Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет129/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   180
Ұлттық тестілеу орталығы үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім сапасын 
техникалық-ұйымдастырумен қамтамасыз ету және ұлттық бірыңғай тест, орта және 
жоғары білім беретін ұйымдардағы білім алатын оқушылар арасында мемлекет аралық 
бақылауды, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі бойынша ғылыми зерттеулерді, 
Отандық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен үндесуін жүзеге асырады. 
Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығының міндеті   ұлттық 
білім сапасын бағалау жүйесін дамыту, Қазақстанның білім беру статистикасын 
халықаралық стандартка сәйкестендіру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда 
қазақстандық және халықаралық салыстырмалы зерттеулер ұйымдастыру және өткізу 
болып табылады.    Орталықтағы халықаралық зерттеулер зертханасы білім сапасын 
зерттеуге арналған халықаралық  салыстырмалы зерттеулерді (PIRLS, TIMSS, PISA, 
TEDS-M, ICILS) ұйымдастырып өткізеді. 
Болондық үрдіс және академиялық жұмылдыру орталығы жоғары оқу 
орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жоғары білімнің ұлттық 
жүйелерінің үлкен үйлесімділігі мен салыстырмалылығына қол жеткізу және білім 
сапасын арттырумен айналысады. 
Білім сапасын тәуелсіз сыртқы бағалау білім жүйесін тиімді басқаруды қамтамасыз ететін 
негізгі құралдардың бірі. Қазақстанда оқушылардың білім сапасын бағалау мақсатында 
ұлттық  бірыңғай тестілеу түріндегі (ҰБТ) тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі және оқу 
жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖБС) қолданылады. 
ҰБТ жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін қорытынды аттестаттау 
және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын біріктіреді. Ұлттық тестілеу орталығында 
ҰБТ-ны өткізу технологиясы, нұсқамалықтар және бағдарламалар өңделеді. ҰБТ-ны 
ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде мемлекеттік комиссия 
құрылады. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, 
Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және қазақ тілінде 
оқытатын мектептердегі орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау 
бойынша пәндердің біреуі қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. ҰБТ-ға 3,5 (үш 
жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат 
берілмейді. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25. Әр тест тапсырмасына 
берген дұрыс жауап 1 балмен бағаланады [2]. 
Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) 
міндеттері: 

 
білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; 

 
оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 

 
білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына 
салыстырмалы талдау жасау болып табылады [3]. 
ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым 
саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері  және 


Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады. ОЖСБ кешенді тестілеу 
нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-
ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі. 9 (10) 
сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі  және уәкілетті орган жыл сайын 
белгілейтін 3 пән енгізіледі. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.  
Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс 
жауап үшін 1 балмен бағаланады. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу 
пункттерінде жүргізіледі. ОЖСБ нәтижелерін рейтингілік зерттеулер жүргізетін ұйымдар 
пайдаланады. 
Соңғы онжылдықта халықаралық салыстырмалы зерттеулердің елімізде жүргізілуі 
білім жүйесінің жағдайына, оқушыларымыздың халықаралық стандарт бойынша 
дайындықтарын салыстыруға және әлемдегі білім сапасына мониторинг жүргізуге бағалы 
мәлімет береді. Қазақстандық оқушылардың білім сапасының халықаралық 
салыстырмалы зерттеулеріне қатысуы жалпықазақстандық білім сапасын бағалау жүйесін 
құруға үлкен септігін тигізіп келеді.  
«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдардағы білімді дамыту 
бағдарламасына» сәйкес біздің еліміз де 2007 жылдан бастап жалпы білім беру сапасының 
халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатыса бастады. Халықаралық  PIRLS, TIMSS 
және  PISA зерттеулері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ)  
және Халықаралық оқу жетістіктерін бағалау ассоциациясы IEA (International Association 
for the Evaluation of Educational Achievement) қолдауымен өткізіледі. 
PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) жобасы «оқу сапасы мен 
мәтінді қабылдауды байқау» - бұл Халықаралық оқу жетістіктерін бағалау ассоциациясы 
IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) ұйымдастырған  
мониторингтік зерттеу. Зерттеу әр елдің бастауыш класс оқушыларының оқу сапасы мен 
мәтінді қабылдауының деңгейін салыстырады және ұлттық білім беру жүйесінің 
айырмашылығын анықтайды. Зерттеу жұмысы бес жылда бір өткізіледі.  
TIMSS (Trends in International Mathematics and Science Study) - Математикалық 
және жаратылыстану-ғылыми білім беру сапасы бойынша халықаралық зерттеу. Осы 
зерттеу шеңберінде 4 және 8 класс оқушыларының математикалық және жаратылыстану – 
ғылыми дайындығының сапасы бағаланады. Біздің еліміз алғашқы рет 2007 жылы 59 ел 
(42500 оқушы) құрамында TIMSS зерттеуіне қатысты.  
PISA (Programme for international Student assessment) - Функционалдық сауаттылық 
тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық зерттеу. РІSА 15 
жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-
әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік 
қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. 
Міндеті білім алудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болуы 
үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін 
бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық 
дәрежесі бағаланады.  
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты. Бұл зерттеуге еліміздің 
16 аймағының 200 оқу орынынан 5590 оқушының  білімі мен машықтары бағаланды. 
РІSА-ның 2009 жылдағы  зерттеуінің ерекшелігі оқушылардың сауатты оқуын бағалауға 
бағытталған болатын. Экономикалық ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) 2010 
жылы желтоқсанда 15 жасар оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың 
халықаралық бағдарламасының PISA-2009 нәтижелерін жариялады [4]. 
Қатысқан 65 елдің жалпы рейтингінде Қазақстан 59-орынды иеленді. Зерттеуге 
қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан 65- орын, Әжірбайжан 64-орын, Ресей 44-
орында тұр. Бұл нәтижелердің барлығы ЭЫДҰ бойынша орташа статистикалық бағадан 
төмен. Елдің жалпы рейтингімен бірге, зерттеуде оқушылардың оқу нәтижелеріне 
контекстік деп аталатын факторлардың (мұғалім біліктілігін, кластағы тәртіптің және т.б.) 


әсерін белгілейтін салыстырмалы кестелер көрсетілген. Кестелердің кейбіреулері 
бойынша Қазақстанның сәл жоғарырақ орындарды алғанымен, тұтастай алғанда бұл 
жалпы қорытындыны өзгерте алмайды. 
Біздің еліміздің оқушыларының  көрсеткіштерінің төмен болу неде? Қазақстанның 
PISA-ға  қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің 
мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға 
үйретпейтіндігін көрсетеді деп айтудамыз.  ҚР  Білім және ғылым министрлігі дайындаған 
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған  
мемлекеттік бағдарламасында» PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы 
зерттеулердегі қазақстандық жалпы білім беретін мектептер оқушыларының нәтижелерін 
ілгерілету жоспарланды [6]. 
1937 жылы Кеңес Одағының Халықтық ағарту министрлігі бірді – «нашар 
үлгерім», екіні- «нашар», үшті- «қанағаттанарлық», төртті- «жақсы», бесті- «өте жақсы» 
деп бағалап, бекіткен болатын. Бір ғасырға таяу уақыттан бері біз осы жүйені пайдаланып 
келеміз. Тек бірінші сыныптың  бірінші жарты  жылдығында оқу материалдарын меңгеру 
деңгейіне баға қойылмайды. Одақтың астында өмір сүрген посткеңестік елдердің біразы 
баяғыда 5 балдық жүйеден бас тартты.  
5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы 
аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу 
бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), 
қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді. Мектептегі емтихан қорытындысы 
негізінде пәннен қорытынды баға қойылады. Емтихан әр түрлі формада ( жазбаша, билет 
бойынша ауызша және тест,т.б. )  өткізіледі.   Емтихан материалдарын дидактикалық 
материалдарды қолдана отырып пән мұғалімдері дайындайды [7]. 
Елімізде мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыру үшін оларды қайта 
даярлаудың жаңа жүйесі жасалды. Білім беру жүйесін жаңғырту заманауи мектептердегі 
ұстаз туралы түбегейлі жаңа түсініктің пайда болуына негізделген «Өрлеу» ұлттық 
педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы» АҚ құрылып, өз жұмысын бастады. Ол 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Біліктілікті арттыру орталығы болып 
құрылды. Орталық білім сапасын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеуетті 
күшейту, материалдық - техникалық базаны нығайту мақсатын көздейді. Бұнда  
бағдарламаны Кембридж университетінің үздік мамандары дайындаған. Ұстаздарды үш 
айлық курстар арқылы дайындау 2015 жылға дейін жоспарланып отыр.  
Мұғалімнің 
шығармашылығын дамыту және еңбегін ынталандырудың жаңа мүмкіндіктері елде 
сапалы білімнің негізі болып табылары сөзсіз. 
Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының 
басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау 
жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды 
болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты 
функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай 
алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып 
табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық 
көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  


Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық 
дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы 
орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде 
білім беру ісі  басты құрал болып табылады. Ол үшін білім стандарттарын, оқу 
жоспарлары мен бағдарламаларын, мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және 
мониторинг жүргізу жүйесін дамыта отырып, отандық білім жүйесін халықаралық білім 
кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының 
дәрежесіне жеткізу қажет.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет