sm = 'Жаңбыр жауып тұр'
print(sm[0:6])
Нәтижесінде «Жаңбыр» сөзі шығады, себебі 0 - ші символдан 6 - символға дейінгі ішкі жол қиылып алынды.
Индекс арқылы жолдың барлық символдарын көрсетуге болады. Мысалы:
word = 'length'
print (word[2]) # жолдағы символдар индексі [ ] тік жақшаға алынады
Экрандағы нәтижесі: n
Екінші индекс қосылғанда:
word = 'length'
print (word[0:2]) # 0 – бастапқы индекс, 2 – қиылған жолдың соңғы символының индексі
Экрандағы нәтижесі: le
немесе
word = 'length'
print (word[2:4])
Экрандағы нәтижесі: ng
Қиылған жолдың бастапқы немесе соңғы индексі жазылмаған жағдайда, сәйкесінше, ол нөлге және жолдың ұзындығына тең болады.
word = 'length'
print (word[:4])
Экрандағы нәтижесі: leng
немесе
word = 'length'
print (word[3:])
Экрандағы нәтижесі: gth
Сонымен қатар жолда бар символдар тізбегінің қайталануын таңдауға болады.
s = '1234567890'
print (s[ : :2])
Экрандағы нәтижесі: 13579
немесе
s = '1234567890'
print (s[1:10:2])
Экрандағы нәтижесі: 24680
немесе
s = '1234567890'
print (s[ : :-1])
Экрандағы нәтижесі: 0987654321
немесе
s = '1234567890'
print (s[-9 :-1])
Экрандағы нәтижесі: 23456789
Жолдармен жұмыс жасау.
Python-да жолдармен жұмыс жасау үшін chr(),ord(), str() кіріктірілген функциялар мен in және not in тиесілі операторлар қолданылады. Сонымен қатар «> (үлкен)», «< (кіші)» немесе «= = (тең)» операторлары арқылы жолдарды бір-бірімен салыстыруға болады.
str() функциясы барлық кіріс деректерді string (жол) деректер типіне ауыстырады. Мысалы:
print (str(1.102))
Экрандағы нәтижесі: 1.102
print (str(5 + 20))
Экрандағы нәтижесі: 25
print (str('KZ'))
Экрандағы нәтижесі: KZ
ord () функциясы енгізілген әр символдың сандық мәнін көрсетеді (әдепкі бойынша Unicode). Мысалы:
print (ord('z'))
Экрандағы нәтижесі: 122
print (ord('$'))
Экрандағы нәтижесі: 36
print (ord('£'))
Экрандағы нәтижесі: 163
print (ord('π'))
Экрандағы нәтижесі: 960
chr () функциясы керісінше енгізілген әр бүтін санға сәйкес келетін символды көрсетеді (әдепкі бойынша Unicode). Мысалы:
print (chr(64))
Экрандағы нәтижесі: @
print (chr (99))
Экрандағы нәтижесі: c
print (chr (8364))
Экрандағы нәтижесі: €
print (chr (8721))
Экрандағы нәтижесі: ∑
Достарыңызбен бөлісу: |