from random import random
x = 7*random() + 5
print(‘х= ’, х)
eval ( ) функциясы мәтіндік форматта берілген өрнектерді есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер Python тілінің синтакисінің ережелеріне сәйкес жазылған кейбір алгебралық өрнекті екілік тырнақшаға алсақ, онда мәтін пайда болады. Егер осы мәтінді рrint ( ) функциясының аргументімен көрсететін болсақ, онда экранда сәйкес алгебралық өрнек пайда болады. Егер дәл осы мәтінді (алгебралық өрнекпен) eval () функциясының аргументімен беретін болсақ, онда сәйкес алгебралық өрнек есептелетін болады.
6 мысал.
а="(5+2)**2-3*2"
b=''6 - 5/2"
с="10//4+1 0%3"
рrint ("Результаты вычислений :")
print (a+" =" , eval (a) )
print (b+" =" , eval (b) )
print (c+" =" , eval (c) ).
Осы бағдарламалық кодты орындау нәтижесінде алатынымыз:
Есептеулер нәтижелері:
(5+ 2) **2-3*2 = 43
6-5/2 = 3.5
10//4+10%3 = 3
Жұмысты орындау жоспары:
1 тапсырма. 1-6 мысалдардағы жұмыстарды енгізіп, нәтижелерін алыңыз.
2 тапсырма. Шеңбердің радиусын енгізетін және оның ауданы мен ұзындығын есептейтін бағдарламаны жазыңыз. π санына жуық тең болатын, math модулінен math.pi енгізілген константаны қолданыңыз.
3 тапсырма. Екі бүтін санды а және b (a < b) енгізетін, және [a,b] аралығынжа 5 кездейсоқ бүтін сандарды экранға шығаратын бағдарлама жазыңыз.
4 тапсырма. Екі ойын кубиктерді лақтыруды үлгілейтін бағдарлама жазыңыз: қосу кезінде 2 мен 12 аралығында кездейсоқ сан шығаратын.
5 тапсырма. Кездейсоқ тәсілмен кезекшілерді таңдайтын бағдарлама жазыңыз: 1 мен N аралығындағы жеке кездейсоқ сандарды екі рет шығаратын, мұндағы N – топтағы студенттердің саны.
Бақылау сұрақтары
1. Мәліметтердің қандай типтерін білесіз?
2. Қандай мәліметтер логикалық айнымалыларға жазылады?
3. Python тіліндегі айнымалылардың ерекшеліктері туралы айтыңыз.
4. Амалдардың басымдылықтары дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
5. Амалдар қандай ретпен орындалады, егер олардың басымдылықтары бірдей болса?
6. Жақшалар не үшін қолданылады?
7. Егер өрнектің құрамында әр түрлі сандық типтердің айнымалылары болса, не болады?
8. // және % амалдарын сипаттаңыз.
9. Қандай стандартты функцияларды білесіз? Тригонометриялық функциялардың аргументі қандай бірлікпен беріледі?
10. Нақты санды бүтін санға жуықтап дөңгелектеуді қалай орындауға болады?
№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Достарыңызбен бөлісу: |