Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет138/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180
УДК 57  А21   
 
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ СТРЕСТІК ЖАҒДАЙЛАР 
 
Ағадиева М.С., Қуанышева Р.З. 
 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В статье расматривается одно из основных важных проблем человечества - это 
здоровье человека. Жизнь человека состоит из противоречий единства и 
противоположенности. В настоящей жизни человек получает очень много различных 
стрессов. Основная мысль статьи это - уровновешенное психологическое состояние 
человека и оптимальные пути эмоционального выхода из различных стрессовых 
ситуаций. 
In this article one of the main human problems – the human health is considered. The 
human life consists of contradiction of unity and opposites. In real life person gets a lot of 
different stresses. The main idea of the article is balanced psychological state of person and 
optimal ways out of the emotional stressful situation. 
 
Ключевые  слова: валеология, стресс, здоровье, медицина, психическое здоровье, 
эмоция. 
Кеy words: valuology, stress, medicine, mental health, emotion. 
 
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  «Қазақстан - 2030» атты халқына 
Жолдауында «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына 


дейін сау болуы және олардың қоршаған ортаның таза болуы үшін күш салуы керек» деп 
баса айтқан болатын. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңында 
«Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» деп басталады. Ендеше 
сол қымбат қазынаны көзіміздің қарашығындай етіп қорғау әрбір азаматтың алдындағы, 
сондай–ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі кезде 
«Валеология» пәні бала-бақшадан бастап, орта және жоғарғы оқу орындарының оқу 
жоспарларына енгізілген. Қазақстанда Валеология ғылымын дамытуға белсенді үлес 
қосып отырған ұйымдар қатары көптеп саналуда. Оның қатарында ұлттық салауатты өмір 
салтын қалыптастыру орталықтары, еліміздің бірқатар  университеттері мен институттары 
бар. Сол қатарда біздің Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де 
бар.  
«Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998 жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман 
енгізген.  ХХ ғасырдың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі 
тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның 
(Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – 
денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай 
білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты 
міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс 
ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды 
емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. 
Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық 
және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты 
деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының  қалыпты жағдайы 49–53%-ы өмір 
сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–
10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты.  
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық – 
организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи 
(физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау 
ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық 
саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің 
келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. 
Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам 
өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке 
адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген 
ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі 
болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа 
байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін 
әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа 
көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың 
көрсеткіштерінің бір-бірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың 
жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. 
Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі. Денсаулыққа 
залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты 
өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық - гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің 
жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп 
жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) 
химиялық заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын 
жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық атап айтатын болсақ, арақ-шарап 
ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б. жатады. 
Стресті кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа 
негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл 
оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі 


жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен 
сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы деп айтуымызға болады.  
Стресс, (ағылшынша  stress – ыза болу, булығу, күйзелу) – адамда немесе 
жануарларда шектен тыс тітіркенуден, төтенше күшті әсерленуден пайда болатын жалпы 
булығу күйі, яғни күйгелектік. Күйзеліс қатты күйзелу, абыржу, шамадан тыс 
ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған 
адамның ерекше күйі. Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс 
Селье. Оның анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған 
организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке ерекшеліктеріне, 
мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің бірнеше түрлері байқалады. 
Стресс үш кезеңнен тұрады: 
1) Үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы 
кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 
2) Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу 
реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті 
безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке 
жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамдайды, тыныс алу ырғағы да жиілене 
түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; 
3) Әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан 
психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стрестің 
көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. 
Қатты шаршап, зорығу кезінде, өзара қарым–қатынастардағы қолайсыз жағдайлар 
әсерінен не жолы болмай жаны қиналған кездердегі көңіл–күй, психофизиологиялық 
шаршауымен ширыққан жағдай. Егер адам стресс күйін жеңуге дағдыланса, оның тірлігі 
жемісті өтеді. Ал оны жеңе алмаса, тән, жүйке, психикалық ауруларға ұшырайды. Сыртқы 
ортаның әсеріне әрбір адам өзінше жауап береді. Қазіргі кездегі дауасыз аурулардың бірі – 
стресс және оның зардаптары. Американ психологтары жан күйзелісіне жеткізетін 
оқиғалар мен олардың әсер ету шамасын есептеу бірлігіне ұсақ кикілжіңді ала отырып (1 
ұсақ кикілжің әсері 1 жүйке тозу бірлігіне тең деп алынған), егер тәулік ішінде бір адамға 
700 жүйкелену бірлігі әсер ететін болса, оның өлімге апаратындығы анықталған. Жақын 
адамның қазасы – 100 ж.б, ерлі – зайыптылардың ажырасуы – 73 ж.б  және т.б тең 
болатындығын  көрсетеді. 
Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп 
екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. 
Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап 
таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс 
қауіп туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. 
Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде 
іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі 
гипоталамус - гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. 
Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері 
оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және 
самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. 
Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стреске қарсы тұру 
төзімділігін арттырады. 
Егер стрестік жағдай орын алып, жұмыстан жалығып немесе оқудан шаршап 
қалсаңыз, 5 минутта стрестен арылудың 5 жолымен таныс болыңыздар. 
1. Серуендеп келіңіз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, серуендеп келіңіз. 
Жұмыс уақытында кеңсеңізден шығуға болмаса немесе аудиториядан ұзап кетуге 
болмайтындай жағдай туындаса, кеңсенің немесе аудиторияның ішін аралап қайтыңыз. 
Басқа қабаттағы әріптесіңізге, студенттерге бұрыштағы ешкім отырмайтын бөлмелерге 
соғып келіңіз. Бастысы орныңыздан тұрып, компьютерден бірнеше минутқа болса да 


демалыңыз. Осы уақытта ойыңыз жинақталып, жұмысқа болмас оқуға жаңа қарқынмен 
кірісе аласыз. 
2. Кітап оқыңыз. Кітап оқу - көңілді басқа нәрсеге аударып, сәтсіздіктерді 
ұмытудың бірден-бір жолы. Ертегі, шытырман оқиғаға толы әңгімелер осы жағдайға дәл 
келеді. Бастысы кітап оқу арқылы ойыңыз басқа жерге ауысып, қиындықтарыңыз алыс 
жерде қалуы керек. 5 минуттық кітап терапиясынан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы 
сезінесіз. 
3. Қызықты бейнебаян қараңыз. Жұмыстан болмаса оқудан 5 минутқа демалып, 
ғаламтордан қызықты, күлкілі бейнебаян тауып қараңыз. Стресс осындай дауадан кейін 
өзімен-өзі жоғалып кетпек.  
4. Шай ішіңіз. Кофе емес, шай! Қасыңызда үнемі емдік шөпті шай болса, тіптен 
жақсы. Шай қайнатқанша, сергітіп, тыныштандыратын дәрілік шайдың әсерінен де біраз 
демалып қаласыз. 
5. Терең демалыңыз. Қиындық жайлы ойланып, уайымдап отырғанда, тынысыңыз 
жиілеп, ағзаңызға ауа жетіспейді. Сол себепті тынысыңызды дұрыстауға тырысыңыз. 
Кеудемен емес, ішпен дем алып көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай тыныс 
жаттығулары кез келген ауруды тез арада басып, ағзаның жұмысын жақсартады. Ал денесі 
саудың көңілі де жайлы болады емес пе? 
Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған 
бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда 
мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, 
өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда 
болады. 
Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің 
ишемиялық кеселі, инфаркт, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне-көп 
дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме 
әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер 
жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен 
зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады. 
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды 
білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру 
және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу 
машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін 
мақсатты бағытталған әрекеттер. 
Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, 
стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс 
ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз 
ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді 
үйренесіз. 
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар 
сияқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау. 
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде 
өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл 
кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз. 
Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену 
әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен 
құралған. Сонымен қатар өз бойыңызға жаман эмоцияларды жинамаңыз. Егер сіз ашуға 
булықсаңыз, сабырлық сақтаңыз және оны қоршаған ортаға шығармаңыз.Өз өміріңдегі 
шешімін таппаған кезеңдерді анықта және ол туралы есіңе алып, мазасызданба. Өзіңнің 
жасаған қателіктеріңді есіңе түсіріп, өз-өзіңді жазалай берме. Тек қана осындай 
жағдайлардың екінші рет қайталануына жол берме. Егер өзіңді нашар сезінсең, ата-
аналарыңмен сөйлесуге тырысып көр. Егер бұған мүмкіндік болмаса, өзіңе жақын, сенімді 


адамдарды тауып онымен сөйлес. Өз бойыңда жаман проблемаларды алып жүру 
денсаулыққа зиянын тигізеді.  
Денсаулық психологиясы көпшіліктің ыждаһатты ықласына ілініп жүр. Әрине, 
мұның басты себебі – әлеуметтік жағдай. Өмірдің экономикалық жағдайларының өзгеруі, 
нарықтық қатынастарға көшу, ата–аналардың ажырауы, отбасындағы түрлі 
қиыншылықтар, кей жағдайда материалдық жағдайлардың төмендігі біздің алдымызға 
күрделі мәселелер түйінін қырынан қойып отыр. Осылардың біразы көбімізге 
алаңдатушылық, жүйке – психикалық ауыртпалық тудырады. 
Осы бір қатыгез өмірде өз орныңды қалай табуға болады? Бұрынғыға қарағанда, 
көбін, бұдан да көбірек өңгеріп орындауға тура келеді, өзіңе, отбасыңа, жақындарыңа 
деген жауапкершілікті мойындауды қажет етеді. Көбіміздің дерлік бұған дайындығымыз 
болмай шықты. Өзіңе деген сенімнің жоғалуы, ашуға бой алдыру, жиілене бастаған 
күйзеліс тұстары осы қоғамдық жағдайлармен байланысты болар сезім жүктемесінің 
нәтижесі.  
Енді міне, осы арада көмекке адам психикасы хақындағы бөліммен қаруланып, 
алған әлеуметтік және биологиялық сәттердегі әр түрлі  өмір жағдайларында көрініс 
беретін адам мінез – құлқының заңдылықтарын игерген психолог келеді. Осындай 
жағдайда психолог, ең бірінші кезекте,осы проблеманың талдау қажеттілігін біле тұра, 
өзінің өзіне деген сенімін жоғалтқанға қол ұшын беріп, осы сенімді тауып алуға жәрдем 
етуі керек. Бірақ сиқыршыны күтудің қажеті жоқ, ол сіздің өзіңіздің – өзіңізге деген 
сенімді сыйлап бере алмайды.Өз бағыңызды өзіңіз өсіру үшін тер төгіп, күш көрсету, 
аршынды әрекет ету керек. 
Ағылшын психологы Клер Райнердің өзіне-өзін сендіру бағдарламасында он 
қағидаға басты басымдылық берген.  
1 қағида:  Таңертең бар қуатыңызды үйден жақсы күйіңізден шығуға жұмсау керек. 
Түс кезінде айнаға қарап бақытты, әдемі екеніңізді тағы бір есіңізге салып өтіңіз. 
2 қағида:  Өз бойыңыздағы кемшіліктерге көңіл аудара бермеңіз. Ол кемшіліктер 
барлық адамдарда болады, бірақ сіз өз кемшіліңізді өзіңіз айта бермесеңіз басқа адамдар 
көңіл аудармайды. 
3 қағида: Басқа бірнеше адамдар тұрғанда, сөйлегенде қызара бастайтыныңызды 
сезсеңіз, ешкімге білдірмеңіз. Оны басқалар байқамауы да мүмкін екендігін естен 
шығармаңыз. 
4 қағида:  Басқаларды артық сынға алмаңыз, әйтпесе ертелі – кеш сіз де сынға 
ұшырап кетуіңіз мүмкін. 
5 қағида: Басқаларды көңіл қойып тыңдаңыз, сонда сіз десе басқалардың көңілі 
ерекше болып тұрады. Жұрт көбіне тыңдаушыларды жақсы көреді. 
6 қағида:  Ағыңыздан жарылып тұрыңыз. Пейіліңіз ақ болсын. Білмегенді білемін 
деп әлек болып, қулыққа салынудың еш қажеттігі жоқ. 
7 қағида:  Өз төңірегіңізден сізді сәл болса да түсінетін жақсы адамды тауып 
алыңыз, сол кезде сізде жалғызсырамайтын боласыз. 
8 қағида:  Жасқаншақтығыңызды  ішімдікпен кетірем деп ешқашанда ойламаңыз. 
Егер де, ашық ақ жарқын болсаңыз, ішімдіксіз – ақ өзіңізді қоршаған адамдар арасында 
мерейлі боласыз. 
9 қағида: Орынсыз именшектіктің кейбір адамдарды жалықтырып жіберетінін де 
есте сақтаған жөн. Егер сізбен біреу дауыс көтеріп, өктем сөйлесіп тұрса, өзім кінәлімін 
деп есептемеңіз. Кім біледі, бәлкім, ол адам үшін өз жігерсіздігін жеңудің бір амалы 
осындай да болар деген ойда жүрген шығар. Бірақ осындай амалды пайдаланудан сақ 
болыңыз. Ондай адам өз мәртебесін көтеріп, орнын бекіте алмайды. 
10 қағида: Өзіңіздің сәтсіздіктеріңізді елдің көзінше айтып нали бермеңіз. 
Міне, бір уақыт әрі жай, әрі күрделі қағида ережелер сіздің өзіңіздің – өзіңізге 
деген сенімізді ұлғайтып, бекітуге көмектеседі. Осы қағидаларды орындап көріңіз, өткенді 


әрине еш өзгерте алмайсыз, бірақ есесіне бүгінгі күнді бақытты өткізуіңізге болады, 
болашағыңызды бүгіннен де жақсы өткізе аласыз. Батыл болып, ұмтылыстан іркілмеңіз. 
Бұл үлгісі бойынша стресс күйінің күшеюін анықтауға болады екен. 
Жауаптарыңызды қайта қарап, сараптау өз ойыңызды, пікіріңізді, мінез – құлқыңызды 
өзге көзбен бағалауға мүмкіндік береді. Егер жауаптарыңыздың жартысынан көбіне «жиі» 
және «өте жиі» болып келсе, өзіңізді өзіңіз күтімге алуға кірісіңіз, стресс күйінің сізді 
құлдыққа түсіруіне тым жақын тұрғандығын көруге болады. Олай болса, төмендегі 
сұрақтарға жауап беру арқылы әр адам өз күйін анықтай алады. 
1.Көбінесе өз қалауыңыз бойынша жұмыс жасаудан гөрі сізге қызмет бабында 
немесе отбасы қамымен міндеттелген әрекетті жасауға мәжбүрсіз. 
2.Әлденені бітіруге әрқашан да уақытыңыз жетпей жатады, ештеңені аяқтап 
үлгермейсіз. 
3.Сізді әлдебір жұмыс, әлдекім ылға да асықтырып тұрады, әрқашан әлдеқайда 
баруға қапылып жүресіз. 
4.Сізге сізді қоршаған адамдардың барлығы да әлденеден қысылып – қымтырылып, 
қиналып жүргендей болып көрінеді. 
5.Сіздің тіптен ұйқыңыз қанбайды, әрдайым ұйықтағыңыз келіп тұрады. 
6.Сіз таусылмайтын түстер көріп жүресіз, әсіресе жұмыстан шаршап шыққан күні 
түстеріңіз шым – шытырық. 
7.Сіз темекіні көп тартасыз. 
8.Ішімдікті әдеттегіден көп тұтынасыз. 
9.Еш нәрсе де сіздің көңіліңізге жақпайды. 
10.Отбасы, үйде ұрыс – керіс сізден басталады. 
11.Сізге әрқашанда бұл өмірдің түк қызығы да жоқтай болып көрінеді. 
12.Қалай қайтаратыныңызды білмесеңіз де, үнемі қарызға батып жүресіз. 
13.Өзгелерден өзіңізді кем санайсыз. 
14.Сіздің өз жайыңызды ашып сыр бөлісетін, шер тарқататын ешқандай 
жақыныңыз жоқ, соның керегі де шамалы деп ойлайсыз. 
15.Сіз өзіңізді үйде де, жұмыста да қадіріңіз жоқ екендігіңізді түсінбейсіз. 
Стресс күйінен арылу жолын анықтау үшін, стресс белгісін, оны күшейтетін 
себептердің өзара байланысын табу қажет. Осы тәуелділікті дөп басып тапсаңыз ғана 
дұрыс шешім қабылдап, оны жеңуге болады. Қағазға түскен белгі мен себеп қана, ақыл – 
ойыңызды сезім мен көңіл – күй билігінен бөліп, өз түйініңізге өзгеше қарауға мүмкіндік 
береді. Сонда ғана ми қыртыстарыңыз бен оның терең түпкірлеріндегі санаңыздың 
пайдаңызға әзір жаратылмаған мүмкіндіктерін іске қосып, қиындықты жеңе аласыз. 
Стреске бастама беретін себептер мен оның белгілері туралы түсінік алғаннан 
кейін, стресс жағдайларын қалай танып айқындауға болатындығын қарастыруға мүмкіндік 
туады. 
Стрестің алдын алу үшін немесе стресті жағдайларда ағзаның қорғаныш 
реакциялары дұрыс жүруі үшін жүйке жүйесін шынықтыру керек. Ол үшін жеткілікті 
ұйықтап тынығу, тиімді ырғақты еңбек, жалпы дамытушы жаттығулармен айналысу, 
барлық жағдайда сабырлылық сақтауға дағдылану қажет. Жағымсыз жағдайларды 
қайталап еске алу, ренішті күйді жаңғырту аса зиянды. Мазасыз ойды бөліп, жүректі 
жеңілдету міндет. 
Адамның қалыпты өмір сүруінің басты белгілері мейлінше қимыл белсенділігі, 
тиімді тамақтану, еңбек пен денсаулық тәртібі, жан сезім дүниесінің өз – өзін реттеу 
(психикалық, эмоциялық жағдайлардың қолайлылығы). 
Психикалық – физикалық жаттығу – бұл өз организміне өзінің әсер ету тәсілі. 
Бұлшық ет тонусын өзгерту, тынысты реттеу арқылы ағзаның қалыпты қызметі туралы 
образды ұғым тудыра отырып, психикалық – физикалық мүмкіндікті ұлғайту мақсатында 
сөзбен демеу, белсенді көңілді тәрбиелеу, сананы дамыту, ұстамдылықты және әдеттен 


тыс тітіркендіргішке деген дәлме –дәл әсер дағдысын қалыптастыру арқылы өзіне – өзі 
әсер ету. 
Психикалық – физикалық жаттығуға жататындардың бірі – аромотерапия. Шетен, 
камфора иісі ми қызметін жақсартатыны, ал жусанның хош иісі бұлшық еттің жиырылу 
күшін өсіретіні анықталған. Невроз кезінде шырша не валериан сығындысы қосылған 
ванна қабылдаған пайдалы. Ол көңілді көтереді, тәбетті жақсартады. Раушан гүлінің иісі 
әлсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, әлін қалпына келтіреді. 
Медицинада түрлі шалдыққан, шаршаған, қажыған, өмірден түңілген ауруларды 
емдеу үрдісінде, олардың алдын алуда, музыка кеңінен пайдаланылады. Дыбысты 
қабылдау, есту аппаратында басталады. Мұнда дыбыс толқыны жүйке импульстеріне 
айналады, содан соң орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерлеріне есту нерві арқылы 
келіп жетеді. Содан соң сананың бұл деңгейінде бірі беймәлім не поэтикалық, не табиғат 
көрінісі, не тағы басқа образ түріндегі реакцияның болуы мүмкін. Бұл бірінші музыкаға 
деген жауаптың жоғары нұсқасы болуы мүмкін. Жауап эмоция түрінде де болуы ықтимал 
– қуаныш, күту, алаңдаушылық және т.б. Дәрігер – психотерапевт зерттеулеріне қарағанда 
сыбызғыдағы ойын қан айналымына әсер етеді, жүрек тамырлары жүйесінің қызметін 
қалыпқа келтіреді: скрипка мен фортепиано адамның жанын жай жаптырар аспаптар. Ал 
табиғатыңды егілдіріп, сабаңа түсіріп, жаныңды саялатар аспап – скрипка. 
Стресс әсері шамадан тыс асып кетпеген жағдайда денсаулыққа пайдалы. 
Жұмылдырылған күш стрессор әсеріне толық әлі келетін жағдайда, ағза жүктемеге артық 
жауап бере отырып, дененің тұрақты белсенділігі қалыптасады, осы кезде адам тәні мен 
ақыл – ойы өте үйлесімді және дәл өлшеммен қызмет ете бастайды. Селье ағза қызметінің 
бұл шарықтау күйін айстресс (грекше ai- нағыз,тамаша) деп атады. Стрестің мұндай 
тиімді шаттандыру кезеңі ұзаққа бармайды. Аз ғана уақыттан соң ағза күйі төмендеп, 
екінші,содан соң үшінші сатыға өтеді, яғни дистресс басталады. Дистресс (ағылшынша 
distress – шамдану, қорлану) – көңіл – күйдің жағымсыз жағдайы. Қазіргі таңда жеке адам 
психикасына тәуелсіз, көпшілікке ортақ стресс факторлары – жұмыссыздық, материалдық 
жағдайдың төмендігі және т.б жайттар. Ал адамның жеке өзіне байланысты стресс 
факторлары: жұмысқа жиркенішті көзқарас; қимылы аз тұрмыс қалпы; дене және ой 
қызметіне қабілеттіліктің төменгі деңгейі; дене қалыптасуы мен дене тәрбиесіндегі 
кемшіліктер; өзін – өзі бағалаудағы кемшін тұстары; өзін - өзі кем санау; зиянды әдеттер 
дағдысы; тіл табыса білмеу; адамдармен жақындасуға қорқу; ұялу; қызығатын өзге істің 
болмауы. 
Күйзелістен құтылудың жолы өзің сүйетін істермен және спортпен шұғылдану. 
Денені шынықтыру бойды сергітіп, көңіл-күйді жақсартады. Дүкендерге бару да көңіл-
күйді көтеруге көмектеседі. Өзіңе бірнеше ұсақ-түйек заттарды сатып ал. Бұл әрқашан 
ғанибет. Уақыт әр қашан өмірдің салған жарасын емдейді! Күйзеліске түсе бермей – 
әрдайым оны шешудің жолдарын тап, сонда ғана сенде бәрі жақсы болады! 
Сондықтан да жақын жандарымызға, қоршаған ортадағы адамдарға осындай күйзеліске 
ұшыраған кездерін сезсек, мейірім-шапағатымызды аямай, сөйлесіп, көңілін жұбатып, 
оқыс оқиғадан сақтайық. 
Бақытқа жету – табиғи қажеттілікті ынсаптылықпен өтеп отыру, тән мен жанның 
қиналмай, адам көңіл–күйінің тұрақты болуы, құлқынға салынбай, басқаға қиянат етпей, 
жайбарақат өмір сүру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет