sin(x) – радианмен берілген x бұрышының синусы;
cos(x) – радианмен берілген x бұрышының косинусы;
exp(x) – x санының экспоненті;
log(x) – x санының натурал логарифмі.
Осы модульді қосу үшін импорттау (модульді жүктеу) командасы қолданылады:
import math
Сосын функцияларды шақыру үшін нүктелік жазба деп аталатын команда қолданылады: модульдің аты және сосын нүктеден кейін функцияның атауы көрсетіледі:
print ( math.sqrt(x) )
Басқаша орындауға да болады: модульдің барлық функцияларын жұмыс кеңістігіне жүктеуге болады:
from math import *
Енді math модулінің функцияларын енгізілген функциялардағы секілді шақыруға болады:
print ( sqrt(x) )
Бұл тәсілдің айтарлықтай кемшілігі бар: жұмыс алаңында көптеген қосымша атаулар пайда болады, яғни басқа модульдерде хабарланған функциялардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Сондықан қажеттілік болмаса, олай істеудің керегі шамалы.
Үшінші нұсқа – тек қажетті функцияларды жүктеу.
from math import sqrt, sin, cos
Бұл жағдайда аталғандардан басқа (sqrt, sin, cos), math модулінің барлық функциялары қолжетімсіз болады.
Псевдокездейсоқ сандармен жұмыс істеу функциялары random модуліне жинақталған. Берілген аралықта псевдокейздейсоқ сандарды алу үшін функцияларды қолданады:
• random() – жартылай интервалдағы [0,1) кейдейсоқ нақты сан;
• randint(a,b) – [a,b] кездейсоқ бүтін сан.
4 мысал. 1 ден 6 дейінгі аралықта (кубикті лакқтыру нәтижесі) n айнымалыға кездейсоқ санды жазу үшін төмендегідей операторларды қолдануға болады:
from random import randint
n = randint(1,6)
print(‘Выпало число ’,n)
5 мысал. 5 пен 12 (12 қоспағанда) жартылай интервалдағы нақты кездейсоқ сан мынандай болады:
Достарыңызбен бөлісу: |