Хабаршы №3-4 Вестник



бет16/19
Дата25.02.2016
өлшемі5.23 Mb.
#21156
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Экспериенсив в несколько стандартном, традиционном предложении: «Тот конь там пал» - свидетельствует о том, что даже боевые кони не выдерживали натиска врагов, мощи атак, погибали на поле боя. Этот элемент подчеркивает реальность происходящего, объективный взгляд на события. В поздних эпосах героя на протяжении всей жизни сопровождает один конь, что является проявлением идеализации.

Роль объектива мы видим в предложении: «Во второй раз (при второй схватке) он сел верхом на серого коня Ышбара-Ямтару», а в конструкции агенса + бенефактив встречается в тесте Кули-чора: «Была у него личная серая лошадь».

Важен в аспекте отражения реальности в пропозиции дескриптив: «Кони нашего войска были тощи». У древних тюрков не всегда все шло удачно, порой возникали проблемы с провиантом, кормом для лошадей.

Таким образом, боевой конь, с точки зрения пропозициональной семантики, встречается в позиции многих аргументных ролей, что лишний раз доказывает значимость для средневекового мира и древнетюркской цивилизации, в частности. Поэтому логично для репрезентации образа боевого коня и контаминации значения аргументов в пропозициях ввести семантическую роль соагенс, которая будет являться специфической для текстов Орхонских памятников. Конь является непосредственным участником боевых действий, спутником воина-агенса.

Конь – это не только средство передвижения, средство организации атаки, это – многоаспектный образ, выражаемый пропозициональными семантическими ролями инструментива, объектива, агенса в сочетании с бенефактивом в пропозиции, дескриптива, экспериенсера, пациенса и фактитива, которые вместе взятые реализуют соагенс. Боевой конь содержит в себе информацию о феномене «всадничества», о ценностных ориентирах древних тюрков, о статусе мужчины, занимаемом обществе, в военно-демократическом государстве.

В образе героя Кюль-тегина, как и в образе Кули-чора «воплощаются надежды и чаяния народа, страстно желающего иметь именно такого батыра - защиту» [3, c. 94], надежды самого Бильге-кагана. Как пишет М. Жолдасбеков Кюль-тегин – «собирательный образ тюркских героев», «в его лице проявляется гордый и независимый нрав тюрков, полновластных владык степных просторов» [3, c. 94]. Именно в тексте этого памятника и в сохранившихся строках Кули-чора мы видим фигуру воина, наделенного определенными характеристиками, поведенческими моделями в условиях сражений и походов. В образе витязя, в его действиях, в отношении автора к нему мы обнаруживаем огромный пласт информации универсального характера, социального и этнокультурного плана, что способствует раскрытию мироощущения, миропонимания, миропредставления древних тюрков.


Использованная литература

  1. Омаров Е. Краткая история казахской цивилизации. – Алматы: Арда, 2005. – 240 с.

  2. Стеблева И.В. Древняя тюркоязычная литература. http://geb_web.ru/geb/ivl/vlz/v lz-1962.htm

  3. Жолдасбеков М. Камни заговорили. – Семей.: Международный клуб Абая, 2003. – 216 с.

  4. Красных В.В. Этнопсихолингвистика и лингвокультурология: Курс лекций. – М.: Гнозис, 2002. – 284 с.

  5. Шаймердинова Н.Г. Репрезентации в языке древнетюркской картины мира. Учебное пособие. – Астана, 2009. – 252 с.

  6. Садри Максуди Арсал. Тюркская история и право. http://xacitarxan.narod.ru/sma/p24.htm

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государство и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. – СПб.: Санкт-Петербургское востоковедение, 2004. – 368 с.

  8. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. - М.-Л., 1950-1953. - Т. 1. – 407 с.

  9. Савинов Д.Г. Древнетюркские племена в зеркале археологии // Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии. – СПб., 2005. – 346 с.


Түйін

Мақалада көне түрктердің этномәдени константтарының бірі - инициация салтына талдау жасалады, сондай-ақ когнитивтік тәсілдеме ресурстарының құралдары арқылы константасына қатысты ер адамның әлеуметтік дәрежесі мен әлеуметтік жас ұғымы айқындалады.

Кілт сөздер: көне түрктер, этномәдени константа, инициация салты, әлеуметтік дәрежесі, әлеуметтік жас.
Abstract

The analysis of one of ethnocultural constants of ancient Turkic people – an initiation rite is offered in this article, and also the concepts of social age and social status of man related to the constant revealed by means of resources of a cognitive approach.

Keywords: ancient Turkic people, ethnocultural constants, initiation rite, social age, social status.





Н. Жартын

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Түркітану кафедрасының 1 курс магистранті


Көне руникалық жазулар және оның авторы
Түйін: Бұл мақалада көне руникалық жазулар, соның ішінде Cолтүстік Монғолиядағы Орхон ескерткіштері, Ұйғыр қағанаты ескерткіштері жайлы және оның табылған жері, зерттеушілері мен оның авторлары туралы айтылады.

Кілтті сөздер: Руника, Солтүстік Монғолия, қағанат, альтернатив, аристократия, эпитафия, фольклор, қаһарман.
Әр халықтың рухани мәдениеті тарихи ескерткіштері болып табылады. Жазба мәдениеті ескеткіштердің ең құнды деректері. Бұл ескерткіштер сол замандағы қоғамдағы әлеуметті, тарихты, мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін айқындайды, доп көрсетеді. Сонымен қатар бұл ескетркіштерден бізге тарихи ұмытылып қалған, бізге жетпеген ұлы тұлғалар мен олар туралы аңыздарды, мәдени мұраларды таба аламыз.

Монғолиядағы, Оңтүстік Сібірдегі және Шығыс Түркістандағы ескерткіштер көне заманғы ең маңызды ескерткіштер болып саналады.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында белгілі шығыстанушылар В.В.Бартольд және И.Марквард түркі ескерткіштеріндегі тарихи деректерді тұңғыш рет зерттеп, ондағы сақталған тарихи мұраларды баршаға жария етті. Зерттеу барысында ғалымдар бұл ескерткіштердің түркі заманының тарихы және олардың құрған мемлекеті туралы маңызды дерек көз екендігін дәлелдеді [1]. Тарихи деректерге бай эпиграфиялық мәтіндердің үш түрі белгілі болды. Бұлар ең алдымен Солтүстік Монғолиядағы (орхон ескерткіштерінен), содан әрі ХХ ғасырда көп зерттеле қоймаған ұйғыр дәуірінің ескерткіштері және белгілі бір жүйеге келген көне қырғыздардың енисей ескерткіштері еді. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары басталған зерттеулер көне ескерткіштер жанрындағы дискуссияны руникалық ескерткіштерден тарихи дерек көздер ретінде жақсы қарастыра алмады. Сонымен қатар ескі түрік ескерткіштерінің жаңа ашылымдары Совет-Монғол жазығы зерттеулеріндегі экспидицияның (1969-1990ж.ж.) еңбектері күтпеген жаңалықтары алып келді. Ол көне түркі халықтарының жазба түріндегі тарихи ескерткіштердің ерекшеліктері еді. Бұл жолда енисей жазбаларына байланысты аз еңбек жасалған жоқ. ХХғ. 60 жылдары көне түркі жазбаларын меңгеруде ғалымдар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар кейінге қалған шешімін таппай келе жатқан қиын аспектілер тарихи-мәдени ескерткіштерді бағалауда сенсациялық қорытындыларға әкелді. Сондағы ашылмай қалған жұмбақтардың ашылымдарының бір неше түрлеріне тоқталып өтсек.

Түркі қағанаты 551 жылы Монғолия территориясында пайда болды. Ол 80 жыл бойы билік еткен бірінші еуразиялық империя болды. Таң империясының ірі экспанциясына байланысты 630 жылы бұл қағанат құлады. Бірақ елу жылдан кейін қайта жаңғырып, тағы да елу жыл бойы өз үстемдігін жүргізді. Бүгінгі күнге жеткен ескерткіштердің бәрі сол ҮІІІ ғ. 20-30ж.ж. екінші кезеңдегі қағанаттың мұралары болып табылады. Бұл табылған фактілерге қарап, бірінші қағанаттың жазу-сызу мәдениеті болмаған деген шешімге келе аламыз ба? Иа, мұндай да тұжырымдар жасалған. Түркі археологиясының білгірі Л.Р.Қызыласовтың 1965 жылғы еңбегін ескере кетсек: «Көлденең жазулы қалпына келтірулер Бірінші Түрік қағанатының алтайлық тугю-түркілердің және басқа тайпалардың ешқайсысында кездеспейді» [2]. Және сол кезде басқа альтернативті дәлелдер болмаған. Ал үш жылдан кейін соғды жазуымен жазылған стела табылды. Ол төртінші түрік қағанын Таспардың дәуіріне жататын Бұғыт ескерткіші болды [3]. Ол өзінің тұлғасы бойынша жүз елу жылдан кейінгі ескерткішке жатады. Бұғыт ескерткіші 582 жылы тұрғызылған.

Енді бірінші Қағанаттың ескерткіштерді тұрғыза білгендігі, күнтізбені білгендігі, өзінің тарихи салт-дәстүрін білгендігі дәлелденіп отыр. Сонымен қатар соғды тілінің бұл ескерткіште қолданғандығы Орта Азиядағы түркілердің жазу-сызудағы өте сауатты және мәдениетті екендігінің тағы да бір дәлелі.

Келесі тарихи-мәдени мәселе түркі руникалық жазуының ареалдарының таралуымен тығыз байланысты. Зертталген барлық дерлік ескерткіштер Солтүстік Монғолиядан табылып отырған және де қағандық кешенді ескерткіштердің құрамды бөлшегі болып отырған. Осыған қарап Түрік қағанатының жазба мәдениеті аристократиялық топтың жетістігі, ал оның таралу территориясы өте шектеулі болған деуге болады.

70-80 жылдардағы Монғолия жазық жұмыстары барысында Хангай тау елдеріне, Хэнтэ, Монғол және Алтайда мәселенің шешімін табу үшін зерттеу жұмыстары жүрілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде руникалық жазудың түркі тайпаларының мекендеген жерлерінде кеңінен қолданылып, жайылғандығы анықталды. Ал ескерткіштердегі кішкентай әріптердің қолданылуы сол кезеңдегі адамдардың профессионалдық деңгейінің төмендігі мен оны күнделікті өмірде қолданатын адамдардың белгілі бір санына байланысты. Ерте ортағасырлық Еуропамен салыстырғанда Түркі қағанатын ең сауатты, ең мәдениетті ел деп тани аламыз.

Енді Ұйғыр қағанатының ескерткіштеріне тоқталсақ. ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін Қарабалғасұндық жазба және Могон-Шие-Усу жазулары ғана белгілі болды. СМИКЭ зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әр деңгейдегі тағы үш ірі ескерткіштерді тапты [4].

Екі ескеркіш Ханган таулы еліндегі өзендердің жағасында 753 және 762 ж.ж. жататын Терхиндік және Тэсиндік тарихи ескерткіштердің бөлімдері табылды. Бұл мәтіндерге көз салсақ, мазмұны жағынан ұқсас сегізінші ғасырдағы ұйғыр қағандарының Монғолия мен Туваға шабуылы және олардың өздерін көне жауларының мұрагерлері мен жалғастырушылары екендігін, ұйғыр-оғыз тайпаларының евразия даласының бұған дейінгі билеушілері екенін дәлелдеді. Және екі ұйғыр мемлекетінің билеушілері (осы жазулар арналған) Этелмиш Білге мен Бегю ұрпақтарына өз әрекеттерін тас декларацияларда қалдырған. Ұйғыр жазба ескерткіштері Эльдердің бірнеше дәуірлердегі құрылуы мен таралуының тарыхының екі жүз жылдық тарихын қалдырған. Бұл ескерткіштердегі бастапқы сөздерде елді құрушы, негізін қалаушы қағандардың өмірі жайлы әр түрлі мифтар мен аңыздар жазылған. Баяндалу уақыты ҮІ ғ. түріктер мен оғыздардың ортақ қағаны Бумынның әрекеттерімен жалғасып, ал оқиға кеңістігі барлық еуразия даласын алады.

Түркілердің алғашқы жазулары тастық эпитафиялық мәтіндер болды. Олардың авторларының ең басты мәселесі ол – заманының билеушілерінің саяси әлеуметтік жүргізген істері мен жорықтарын, олардың өмірінің парақтарын жазу, философиялық ойларын дәріптеу, олардың тыңдармандарын өзінің шындығымен баурап алу болды.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мәлімдемелер өмірден өткен қаһарманның атынан немесе анонимді түрде берілетін болған. Осы аталған екі түрде де қаһарман оның тууы мен жазылуына ешқандай өзінің авторлық әрекетін көрсетпейді.

Бірақ үш әрекеттің көбісі фольклорлық дәстүрдің ортақ авторларға тән емес екендігін көрсетеді. Мәселен, Тоныкөктің ескерткіші, екі Кошо-Цайдамдық ескертіштер және Кули-чордың құрметіне арналған ескерткіштер осыған дәлел.

Ұзындығы 160-170 см-ді құрайтын, 62 жолдан тұратын Тоныкөк жазуы

Бас қаһарменның өз атынан жазылған. Бірақ 58-жолында бұл жазбалар тікелей Тоныкөктің бұйрығы бойынша жазылғандығы мәлімденеді: «Мен ақылды Тоныкөк Білге қағанның елі үшін осы жазбаны жазуға бұйрық бердім» - дейді. Жазылу стилі қарапайым емес, нағыз мақал-мәтелдер мен асыл сөздердің жиынтығы.

Баяндаудың басым көпшілігі ескертіштерде Білге қағанның атынан айтылады. Бірақ Күлтегіннің үш реткі жазылымында басқа бір жазылымның авторының бар екендігін аңғара аламыз: «Мен Йоллығ-тегін осы тастқа жазуларды 20 күн отырып жаздым. Бұның бәрін мен Йоллығ-тегін жаздым» (Күл-тегіннің құрметіне) делінген. «Білге қағанға арналған бұл жазуды мен Йоллығ-тегін жаздым. Мен түріктің Білге қағанының ұрпағымын. Мен Йоллығ-тегін бір ай, төрт күннің ішінде тасқа жазуды жазып, оны әшекейледім» (Білге қағанның құрметіне) дейді.

Қаған тумыларының мүшесі Йоллығ-тегін өзінің мәлімдеуі бойынша көптегенжазбалардың авторы болып табылады. Ол бізге түік тілінде жазған бірінші жазушы ретінде мәлім болып отыр. Ол барлық болып жатқан өмірді, саяси өмірді жырлады.

Бұл жазулар көне түрік ескерткіштерінің жазуларының баға жетпес мұрасы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Подробнее об изучении древнетюркских рунических памятников и их историографической оценке в специальной литературе см.: С.Г.Кляшторный Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М. «Наука», 1964. С. 5-17; С.Г.Кляшторный, В.А.Лившиц. Открытие и изучение древнетюркских и согдийских эпиграфических памятников Центральной Азии // Археология и этнография Монголии. Новосибирск, «Наука», 1978. С.37-70.

  2. Л.Р.Кызласов. О датировке памятников енисейской писменности // Советская археология, 1965, №3. С.43.

  3. С.Г.Кляшторный, В.А.Лившиц Новая согдииская надпись из Монголии // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока, Л. 1969. С. 51-55; С.Г.Кляшторный, В.А.Лившиц. Согдийская надпись из Бугута // Страны и народы Востока. Т.Х, М., 1971. С. 121-146.

  4. С.Г.Кляшторный, В.А.Лившиц Сэврэйский камень // Советсая тюркология, 1971, №3. С.106-112; С.Г.Кляшторный Надпись уйгурского Бегю-кагана в Северно-западной Монголии // Центральная Азия. Новые памятники письменности и искусства. М., «Наука», 1987. С.19-37.

Аннотация

В этой статье исследуются актуальные проблемы чтения древних рунических надписей орхонских памятников Северной Монголии, бывшего Уйгурского каганата. Рассматриваются методы исследования в изучении текстов и описываются места их расположения.

Ключевые слова: Руника, Северная Монголия, каганат, альтернатив, аристократия, эпитафия, фольклор, герой.
Abstract

This article describes as about the ancient runic inscriptions of orkhon monuments of the South of Mongolia, monuments of Uigur kaganate and the places they were found in as about the researchers and the autors.

Кeywords: Runika, South of Mongolia, khaganate, alternatives, aristocracy, epitaph, folklore, hero.






Р.С. Ескентаева

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының 1 курс магистранты

Казахстан. Астана



Соматикалық фразеологизмдердің лингвомәдени мәні
Түйін. Бұл мақалада қазақ және араб тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерге салғастырмалы талдау жасалады. Соматикалық фразеологизмдердің лингвомәдени мәнін анықтау ұлттық ерекшеліктердің мәнін шынайы түсінуге зор мүмкіндік береді.

Кілт сөздер: лингвомәдениеттану, соматикалық фразеологизм, ұлттық тіл, тіларалық фразеологиялық синонимдер, лингвомәдени бірліктер.
Тіл, мәдениет және өркениет өзара сабақтас, әрі үйлесімділікте өмір сүріп келе жатқан құбылыстар. Ал кез келген тілдің бірліктері сол халықтың ұлттық дүниетанымы, қоршаған әлемді қабылдау ерекшелігі, рухани және материалдық мәдениеті жөнінде мол мағлұмат береді.

Ұлттық тілімізде жаңа бағыттардың бірі лингвомәдениеттану болып табылса, оның негізінде түрлі атаулар, фразеологиялық тіркестер, мақал мәтелдер жатады. Лингвомәдениеттану саласындағы басты зерттеу бағыты – ұлттық тіл мен ұлттық мәдениеттің бір-біріне өзара ықпалы. Бұл саланың негізгі нысандары, мақсат-міндеттері мен пәні жайында орыс ғалымы В.В. Воробьев өз еңбегінде лингвомәдениеттануға былай деп анықтама береді: «Лингвомәдениеттану – мәдениет пен тілдің өзара қатынасының тілдегі көрінісін зерттейді және бұл үрдісті тілдік және тілдік емес (мәдени) мазмұнды біртұтас бірлікте, біртұтас құрылым ретінде кешенді әдістемелер көмегімен және де қазіргі заманның басты бағыттары мен мәдени ұстанымдарына сәйкес зерттейтін қосынды түрдегі кешенді ғылым болып табылады» [1;36].

Лингвомәдениеттану ғылымының зерттеу нысанын, қалыптасу кезеңдерін, әдістемесін, лингвомәдени бірліктердің түрлерін арнайы зерттеген В.А. Маслова оның динамикалық даму кезеңдерін былайша белгілейді:

А) тіл мен мәдениеттің арақатынасын, астарластығын бағамдайтын лингвомәдени көзқарастардың, лингвомәдениеттанымдық ізденістердің бастау алу кезеңі;

Ә) лингвомәдениеттанудың жеке сала ретінде қалыптасу кезеңі;

Б) іргелі пәнаралық саланың, зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен межелері, теориялық тұжырымдары нақтыланған лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу кезеңі [2;29].

Тіл-тілдердің қай-қайсысында да фразеологиялық единицалар – сөздік құрамның ең күрделі, өміршең, аса образды ерекше бөлігі болып табылады. Әрбір тілдегі фразеологиялық единицалар сол тілдің иесі – халықтың негізгі ұлттық белгісін, тарихи даму жолын, сондай-ақ, сол тарихи қалыптасқан кезеңдеріндегі күллі тіршілік-тынысын танытады.

Қазақ және араб тілдеріндегі фразеологиялық жүйенің көлемі, оның единицаларының типтері туралы ғылыми тұжырымдар әр қилы. Біздің мақаламыздағы басты мақсат – екі тілдегі соматикалық фразеологизмдердің ұлттық – этникалық ерекшеліктерді жинақтаған бірқатар түрлерін салыстыра отырып лингвомәдени талдау жасау. Өйткені, тіл-тілдердегі фразеологизмдердің ең маңызды сипаты фразалық тіркеске негіз болатын образдар жүйесінің сол тілді иеленуші халықтың материалдық, әлеуметтік және рухани мәдениетімен тығыз байланыста болатындығы. Басқаша айтқанда, қандай да бір ФЕ-нің құрамындағы негізгі компоненттің мағынасы, этимологиясы арқылы халықтың мәдени-ұлттық дәстүр-дағдысын танып-білуге болады.

Түп-төркіні тамырлас жатқан халықтардың тілдегі лексикалық мағынасы, стильдік қызметі ұқсас түсетін ФЕ-лердің болатындығын айтпағанның өзінде, тарихы мен мәдениеті, болмыс-тіршілігі бір-бірінен мүлде өзгеше халықтардың тіліндегі лексикалық мағынасы, сөздік құрамының қатарында объективті дүниені бейнелеп беруі жағынан орайласатын, мазмұн-мағынасы бір-біріне сәйкес келетін ФЕ-лер бар. Аумағының, географиясының жақын орналасуына, дүниетанымға, қоршаған ортаға, табиғатқа, тұрмысқа, адам психологиясына қарым-қатынасы бірнеше халық тілінде көркемдік, стильдік қызметі дәлме-дәл орайласатын, алайда нысаны, грамматикалық тұрқы бөлек ФЕ-лерді қалыптастырады. Мағыналық диапазоны-шеңбері мен функционалдық-прагматикалық сипаттамасы мейлінше дәл түсетін ФЕ-лер де кездеседі. Теориялық еңбектерде бұндай қатарды «тіларалық фразеологиялық синонимдер» деп атау бағыты бар.

Екі тілде, мәселен, құрамындағы басты компоненттері, образға немесе ауыс мағына, ұқсас сурет жасауға тірек болатын сөзі адам ағзасы мүшелеріне қатысты аталымдарға негізделген, лексикалық, стильдік қызметі тепе-тең немесе жуық ФЕ-лер бар.

Жалпы, құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды.

Соматикалық атаулар тілдегі сөз тіркестерін құрауда маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ғалымдардың зерттеулерінде нақты көрсетілген. Ғалым Ә.Болғанбаев қазақ тіліндегі фразеологизмдерді жинақтау барысында: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі» ,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [3, 107].

Қазақ тіліндегі соматикалық тұрақты сөз тіркестерінің 30% соматикалық атаулардан тұратындығы жөнінде де нақты деректер бар [4, 8].

Құрамында көз, бас, маңдай, бармақ, мойын, аяқ, ауыз, алақан тәріздес соматизмдер бар ФЕ-лер объектіге алынып отырған екі тілдің екеуінді де ұшырасады:




Қазақ тілінде

Араб тілінде

Қас пен көздің арасында


في أقل من غمضة عين

Көз алмау

لا يرفع عينيه عن

Көз бояу

(علي عقله) ضحك عليه

Көздің қарашығындай сақтау

كما يحافظ علي عينيه

Өз көзіне сенбеу

لا يصدق عينيه

Аузынан дәмі кетпес

يستأهل فمك\ تأكل أصابعك وراءه

Бас айналу

دار رأسه

Қаны басына көтерілу

تصاعدت الدماء الي رأسه

Шашы тік тұру

وقف شعر رأسه

Оң қолы \ сенімді адамы

يده اليمني

Тырнағын қимылдатпау

لا يمد يدا لشيء

Он саусағынан өнер тамған

تساوي يداه وزنهما ذهبا

Алақанында ұстау

حمل علي أكف الراحة

Маңдайы (ырысы) бес елі

نافذ البصيرة

Мойнына міну

عاش علي قفاه

Аяқ басатын жер жоқ

ليس هناك موضع لقدم

Аузы берік

حفظ لسانه

Екі қадам жерде

علي قيد خطوتين

Жоғарыда келтірілген кестедегі соматикалық фразеологизмдерді талдайтын болсақ, араб тілі генетикалық және типологиялық жағынан түркі тілдерінен ерекшеленіп тұрғанымен, ділі, діні мен салт-дәстүрі, мәдениетінде қазақ халқымен ұқсастықтарының көп екендігін байқауға болады. Сол себепті, тілдік қорында да ортақ бірліктер, ұғымдар көптеп кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде «көз» сөзімен жасалған соматикалық фразеологизмдер өте көп. Көз адам баласы үшін жарық дүниені сездіретін шырақ. Көз арқылы адамның ішкі сезімі байқалады, «көз – жүректің айнасы» деп айтуға болады. Мысалы, «көз алмау» деген фразеологиялық бірлік: бір нәрсеге қадала қарау, «көздің қарашығындай сақтау»: бір нәрсені қастерлеу, ұқыпты сақтау, «өз көзіне сенбеу»: мүмкін емес нәрсенің болуы сияқты ұғымдарды білдіреді. Араб тілінде осы тәрізді соматикалық фразеологизмдер мынадай сөздермен жасалады: көз алмау – لا يرفع عينيه عن; көздің қарашығындай сақтау – كما يحافظ علي عينيه ; өз көзіне сенбеу – لا يصدق عينيه сияқты фразеологизмдердің қолданылуы, мағынасы бірдей келеді. «Оң қолы» деген фразеологиялық бірлік белгілі бір адамның сенімдісі, жақтасы деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде де бұл фразеологизм дәл осы мағынада беріледі, яғни, «оң қолы» - يده اليمنى. Ал «тырнақ» сөзінің қолданысына келсек, қазақ тілінде «тырнағын қимылдатпау» деген тіркес ештеңе істемеу, жұмысқа қолын тигізбеу деген мағынада қолданылады. Ал араб тілінде, «тырнақ» сөзінің орнына «қол» сөзі қолданылады, бірақ мағынасы мен қолданылу аясы бірдей. «Алақанында ұстау» бір адамды аялау, мәпелеу деген мағынаны білдіреді, ал араб тілінде «حمل على أكف الراحة» , бұл тіркес те дәл қазақ тіліндегідей мағынаны білдіреді. «Он саусағынан өнер тамған» деген соматикалық фразеологизм шебер, өнерлі мағынасында қолданылады. Араб тіліндегі осы фразеологизмнің баламасы - تساوي يداه وزنهما ذهبا қолының салмағы алтынмен тең деген мағына береді, бірақ қолданылуы дәл қазақ тілімен сәйкес келеді. «Мойнына міну» өз жұмысын біреуге артып қою, біреуге істету мағынасында қолданылады. Ал араб тілінде - عاش علي قفاه тіркесінің тура аудармасы біреудің желкесінде өмір сүру деген мағына береді. Бұл соматикалық фразеологизмнің де қолданылуы бірдей. «Қаны басына көтерілу» - تصاعدت الدماء الي رأسه , «шашы тік тұру» - وقف شعر رأسه , екі тілде бірдей қолданылады. «Аяқ басатын жер жоқ» - ليس هناك موضع لقدم , «екі қадам жерде» - علي قيد خطوتين деген тіркестердің араб тіліндегі баламаларының мағынасы мен қолданылуы бірдей келеді екен.

Сонымен, адамның өзіндік болмысын, күрделі табиғатын, қимыл-қозғалысын, психологиялық күй кешуін, физиологиялық қалпын т.б. жай-күйді ой-санасымен қатысты ұғымдардың жүйеленуінен қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер әуел бастан-ақ адамдардың өзін-өзі тануға ұмтылуынан пайда болған.

Екі тілдегі бір-біріне тең балама немесе ұсынылып жүрген анықтама бойынша атағанда «синоним» осындай ФЕ-лердің табиғаты, шығу төркіні, қалыптасуы өте күрделі. Олардың бір тобы шын мәнінде де әр тілде, сол тіл тәуелді экстралингвистикалық факторларға қарай пайда болып, дербес дүниеге келіп, өз бетінше өмір сүріп, орныққан, өзге тілдегі аналогиялық ФЕ-ге ешбір қатысы жоқ фразеологиялық единицалар, ал тағы да бір легі аралас-құралас жатқан, тіл қызметіндегі экстра және интралингвистикалық негіздері өзара ықпалдасқан тілдердің бірінен біріне көшкен ауыс-түйістері де болуы мүмкін.

Қорыта келе, дене мүшелерінің атаулары – сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамында көптеп кездесуі заңды. Соматикалық фразеологимдердің жасалу жолдарын қарасақ, олардың арасында біріншіден логикалық байланыс, екіншіден, образ тұтастығы бар.

Ұлт тарихы, ұлт мәдениеті, менталитеті, бітім-болмысы жөнінде жан-жақты ақпарат беретін лингвомәдени бірліктер ұлт тілі мен мәдениетінің өзара байланыстылығын айқындайтын ерекше қабат болып табылады. Ал осы лингвомәдени бірліктерге салыстырмалы-салғастырмалы сараптама жасау ұлттық ерекшеліктердің мәнін шынайы түсінуге зор мүмкіндік береді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Воробьев В.В. «Лингвокультурология (теория и методы)», Москва, 1997, 330 б.

  2. Маслова В.А. «Лингвокультурология», Москва, 2004, 205 б.

  3. Болғанбаев Ә. Анатомиялық атауларға байланысты фразеологизмдер // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері, 1989.-107 б.

  4. Сәбитова М.Т., Әбілғалиева М.Х. Неміс және қазақ тілдерінің соматикалық фразеологизмдерді салыстыра зерттеудің кейбір мәселелері//ҚР Ғылым академиясының хабарлары, 1992.- 8 б.

  5. Кеңесбаев І.К. Фразеологиялық сөздік-Алматы: Арыс, 2007-798 б.

  6. Фавзи А.М., Шкляров В.Т. «Учебный русско-арабский фразеологический словарь», Москва, 1989, 611 бет.

  7. Борисов В.М. «Русско-арабский словарь», Москва, 1989, 504 б.


Резюме

В представленной статье выполнен сопоставительный анализ соматических фразеологизмов казахского и арабского языков.

Определение лингокультурологического значения соматических фразеологизмов, которое дает широкую возможность реального понимания значения национальных особенностей.

Ключевые слова: лингвокультурология, соматические фразеологизмы, национальный язык, межязыковые фразеологические синонимы, лингвокультурологические единицы.

Annotation

In this article is considered comparison of somatic phraseological units of the Kazakh and Arab languages. Definition of linguistic-cultural values ​​of somatic phraseology give the opportunity to understand national characteristics.

Key words: lingoculturology, somatic phraseology, national language, Interlinguistic phraseological synonym, lingocultural units.






Н. Қуандыққызы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, шет тілдер кафедрасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет