ӘӨЖ 159.9
ЖАЛҒАНДЫҚТЫҢ ТЕОРИЯСЫ НЕМЕСЕ ӨТІРІКТІ
ҚАЛАЙ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ?
Муканова Г.С.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
В этой статье дается определение лжи и описывается ее признаки.
This article provides a definition of lying and described its signs
Ключевые слова:
ложь, мимика, признаки лжи.
Keywords:
lies, mimicry, signs of lying.
Жазғы демалыс кезінде Пол Экманның «Психология лжи. Обмани меня, если
сможешь» атты еңбегіне кезіктім. Бұл кітап жалған информация
немесе өтірік айтудың
негіздері мен олардың объективті көріністері жөнінде баян етеді. Бұл еңбекпен танысқан
кезімде алған білімді қалай қолдануға болады деген сұрақ туындады. Ойланып келгенде,
бұл білім жеке тұлғалармен әңгімелесу барысындағы суицидке бейімділігін емес, егер
сондай әрекетке барғаннан кейін оның бойында рецедив көріністерін айқындау үшін
қолдану мүмкіндігін ойладым. Өйткені, социумда өз өміріне қол салу айыпталғандықтан
және де мұндай шешімнің қолпаштанбайтындығын білетін кез-келген социумның мүшесі
әрине өтірік айтып, шын ниетін білдірмеуге тырысады. Жалпы, бұл білімнің қолдану аясы
кең. Күнделікті өмірде ата-ана мен баланың қарым-қатынасынан экономика саласында
келісімшарт жасасқан кезде, айыпталушыны тергеу кезінде осы білімге негізделуге
болады. Әңгіме барысында адам 10 минутта 3 рет өтірік айтады.
Бұл орайда оның шын
ниетін айқындауға қалай болады деген ой туындайды.
Бұл ойды дәлелдеу және оны негіздеу әлі де теориялық білім мен экспериментті
талап етеді. Сондықтан бұл мақала өтірік айту мен оның көріністерін зерттеудің
бастамасы болып табылады.
Пол Экман зерттеуінің барысында басты назарды вербалды емес ым-ишараға
аударған болатын. Оның ойынша эмоциясы асып-тасыған адам өтірік айтқан кезде дене
қимылы жалған информация туралы баяндауы мүмкін. Өтірік микро ым-ишара негізінде
көрініс табуы мүмкін. Мысалы, адам өтірік айтқан кезде сол қолымен сермеп немесе
иығын көтерсе бұл оның бірдене жасырып тұрғанын көрсетеді. Біздің ми құрылысымыз
екі жарты шардан тұрады. Бәрімізге мәлім, сол жақ жарты ми шары логика мен ойлау
процесіне жауап береді, ал оң жақ жарты ми шары эмоция
мен шығармашылық процесіне
жауап береді. Ғалымдардың зерттеуінше екі жарты ми шарларының көріністері
айқастанып, адамның оң немесе сол жақ бет пішінінде көрініс табады. Сондықтан өтірік
айтқан кезде верификаторлар адамның сол жақ бетіне назар аударады, өйткені мұнда
эмоция айқынырақ байқалады.
Бірақ, өтіріктің көріністеріне тоқталмастан бұрын «өтірік немесе жалғандық»
сөздерінің мағынасын ашқанымыз жөн. Өтірік феномені философтарды аса қызықтырған.
И.Кант өзінің «Критика чистого разума» атты еңбегінде: «Егер адам жалған айтып
жатқанын білсе, оның айтқаны өтірік болып саналады», - деп жазған.
Ал, психологтар өтіріктің мазмұндық жағына назар аударған болатын. Осылайша,
Ж.Дюпра өтірікті шынайылыққа сәйкес келмейтін сенім туғызуға әсер ететудің
психоәлеуметтік сөздік акті ретінде анықтады. Шындыққа сәйкес келмейтін сенім
тудыру
саналы және бейсаналы болуы мүмкіндігін көрсеткен.
В.Штерн өтірікті жалған айту негізінде белгілі бір мақсатқа жетудің әдісі ретінде
айқындаған болатын. Автор өтіріктің 3 белгісін ашып көрсетеді:
1. адам өзінің берген ақпаратының жалғандығын сезінуі қажет;
2. сұхбаттасушыны алдау ниеті болу қажет;
3. сөз сөйлеген кезде мақсаттылық пен пайда көру немесе орын алған жағымсыз
жағдаяттың негативті салдарынан құтылу ниеті болуы қажет. Яғни өтірік айтушы адамда
жалған ақпарат беруде белгілі бір мотив пен мақсат болатындығын айтқан. Бұл орайда
В.Штерн жалған ақпарат айту саналы түрде жүзеге асырылады деп есептеген.»
П.Экман өтірікті «шындықты саналы түрде бұрмалау» деп анықтаған. Дәл осындай
анықтаманы В.В.Занковта да көреміз және де осы анықтама «өтірік» категориясының
мазмұнын ашады деп есептейміз.
Дмитриевтің түсіндірмелі сөздігі бойынша алдаушылық дегеніміз өтірік, арам
сөздер немесе іс-әрекет негізінде сізде белгілі бір жайт туралы
жалған пікір қалыптастыру
деп түсіндіріледі.
Жалғандық – қателестіру үшін өтірік, қате хабар, өзінің мақсатына жеткен
дезинформация. Жалғандық шындыққа қарама-қарсы ұғым, шындық ақиқатты,
шынайылықты, әділеттілікті, өнегелік ұстанымдарға сәйкестілікті білдіреді. Монтень
өтірік айту латын тілінде ар-намыска карсы тұру дегенді білдіреді деп есептеген.
Өтірік ым-ишара негізінде көрініс табатындығын жоғарыда жазған болатынбыз.
Алайда ым-ишара индивидуалды болатындығын естен шығармағанымыз жөн. Өтірік түрлі
эмоциялармен ілеседі. Алайда, жиі кездесетіндері – өтірік әшкереленіп қалады дегеннен
туындайтын қорқыныш сезімі, алдаушылықтан туындайтын өзін кінәлі сезіну немесе
жалған айту сәтті жүзеге асқан кездегі масаттану сезімі.
Осы сезімдер қалай көрініс табатындығын қарастырайық:
Қорқыныш – бетінің бозаруы, жұтыну, көздерінің жүгіруі,
бет бұлшық еттеріндегі,
саусақтарының дірілдеуі, дауыс ырғағының жоғарылауы.
Ұят, қысылу – көзді тайдыру, түсіру және жұму, бетінің қызарақтануы, дем алудың
қиындауы, терлеу.
Масаттану – көз қарашығының ұлғаюы, дауыстың әуезділігі, күлімсіреу.
Сондықтан, өтірік айтқан кезде қандай ым-ишара көрініс табатындығын айқындау
үшін біз эксперимент жүргізбек болдық. Экспериментті П.Экман баяндаған
экспериментке сүйендік. Қатысушыға зорлық-зомбылық көріністері бейнеленген суреттер
ұсынылды. Суреттің мазмұнын білмейтін адамға оның позитивті екендігін, пейзаж
бейнеленіп тұрғандығын баяндау сұралды Алайда, зерттеу лабораториялық жағдайды
қажет етті. Өйткені, милисекундта адамның бет-пішінінде көрініс
табатын ым-
ишараларды фиксациялауға мүмкіндік бермеді. Тек, айқын көрінген ым-ишаралар көрініс
тапты. Олар:
- Қабағын тию;
- Сөйлеу алдындағы кібіртіктеу;
- Көздердің тез ашып-жұмылуы.
А.Ортони мен В.Тернер еңбектерінде адамның қабағын тию – ашу мен ызаны
білдіре бермейді, «күтілмеген кедергілерден көздеген мақсатқа жете алмай жатқан
жағдайда пайда болатын мазасыздануды білдіретін адамның менталды жағдайын
көрсетеді» деп жазған. Мұндай анықтама белгілі бір тапсырма берген кездегі немесе
күтілмеген жағдайдағы мәселелер пайда болғанда туындайтын қиындықтармен,
кернеумен ілесіп, көрініс табатындығын түсіндіреді.
Адамның сөйлеу сипаттамасына келетін болсақ, дауыс айтылған сөздерге
қарағанда маңыздырақ болып табылады. Бұл кездегі өтіріктің белгісі айқын көрінеді.
Оның ішіндегі көп тарағаны – сөйлеу кезіндегі кібіртіктеу. Сонымен қатар,
одағай
сөздердің («гм», «мммм», «эээээ») көптеп қолданылуы адамның ойын жинақтай
алмайтындығын білдіреді. Тікелей қойған сұраққа жауап бере алмай, не айтарын білмей
тұрған адам да жиі одағай сөздерді қолданады.
Көздерінің тез ашып-жұмылуы, көзқарасының жүгіруі адамның шын ниетімен сөйлемей
тұрғанының бір көрінісі ретінде болуы мүмкін. Алайда, сонымен қатар, бұл ұяңдықтың,
ұялшақтықтың да белгісі болуы мүмкін.
Сонымен, біздің ойымызша өтірік дегеніміз өзгені өз пайдасы үшін жаңылыстыру
үшін айтылған жалғандық. Өтірікті адам саналы түрде біліп не білместіктен, яғни ол
белгілі бір жайт немесе құбылыс жайында толық мағлұматты игермеуінен айтуы мүмкін.
Алдаушының өтірік айтып жатқанын аңғарғанмен, оның себебін анықтау күрделі, яғни
адамды өтірік айтуға не итермелегендігін анықтау қиынға соғады. Сондықтан,
біздің
ойымызша ұлттық менталитетті ескере отырып алдаушының ым-ишара көріністерін
ғылыми түрде зерттеуден бұрын, теориясын қамтып негіздеу қажет. Бұл болса, алдағы
уақыттың еншісінде.
Достарыңызбен бөлісу: