Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет69/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Саранцев Г.И. Сборник задач на геометрических преобразования. Пособие для
учителей.- М.: Просвещение, 2013. 
2. Аргунов Б.И. Преобразования плоскости.- М.: Наука, 2014. 
3. Столл Р.Р. Преобразования плоскости.- М.: Наука, 2012. 
 
 


158 
ЖАСЫЛ ХИМИЯ ҚАҒИДАЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 
Нүркенова Әйгерім Дауылбайқызы 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 
Аннотация. В данной статье рассматриваются цели общего образования школьников 
по формированию у них химических и экологических знаний, развитию их мыслительных 
способностей и 12 основных принципов «Зеленой химии» и их работа на основе этих 
принципов, способствующих экономическому и экологическому развитию и развитию 
человечества. 
Ключевые слова: Зеленая химия, социально-экономика, технология, образование 
Annotation. This article discusses the goals of general education of schoolchildren on the 
formation of their chemical and environmental knowledge, the development of their thinking abilities 
and the 12 basic principles of «green chemistry» and their work on the basis of these principles, 
contributing to economic and environmental development and the development of humanity. 
Keywords: Green chemistry, socio-economics, technology, education 
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-
жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру 
қажет болып отырғаны белгілі.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және мәдени жаңару 
жағдайында мектеп оқушыларының берік химиялық және экологиялық 
білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім 
берудің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, 
экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі ұлғайып отырған 
көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін 
қажет етеді. Соған қарамастан көптеген бақылаулар мен зерттеулердің 
көрсеткеніндей, оқушылардың пәнге деген, әсіресе химияны оқуға деген 
қызығушылығы төмендеп отыр. Оқушылардың химиялық білім деңгейін 
көтерудің мүмкін жолдарының бірі химия курсына жасыл химия және 
инженерия компонентті енгізу болып табылады [1]. 
Жасыл химия - бұл химиялық процестер нәтижесінде алынған 
қалдықтарды басқаратын химиялық техника. Сондықтан бұл химиялық 
қалдықтардан арылу арқылы қоршаған ортаны тазартуды толығымен қамтиды. 
Біз оны тұрақты химия деп те атаймыз. Жасыл химияда біз негізінен зерттейтін 
нәрсе - химиялық процесс кезінде химиялық заттардың минималды мөлшерін 
қолдану және қауіпті қалдықтардың пайда болуын азайту. Жасыл химия 
бағыты XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Химиялық реакциялар мен 
үрдістер әлемнің кез келген зертханасында толассыз іске асады. Бірақ, соңғы 
жылдары өндірушілер қауіпті элементтер мен зиянды қалдықтарды өндіретін 
химиялық реакциялармен жұмысты азайта отырып, оны өндірудің өзге 
жолдарын іздеуге кіріскен. 1998 жылы П.Т.Анастас және Дж.С.Уорнер «Жасыл 
химия теориясы мен тәжірибесі» кітабында «Жасыл химияның» негізгі 
12 қағидасын атаған болатын. 


159 
Бұл қағидалар негізінде жұмыс істеу экономикалық әрі экологиялық 
тұрғыдан өндіруші мен адамзаттың дамуына септігін тигізеді: 
1. Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек. 
2. Синтездеу әдісін таңдағанда процессте қолданылған барлық 
материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау керек. 
3. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше пайдаланылған және синтезделген 
заттардың барлығы адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау керек. 
4. Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай 
отырып, улылық мөлшерін азайту керек. 
5. Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді 
қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз 
болуы шарт. 
6. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған 
ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған 
орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда 
жүргізген дұрыс. 
7. Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. 
Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады. 
8. Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтын болуы тиіс. 
9. Әрқашан каталитикалық үрдіс жүруі шарт. 
10. Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, 
қауіпсіз өнімге дейін ыдырауы тиіс. 
11. Аналитикалық әдісті дамыту керек. Себебі, белгілі бір уақытта 
түзілетін қауіпті өнімдерді қадағалау үшін қажет. 
12. Химиялық үрдістерде қолданылған заттар мен олардың түрлерін 
таңдағанда химиялық қаупі (жарылыс, өрт, қопару) минималды болатындай 
таңдау шарт. 
Дүние жүзіндегі көптеген зертханаларда жасалынатын химиялық 
реакциялар мен процестердің жаңа схемалары ірі химиялық зауыттардың 
қоршаған ортаға әсерін азайтуға арналған. Агрессивті ортаны пайдалану 
кезінде сөзсіз пайда болатын химиялық қауіп-қатерлер әдетте жұмысшылардың 
осы заттармен байланысын шектеу арқылы төмендетуге тырысады. 
Сонымен қатар, Жасыл химия басқа стратегияны ұсынады, яғни, зиянды 
заттарды 
пайдалануды 
болдырмайтын 
бастапқы 
материалдар 
мен 
технологиялық сызбаларды мұқият таңдау. Осылайша, Жасыл химия - бұл тек 
қажетті затты алуға ғана емес, оны өндірудің барлық кезеңінде қоршаған ортаға 
зиян тигізбейтін жолмен алуға мүмкіндік беретін өнер түрі. 
Ең көп таралғаны - реакцияның энергетикалық кедергісін төмендететін 
катализаторды қолдану. Соңғы кейбір каталитикалық процестердің атомдық 
тиімділігі өте жоғары. Мәселен, мысалы, Монсанто әзірлеген родий 
катализаторында метанол мен СО-дан алынған сірке қышқылының синтезделу 
процесі 100% шығумен жүреді: CH
3
OH + CO → CH
3
COOH 
Тағы бір бағыт - энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін 
молекулаларды (фотохимия, микротолқынды сәуле) белсендіру үшін жергілікті 
энергия көздерін пайдалану. 


160 
Бүгінгі таңда білім беруде, әсіресе мектепте, химия пәнін оқытуда тұрақты 
даму мүддесінде білім беру басты назарда, себебі, бұл ғасыр дамыған технологияны 
меңгеру, сонымен қатар оны оқушы бойына сіңіру қажыр қайратты талап етеді. Осы 
істі жүргізу барысында анықталған нәтижелер оқушылардың білімін жетілдіру және 
химия сабақтарын орта мектепте оқытуда пайдаланылады: 
химияны мектептегі оқыту жағдайында жасыл химияның аспектілерін 
пайдалану, оқытудың белсенді әдістеріне сабақтар өткізу мен білім берудегі 
әдіс-тәсілдерді теориялық тұрғыдан негіздеу; 
химияны мектептегі оқыту жүйесінде жасыл химия мәселелерін 
пайдалану арқылы оқушыға сапалы білім беруді ұйымдастыру, оқыту, білім 
мен тәрбие берудің тиімділігін эксперимент барысында дәлелдеу. 
Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың 
ең маңызды міндеттерінің бірі және қоршаған ортаны қорғау ісі әлемдік 
деңгейде сипат алып отыр[3]. 
Жасыл химия мәселелері өзінің көлемділігі жағынан төмендегілерге бөлінеді: 
локалдық, аймақтық және жаһандық. Мысалы: локалдық мәселелер – адам 
денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті болатын тазартудан өткізілмеген қалдық 
суларын өзенге ағызатын зауыттар. Мысалы: аймақтық мәселелер –теңіз 
экожүйесінің барлық барлық элементтерінің өзара байланысы, экожүйенің 
құрылымдық қалпын бұзатын және қызметін бұзатын, теңіз суының кірлену 
деңгейінің артуы, Балқаш өзені экожүйесінің табиғи режимінің бұзылуы сияқты 
мәселелер және т.б. 
ХХ ғасырдың екінші жартысында климаттың жылдам жылуы басталды. 
Осыған байланысты адамзатқа қатысты түрлі мәселелер де бой көрсетті. Бұның одан 
әрменгі дамуы қалай болмақ? Жаһандық жылу Әлемдік мұхит деңгейінің 
булануының артуына қалай әсер етеді және бұл да жауын-шашынның санынан 
қаншалықты көрініс табады? Бұл жауын-шашындар көлем бойынша қаншалықты 
біртекті? Планетаның озан қабатының қоғауының бұзылуы және кеңістіктің үлкеюі, 
және тағы да басқа көптеген экологиялық мәселелер адамзаттың қазіргі заманғы ең 
көкейкесті мәселелері. Сондықтан да, аталған экологиялық мәселелер әлемдік 
деңгейдегі барлық қауымдастықты алаңдаты. Адамзатты қазір басты мәселе 
алаңдатады: әлем ары қарай жалғаса ма және оның болашағы қалай болмақ? 
Химия курсының мазмұнын жасыл химия компонентпен күшейту 
химиялық білімдердің деңгейін жоғарылатып, химиялық және экологиялық 
білімдерді жүйелі қарастыру оларды табысты меңгеруге көмектеседі 
Жасыл химиялық білімді жүйелі қарастыру негізінде, экологиялық 
мазмұндағы эксперименттік жұмыстарды пайдалану бойынша ұсынылған 
әдістемелік ұсынымдар сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты, 
мұғалім мен оқушылардың іс-әрекет қызметінің сипатына сәйкес оқушылардың 
жаңа білімдерді қалыптастыруға негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет