Оқытушы талаптары
Курс бойынша оң баға алу үнемі жұмыс істеуді талап етеді. Ал, бұл курс бойынша баға семестр бойы қалыптасатынын және сабақ кезіндегі белсенді қатысуға байланысты. Ең жоғарғы балл сұрақтарға дұрыс жауап бергенде, жазба жұмыстары ұқыпты орындалғанда беріледі. Тапсырмаларды орындау мен тапсыру сәйкес график бойынша іске асады. Уақытында орындалмаған тапсырмалар есептелмей немесе басқа уақытқа көшірілуі мүмкін. Барлық тапсырмаларды орындаған соң сізге аралық және қорытынды аттестацияда ескерілетін баллдар қойылады.
Біз сіздің курсқа деген қатынасыңыз және тәртібіңіз студенттің ар-ұждан Кодексіне сәйкес келетініне үміттенеміз. Сіз сабақтан себепсіз калмауыңыз, аудиторияда тәртіп бұзбауыңыз, оқытушы мен студенттерді сыйлауыңыз қажет. Сабаққа сіз материалды талқылайтындай, сұрақ қоятындай, тапсырмаларды сыни тұрғыдан орындай алатындай болып келуіңіз қажет.
Сізден сабаққа кешікпеуді, ұялы телефонмен сөйлеспеуіңізді сұраймыз.
Жоғарыдағы талаптар бұзылған жағдайда мен төмендегі штрафтық санкцияларды тағайындаймын:
- кешігу (- 0,5 балл);
- сабақ жіберу (- 0,5 балла);
- жұмысты кеш тапсыру (- 0,5 балла);
- СОӨЖ жоқ болуы(- 0.5 балла – әрбір дайындалмаған тапсырма үшін);
- аудиториядағы тәртіп (- 0,5 балл);
Біз студенттердің қатысын есепке аламыз.
Сіздің құжатпен расталған ауру салдарынан және жақын ағайындарыңыздың қайтыс болу себебімен болмауыңыз сабақ жіберуге есептелмейді және тапсырмаларды басқа уақытта тапсыруға рұқсат етіледі. Сабақты себепті жіберу сізді академиялық талаптардан босатпайды, құжатпен расталғанмен бірнеше рет сабақ жіберу курсты қайта тапсыру немесе академиялық демалысқа әкеп соғуы мүмкін.
2. Академиялық адалдық
Тапсырмаларды орындаудағы адалдық университет миссиясы мен студенттің жеке дамуында маңызды роль атқарады. Өтірік айту, плагиат және басқа да академиялық әділетсіздіктер жіберілмейді және тапсырма мен курсты қайта оқуға әкеп соғады.
Аудиториялық және өзіндік жұмыстарды орындауда студентке көшіруге, басқа біреудің дайын жұмысын, ойын пайдалануға және басқа да акакдемиялық мінез-құлыққа лайық емес әрекеттерді жасауға тиым салынады.
Аталған академиялық адалдықты бұзған жағдайда оқытушы жұмысты қабылдамайды және бағаламайды.
Достарыңызбен бөлісу: |