Х. ДосмҰхамедов



бет57/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Жуйелик программалау Python

1 мысал.
d = 85
a = d // 10 # = 8
b = d % 10 # = 5
Форматтық шығару жиі қолданылады: енгізуге қажетті барлық мәліметтерді алдымен format функциясының көмегімен символдық қатарға өзгертеді:
2 мысал.
a = 1/3
print ( "{:7.3f}".format(a) )
Бұл жағдайда «7.3f» форматы қолданылған, бұл бөлшек бөлікті 7 позицияда үш белгімен бекітілген үтір арқылы (f от англ. fixed – бекітілген) санның шығуын анықтайды:
0.333
Бұл жазба 5 позицияны (ал оған 7 белгіленген) алатындықтан, санның алдына «» белгісімен белгіленген екі бос орын қосылады. Бірден бірнеше мәндер үшін форматтық шығаруды қолдануға болады (бұл мәндердің тізімі дөңгелек жақшаларға жазылады):
3 мысал.
a = 1/3
b = 1/9
print ( "{:7.3f} {:7.3f}".format(a, b) )
«%e» жазбасы экспоненциалдық форматты білдіреді:
print ( "{:10.3e} {:10.3e}".format(a, b) )
мұндағы 10 мен 3 сандары – бұл белгіленген бөліктің жазбасындағы ондық нүктеден кейінгі белгілердің саны мен позициялардың жалпы саны:
3.333e-01 1.111e-01
Стандартты функциялар
Python тілінің кітапханасы бағдарламадан шақыруға болатын дайын функциялардан тұрады. Кейбір функциялар тілдің ядросына енгізілген, мысалы, санның модулін есептеу үшін abs функциясы қолданылады:
print ( abs(-1.2) )
Нақты сандардан бүтін сандарға өтуге арналған енгізілген функциялар бар:
int(x) x нақты санды бүтін санға келтіру, бөлшек бөлікті алып тастау;
round(x) x нақты санды жақын бүтінге дөңгелектеу.
Python тілінің көптеген стандартты функциялары қызметі бойынша топтарға бөлінеді және әрбір топ модуль деп аталатын жеке файлға жазылады. Математикалық функциялар math модуліне жинақталған:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет