Х. ДосмҰхамедов атындағы атыра


Оқу жетістіктерін бақылау түрлері



бет13/18
Дата05.07.2024
өлшемі75.41 Kb.
#502873
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
СИЛЛАБУС МБТ новый — копия

Оқу жетістіктерін бақылау түрлері:
1-ші аттестацияда балл алу үшін сіздің біліміңізді, пән мазмұнын игергеніңізді дәлелдейтін тапсырмаларды орындау қажет, дәлірек айтқанда сіз шағын сауалнамаларға, кейстерге және бақылау жұмысына, пән бойынша әр түрлі тақырыптағы қысқаша баяндамаларға және т.б. өзіндік жұмыстарға дайын болуыңыз керек. Ең жоғары балл алу үшін мәселені түсіну керек, пән мазмұнына сәйкес сөздік қорын игеру қажет, берілген сұрақтарға логикалық тұрғыдан жауап бере білу қажет.
Сабақ үдерісінің алғашқы 7 аптасында жүргізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейстер және т.б. тапсырма ретінде ұсынылады. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.
Бақылау жұмысын қабылдау (ауызша сабақ) 3-5 апта аралығындағы кез-келген мезгілде жүзеге асырылады және ең жоғары баға - 40%.
Алдын ала оқытушымен ұсынылған тақырыптар негізіндегі баяндамалар 6-7 апта аралығында қабылданады. Баяндамаға қойылатын және ең жоғары баға - 50%.
2-ші аттестация бойынша балл алу үшін сіздің біліміңізді көрсететін тапсырмаларды орындауыңыз қажет, алынған білім және игерілген ақпаратты талдап, қорытындылауыңыз қажет. Сіз топтық жұмысқа (топтық жоба, презентация) дайын болуыңыз керек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және т.б. өзіндік жұмыстарды орындауыңыз қажет.
Қалған 8 аптада өткізілетін практикалық сабақтарда 5 шағын сауалнамалар, кейс тапсырмалар және т.б. жүргізіледі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін 2% беріледі. Нәтижесінде - 10%.
Презентация көмегімен топтық жобаны (топ құрамында 4-5 адам) қорғау 11-12 апта аралығында жүргізіледі. Ең жоғары балл-50 %. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғау 14-15 аптада жүзеге асырылады. Ең жоғары балл - 40 %.
Топтық жобаны және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалағанда оқытушы сіздің материалды түсіндіру барысындағы нақтылығыңызды, сөйлеу мәдениетіңізді, әдебиетерді тиімді қолдана білу жағдайларын және пайдаланылған әдебиеттер тізімін ескереді.
Тапсырма бойынша кеңес беру және тапсырманы қорғау аудиториядан тыс жерде, яғни СӨОЖ мерзімінде жүзеге асырылады.
Барлық тапсырмалар кестеге сәйкес тапсырылуы қажет.
Жоғарыда аталған талаптарды орындау арқылы емтиханға қатысу құқын алады. Ал 50%-дан төмен балл жинаған студент емтиханға жіберілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет