Х. ДосмҰхамедов



бет5/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Жуйелик программалау Python

Бақылау нысандары
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді және барлық студенттер үшін міндетті.
Курс кезінде сізде оқу жетістіктерін сипаттайтын бірнеше тапсырмалар болады:
1. Аудиториядағы белсенді жұмыс, викториналар, кейс-стади, ойындар, мини-тесттер (аудиторияда және үйде)
2. Жазбаша жұмыстар
- бақылау жұмысы, сұрақ-жауаптар
- қысқа баяндамалар
- ғылыми-зерттеу жұмысы
3. Топтық жоба
4. Презентация
5. Қорытынды бақылау
Айталық, 1-аттестация баллын алу үшін мини-тест, кейс-стади, бақылау жұмысы (сұрақ-жауаптар), қысқа баяндамалар және өзіндік жұмыстарға (СӨЖ). дайындалу керек. Максимал балл алу үшін сіз қандай да бір мәселе көтеріп, терминологияны меңгеріп, толық логикалық жауап бере алатындай болуыңыз керек..
Алғашқы 7 апта бойына практикалық сабақтарда 5 мини-тест, кейс – стадии т.б. жүргізіледі. Әрқайсысының салмағы 2%. Барлығы 10%.
Бақылау жұмысы (сұрақ-жауаптар) 3 пен 5 апта аралығында өткізіледі және максимум 40% бағаланады.
Қысқа жазбаша баяндама 6 және 7-апталарда қабылданады. Ол максимум 50% бағаланады.
2-аттестация баллдарын жинау үшін сізге алынған білім мен қажет ақпаратты талдап, жинақтап, қолдана алатындай тапсырмалар орындауыңыз қажет. Сіз топта жұмыс жасауға дайын болуыңыз керек (топтық жоба, презентация), ғылыми-зерттеу жұмысы, өзіндік жұмыстар (СӨЖ) орындауыңыз керек.
Қалған 8 аптада да 5 мини-тест, кейс-стадийлар өткізіліп, барлығы 10% жиналады.
Топтық жоба мен презентация (топта 4-5 адам) қорғау 11 - 12 апталарда іске асады. Максимал балл – 50%.
Ғылыми-зерттеу жұмысы 14 - 15 апталарда қорғалады. Максимал балл- 40%.
Топтық жұмысты бағаларда оқытушы сіздің креативтілігіңізді, материалды баяндаудың анықтығын, сөйлеу шеберлігін, әдебиеттерге сүйенуіңізді, әдебиеттер тізімін ескереді.
Консультация және тапсырмаларды қорғау СОӨЖ кезінде аудиториядан және сабақтан тыс жүргізіледі.
Барлық тапсырмалар кестеге сай тапсырылады.
Осы талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді. Алайда 2 аттестациядан 50% - дан төмен балл алған студент емтиханға жіберілмейді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет