Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет54/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Список использованной литературы:
1. Е.Тілешов,. Ахмет Байтұрсынұлы Тіл – құрал. Алматы, «Сардар»,2009. 
2. Р.Имаханбет 
Алты 
томдық 
шығармалар 
жинағы. 
Мақалалар, 
хаттар, 
А.Байтұрсынұлы туралы құжаттар мен материалдар. Алматы: «Елшежіре», – 2013. 
3. Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы (юбилей) // Ақ жол: Жалын. 1991. 
4. 
Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. – 
Алматы. Қазақстан, 1995.
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ НЕГІЗІН САЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ 
ҚАЗІРГІ ДАМУ БАРЫСЫ 
Мухаметгалиева Гульбира Нурлановна 
Ақмола облысы Целиноград ауданы «№2 Қосшы орта мектебі» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
 
Аннотация. Этот доклад об Ахмете Байтурсынове, который внес большой вклад в 
развитие казахского языка и его письменности, о его работах и наследии. Он исследовал 
казахский язык и оставил свои достижения будущему поколению,которое движется по его 
стопам.Этот доклад посвящен учителям,ученикам школы и студентам. 
Ключевое слова: лингвические знания, исследование, развитие языка. 
Annotation. This report is going to be about Akhmet Baitursynov who made a great 
cotributing in developing Kazakh language and its writing,about his works and heritage.He 
explored kazakh language education and left his achievements to the future generation.This report 
is for teachers, for school and university students. 
Keywords: linguistic knowledge, research, language development. 
 
 


119 
Сөздің асыл болуы ұнауымен. Сөз көңілге ыспат жағынан
көркемдігінмен, сөз мағына жағының күштілігімен жағады.
Сөз көркемдігінің әуезінің әдемілігі мен кестесінің келісті
болуынан табылады. 
А. Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің тұңғыш реформаторы, осы 
жетілген жазу үлгісімен елдің әліппесін, «Оқу құралы», «Әдебиет танытқышын» 
сыйлаған қазақ филологиясы мен өнертануының негізін салушы ғалым, таза қазақ 
емлесінен шыққан тұңғыш газет «Қазақтың» тұрақты редакторы, кешегі Ы. 
Алтынсарин, А. Құнанбайұлы, Ш. Уалиханов негізін қалаған ағартушылық, 
демократтық бағыттың ізін жалғастырушы, өз ұрпағының сауатын аша білген 
жаңашыл ағартушы, осы ұлы тұлғалардан кейінгі саяси-әлеуметтік тақырыпты 
жанына жалау еткен көрнекті ақын, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, 
ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы 
болды. Бүгінде қазақ әдебиеті мен қоғамының мемлекет қайраткері, аудармашы, 
түркітанушы ғалым, ағартушы-педагогы, әлем таныған, әлем кеңістігіндегі – 
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Қиын-қыстау заманда 
қазақ балаларын сауаттандыру жолында Ресей патшалығының қарсылығына 
қарамай қуғын-сүргінге ұшырап, өз дәрежесінде аты аталмай, қазақ әдебиетінен 
лайықты орын ала алмаған Алаш қайраткерінің есімі артынан қалған біздердің 
жадымызда сақталып келеді. 
Ахмет 1895-1909 жылдары ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқыта 
жүріп, үлкен тәжірибе жинақтайды, қазақ балалаларының сауатын ашып жүрген 
түрлі қазақ, татар тілдеріндегі «Әліпби» құралдарының кемшіліктерін көзімен 
көреді. Қарапайым ұстаздықтан күрескер ағартушылыққа қол созған жанашыр 
ағартушы алдына қазақ алфавитін жетілдіру мақсатын қояды. Қазақ жазуын 
жетілдіру үшін алдымен қазақ тілінің ішкі табиғатын танып, жүйесін түсініп алу 
қажеттігі туды. Бұл қазақ тілін ғылыми зерттеу, яғни, фонетикалық жүйесі мен 
грамматикалық құрылысын танып-білу деген сөз еді. Осылайша Орынборда 
жүрген кезінде тұңғыш қазақ журналы «Айқапта» алғашқы зерттеулерінің 
қорытындысы ретінде «Жазу тәртібі» деген мақаласын жариялады.
Ел арасында «ұлт ұстазы» деп атаған аса көрнекті тұлғаны әрі ғалым 
Ахметті тереңірек таныған сайын тіліміздің тереңдеп, ұлт рухының биіктеп, 
тарих бетінде аты тайға таңба басқандай ерекше қалған филологтың еңбегі 
санамызда өсе түспек. Ахмет Байтұрсынұлы өзі көшбасшы қазақ тіл білімінде 
ғана емес, түрлі тюркологиялық әлемде атақ-абырой әперген, ондаған рет 
басылған «Тіл құрал» атты кітабы болған. «Тіл құрал» деген аты қандай жат 
естілсе, іші, мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінді. Өйткені қазақ тілі 
саласында бұндай қазақша бұрын-соңды болмаған жаңа дүние еді. Халықта 
бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы 
үйренген соң қалатыны», - деп ағартушының өзі жазғанындай, «Дыбыс жүйесі» 
(Фонетика), «Сөз жүйесі» (Морфология), «Сөйлем жүйесі» (Синтаксис) атты 
үш кітаптан құралған осы тұңғыш грамматикасында қазақ тілін ана тілінде 


120 
алғаш рет ғылыми жүйеге түсіріп, әсіресе, төл грамматикалық терминдерді 
қалыптастырғанын баса айтқан жөн.
Басқасын былай қойғанда, тек зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, 
үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ секілді ондаған, тіпті, жүздеген өміршең 
терминдерді тіліміз бен ғылымымызға әкелсе, «Оқу құралында» дыбыс, дауысты 
дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, буын, нүкте, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп 
(әріп) сияқты терминдерді орнықтырғаны үшін ғана Ахмет Байтұрсынұлы есімі 
қазақ мәдениеті мен ғылымының тарихына алтын әріппен жазылуы тиіс. 
Кешегі Ахаң орнықтырған бұл терминдердің терминге қойылатын 
талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеудің өзі артық деп білемін. Олай деуімнің 
себебі, бұл терминдер кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт 
сынынан өтіп, тұрақты қолданатын дәрежеге жетті. Сол кездің өзінде-ақ өз 
бағасын алған бұл еңбектің қазақ қауымы үшін мәні зор еді. Мұны 
замандастары айтқан ашық пікірлерінен-ақ айқын көреміз.
Дүниедегі жұрттардың тілі негізінен үшке бөлінеді: 
1. түбіршек тіл; 
2. жалғамалы тіл; 
3. қопарламалы тіл; 
Енді осы тілдерді тарқатып көрелік. Түбіршек тіл (түбір) - түркі 
қалыпынан өзгертілмей жұмсалады, түркі тілдерінің алғашқы дәуірлерінде 
жасалған жа (жапырақ), қа (қабық), бү (бүршік) тү (түбір) деген сөздер сияқты 
қазіргі таңда мағынасыз, өз дәуірі үшін мағыналы түбірлерді айтамыз.Ал түпкі 
түбір деп – сол түбіршек түбірлерден жасалған жап, қап, бүр, түп сынды үш 
дыбыс, бір буыннан тұратын, мағыналы түбірлерді айтамыз. Мәселен бұл 
түбіршек тіліне қытай, жапон тілдерін жатқыза аламыз. 
Жалғамалы тілдер – агглютинативті тілдер. Бұл тілдерге типологиялық 
немесе морфологиялық топтастыру принциптерін қолдану арқылы, яғни, 
оларды туыстық жақындығын қарап емес, грамматикалық құрылысына қарап 
топтастыру нәтижесінде бөлінетін тілдер жатады. Жалғамалы тілдерде түбірге 
қосымшаның тигізетін әсері онша көп емес. Сонда қосымшалар жалғанғанда 
түбір немесе негізгі түбірдің өзгеріссіз қалатыны анық. Және тағы да бір айта 
кететін дүние – жалғамалы тілдерде синтетикалық және аналитикалық қасиет 
болғандықтан, үндестік заңы жалғамалы тілдерге ғана тән басты қасиет. 
Мәселен түрік, фин тілдерін айта аламыз. 
Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып, аты айтып тұрғандай, 
өзгертілетін тіл. Мәселен орыс және араб тілдері. Ал біздің қазақ тіліміз түркі 
тілдерінің бір тарауы болғандықтан, жылғамалы тілге жатады. «Қазақ» сөзінің 
түбірі өзгертілмей, соңына қосымша қосып өзгеріледі» - деп, қазақ тілінің әлем 
тілдерінің ішінен орнын анықтаған Байтұрсынұлы ана тіліміздің қолданыстағы 
әдеби тіл екенін барынша негіздеп, тұңғыш рет қазақ тілін зерттеу нысаны 
ретінде ұсынғаны баршамызға мәлім. Оның зерттеулері арқылы тілдегі тілдік 
деректері жалғамалы түрік тілдерінің бірі ретінде ғылыми айналысқа түсті. 
Міне, ұрпағына шын жаны ашыған жанашыр түрколог және ағартушының 
еңбегі еш кетпей, бүгінгі таңда да қолданысқа ие.


121 
«Қазақ тілін сақтаймыз, балаларымызды қазақша шыққан кітаптармен 
оқытамыз, һәм әдебиетіміз шын қазақша болсын дегенде, бұлардың бәрінің 
негізі – «Тіл құралы» екенін ұмытпауымыз керек. Бұл біздің оқу 
құралдарымыздың ең көрнекті мүшесі еді. Міне, бұл да көңілдегідей болып 
шықты». Осы пікір дәл бүгінгі күнгі тіл білімі саласына нақты айтылған еді. 
Бүгінгі қоғамдағы қазақ тіл білімі саласының барлық тармақтары заман 
ағымымен бірге өсіп, кеңеюде. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, 
сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан 
айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен 
айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен 
сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Кез келген 
әлеуметтік желіні алсақ та, байланыс құралдарын алсақ та жазумен тілдесіп, 
жазумен байланысқа түсіп отырған жайымыз бар. Біздер балаға Ахаңның 
тұсындағы қазақ мектептеріндегі оқыту жайын, олардың қиындықтарын 
таратып айта келіп, өзіміздің заман талабына сай өзгеріп, өңделіп қолданатын, 
жаңартылған білім беру мазмұны негізінде ұйымдастырылған жаңа 
әдістерімізді ұсынамыз.
Елімізде жаңа жоба, айқын мақсат, нық қадамдар мен «Жаңа Қазақстан» 
орнату үстінде президентіміз түрлі даму жоспарларын ұйымдастыруда. 
Баланың дамуы мен білімді ұрпақ болуына көптеген жеңілдіктер мен іс-
шаралар жүргізіп отыр. Енді жас өрендер осы бақытты да, баянды ғұмырдың 
мәні мен мағынасына, қадіріне жете білу керек деп ойлаймын. Жоғарыда 
айтқандай, ағарту саласындағы Ахаңдар көрген қиыншылықты ел басына қайта 
келтірмесін. Мүмкін менің пікіріммен келісерсіздер, мүмкін келіспессіздер, 
көкейімдегі айтқым келіп отыр. Кез келген адам болсын, мемлекет болсын, ұлт 
болсын, кешегісі мен бүгінгісін салыстырады да, саралайды да. Өткен 
ғасырларда қазақ балалары орыстанып бара жатыр деп, қазақ тілінде білім 
алсын, қазақ тілінде сауат ашсын деп, орыстартың ертсе етегінде, жетектесе 
жетегінде 
кетпесін 
деген 
талай 
ұлтшыл, 
намысшыл, 
ағартушы-
демократтарымыз осы сауаттандыру жолында құрбан болып, ату жазасына да 
кесілді. Сондағы ойлары қазақ балалары қазақша білім алсын дегені. Тілім 
жоғалмасын, ұлтым жойылмасын дегені. Оның ішінде Ахмет те бар. Ал, қазір 
не? Жетпіс жыл орыстардың отарында болған соң, отыз жылда сол 
орысшылдықтан құтыламыз ба деген шақта, әрең бұғанасы қатпаған жас 
балаша бұралаңдап бойымызды тіктеп те үлгермеген кезімізде қазақ 
мектептеріне орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерін бастауыш сынып, 
бастауыш деймін-ау, мектеп табалдырығын аттамаған баладан бастап, 
балабақшадан бастап мектеп бағдарламасына енгізіп қойды. Меніңше, бұл 
дұрыс емес! «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп ата-бабамыз бекер айтпаған. 
Бірінші кезекке ана тілімізді қою керек. Өзге мемлекеттің халқы біз секілді 
жалпақтап, қай ұлттың ұлысы келсе, сонымен қосылып өзге ұлыстың жетегіне 
ермейді. Міне, тарихымыздан шорқақтықтан ба, әлде, еліктеушіліктен бе, 
әйтеуір тіліміздің тазалығына жіті мән бере бермейміз?! 
Біз де тіліміздің бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше, әуелі өз тілімізде 
оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. «Қазақтың мектебіндегі бастауыш 


122 
сынып оқушыларынан бастап білімді тек қазақ тілінде жүргізіп, қазақтың 
дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін ғана үйретуіміз керек» - деген пікірді ұстанамын. 
Ахаң қалдырған дыбыс, дауысты және дауыссыз дыбысты, буыны мен сөз 
таптарын жетілдіріп, меңгерте білсек келешек ұрпақтың сауаттыболуына 
ешкімнің күмәні болмас еді.
Ахмет Байтұрсынұлы жастардың болашағы үшін еңбек етті, өзінше 
айтқанда адамдық дәнін септі, әр ұрпақ өз тілін, жерін, отбасын сүюге жол 
көрсетті. Ахмет келешек ұрпаққа сенді, осы дара жолды жалғастыратынына, 
«ұлт ұстазының» еңбектерін әлі де зерттеп, тағы да ашылмаған, қағазға 
түспеген сырларын табатынына сенімім мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет