Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбсадықов А. Ахмет Байтұрсынұлының әдеби мұралары. – Қостанай, 2003. – 144 б.
2. Имаханбетова Р.С. Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат
деректері негізінде). Автореф. Ф.ғ.к., – Алматы, 2007.
3. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДЕБИ САЛАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Даулбай Мейрамгүл Оразқызы
Родина жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы Арқалық қаласы
Аннотация
В этой статье автор рассказывает о том, что термины А.Байтурсынулы вошли в наш
литературный язык,в нужное времяв научный оборот. Было отмечено , что необходимо
придавать значение чистоте языка.Труд ученого является прекрасным произведением,
обогащающим нашу систему эстетического мышления.
127
In this article the author tells that the terms of A. Baittursynyly entered our literary language,
at the right time, a scienctifik turn. It was noted that it is necessary to attach importance to the
purity of the language7 The work of a scienctist is a wonderful work that enriches our system of
aesthetic thinkin
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына
бағыштаған,бар бақытын содан тапқан,табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет
Байтұрсынұлы сондай адамдардың қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет
Байтұрсынұлы-қазақ мәдениетінің тарихында бәр дәуірді алып жатқан алып
тұлға.Ол-қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып,
айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі,не өзіндік жазуы
қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген , малмен бірге ұйықтап, малмен бірге
жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай
ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер
аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог, қоғам ісіне араласқан
мемлекет қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ ,дәреже, лауазымдарының
өзінен өзі келмегенін білеміз.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, этсетик-
сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы
Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет танытқыш” (“Теория словестности”) басылып
шықты.“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің жанрлық формаларын
топтап, жіктеп қазақы ұғымға сай айқындап берді.Эпосты — әуезе, лириканы –
толғау, драманы – айтыс деген атап, сала-салаға жіктейді; шежіре, заманхат,
өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме, саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет
шешен сөз, білімір шешен сөз, уағыз, көсемсөз (публицистика). Халық ауыз
әдебиеті түрлерін мынадай топтарға бөледі:
1) Ертегі, аңыз- әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш.
2) Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме .
3) Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел .
4) Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата .
5) Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр. Сан алуан халық
ауыз әдебиетіндегі шығармаларды жүйелеп, сауықтама, зауықтама, сарындама,
салттама, ғұрыптама, қалыптама деген терминдері қазіргі осы уақыттағы
түсінік-танымға сәйкес келеді.
Кітаптың «Аңдатуында» өзге өнердің түрлерін салыстыра отырып, сөз
өнерінің ерекшелігін айтып, әдебиет теориясының пәндік және категориялық
жүйелерін
бере
бастайды.Сөз
өнерінің
өзгешелігін
айтқанда,
А.Байтұрсыновтың көркемдіктің басты категорияларын айқындап көрсетеді.
«Сөз өнері- деп жазады ғалым,- адам санасының үш негізіне тіреледі;
1) ақылға,2) қиялға, 3) көңілге » деп ой қорытады.
“Әдебиет танытқыштың”
бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып, бірнеше шағын
бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе
қаралады.
128
Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға,
ғылыми дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. Автор сөз өнері ғылымын:
1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге
бөліп қарайды. Тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара
сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.
Автор сөз өнерін үй қалау өнерімен салыстыра көрсетіп, сөз талғау
орайында шығарманың тілі екі түрін атайды, біріншісі – ақын тілі, екіншісі-
әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу,
өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп, сөйлемдерді дұрыс орналастыру,
құрмаластыру, орналастыру шарттары алға қойылады. Тіл тазалығына анықтама
беріп, ол үшін орыстың жазушылары қойған талаптарды үлгі етіп алған. Олар:
Ескірген сөздерге жоламау;
Жаңадан шыққан сөздерден қашу;
Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу;
Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын
сөздерге жоламау. [1]
Ахмет Байтұрсынов “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген
жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап,
ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің
қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени
жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда,
пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз
керек”, - деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды. [2]166-бет 1-том
“Әдебиет танытқышта” қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен
дарынды сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасын түсіндіріп өтеді.
А.Байтұрсынов ұғымға қиын, терминдердің қазақша баламасын тауып, не
ұғынықты қарапайым, жеңіл сөздермен түсіндіріп шығады.
Жазба әдебиеттің сындар дәуірінің дарынды сөздерін автор үш топқа бөліп
қарайды, олар: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Бұлар қазіргі әдебиеттану
тұрғысынан айтқанда – эпос, лирика, драма. Әуезенің түрлері былай бөлінеді:
1) Ертегі жыр; 2) Тарихи жыр; 3) Әуезе жыр; 4) Ұлы әңгіме (роман); 5) Ұзақ сөз;
6) Ұзақ әңгіме; 7) Көңілді сөз; 8) Мысал; 9) Ұсақ әңгімелер. [3] 307бет1-том.
Бұлардың ішінен зерттеуші “Ұлы әңгіме, яғни роман деп тұрмыс сарынын
түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды
айтамыз” деген анықтама жасайды, жанрдың негізгі белгілер тұтаc түгелдеп береді.
“Әдебиет танытқышта” қойылған күрделі мәселенің бірі -роман
тақырыбы. Біріншіден, романға А.Байтұрсынов «ұлы әңгіме» деген атау берді.
Екіншіден, романның ішкі компонентері сыртқы тақырыптық аясын қатар
бірлікте айқындайды.Үшінішіден , автор ұлы әңгіменің басты ерекшелігі болып
табылатын
оқиғаның
көпқабаттылығы
мәселесін
түсіндіріп
береді.
Төртінішіден, романдағы кейіпкерлер жүйесін ашып берді. Бесіншіден,
романның көлемдік ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан түсіндіреді.
Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда, не өз
заманынандағы тұрмыс сарынынан, не өткен замандағы тұрмыс сарынынан
алып жазады, немесе алдағы заманның сарынын болжап жазады. Ақырында:
129
“Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі болғандықтан, мінезіне кейіп беретін
тәрбие болғандықтан, тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірі-ұсақ
істері болғандықтан, ол істері біріне-бірі ұласып, біріне-бірі оралып,
байланысып жатқандықтан, осының бәрін суреттеп шығару оңай емес”, —
деген роман жанры туралы салиқалы тұжырым жасайды. Қазақта әлі ұлы
әңгіме жоқ деп келіп, Міржақыптың “Бақытсыз Жамал” роман деп аталғанмен,
өресі мен өрісі шағын болғандықтан ұзақ әңгімеге жатқызады. Ұсақ әңгіме
ретінде Мұхтардың “Оқыған азамат”, Ысмағұлдың “Қалайша кооперация
ашылды”, “Автономия”, Міржақыптың “Қызыл қашар”, Бейімбеттің “Айт күні”
шығармалары мысалға келтіріледі. Әуезе жыр үлгілері қатарында
Мұхаметжанның “Топжарған”, Шәкәрімнің “Жолсыз жаза”, “Қалқаман -
Мамыр”, Мағжанның “Батыр Баян” (кітапта “Батыр Баян” деп жаңсақ берілген),
ал аңыз ретінде Мағжанның “Қорқыт”, “Орман патшасы”, Пушкиннің
“Данышпан Аликтің ажалы”, Абайдың “Ескендір” шығармаларын көрсетеді. [4]
Қазақ әдебиеті дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса,
хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір
әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ әңгіме
(повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс толғау, налыс
(мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау, (даттау, қаралау, наз)
деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп саралау, тартыс түрлерін
әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып шығады.
[5]
Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым,
категория әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл
еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына,
ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет
Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет
теориясын жазған ғалым екендігі ұрпақ үшін мақтаныш .
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді
және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”. Шолу
ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған
жоқ. Бүгінде қайта жаңғырған XX ғасыр басындағы Алаш зиялыларының
еңбектері қазақы танымдық кеңістік пен ұлттар тарихы жөніндегі әлемдік
мәдени контексте үлкен үлес қосып отыр. Қорыта айтқанда, ғалым
А.Байтұрсыновтың еңбектері бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес
келуі, жас ұрпақтың игілігіне айналдырудың басты жолы болған болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |