Х. ДосмҰхамедов



бет28/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95
Жуйелик программалау Python

Python-да енгізілген сұрыптауға арналған әдістер бар: sort() және sorted()sort() функциясы нүкте арқылы тізімнен кейін шақырылады.
Тізім мәннің өсуі бойынша сұрыпталады:

1-сурет
Нәтиже келесідей болады:

2-сурет
Кортеждер мен жолдарда енгізілген sort() әдісі жоқ. Мұндай жинақтар үшін sorted() қолданылады. Нәтижесі кортеж емес, тізім болып табылады, яғни берілген әдіс кортеж элементтерінен жаңа тізім құруға мүмкіндік береді. Ал кортеждің өзі және жолдар өзгеріссіз қалады.
Кортежді сұрыптап қарасаң ( 'he', 'lo', 'wo', 'rl', 'ad')

3-сурет
нәтижесінде алфавит ретіндегі тізімді аласың:

4-сурет
ал кортеж өзгеріссіз қалды:

5-сурет
егер сен computing сөзін алып, оның әріптерін алфавит бойынша сұрыптасаң,

6-сурет
онда келесі нәтиже сұрыпталған элементтерден тұратын тізім шығады:

7-сурет
Sort() және sorted() әдістерінің басты айырмашылығы: sort() әдісі тізімді өзгертеді, ал sorted() өзгертпейді.
Берілген әдістер міндетті емес reverse параметрін жіктейді, ол параметр True және False мәндерін қабылдайды. Егер False мәнін қабылдаса, онда сұрыптау өсуі бойынша, егер True болса, онда азаюы бойынша орындалады.
Бұл параметрді computing сөзінде қолданасың. Сұрыптау әдісінен кейін параметр өзінің мәнімен жазылады.

8-сурет
Бізде нәтиже келесідей болады:

9-сурет
Тізім мәндердің азаюы бойынша сұрыпталған.
Дәріс №11. Жолмен жұмыс жасау. Функциялары мен процедуралары.


Дәріс мақсаты: Студенттерге жолдарды өңдеу қарастырылады.
Дәріс жоспары:

  1. Жол – тырнақшаға алынып жазылатын символдардың тізбегі

  2. Python-да барлық деректер объектілер (нысан) болып табылады

  3. Python-да жолдармен жұмыс жасау үшін chr(),ord(), str() кіріктірілген функциялар мен in және not in тиесілі операторлар қолданылады

  4. Python-да жолдармен жұмыс істеу барысында кіріктірілген функциялармен қатар процедуралар, кіріктірілген әдістер және әрекетті бірнеше рет қайталау үшін for операторы қолданылады.



Жолмен жұмыс жасау
Python программалау тілінде қолданылатын деректердің негізгі типтері: бүтін сандар (int), нақты сандар (float), жолдар (string).
Жол – тырнақшаға алынып жазылатын символдардың тізбегі. Әдетте жолдарды беру үшін тырнақшалардың келесі түрлері қолданылады: дәйекше (′ ′), тырнақша (″ ″) және үш дәйекше (‴ ‴).
Мысалы:
text_string = 'Салем, Python!' # text_string – жолдық айнымалы
text _string = “Салем, Python!”
text_string = '''Салем, Python!'''
Python тілі деректердің жолдық типімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін функциялар мен тәсілдерді ұсынады. Мысалы, конкатенация (қатарларды біріктіру), жолдарды қайталау, жолдың ұзындығын есептеу және жолдың символына индекс арқылы қатынау.
Жолдарды біріктіру үшін «+» белгісін қолдану қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет