3 дәріс тақырыбы: Базалық математикалық операциялар мен есептеулер. Python тіліндегі сандар.
Дәріс тақырыбы: Базалық математикалық операциялар мен есептеулер. Python тіліндегі сандар.
Дәрістің мақсаты: Python тіліндегі сандар түрлерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Python тіліндегі сандар.
1. Python тіліндегі сандар.
Python тілінде сандар келесі түрлері бар: бүтін, нақты, комплексті. Бүтін сандар (int). Python тіліндегі сандардың қарапайым сандардан еш айырмашылығы жоқ. Олар қарапайым математикалық операцияларды қолдайды және 5-кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Математикалық операциялар
x + y
|
Қосу
|
x – y
|
Айырма
|
x * y
|
Көбейту
|
x / y
|
Бөлу
|
x // y
|
Бөлгендегі бүтін бөлік
|
2-кестенің жалғасы
x % y
|
Бөлгендегі қалдық
|
-x
|
Санның белгісін ауыстыру
|
abs(x)
|
Сан модулі
|
divmod(x, y)
|
(x // y, x % y) жұп
|
x ** y
|
Дәрежеге шығару
|
pow(x, y[, z])
|
xy модулі бойынша (егер модулі берілсе)
|
Тағы бір айта кететіні, Python тіліндегі бүтін сандар, басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда ұзақ арифметиканы қолдайды (бірақ ол жадыдан көп орын талап етеді). Мысалы келесі 22-суретте бағдарламаның бөлігінің листингі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |