Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі


Жұмбақ тақырыптары төмендегідей топтастырылады



бет3/4
Дата14.04.2024
өлшемі0.73 Mb.
#498649
түріСабақ
1   2   3   4
Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі . Этнопедагогика пәні 4 курс

Жұмбақ тақырыптары төмендегідей топтастырылады:


Жаратылыс-табиғат

Адам анатомиясы және іс-әрекеттері
    • Адамның анатомиясын, іс-әрекеттерін, өмірін, еңбек құралдарын, тұрмысқа қажетті жабдықтарын суреттеуге арналған.

Жан-жануарлар тіршілігі
    • Бұл жұмбақтар жануарлардың өзіне тән мінезімен, қасиетімен таныстырады, адамға келтіретін пайдасы мен қызметі саласынан түсінік береді.

«Ойлан да, тап». Жұмбақтың жауабын табыңыз. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем (..., ...) Таңертең төрт аяқты, түсте екі аяқты, кешке үш аяқты (..., ..., ...) Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, Айбаты жан шыдамас үндері бар (...) Жауаптарды g_kz86@mail.ru электронды поштасына жіберу.

Жаңылтпаштар – бала тілін дамытуда, есін жетілдіруде, дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге, оларды дүниемен таныстырады. Мысалы: «Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік. Төртеуі де көк бөрік, көк бөріктер – көп бөрік».

«Кім жаңылыспайды» Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айту. 1. Қапыда ит қапты, Қатты қапты, Қапты қатты. 2. Төсек үстінде төрт бөрік, төртеуі де көк бөрік. Төртеуі де көк бөрік, көк бөріктер – көп бөрік

Ақыл-ой тәрбиесін беруде айтыс ерекше рөл атқарады. Оның қай түрін алып қарасақ та, сезімтал тапқырлықпен, қиыннан қиыстырған шеберлікпен қатар, халықтың ой-арманы мен ар-намысын қастерлеген аталық ақыл-өсиет сезіледі, әншілік, күйшілік дарындылығы байқалады, ел арасындағы әлеуметтік мәселелер сөз болады.

Айтыс өлеңдері мазмұнына, тақырыбына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қайымдасу айтысы (қыз бен жігіт), түре айтыс, сүре айтыс, жат айтыс, жұмбақ айтыс, мысал айтыс т.б Айтыс өнерінің орындаушылық ерекшелігіне, тәрбиелік мәніне зерттеуші этнографтар, фольклористер ішінен А.И.Левшин айтыс жөнінде: «... қырғыз (қазақ) әндері әрдайым дерлік табан астында шығарылады. Бұл жағдай оларды ерекше қызықтырумен бірге, ән айтушылардың сауығын түрлендіре түседі. Олар әйелдер, еркектер блып екі топқа бөлінеді немесе екеу болып айту үшін жұп құрайды. Екі жақтағылар кейде бір-біріне қаратпа әзілдер айтып, өте тапқыр жауаптар қайтарады, оны тыңдаушылар сол мезетте-ақ қолпаштап отырады»-деп сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет