Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет10/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

тіл, қопармалы тіл.Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей жұмсалады, 
мәселен, қытай һәм жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау 
қосылып өзгерілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл сөз 
түбірімен қопарылып өзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ 
тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан, жалғалмалы. Қазақ сөзінің түбірі 
өзгерілмей аяғына жалғау қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің 
тұлғасын өзгертсе де ішкі мағынасын өзгертпейді; екіншісі сөздің тұлғасын да, 
мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі 
жалғау деп аталады.(ТТ 143б.) 
Ана тілінің дыбыстық жүйесінің сипаттамасын тұңғыш рет анықтаған да 
А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың нағыз өз тіліндегі дыбыс 24. Бұлар 3 түрлі 
болғандықтан 3 ке бөлінеді. 5 дыбыс ашық айтылатын болғандықтан, ашық 
дыбыс, яки дауысты дыбыс деп аталады. 17 дыбыс тұйық айтылатын 
болғандықтан, яғни дауыстап айтуға көнбейтін болғандықтан, тұйық дыбыс яки 
дауыссыз дыбыс деп аталады. 2 дыбыс дауысты дыбыстардай нағыз ашық 
айтылмайтын болғандықтан, орта дыбыс яки жарты дауысты дыбыс деп 
аталады. 24 дыбысқа араб харіфтерінен үйлескендерін өзгертпей, 
үйлеспегендерін өзгертіп харіфтер арналды.» Бұл төте жазудың негізгі қисыны: 
араб таңбалары қазақ тілінің айтылу заңдылығына бағындырылған. 
«Сөйлем мен сөз» тарауында: « Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады; 
мәселен: « аш бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемд бес сөз бар. Алайық 
«тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген сөйлемде алты сөз бар.» Сөз бен 
буындар; буын мен дыбыс; қазақ тіліндегі дыбыстар; олардың таңбалары. Жарты 
дауысты дыбыстар: р,л, у, и. Қатаң дыбыстар: б,п, т, с, ш, қ, к. Ұяң дыбыстар
м,н, ң. Ымыралы дыбыстар:з, ж. Ымырасыз дыбыстар: д,ғ, г. Сөз тұлғалары: 
Түбір сөз; Туынды сөз, Қос сөз, Қосалқы сөз, Қосымшалар. Сөз жазуының 
ережелері, жұрнақтар. Атауыш сөздер: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік. 
Шылау сөздер: үстеу, демеу,жалғаулық, одағай сөз, тасымал. Тіл – Құралда (1915) 
осы пән сөздердің әрқайсысы нақтыланып іс жүзінде анықталған. Тіл Құрал 
Қызыл Орда(1925): Сөйлем жүйесі, Сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, 
анықтауыш,толықтауыш, пысықтауыш,бұратана сөздер: қыстырма, қаратпа
Кітаптің Сөйлем түрлерін айыруға керек сөйлем мысалдары тараушасында
А.Байтұрсынұлы былай деген: «Сөйлем түрлерін айыруға керек сөйлем 
мысалдары деп өлеңмен айтылған сөйлемді» өлеңсіз түрге айналдыру; Сөйлем 
түрлерін айырту. Сөйлемдердің керек болған түрлерін оқушыларға тапқызу» деп 
берген көлемді мәтінде совет кезінде айтуға тиым салынға үзінділер берілген (312-
320 бб.) :«Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, құлағын біреу салмас, біреу салар» деп 
басталған ұзақ мәтін келесі сөздермен тәмамдалған: « Жанға көңіл қалып тұр, Жан 
бұл күйге салып тұр.Тәнге көңіл қалып тұр,Тән шыдамай, арып тұр... Қараңғылық 


15 
бұққанда, Қызарып күн шыққанда, Күн отынан туғанмын. Жүрегімді, жанымді, 
Иманымды,арымды, Жалынменен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да от, Иманым 
да, арым да от. Жарқырап от боп туғаннан (берік), Белімді бекем буғаннан (бері) 
Қараңғылық дұшпаным. Жауыздықты жамылған, Қарынға құл боп табынған, 
Қорсылдаған доңыздай, Көкті көрмей, көр болған, Сүйгені сасық жер болған 
соқыр. Сасық қоңыздай күн батысқа жүрейін. Дұғада бол, алтын Алтай, қарт 
Анам! Алып Ата қуды жолын Ер балаң. Ақ шашыңды, көкірегіңді иіскеуге Тәңірі 
жазса, сәулетпенен тез барам. Азамат, анау қазақ қаным десең, Ұжмақтың суын 
апар жаным десең. Болмаса, ібіліс бол да у алып бар, Тоқтатам, тұншықтырып 
зарын десең.(320б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет