Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет66/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Крупская Н.К. Диалектический подход к изучению отдельных дисциплин. 
Пед.Соч.т.з. Изд. АПН РСФСР, М., 1959, с.614-621 
2. Құрманәлиев, М.Қ. Кіріктіре оқыту технологиясын химия пәнінде қолдану. \ 
М.Қ. Құрманәлиев - Алматы, 2009.- 215б. 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ 
 
Илубаев Медет Асхатович 
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
 
Аннотация: В статье рассмотрен вопрос цифровизации обучения в системе высшего 
образования. Рассматриваются такие методы обучения, как онлайн-курсы, онлайн-экзамены, 
цифровые учебники, анимация. 
Ключевые слова: цифровизация образования, цифровое обучение, высшее 
образование, онлайн курсы, дистанционное обучение. 
Abstract: The article considers the issue of digitalization of education in the higher 
education system. Such teaching methods as online courses, online exams, digital textbooks
animation are considered. 
Keywords: digitalization of education, digital learning, higher education, online courses, 
distance learning. 
Цифрландыру - ХХІ ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік мәдени 
процестерді сипаттайтын негізгі термин. Технологиялар біздің қоғамды 
өзгертіп қана қоймай, біздің білім беру жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігіне 
айналды. Цифрландыру – жоғары оқу орындары білім беру қызметін жаңа 
форматта жүзеге асыру мүмкіндігі, ол білім беру үдерісінің мазмұны мен 


151 
ұйымдастырылуында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының құрылымында 
өзгерістерді қарастырады. 
Оқу әрқашан жеке процесс. Цифрландыру халық үшін жоғары білімнің 
қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Алайда, цифрлық масштаб және 
оқытудың 
жаңа 
тәсілдері 
материалдық 
шығындарды 
арттырады. 
Инфрақұрылымға және білікті оқытушылар құрамына қомақты инвестициялар 
жоғары білімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жаппай ашық 
онлайн курстары (МООК) түрінде берілетін цифрлық оқыту қолданыстағы 
стандарттар аясында оң нәтижелерге әкелуі мүмкін, бірақ бұл сөзсіз қосымша 
қаржыландыруды талап етеді. 
Жоғары білім цифрлық сауаттылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл 
атқарады. Ақпараттың халықаралық желілерде қолжетімді болуына қарай, 
аудиториялық жағдайда оқытудың классикалық түрі өзінің өзектілігін 
жоғалтады. Оқытудың басты міндеті білім алушылардың ақпарат табу
қосымша ақпарат қажет болған кезде түсіну, ақпарат сапасын бағалау 
дағдыларын қалыптастыру. Технологиялық өзгерістерге бейімделу қабілеті 
сияқты өмір бойы білім алу бүкіл білім беру жүйесінің орталығында болуы 
керек [1, 21-23 б]. 
Кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – халықтың сапалы 
біліммен қамтылу пайызын арттыру. Цифрландыру білім контентін таңдауда 
дербестікті қамтамасыз етеді, бұл білім беру процесінің дербестендірілген 
жолдарын құру мүмкіндігін ашады. Цифрлық оқытудың айқын әлеуетін 
пайдалану үшін дидактикаға жаңа көзқарас қажет. Компьютерлік орта әр білім 
алушының қабілет деңгейіне бейімделіп, оларға жетістікке жетуге көмектеседі. 
Жоғары білім осы мүмкіндіктерді белсенді пайдалануы тиіс, ал халықаралық 
ғылыми ынтымақтастық цифрландыру мәселесін шешуі тиіс [2, 468-б.]. 
Білім беру мазмұнын түсіну және сыни тұрғыдан пайымдау үшін сапалы 
цифрлық бағдарламалар жан-жақты академиялық қолдауды, сондай-ақ 
психологиялық қолдауды қамтамасыз етуі керек. Олар әрқашан офлайн 
режимінде (аралас оқыту) немесе онлайн режимінде (цифрлық сыныптар) 
жүзеге асырылатын жеке өзара әрекеттесуді қамтуы керек. 
Цифрлық технологияларды қалыптастыру мемлекеттің қолдауымен білім 
беру жүйесі арқылы ғана емес, мемлекеттік саясат арқылы да жүргізілуге тиіс. 
Қазіргі уақытта қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жоғары білім беру жүйесі 
цифрландыруды қоса алғанда, көптеген қиындықтарға тап болуда. Әртүрлі 
мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы экономикалық 
тұрғыдан барынша тиімді, сондықтан әлемдік білім беру кеңістігін 
цифрландыру жағдайы бізге үйлесімді. Инвестициялар жоғары білім беру 
жүйесін нығайту үшін ғылыми әлеуетті сақтауға және арттыруға бағытталуы 
керек, өйткені бұл халыққа сапалы білім беруді қамтамасыз ете алады [3, 24-б]. 
Жоғары оқу орындары мына шарттарды орындау керек: 
қоғамда болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізу және оларға білім 
беру бағдарламаларында жауап беру. Жоғары оқу орындары цифрландырудың 
артықшылықтарын 
шынымен 
қолдана 
алатын, 
болашақ 
әлеуметтік 
реформаларды қарастыруға және жүзеге асыратын орын болуы тиіс. 


152 
патриоттық рухты тәрбиелеуге және жаһандық азаматтықты нығайтуға 
көңіл бөлу. Оқу кезеңінде алынған маманның дағдылары өте маңызды, өйткені 
олар адамдардың еңбегін механикалық еңбектен ажыратады: жауапкершілік, 
хабардарлық, инновациялық қызметке қабілеттілік. Аналитикалық және сыни 
ойлау технологияны жеке мақсаттар үшін ғана емес, жалпы игілікке және 
негізгі мәселелерді шешуге пайдаланудың кілті болып табылады. Машиналық 
еңбек қайталанатын тапсырмаларды орындауға және үлкен көлемдегі 
мәліметтерді өңдеуге арналған [4, 262-б]. 
білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында жаңа білім 
беру кеңістігін құру үшін цифрландыру әлеуетін пайдалану. Интернет-білім 
беру әркімге технология арқылы сапалы мазмұнға ең жақсы оқытушылармен 
ынтымақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, тіпті цифрлық 
оқыту дәстүрлі дидактикалық принциптерге негізделген. Бұл өз кезегінде оқыту 
мен оқу дағдыларын қажет етеді. Цифрлық оқу контентін құру және қолдану 
университет оқытушыларының әрі қарай оқытуын бұрынғыдан да маңыздырақ 
етеді, бірақ сонымен қатар онлайн оқыту контентін жобалауға арнайы 
мамандар қажет; 
цифрлік білім беру өнімдеріне сенімділікті қамтамасыз ету. Олардың 
сапасын қамтамасыз ету үшін шаралар қажет. Кейбір стандарттар басқа 
жерлерде (сандық кеңістіктерді қоса) өткізілген оқыту нәтижелерін білуге 
мүмкіндік беретін аккредиттеу процедурасын тексеруді қажет етеді; 
цифрландыру саласындағы жаңадан келгендерді қолдау. "Жаңадан 
келгендерді" қолдау және жаңа жоғары сапалы оқыту форматтарында 
нұсқаушыларды даярлауды қамтамасыз ету экономикалық тұрғыдан тиімді. 
Міндет жоба негізінде жүзеге асырылған жоғары сапалы онлайн оқытуды 
қаржыландыру, өйткені оны сақтап қалу үшін білімді институционализациялау 
қажет [5]. 
Оқытудың жаңа кезеңі келесі алдыңғы қатарлы әдістерді қамтиды: 
Онлайн курстарды автор болып табылатын, белгілі бір салада теңдесі жоқ 
шеберлігі бар және нақты уақыт режимінде оқу тәжірибесі бар сарапшылар 
әзірлейді. 
Онлайн емтихандар емтихан тапсыру процесін мұғалімдерге де, 
студенттерге де ыңғайлы етеді; 
цифрлық (электрондық) оқулықтар интерактивті интерфейсті қамтамасыз 
етеді, онда студенттер бейнелер, интерактивті презентациялар және 
гиперсілтемелер сияқты мультимедиялық мазмұнға қол жеткізе алады; 
анимация - бұл жанбітірім арқылы тақырыпты визуалды түрде ұсыну 
тәсілі [6, 145-149 б]. 
Оқу процесіне барлық қатысушылардың білім алу қажеттіліктерін 
қанағаттандыруда кешенді шешім әзірлеу тәсілдерін табу үшін, оқытушылар 
әртүрлі өңірлерден, мектептер мен колледждерден келген білім алушылармен 
бірлеседі. Онлайн курстар, онлайн емтихандар, сандық оқулықтар, 
викториналар және электронды жазбалар сияқты әртүрлі әдістерді қолдану 
білім сапасын жақсартады, сонымен қатар бүкіл білім беру жүйесін сандық 
түрге айналдырады. Интернеттегі білім берудегі әкімшілік бөлім әдетте 


153 
талқыланбайды. Студенттердің есебін жүргізу, олардың сабаққа қатысуы мен 
үлгерімі көп уақытты қажет етеді, әсіресе студенттер саны әкімшілік 
басшыларының санынан асып кеткенде. Осылайша, цифрландыру отандық 
білім беру жүйесіндегі өзгерістерді алдын ала айқындайды, бірақ ол дәстүрлі 
оқыту нысандарының маңыздылығын төмендетеді деп айта алмаймыз. XXI 
ғасырдың оқу процесін ұйымдастырудың оңтайлы нұсқасы оқытудың цифрлық 
және дәстүрлі форматтарының (аудиториялық оқыту және онлайн оқыту 
әдістері) үйлесуі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет