мотивациясына презентация жасау
|
8
|
Мемлекеттік басқарудағы аймақтық ұйым
|
1-10
|
1 апта
|
топтық
|
3,7 семестр
9-10 апта
|
9
|
Мемлекеттік қызмет принциптері, қызметкерлерді дарлау, біліктілігін көтеруіне эссе дайындау
|
9
|
Басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет
|
1-10
|
1 апта
|
топтық
|
3,7 семестр
11 апта
|
10
|
Бюрократияның қоғамға тигізер әсерін бағалау
|
10
|
Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
12 апта
|
11
|
Студенттерді жазбаша жұмыстарды орындауға, тест, бақылау жұмыстарын жасауға дайындау
|
11
|
Қоғамдық өмірлік іс -қимыл салаларын мемлекеттік басқару және салааралық басқару
|
1-10
|
1 апта
|
топтық
|
3,7 семестр
13 апта
|
12
|
жағдайлық моделі, басшылықтың төрт стилі бойынша презентация жасау
|
12
|
Басқарушылық іс – қимыл стилін жетілдіру және оны жүзеге асырудағы жауапкершілік
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
14 апта
|
13
|
Әлеуметтік тиімділікті бағалау критерийлері. Тиімділікті арттыру жолдарын зерттеу
|
13
|
Мемлекеттік басқару жөніндегі қызметтің әлеуметтік-экономикалық тиімділік мәселесі
|
1-10
|
1 апта
|
жеке
|
3,7 семестр
15 апта
|
Бақылау нысандары
Студенттердің жеке және топтық жұмыстары оқу материалдарын бекітудің қосымша, кеңейту, тереңдету, нақтылау, жүйелеу түрі және ағымдық, аралық бақылауға дайындығы болып табылады: Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, рефераттар, эссе жазып, презентация жасау, кейс тапсырмаларын орындау, іскерлік ойын жүргізу, дебат өткізу.
Оқу үдерісі барысында бірнеше тапсырмалар беріледі:
Аудиториядағы белсенді жұмыс, викториналар, кейстер, шағын сауалнамалар (аудиторияда және аудиториядан тыс).
Жазбаша жұмыстар: бақылау жұмыстары, ауызша сабақ сұрау, қысқаша баяндамалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары, топтық жоба, презентация, қорытынды бақылау.
Презентация
Топты (2-4 студент) оқытушы тізім бойынша бөледі, берілген уақытта топ алдында қорғайды.
Презентация жасағанда қойылатын талаптар:
1) презентацияның көрнекілігі (слайдтар сапасының жоғарылығы) және оның мазмұндылығы (тақырыптан ауытқымау);
2) уақытты тиімді қолдануы (регламентті сақтау);
3) тақырыпты оқу материалдарымен байланыстыра білуі;
4) берілген ақпаратты жетік меңгеруі, ойын жеткізе білуі,
5) аудиторияның қызығушылығын туғызуы;
6) тыңдаушылардың тарапынан қойылған орынды сұрақтарға жауап беруі;
Берілген талаптар жеткілікті деңгейде орындалмаған жағдайда баға әрі қарай төмендетіледі.
Жазбаша жұмысқа (эссе, мәнжазба, баяндама) қойылатын талаптар:
а) ғылыми еңбектерге, мақалаларға шолу жасауда зерттеушілердің анықтамаларын жүйелей келіп, өз пікірін білдіру;
ә) тақырыпты ашуда басқа компаниялармен, басқа елдердің тәжірибесімен салыстыра білу,
б) кәсіпорын қызметіне жан – жақты талдау жасау;
в) интернеттен алынған, біреудің жұмысын көшіріп алған жағдайда тапсырма қабылданбайды.
г) жұмыс жазбаша түрде орындалып, оқытушының эл.поштасына жіберіледі.
д) берілген тақырып мазмұны 4-5 беттен аспауы тиіс. Соңында қысқаша қорытынды берілуі керек;
Кейс
Мысалға алынған компаниядағы шаруашылық жүргізу жағдайына тоқталып, осы кәсіпорындағы негізгі құралдар мен айналым құралдарының тиімді пайдалануын, өнім өндіру ерекшеліктерін, кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық қызметіне талдау жасау. Ситуациялық есептерді шығарып, алынған нәтижеге түсінік беру.
Білім алушылардың міндеттері:
Білім алушының сабаққа қатысуы жалпының 80% -ынан кем болмауы тиіс.
Тапсыру мерзімі өтіп кеткен жағдайда кеш орындалған тапсырма қабылданбайды.
Оқытушының рұқсатынсыз телефон және жәрдемші ақпараттық технологиялар қолданған білім алушылар сабақтан шеттетіледі де, 0 балл қойылады.
Білім алушылар Университет білім алушыларының әдеп кодексін міндетті түрде сақтаулары, оқытушылар мен қасындағы басқа білім алушыларға құрметпен және сыйластықпен қарауы тиіс.
Білім алушының курсқа көзқарасы Студент Ары Кодексіне сәйкес болу керек.
Ауыруына немесе басқа себептерге (туыстарының қаза болуы) байланысты сабақ жіберіп алған жағдайда (анықтаушы құжаттар талап етіледі) жоспарланған тапсырмаларды басқа мезгілде (декан өкімімен) тапсыруға мүмкіндік береді. Сабаққа қатыспау академиялық талаптардан босатпайды. Білім алушы шектен тыс көп сабақ жіберсе, келесі курсқа қалдырылады немесе академиялық демалыс алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |