1.5.2 Шаруашылықтың табыстары мен шығыстары есебі
Шаруашлық субьектісінің табыстары деп – Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 «Табыс» деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
-
дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
-
қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
-
девидендтер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын табыстар.
Шаруашылықтың табыстары мен шығыстары есебі келесі негізгі есептердің жиынынан тұрады:
-
Негізгі қызметтен алынатын табыстар есебі
Шаруашылық субьектісінің негізгі қызметтен алынатын табыстар – деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субьектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 70-«Негізгі қызметтен түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында жүргізіледі.
-
Шаруашылық субьектінің негізгі емес қызметтен түскен табыстарының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары – деп субьектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды орындауы барысында тапқан табыстарын айтады. Шаруашылық субьектісінің бұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алған табыстары 72-«Негізгі емес қызметтерден түскен табыс» - деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді.
-
Субьектідегі шығыстар және оларды есептеу тәртібі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерініңөзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субьектінің шығыстары болып табылады. Шаруашылық субьектісіндегі шығыстардың есебі 80-«Сатылған тауарлардың өзіндік құны», 81-«Тауарларды өткізу бйынша шығындар», 82-«Жалпы және жеке әкімшілік шығындар», 83-«Проценттер бойынша шығындар», 84-«Негізгі емес қызмет бойынша шығындар», 85-«Табыс салығы бойынша шығындар», 86-«Төтенше жағдайлар мен тоқтатылған операциялардын түскен табыс (зиян)», 87-«Басқа да ұйымдардағы үлестік қатысудан түскен табыс (зиян)»- деп аталатын бас шоттардың бөлімше шоттарында есептелінеді.
2 «KRAFT CORPORATION» ЖШС БУХГАЛТЕРЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 «Kraft corporation» ЖШС жалпы ережелері мен заңды статусы
«Kraft corporation» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік өз қызметін 27.04.1994. жылдың Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі), 22.04.1998 жылдың ”Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы” Қазақстан Республикасының заңымен 19.06.1997 жылдың “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының заңы және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады.
Алматы қаласының Әділет Департаменті заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі: куәлік № 52191-1910 ЖШС 09.08.2004 жыл. Куәлік қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде жүзеге асыру құқығын береді. Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 12.12.2002 жыл.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары бойынша кіші кәсіпкерліктің субъектісі деп танылады. Оның жылдық активтерінің бағасы алпыс мың (60 000) еселік айлық есептік көрсеткіштен және жұмысшыларының саны елуден (50) аспау керек.
Серіктестіктің құрылтайшысы немесе қатысушысы балып саналады:
Смагулов Кенесары Садыкұлы. Қазақстан Республикасының азаматы.
Серіктестіктің жұмыс істеу мерзімі шектелмейді.
Серіктестіктің заңды статусы:
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлғаның құқығын алды.
Серіктестіктің өз аты жазылған мөрі, дербес балансы, банкіде есеп шоты мен басқа да шоттары және аты жөні жазылған бланкілері бар. Серіктестік өзінің қызметін мақсатқа жеткізу үшін, өз атынан келісім шарттар жасауға, оның ішінде кредит шарттар, қаржылық лизинг және банктардың қатысуымен басқа да шарттар, мүліктік және жеке мүліктік емес алуға міндеттерін орындауға, сотта талапкер мен жауапкер болуына құқылы. Серіктестік жалғыз қатысушы ретінде ие қыла алмайды.
Серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде қажетті өзгерістерді енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аймағында және шет елдерде филиалдар мен өкілдіктерді ашуына, басқа заңды тұлғалармен бірге бірлестіктер, одақтар құруға сонымен қатар басқа заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуына құқылы. Серіктестік өз филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуы жөнінде және олардың мекен жайы туралы мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға хабарлауға міндетті.
Серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді және де өз қатысушысының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Серіктестікке қатысушысы оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Құрылтайшының құқығы мен міндеттері:
- қолданылатын заңдарға сәйкес келетін Жарғыда көрсетілген тәртіппен серіктестіктің іс әрекеттерін басқаруға қатысуға құқықты;
- серіктестік қызметінен табыс алуға құқылы;
- серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға құқылы;
Серіктестік таратылған кезде кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе мүліктің бір бөлігін заттай алуға құқылы;
Қолданылатын заңдармен көзделген тәртіппен өз үлесін иелікпен айырып беруі арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы.
Қатысушы қолданылатын заңдарында көзделінген және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да құқықтарға ие бола алады.
Серіктестіктің қатысушысы міндеттеледі:
- серіктестіктің жарғысының талаптарын орындауға міндетті;
- қолданылатын заңдармен көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға міндетті;
-серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жарияламауға міндетті.
Серіктестікке қатысушысы серіктестіктің жарғысымен және қолданылатын заңдарымен көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін.
2.2 «Kraft corporation» ЖШС қызмет түрлері мен мақсаттары
2.2.1 Жолаушыларды тасымалдау ААҚ жасалған келісім шарт негізінде атқарылған қызмет түрі
Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүргізеді:
1. Алматы мақта мата комбинатымен бірлесіп мата және мата бұйымдарын дайындау;
2. Бұйымдарды Алматы қаласындағы және қаладан тыс тапсырыс беруші ұйымдарға жеткізу;
3. Тапсырыс беруші ұйымдардың сұранысына сай мата және мата бұйымдарын даярлау;
4. Дайын бұйымдарды сақтау және дер кезінде жеткізу.
5. Қазақстанның басқа аймақтарына жауапкершілігі шектелген серіктестік өнімдерін тарату және жеткізу.
Жолаушыларды тасымалдау Ашық Акционерлік Қоғамы 17.01.2004 жылы тапсырыс беруші заңды тұлға ретінде қызмет етіп тұрған жарғылығы негізімен “KRAFT Corporation” жауапкершілігі шектелген серіктестікпен жабдықтаушы заңды тұлға ретінде қызмет етіп тұрған жарғылығы негізімен келісім шартқа отырды. Келісім шарт 21.12.2004 жылдан бастап жүзеге асты.
Келісім шарттың негізгі мазмұны:
Жабдықтаушы тапсырыс берушіге өз меншігіндегі мүлікті тапсырыс берушіге жеткізу және беру.
Тапсырыс беруші мүліктің бағасын төлеп өз меншігіне қабылдап алу.
Ұсынылатын тауардың сапасы мемлекеттік стандартқа сай болу қажет. Тауар сапасы оның нақты куәлігімен, яғни сертификатпен және паспортпен бірге ұсынылады. Сертификат және паспорт дайындаушы өндірушінің мөрі бар құжетпен бекітілуі қажет. Дайындаушы өндіруші кәсіпорынына берілген сертификат, Қазақстан Республикасының арнайы органымен бекітілген болуы қажет. Тауардың дайындалған мерзімі жеткізу мерзіміне дейін бір жылдан аспау керек.
Сақтау және эксплуатациялау мерзімі дайындау мерзімінен бір жылдан аспау керек. Егер де осы шарттар орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші келісім шартты бұзуға құқылы.
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты таза табыс шығару болып табылады.
Кесте – 1. Келесім шарт бойынша жөнелтілген тауарлар тізімі
№
|
Тауар атауы
|
Саны
(дана)
|
Бағасы
(тенге)
|
Жалпы сомасы (тенге)
|
1
|
Матрацтар
|
1000
|
1200
|
1 200 000
|
2
|
Жұмсақ жастықтар
|
1000
|
500
|
500 000
|
3
|
Қол сүрткіштер
|
1000
|
100
|
100 000
|
4
|
Жатын жапқыштар
|
1000
|
600
|
600 000
|
5
|
Перделер
|
240
|
200
|
48 000
|
6
|
Қалың жапқыштар
|
1000
|
700
|
700 000
|
Барлығы :
|
5240
|
3 300
|
3 148 000
|
«Kraft corporation» ЖШС 2004 жылғы ең ірі тапсырыспен атқарған қызмет түрі.
2.2.2 «Kraft corporation» ЖШС Қазақстанның оңтүстік аймағында ұсынған және сатылған тауарлар тізімі
Кесте –2. Жоғары сапалы өнімдер көрсеткіші
Дизайн
|
Өнім
|
Жеке сауда
бағасы (тг)
|
Көтерме сауда бағасы тг
|
МАСНО
|
|
1) Фламенко
|
2 сп 4-х предм. 70*70 – стан.
|
3 710
|
3 600
|
2) Геометрия
|
2 сп 4-х предм. 50*70 - евро
|
3 710
|
3 600
|
3) Гобелен
|
2 сп 5-х предм. 70*70 - стандарт
|
4 060
|
4 000
|
4) Зебра
|
2 сп 5-х. предм. 50*70 - евро
|
4 060
|
4 000
|
5) Виола
|
|
|
|
6) Хамила
|
|
|
|
7) Лазурь
|
|
|
|
8) Атлантида
|
|
|
|
9) Белль
|
|
|
|
ХАМЕ1ЕОN
|
|
1) Биколор - оранж/зел
|
1,5 сп 70*70 - стандарт
|
3 366
|
3 100
|
2) Биколор Лимон- желт/зел
|
1,5 сп 50*70 -евро
|
3 366
|
3 100
|
3) Петрушка
|
2 сп 5-х. предм. 50*70 - евро
|
3 700
|
3 500
|
4) Регги (полоски)
|
|
|
|
5) Пинг-Понг
|
|
|
|
6) Топика
|
|
|
|
7) Конфетти
|
|
|
|
SLEEPER
|
|
1) Египет
|
1 ,5 сп 70*70 - стандарт
|
2 188
|
2 000
|
2) Тюльпан
|
1,5 сп 50*70 -евро
|
2 188
|
2 000
|
3) Звезда
|
|
|
|
4) Ромашка
|
2 сп 4 предм 70*70 - стандарт
|
2 801
|
2 500
|
5) Пятнистый
|
2 сп 4 предм 50*70 - евро
|
2 801
|
2 500
|
6) Лирика (Кафель)
|
|
|
|
7) Лагуна (Абстракция)
|
2сп 5 предм 70*70 - стандарт
|
3 063
|
3 000
|
8) Нега
|
2сп 5 предм 50*70 - евро
|
3 063
|
3 000
|
9) Идиллия
|
|
|
|
10) Маэстро (Такси)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |