Халық шаруашылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала


Дебиторлық борыштар және ақша қаражаттары есебі



бет2/8
Дата09.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
#186726
1   2   3   4   5   6   7   8

1.3 Дебиторлық борыштар және ақша қаражаттары есебі

1.3.1 Дебиторлық борыштар есебі

Дебиторлық борыш - деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты занды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептелінеді. Олардың қатарына жататындар:

- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген авнстық (алдын ала төленген) телем;

- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

- негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

- акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;

- басқадай дебиторлық борыштар.

Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді активтердегі "¥зақ мерзімді дебиторлық борыштар" бабына енгізілуі мүмкін.

Дебиторлық борыштар есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер, құжаттар) пайдаланылады (қолданылады):

№7 Журнал-ордер - 333-"Жұмысшылар мен басқа да тұл­ғалардың борышы" -деп аталатын шоттың кредиті бойынша;

№8 Журнал-ордер - 331-"Алынуға тиісті қосылған құн салығы"-деп аталатын шоттың, 332-"Есептелген проценттер"-деп аталатын шоттың, 334-"Басқалары"-деп аталатын бөлімше шотының және 35-"Берілген аванстар" бас шотындағы белімше шоттарының кредиті бойынша;

№8 Журнал-ордерге қосымша ведомость - 35-"Берілген аванстар" бас шотындағы бөлімше шоттарының дебеті бо­йынша;

№10 Журнал-ордер 31-"Күдікті қарыздар бойынша резерв" бас шотының бөлімше шоттары және 34-"Алдағы кезең шығындары" бас шотының бөлімше шоттарының кре­диті бойынша,

№11 Журнал-ордер - 30- "Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы" бас шотындағы бөлімше шотта­рының және 32-"Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебитор­лық борышы" бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша жүргізіледі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен регистрлерден (тіркелімдерден) басқа дебиторлық борыштардың есебіне аналитикалық есептің карточкаларын, ажырату парақшаларын (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамаларды және тағы да басқа құжаттарды қолданған дұрыс болып табылады. Жалпы есеп регистрлерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек.

Америка Құрама Штаттарында барлық бланкілер үшін міндетті ортақ есеп беру формалары жоқ. Есеп беру формалары (баланс және табыстар мен зияндар жайлы есеп беру) біршама жинақтылығымен, мәліметтердің ірілігі-мен айырықша көзге түседі, сондықтан да оларға деген көп алаңдатушылық туғызбайды. Есеп формасын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар қорреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсак, олар негізгі есеп регистрлерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып өлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Бұл жерде "трансформаңиялық ведомостар" деген ұғымы кең етек алып отыр. Олардың мақсаты - бізде қолданылатын терминология бойынша нәтижелік пен қаржы бөлінуші - реттеуші шоттардың толық жабылуы. Мұндай ведомостар біздің теориямызда да, практикамызда да белгісіз болып отыр. Біздің жағдайда қаржылық нәтижелерді есептеу барысында барлық жазулар айқын түрде көрініс табуы мүмкін, керісінше трансформациялық ведомость көп­теген көңіл бөліп отырған тұлғаларды мұндай мүмкіндіктен айырады немесе бухгалтер бұл жағдайда, егер алынған пайда (зиян) оны қанағаттандырмаса, онда құрылған ведомосты жоққа шығарып, басқа реттеу жұмыстарын жүргізіп, өзгеше нәтижелер алуы мүмқін. Дебиторлық борыштардың шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Соңғы жылдары бухгалтерлік ақпараттарды өңдеудің барлық техникалық-экономикалық параметрлерінің жақсарғандығы байқалып отыр.

Несиелік каргочкалар бойынша сату есебін екі төсілмен жүргізуге болады.

Бірінші жолы - сатушы несие беруші компанияның төлемін күтуі керек.

Екінші жолы - сатушы сату барысында бірден ағымдағы шотқа квитанцияны енгізеді.

Соңғы тәсіл банк жүйесімен байланысты несиелік карточкамен жүргізілетін сатуға тән, ыңғайлы тәсіл болып келеді. Басты нәрсе - сату уақытысын анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп немесе жөнелтілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылды деген танылуында. Бухгалтерлік есептің көзқарасынан қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы сатылған тауарлар деп танылады. Ондай сатылған тауарлар үшін әзірге ақша қара-жаттары келіп түспегеннің өзінде табыс көрсетілетін болса сәйкесінше салық төлеу қажет. Бұл жағдайда сатып алушы телемді кешіктіруі мүмкін немесе тіпті төлемеуі де мүмкін. Әсіресе, бұл салық төлегенде байқалады. Осымен қатар бух­галтерлік есепті халықаралық стандартқа сәйкес жүргізу міндеттемелердің орындалуының бұл жолын, келісім-шарттың орындалуына жауапты түрде қатысушының араласуын талап ететіндігін көрсетіп отыр. Осыған орай компьютерлік техно­логия берілген әдістің барлық іс-әрекеттерін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.

"Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы" - деп аталатын бас шотының бөлімше шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспоиденциялар жазылады:

- Сатып алушылар мен тапсырыс тиеліп жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен керсетілген қызметтер үшін есеп айырысу құжаттары ұсынылғанда 301-шот дебеттелініп, 701-шот кредиттелінеді.

- Тиеліп жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге байланысты қосылган құн салығы есептелінгенде 301-шот дебеттелініп, 633-шот кредиттелінеді.

- Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері дебеттелі­ніп, оған сәйкес 721, 722 және 723-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

- Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері дебеттелініп, 633-шот кредиттелінеді.

- Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда бол­уына 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері дебеттелініп, 725-шот кредиттелінеді. Айыппұлдар, өсімақылар есептелінгенде 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері дебеттелініп, 727-шот кредиттелінеді.

- Сатып алушылардан оларға сатылған өнім, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде 431, 432, 441, 451 және 452-шоттардың тиістілері дебеттелініп, 301-шот кредиттелінеді. Сатылған тауарлар мен дайын өнімдер әртүрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда 711-шот дебеттелініп, 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

- Кейіннен қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінің сомасына 712, 713-шоттардың тиістілері дебеттелініп, 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

- Қайтарылған тауарлар мен өнімдерге (жұмыстар мен қызметтерге) есептелінген қосылған құн салығы сомасы 301, 302, 303, 321, 322 және 323-шоттардың тиістілерінің дебетіне, 633-шоттың кредитіне сторно етіліп жазылады.

- Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс беру­шілердің борыштары бойынша пайда болған жағымсыз (тиімсіз) бағамдық (курстық) айырмашылық сомасына 844-шот дебеттелініп, 301, 302 және 303-шоттардың тиістілері кредитгелінеді.



1.3.2 Ақша қаражаттары есебі

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру мен есептесудің мақсаты Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы ''Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің" №4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп"-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: "Кәсіпорыңдар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді" делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: "Занды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандартгың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің кұрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады" делінген.

Барлық шаруашылық жургізуші субъектілерде өңдірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өңдірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қопма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер ментәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу.

2. Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және олардың дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау

3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

Ақша қаражаттары есебі төмендегі есептер жиынынан тұрады:


  1. Аударылған жолдағы ақшалай қаржылар есебі

Аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады. Олардың есебі 411-шотта «аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар» -деп аталатын шотта жүргізіледі.

  1. Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот алуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.

3.Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары қозғалысының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алудың № 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» және №9 «Шетелдік валютадағы есепке алу»-деп аталатын стандарттарына сәйкес жүргізіледі.

4.Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операциялар есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шоттарын ашулары тиіс. Бір кәсіпорынның немесе субьектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.

5. Касса операцияларының есебі

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің шаруашылық субьектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Кассада нақты және қолма-қол ақша қаржаттары сақталады.

1.4 Меншікті капитал және міндеттемелер есебі

1.4.1 Меншікті капитал есебі

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақщалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы за-ңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқада көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрыдымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржы-ландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің кұрамы

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айнальмдағы активтер -деп екіге беледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Субъекті мүліктерінің (капиталының) құралу көздері

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталыньң көздері болып мыналар саналады:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- бөлінбеген пайда.

Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субъектінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялаған қаржыларының сомасы болып саналады.

Меншіктік ұйымдық - құқығының нысанына және меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін:

Шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік, сенім серіктесші, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).

Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленгеи капитал -қоғамныц өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құньнан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал - негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан және тағыда басқалардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал- келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитаддың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) - шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған белігі.



1.4.2 Міндеттемелер есебі

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан альш қарайтын болсақ, олардың барлығыныңда міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жаб-дықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдыңца міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де ай-налыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет-елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырьш жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатынның бірі - міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-"Несиелер", 61-"Алдағы кезең кірістері", 62-"Дивидендтер бойынша есеп айырысу", 63-"Бюджетпен есеп айырысу", 64- "Еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу", 65- "Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу", 66-"Алынған аванстар", 67-"Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу", 68-"Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу" -деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шотгары орналасқан.

Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі

Несие - бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент (пайыз, өсім) алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді:

Коммерциялык несие - бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдыруына байланысты туындайды.

Банк несиесі - субъектіге ақша қаражаты түрінде өңдірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.

Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім-шарттары негізіңде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелінетін (қайтарылу) мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету турі, процентгік (пайыздық) өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.

Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім проценгі (пайызы) ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді. Ол үшін субьектіден тиісті бухгалтерлік есеп материалдарын алып танысады. Берілетін уақыт аралығына байланысты банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.

Несиенің обьективті қажеттілігі - бұл, субъектінің өндірістік және сауда айналымы капиталының жегіспеушшігінен туындайды.

Банк мекемелері несиелерінің есебі

Несиенің бұңдай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін "Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру" ережелеріне сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие субъектінің айналымы қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады. Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіліп, коммерциялық негізде беріледі. Несие алу үшін шаруашылық субъектілері банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.

Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіпорындар мен ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.

Жалпы шаруашылық субъектілеріне берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары субъектінің өткізілген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды (процентті) қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісім-шарттың орындалуына сәйкес беріледі.

Банк мекемесі мен несие алушы шаруашылық субъекті арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісім-шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалынады. Егер келісім-шарт бір жылдан артық уақытқа жасалынған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісім-шарт негізінде беріледі. Несиелік келісім-шарт банк мекемесі мен әрбір несие алушы субъекті (клиент) үшін жеке-жеке жасалынады.

Қысқа мерзімді банк несиелері 12 айдан артық емес мерзімге беріледі (яғни бір жылдан кем уақытқа). Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Банк несиесі субъектінің яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне (көлеміне) байланысыз беріледі және қолма-қолсыз тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.



1.5 Еңбекақы және шаруашылықтың табыстары мен шығыстары есебі

1.5.1 Еңбек пен еңбекақы есебі

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субьектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқы бөледі. Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:



  1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары;

  2. Өнеркәсіптік шаруашылық субьектісінің балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруагылық субьектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Есеп берген кезде қызметкерлер тобына басшылар, мамандар және тағы басқалар жатады. Басшылар қатарына - директор, ректор, президент, мегеруші жатады. Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар жатады. Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалар жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуғы тура келеді. Шаруашылық субьектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» - деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны – кәсіпорындар мен ұйымдарға, яғни шаруашылық субьектіге қызметке жаңа адамда алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады. Жұмысшылар мен қызметкерлер құрамының есебі – кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің яғни шаруашылық субьектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары дайындалады:

а) Жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгі түрі Т-1;

ә) Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгі түрі Т-5;

б) Демалыс беру жайлы бұйрық үлгі түрі Т-6;

в) Жұмыстан шығару жайлы бұйрық үлгі түрі Т-8.

Еңбек ақы есебі төмендегі есептер жиынынан тұрады:


  1. Жұмыс істелінген уақыт есебі

Жұмыс істелінген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген нормасын орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс сітегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады.

  1. Еңбекақы және тариф жүйесі есебі

Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып табылады. Жұмыс күрделілігіне қарай еңбекақы мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • тарифтік кесте;

  • тарифтік еңбекақы мөлшері;

  • тарифтік мамандық анықтамалары.

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады.

  1. Өнім өндіру есебі

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақы есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек.Өнім өндіру есебі әрбір шаруашылық субьектісінде жұмысшы мен қызметерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептелініп төленетін еңбекақы түріне байланысты

  1. Негізгі және қосымша еңбекақы есебі

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы: негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар енеді:



  • мерзімді және кесімді еңбекақы;

  • сыйлықтар мен сыйақылар;

  • үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға – еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарды қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет