Хабаршысы ғылыми журналы


СИНАНТРОПИЗАЦИЯ ПРОЦЕСІ НӘТИЖЕСІНДЕ



Pdf көрінісі
бет42/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   180
СИНАНТРОПИЗАЦИЯ ПРОЦЕСІ НӘТИЖЕСІНДЕ 
ҚАЛА ФЛОРАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ  АЛДЫН-АЛУ 
 
Калыбекова Ж.Т., Утарбаева Н.А. 
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 
 
В статье приведен анализ современного состояния биоразнообразия урбанофлоры города 
Актобе, дана оценка уровня ее синантропизации. Автор дает описание урбанизации, как 
глобальному экологическому фактору, повлекший замену природной среды 
антропогенной.  
This article analyzes the current state of biodiversity urban floras of Aktobe and assessed the 
level of synanthropization. The author gives description of urbanisation  as a global ecological 
factor entailed replacing human environment. 
         
Ключевые слова: синантропизация, урбанофильный, урбанофобный, адвентивный, 
урбанофлора, ксерофит, мезофит, флора. 
Key words: urban, flora, synanthropization, urbanization, biodiversity. 
 
«Синантропизация» термині дегенде, флораның антропогенді трансформациясы 
процесінің ең соңғы нәтижесі - адамның тікелей немесе жанама әсер етуінен өсімдік 
жабыны мен  флораның өзгерісін түсінеміз[1].   Бұл процестердің табиғи ортаға әсерін 
тигізетін негізгі факторлары болып, урбанизация, индустриализация, ортаның 
химизациясы (токсикациясы), тіршілік ортасының эутрофикациясы, су режимінің және 
ландшафт құрылымының өзгерісі саналады[1]. 
Жалпы, көптеген жерлерде синантропизацияның көріну сатылары мынадай: 
1.  Аборигенді түрлер мен бөтен елді жерден келген (адвентивті) түрлердің 
араласуынан көрінетін флора құрамының гетерогендігі. 
2.  Қалалар флорасының кедейленіп, олардың жаңа элементтермен толықтырылуы. 
3.  Адаммен таралатын, яғни гемерофильді түрлер үлесінің көбеюі. 
4.  Антропогенді күштерге сезімтал, яғни гемерофобты түрлер үлесінің азаюы. 
5.  Эволюция процесінің жеке және популяциялық деңгейде тездетілуі. 
6.  Бөтен елді мекен түрлері мен жергілікті бірлестіктердің араласып, жаңа түрлер 
түзуі. 
Қала флорасын зерттеу оңай жұмыс емес. Ең басты қиыншылықтың бірі көптеген 
түрлер өсетін үлкен аумақты зерттеу болып табылады. Бұл жағдайда біртекті жер бедерін 
зерттеудегідей әдеттегі тәсілдер жарамайды, өйткені зерттеуші барлық  көшелер мен 
шағын аудандарды аралап шығуы керек, себебі, қала өсімдіктерінің өсу жерлері әркелкі 
болып келеді. 
Мұның өзінде де,  өсімдіктердің барлық өсетін жерлерін зерттеу мүмкіншілігі 
болмауы мүмкін. Көп жағдайда өсімдіктің түрінің қай туысқа, тұқымдасқа жататындығын 
анықтай алмайсың, өйткені оны анықтау үшін нақты гербарий қажет. Ал қала жағдайында 
өсетін өсімдіктер дамудың барлық фазасынан өтпей, тек жартылай өтуі мүмкін. Кейде 
адвентивті түрлерді тек өсу фазасының басында ғана табуға болады, ал бұл тәсілді барлық 
жағдайда қолдана алмайсың. Солай  бола тұрса да, қалалар флорасы соңғы кезде ғылыми 
талдау обьектісі болып отыр. Қазақстан бойынша тек Шымкент қаласының флорасы, 
Ақтөбе флористикалық округінің флорасы, Павлодар қаласының өсімдіктер жабынының 
өндірістік объектілер зонасындағы антропогендік трансформациясы бойынша және 
Ақтөбе қаласы флорасы бойынша зерттеулер жүргізілген. 


Бұл қалалардың түрлік алуандылығы қаншалықты ауқымды? Жоғарыда аталған 
қала флораларының тізімі келесідей: Шымкентте – 664 түр тіркелсе, Ақтөбе 
флористикалық округінің флорасында түр — 1306[7], Ақтөбе қаласында 149 түр [8]  
анықталған. Бұл сандар негізінде флораның алуан түрлілігінің деңгейін көрсетуі тиіс. Енді 
бұл сандарды сол аймақтың табиғи флорасындағы түр санымен салыстырғанда, басқаша 
көрініс шығады. Мұнда флора әртүрлі қалыптасады: бір жағдайларда қала флорасы өте 
кедей болуы мүмкін (жергілікті түрдің жойылуы), келесілерінде  қала өсімдіктерінің тізімі 
жергілікті (зоналық) флораға қарағанда кең болуы мүмкін. Бұл көбіне саябақтары, бау-
бақша, тоғандары  мол немесе ірі көлік байланыстары бар үлкен қалаларда байқалады. 
 
Кесте 1 – Урбанофлораның орташа сандық көрсеткіштерін салыстыру 
Территория  
1 тұқымдасқа келетін 
туыстың орташа 
көрсеткіші (саны) 
1 тұқымдасқа келетін 
түрдің орташа 
көрсеткіші (саны) 
1 туысқа келетін 
түрдің орташа 
көрсеткіші 
(саны) 
Ақтөбе 
урбанофлорасы 
2,83 
4,80 
1,69 
Ақтөбе 
флористикалық 
округі 
4,44 
12,67 
2,85 
 
 
Ақтөбе флористикалық округімен салыстыру көрсеткіштері бойынша Ақтөбе 
урбанофлорасының түрлік құрамы өте жұтаң екендігі көрінеді. Бұл кесте көрсеткіштері 
урбанофлораның күшті антропогендік ықпалға ұшыраған деп қорытындылауға негіз 
болып табылады [2,3]. 
Қала флорасының қалыптасыуына жергілікті (аборигенді) түрлердің үлесі қандай? 
Айта кететін жағдай, табиғи өсімдік жабынындағы өсетін түрлердің антропогендік 
жерлерге ауысқан типтерін апофиттер деп атаса, жергілікті аумаққа адаммен бірге келген 
өсімдік түрлерін антропофиттер деп атайды. Көбіне жас, жаңа қалыптасқан, өсімдіктер 
құрамы жаңа қалыптаса бастаған қалаларда апофиттер көп болады, ал урбанизация 
деңгейінің жоғарылауына байланысты олардың саны азаяды. Бұл – жергілікті жердің 
көптеген түрлерінің қала жағдайында тіршілік ете алмай, төзімдірек түрлерінің – 
антропофиттердің жерсінуіне жол береді деген сөз. Апофиттерге шалғындық, далалық 
және басқа да ашық жерде өсетін өсімдіктер жатады.Осылай қоршаған ортаға 
механикалық және химиялық әсер ету нәтижесінен фитоценоздың мынадай «қауіпті» 
аймақтары қалыптасады: 
1.  Бос, қаңырап қалған, шөлейттенген аймақтар; 
2.  Тек бұта тәрізді өсімдіктер аймағы; 
3.  Ағаштардың мүлдем жойылу аймағы; 
4.  Ағаштардың тұрақты өсу деңгейінің төмендеуі; 
5.  Зауыттардың әсер ету аймағы[1]. 
Апофитизацияның немесе аборигенді флора түрлерінің синантропты бірлестіктерге 
енуінің үлкен маңыздылығы бар және ол флораның антропогенді трансформациясының 
көрінуінің бір формасы болып есептелінеді. Апофиттер кен өндіру аймақтарында, бос, 
жалаңаш жерлерде, теміржол маңында және тұрғын үйлер маңында өседі. Бұлардың 
кейбір түрлері тарала алады[1]. 
Апофиттердің негізгі таралу және орын ауыстыру жолдары - темір жол үйінділері, 
жолдардың маңы, өзендердің жағасы, су қоймалары, теңіздер маңы.  
Қазіргі кезде қала экотоптары мықты бұзылғандықтан, бұл жерлерде өсетін өсімдіктердің 
көпшілігін арамшөптер құрайды. Р.Вебер бойынша[1], жалпы арамшөптер – жартылай 
мәдениетті өсімдіктер: адамдар оларды өсірмейді, бірақ олардың таралуына жағдай 
туғызады. Мұндай жағдай тоқтатылғаннан кейін, арамшөптер зоналық өсімдіктермен 


ауыстырылады, бірақ орын ауыстыру жылдамдығы сол жердің өсімдіктер жабынының 
бұзылу деңгейіне және бұл аймаққа адамның әсер ету ұзақтылығына байланысты болады. 
Қазіргі рудеральды өсімдіктер жабыны (рудеральды арамшөптер көбіне урбандалған 
аймақтарда кездеседі) негізінен мына жерлерде кездеседі: 
1.  Ауыл маңында-шаруашылық қожалықтарында, минералдық заттарға топырағы бай 
жайылымдарда; 
2.  Жиналған қалдықтар маңында;  
3.  Үйінділерде 
4.  Байланыс жолдары мен тиеу аймақтарында - бұл жолдармен көбіне әртүрлі 
адвентивті өсімдіктер тұқымдары түседі және таралады. 
Сонымен, қала флорасының көп бөлігін алатын «көшпелі» өсімдіктер қалай пайда болды? 
Қай аймақты алсақ та, әртүрлі «элементтерді» - шығу тегі әркелкі, яғни географиялық 
түрлер топтарын ажыратуға болады. Оны мына кестеден көруге болады: 
 
Кесте 2 – Ақтөбе урбанофлорасын құрайтын геоэлементтердің ара-қатынасы 
Ареал тобы 
Ареалдар типі 
Түр саны 
жалпы 
санынан % 
Голарктикалық 
(Бореалдық) 
Голарктикалық 
20 
13,42 
Палеарктикалық 
14 
9,39 
Таулыазиялық 
(Таулық) 
Батыс Тянь-Шань-Памиралайлық 
13 
8,72 
Таулыортазия-Гималайлық 

2,68 
Иран-Тұрандық 

1,34 
Тұрандық 

1,34 
Ежелгіжерортатеңіздік 
Ежелгіжерортатеңіздік 

1,34 
Шығыс-Ежелгіжерортатеңіздік 
10 
6,71 
Европалық-Шығыс-
Ежелгіжерортатеңіздік 

2,01 
Европалық-Ежелгіжерортатеңіздік 
13 
8,72 
Ежелгіжерортатеңіздік 

1,34 
Голарктикалық-
ежелгіжерортатеңіздік 

1,34 
Космополиттік 
Плюрирегионалдық 
18 
12,08 
Шығу тегі бойынша 
Солтүстік Америкалық 
11 
7,38 
Қытайлық 

2,01 
Европалық 

6,04 
Сібірлік 

1,34 
Европалық-заволжье-қазақстандық  1 
0,68 
Европалық-заволжье-
қазақстандық-сібірлік 

2,68 
Шығысевропалықазиялық 

0,68 
Заволжье-қазақстандық 

0,68 
Заволжье-қазақстандық-сібірлік 

0,68 
Заволжье-қазақстандық-тұрандық 

1,34 
Европалық-сібірлік 

0,68 
Евразиялық 

2,68 
Шығысевразиялық-
батысқазақстандық 

0,68 
Қаратеңіздік-қазақстандық 

1,34 
Ақтөбелік 

0,68 
 
Барлығы 
149 
100 
 


Қала флорасының көп бөлігін алатын «көшпелі» өсімдіктердің пайда болу себебін 
білуге флористтер қолданатын тарихи–географиялық талдау көмектеседі. Кез-келген 
аудан флорасында әртүрлі «элементтер», яғни географиялық шығу тегі әркелкі түрлер 
топтары болады. Оларды тарихи шығу тегіне байланысты атайды. Қала флорасын 
қоршаған орта территориясы өсімдіктердің құрамымен салыстыру қалада солтүстік 
элементтерінің санының күрт көбеюін көрсетеді. Мысалы, Ақтөбе қаласының 
флорасының 22,81% Голарктикалық (бореалдық) ареал типі алады. Бұл қала флорасында 
рудералды эфемерлер мен кейбір эфемеройдтар түрлерінің, арамшөптердің үлесі біршама 
жоғары екендігін көрсетеді. Келесі  басымдық көрсетіп тұрған – таулыазиялық (14,08%) 
және ежелгіжерортатеңіздік (21,46%) ареал типтері[7,8]. Ақтөбе флорасының 
қалыптасуына шығу тегі бойынша өте алыс, алшақ солтүстік Америкалық (7,8%), 
қытайлық (2,01%), қаратеңіздік (1,34%), сібірлік (1,34%) элементтер үлесін қосқан. Бұл 
басқа елдерден көшіп келуші адамдар мен жүк тасымалына байланысты деп есептелінеді. 
Шет елдерден зерттелмеген жүктердің көп келуіне байланысты карантинді объектілердің 
ену қауіптілігі жоғары. Карантинді қауіпті жүктерге астық тұқымдастары, жеміс-
жидектер, көкөністер, гүлдер т.б. жатады.  Сонымен қатар карантиндік бақылауға 
ботаникалық бақтар, элеватор, сауда базарлары, орман шаруашылығы да алынған. 
Синантропты өсімдіктердің алғашқы пайда болу ошағын жою мақсатында «Қазақстан 
Республикасының өте қауіпті, зиянды организмдер мен карантинді объектілерінің тізімі» 
(10.12.2002ж) құрылған. Ол мынадай 2 қатардан тұрады: 
1.  Күрес Республикалық бюджет есебінен жүзеге асатын каранді объектілер 
2.  Ерекше қауіпті, зиянды организмдер. 
1-ші қатарға профилактикалық шаралар қолдануға болса, 2-ші қатарға күресудің 
биологиялық тәсілдері қолданылуы мүмкін. 
Қала жағдайы флораның экологиялық құрамына да әсерін тигізеді. Әртүрлі өсімдіктер 
түрлері қоршаған орта жағдайларына әртүрлі сезімтал келеді: бір өсімдіктер жарықсүйгіш 
болса, келесілері көлеңкесүйгіш болып келеді; біреулері құнарлы топырақта ғана жақсы 
өссе, екіншілері құнарсыз топырақ жағдайында да өсе береді. Қоршаған ортаның нақты 
бір факторларына бейімделуіне қарай (мысалы, ылғал, температура, топырақтың 
тұздылығы) өсімдіктерді экологиялық типтерге топтастырады. Қала жағдайында өсетін 
өсімдіктер ылғалдың жетіспеушілігіне (ксерофит), оның орташа мөлшеріне (мезофит), 
шамадан тыс артық мөлшеріне (гидрофит) байланысты өсіп үйренеді. Бұлардың 
ксеромезофит, мезоксерофит сияқты аралық формалары да болады. 
 
Кесте 3 – Ақтөбе қаласы урбанофлорасының экологиялық құрылымы 
 
Экологиялық топтар 
Түр саны 
Жалпы түрдің % 
Ксеромезофиттер мен 
мезоксерофиттер 
75 
50,34 
Мезофиттер 
51 
34,23 
Ксерофиттер 
22 
14,76 
Гигрофиттер 

0,67 
Барлығы 
149 
100 
 
Р.В. Камелиннің пікірінше, өсімдіктерді су режимі бойынша экологиялық топтарға 
іріктеу, өсетін ортаның ылғалмен қаншалықты қамтамасыз етілуіне байланысты жорамал 
жасауға болады [4]. 
Ақтөбе қаласы урбанофлорасының экологиялық спектрі 3-кестеде беріледі. Қала 
урбанофлорасындағы 75 түр (50,33%) ксеромезофиттер мен мезоксерофиттер тобына 
тіркелді. Мезоксерофиттердің көпшілігі ылғалдың жетіспеушілігіне арнайы бейімделген.  
Дегенмен де, бұл топқа жататын түрлердің барлығы дерлік эфемерлік даму ритміндегі 
өсімдіктер, яғни вегетациялық дамуы жаздың ортасында аяқталады. Екінші кезекте 51 


түрмен (34,22%) мезофиттер тіркелді. Урбанофлорада мезофиттердің үстем болуы 
интродуценттер мен арамшөп түрлерінің басым екендігін көрсетеді. Урбанофлораның 22 
түрі (14,76%) ксерофиттер тобына жатады. Ксерофиттер көбіне қала территориясының 
шет жақ шекарасында кездесетін өсімдіктер болып келеді[7,8]. 
Қала флорасы құрамында галофиттер мүлдем кездеспейді. Сондай-ақ, ылғалға 
деген сұранысы өте жоғары өсімдіктердің экологиялық топтары зерттеліп отырған 
урбанофлорада өте аз мөлшерде (0,67%). 
Олай болса, қала урбанофлорасында ксеромезофиттер мен мезоксерофиттердің және  
мезофиттердің басым болуы нағыз урбанофлораға тән сипат деп жорамалдауға негіз бола 
алады. Алайда, қала жағдайында мезофиттер қала орталығынан шет жақтарға қарай 
азаяды да, ксерофиттер, керісінше біршама жоғарылайды. Бұл жорамал [3,5] 
әдебиеттердегі қорытындылармен сәйкес келеді. Кейбір әдебиеттерде урбанофлораға 
ксерофиттену процесі тән делінген[6]. Бұл нағыз далалық сипаттағы біздің урбанофлора 
жағдайын сипаттайтын пікір болып табылады. Біздің зерттеуіміздің нәтижесі бойынша 
ксеромезофиттер мен мезоксерофиттердің үлесінің жоғары келуі жергілікті флораның 
қала жағдайына әбден бейімделгенін және қалалық ортаның урбанофильді түрлермен 
толық қалыптасуын көре аламыз. 
Қала урбанофлорасында ксеромезофиттер мен мезоксерофиттердің және  
мезофиттердің басым болуы нағыз урбанофлораға тән сипат деп жорамалдауға негіз бола 
алады. Алайда, қала жағдайында мезофиттер қала орталығынан шет жақтарға қарай 
азаяды да, ксерофиттер, керісінше біршама жоғарылайды. Бұл жорамал 
[3,5]әдебиеттердегі қорытындылармен сәйкес келеді. Кейбір әдебиеттерде урбанофлораға 
ксерофиттену процесі тән делінген [2,6]. Бұл нағыз далалық сипаттағы біздің урбанофлора 
жағдайын сипаттайтын пікір болып табылады. Ксеромезофиттер мен мезоксерофиттердің 
үлесінің жоғары келуі жергілікті флораның қала жағдайына әбден бейімделгенін және 
қалалық ортаның урбанофильді түрлермен толық қалыптасуын көрсетеді. 
Әдетте әдебиеттерде қала флорасының барлық тізімі берілгенімен, олардың әр ауданда 
таралуы әрқилы болып келеді. Бұл орналасулардан нақты таралу заңдылықтарын байқауға 
болады: орталық, ескі қала ауданы, қала шеті т.б. Бұл зоналардың жасы мен урбанизация 
деңгейі әртүрлі болады, ал ол кезегінде флора құрамынан көрінеді. Қала орталығында 
өсімдіктер алуандылығы өте кедей болып келеді. Оны кейде «асфальттанған шөл» жерлер 
деп те атауға болады. Атына сәйкес мұндай жерлерде  жабайы өсімдіктер өсетін 
жағдайлар мүлде болмайды; сонымен қатар бұл жерлерде көше тазалығы қатаң 
қадағаланып, жүк көліктерінің жүруіне рұқсат етілмейді, сондықтан жабайы өсімдіктер 
диаспораларының енуіне мүмкіндік жоқ деуге болады. Қала орталығында әдетте 
урбанофильді, яғни «қала сүйгіш» өсімдіктер өседі. Олар қала жағдайларына, өнеркәсіптік 
ластаушы заттарға төзімді келеді. Қала орталығынан шетіне қарай флораны құраушы 
түрлер саны арта бастайды. Қала шеттеріндегі флора бай болып келеді, өйткені бұл 
жерлерде генофонд құрамы да, өсетін орындары да, экотондар да – әртүрлі экожүйелер 
аралығындағы тіршілік орындары алуан-түрлі болып келеді. Бұл жерлерде 
«урбанофобты» - «қаладан қорқатын» түрлер көп болады; бұлар қалалық ортада өсе 
алмайтын табиғи өсімдіктер бірлестіктері болып саналады. 
Қалалар флорасы әдетте тұрақсыз болады. Егер де қалада ерекше жануар немесе 
құстар пайда бола қалса, оларды бірден тұрғындар байқайды, ал жасыл «көшпенділер» 
бөтен континенттен келсе де байқалмайды және олардың саны күннен-күнге артуда. 
Өсімдіктер саны, жиынтығы аз мерзім аралығында тұрғындардың тұру уақытына, 
құрылыстардың көбеюіне, өндіріс пен көліктің дамуына байланысты өзгеріп отырады. 
Тіршілік етудің урбанизацияланған ортасы, оның кең аумаққа таралуы, өзгеріске 
ұшыраған экожүйе компоненттерінің жекелей немесе кешенді түрінде болсын адам 
денсаулығына қолайсыз әсер етуі, тіпті қауіптілік аясынан шығып кетуі – «қоғам-табиғат» 
қатынастар жүйесіндегі дағдарысты құбылыстар. Қазіргі таңда биосфераға антропогендік 
тұрғыда түсетін экологиялық салмақ күрт артуда. Бұл қала жағдайында тіпті ушығып тұр. 


Сондықтан, республика деңгейінде ірі өндіріс орындары орналасқан, ластану деңгейі өте 
жоғары қалаларда зерттеу жұмысы жүргізілуі тиіс. 
Соңғы онжылдықта қала төңірегінде жаңа құрылыс орындарының қарқынды 
жүргізілуі, өндіріс орындарының жоғары қолайсыздығымен қоса, қала экожүйесінің 
экологиялық жағдайын қиындатып, тіпті қайтымсыз процестердің жүруіне әкеліп 
соқтыруда.  Урбанизация процесінің күшеюі, қалалық ортаның өздігінен табиғи ретке 
келуі мүмкін болмайтын жағдайға әкелді, яғни, биологиялық тепе-теңдік бұзылып, 
экологиялық қауіпті тудыруда[9]. Міне, осы тұрғыда қала фитоценозының антропогендік 
әсерлерден өзгеру тенденцияларын анықтау, алдымен экологиялық тұрғыда 
флористикалық зерттеулер мен антропогендік әсерлерді экологиялық бағалау көрсеткіші 
ретінде өсімдіктердің түр құрамын пайдалану міндеттері бойынша зерттеу жұмыстары 
әрдайым ұдайы жүргізіліп тұруы тиіс деп ойлаймын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет