Хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы



Pdf көрінісі
бет105/110
Дата10.02.2022
өлшемі2.25 Mb.
#455263
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
file20191226084701

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Специальная педагогика», №4(59) 2019 г. 

89 


мүмкіндіктерін  дамыту.  Жалпы  моториканың  құрылуы  бойынша  шараларды  ӛткізуде  бұлшық-ет 

тонусын қалыптандыру бойынша тәсілдер себепке болу керек. 

БЦС кезінде емдік дене шынықтырумен қатар жалпы емдеу және тоникалық массаж қолданылады. 

Клиникалық  емдеу  массажы  спастикалық  бұлшық-еттерді  босатуға  және  қатайтуға  жәрдемдеседі, 

әлсіреген  бұлшық-ет  функциялануын  стимуляциялайды.  Массаждың  негізгі  тәсілдері  сипау,  сылау, 

уқалау, қағу, вибрация болып табылады.  

Тоникалық  рефлекстердің  патологиялық  белсенділіктерін  жою  үшін  «рефлекс-рұқсат  етілмеген 

қалыптар»,  яғни  баланың  денесінің  қалпы  тоникалық  рефлекстердің  болмауы  немесе  аз  байқалуы 

болуға қарай ынғайланып, орналастырылған. Мысалы, баланың «эмбрион қалпы» кезінде лабиринтті 

тоникалық  рефлекстің  іске  асырылуы  мүмкін  емес,  ӛйткені  бұл  қалып  тіктенуге  кедергі  келтіреді 

(арқа қалыпта бітімдерді жеңіл сілкілеу арқылы бүгеді, басын кеуде алып келеді, аяқтарын ішке алып 

келеді,  қолдарын  кейдеде  бүгеді).  Бұлшық-еттің  босауы  осы  қалыпта  бір  қалыпты  шайқау  арқылы 

іске асырылады. Осы мақсатпен үлкен допта, валикте, нүктелік массаж арқылы арнайы жаттығулар 

қолдануға болады. Церебральды сал ауруы бар балалармен емдеу- түзету жұмыс кезінде Боббаттар, 

Войта, Тарьде, К.А. Семенова және т.б әдістемелері бойынша массаж және  емдеу дене шынықтыру 

қолданылады.  

Емдеу  гимнастика  кешеніне  тұтас  қозғалыс  актілерінің  жеке  элементтерін  жаттықтыруға 

бағытталған  енжар  қозғалыстарды  қосу  қажет.  Енжар  қозғалыстар  ерікті  қозғалыс  актісі  әлі 

жеткілікті  түрде  дамымаған,  бұлшық-ет  тонусы  айқын  кӛріністегі,  контрактур  ерте  жастағы 

балаларға,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  кӛрсетілген.  Енжар  жаттығуларды  баланың  зейінін 

оларды орныдауға бұрып, кӛп қайталау қажет. Бала жарты қозғалыстың ӛзін орындай алғанда енжар-

белсенді гимнастикаға кӛшеді. 

Баланың қалыпты белсенді түрді ұстауға және ерікті қимылдарды орындауға ерте қосылуына қол 

жеткізу  керек.  Түзету  жұмысына  компенсацияның  бір  күшті  механизімін  қосу  қажет  –  іс-әрекетке 

деген  мотивацияны,  қызығушылық,  моториканы  меңгерудегі  баланың  жеке  белсенділігін. 

Мотивацияның  түрлі  жақтарын  дамыта  келе,  баланың  ӛзі  орындаған  іс-әрекеттерін  саналандыруын 

мүмкіндігінше әр іс-әрекеттің орындалу барысын негіздеп отыру арқылы дамыту қажет. Әдіскерлер 

мен тәрбиешілер баланың кӛңілін тапсырманың орындалуына аударту қажет, шыдамдылықпен бірақ 

табандылықты талап етіп, жауапты реакцияны алу керек. 

Массаж  және  адаптивті  дене  шынықтыру  сабақтарының  ісері  арқылы  қозғалыс  синдромдардың 

айқындылық  деңгейлері  азаяды:  бұлшық-ет  тонусы  қалыптанады,  қалып  мен  орналасу  қалыптары 

реттеледі, күштеуіш қозғалыстар азаяды. Бала, қалып пен қозғалыстарды дұрыс сезіне  бастайды, ол 

қозғалыс  қызметтерді  дамыту  және  жетілдірудегі  маңызды  стимул  болып  табылады.  Тек  емдеу 

гимнастика және массаждың әсерімен баланың бұлшық етттерінде адекватты қозғалысты сезінулері 

пайда болады. Церебральды сал ауруы бар бала арнайы жаттығуларсыз ӛмірінің алғашқы айларында 

ӛзінің  дұрыс  емес  қалыптары  мен  қозғалыстарын  сезінеді.  Бұндай  түрдегі  сезінулер  бас  мидың 

қозғалыс жүйесінің дамуын тежейді, ол кенеттен оның қозғалыс тәжірибесінің толысуын қиындатады 

және  психомотрорлы  дамуды  тежейді.  Сондықтан  баланың  қозғалысын  дамыта  келе  олардың 

орындалуының  нақтылығына  кӛңіл  аудару  қажет.  Тек  осы  жағдайда  ғана  баланың  миында  дұрыс 

кинестетикалық сезінулер мен түсініктер қалыптасады. Кинезитерапия – емдеу дене шынықтырудың 

кәзіргі таңдағы бағыты. Аталуы екі грек терминдерінен пайда болған: kinesis –қозғалыс және terapia – 

емдеу  немесе  қозғалыспен  емдеу.  Бұл  барлық  қалған  медициналық  пәндерге  негізделетін  және 

тәжірибеге  сүйенетін  жеке  дара  медициналық  пән  ӛзіне  адаптивті  дене  тәрбиелеудің  әдістемесін 

қосады. 


БЦС  кезінде  емдеу  гимнастикасы  мен  массажбен  қатар  кӛп  жағдайда  ортопедиялық  шараларды 

қолдану  қажет:  арнайы  қалыптар  басты  отыру,  жүруге  арналған  түрлі  жабдықтар.  Кейбір  жағ-

дайларда  ортопедо-хирургиялық  әсер  етулер  мақсаттылы  бағытталған  болады:  кезеңді  гипстік 

байлаулар т.б. Қалыпына келтіру кешенді шараларында физиотерапевтикалық емделу үлкен  орынға 

ие  (емдеу  ванналары,  ыстық  ораулар,  криотерапия,  дәрілік  электрофорез,  бұлшық  етті  электрлі 

стимуляциялау), сонымен қатар дәрілік терапия. 

БЦС кезіндегі адаптивті дене шынықтырутің маңызды міндеті болып баланың жалпы денсаулыған 

қатайту болып табылады. Бұнда маңызды орынға күн тәртібін, тамақтану, ұйқы және ағзаның суық 

тию ауруларына қарсы тұруға кӛмектесетін денені жаттықтыру шаралары. 

Ұсақ  моториканы  дамыту  жалпы  моториканың  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.  Артику-

ляциялық  моториканың  ауырлығы  әдетте  қол  қызметтерінің  бұзылысының  ауырлығымен  корре-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет