20
«Дін» туралы ұғым «ғақаид» – екіжақты делінген: 2.
«бірі діннің негізгі
турасындағы ес ұғым», «біреуі дінге керек іс ұғым» (1: 256)
. 3.«Ғылым» деген
ұғым жүйесінің түрлері салаларына байланысты. 4. «Зейін әлеумет мәселесіне
жұмсалып, әлеумет ісіне жол сілтегенде, көсемдік ұғым жүйесі пайда
болады». 5. «Зейін табылған білімді басқаларға үйрету жолында жұмсағанда,
үгіт-тәрбие ұғым жүйесі пайда болады». 6. «Зейін басқаның ісін таразыға
тартып, ұнамды, ұнамсызын тексергенде, сын ұғымының жүйесі пайда
болады».Осы тұста қарасөз түсінігі нақтыланған: «Қарасөз деп осы ұғым
жүйелерінен сөйлейтін әңгімелерді айтамыз... Қарасөздің табынан түрін
айыру керек. Тап жағынан бірге сөз түр жағынан бөлек кетуі ықтимал.
Көптен бері көп жұртта қалыптанған түрлерін алғанда, қарасөз: 1) әуезе,
2) әліптеме, 3) байымдама болып үш салаға бөлінеді» (1:257). М.М.Бахтин
бұларды речевые жанры – сөйлеу, баяндау түрлері деп берген.
А.Б.Байтұрсынұлы нақтылап берген: «
Әуезе – болған уақиғадан бастан-аяқ
болған түрінде,
ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру».
«Әуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді: 1) мәлімдеу, 2) мазмұндау, 3) қорыту» (1: 258).
Әуезе түрлері: шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих, тарихи әңгіме.
Әліптеме: «
Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару.
Дүниедегі түрлі нәрселердің, түрлі адамдардың түрлі күйлердің бәрін де әліптеуге
болады». Әліптеу түрлері: 1) пәнді әліптеу; 2) сәнді әліптеу; 3) жол әліптемесі
(1: 262–264). Байымдама, зейіндеме: «Көсе сөзбен жазылған шығарма бір пікірді
қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай
шығарма байымдама деп аталады» (1: 264).
Байымдама түрлері: 1) пән (ғылым);
2) сын; 3) шешен сөз; 4) көсем сөз.
Қарасөз бен дарынды (көркем) сөздің айырмашылығын Ахмет
Байтұрсынұлы нақтылап көрсетеді:
«Қара сөз әдебиетте пікір, сүлде түрінде
айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түрінде шығады. Яғни сүлде үстіне өң,
ажар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрпат, тұлға, түс бітіп, тірі нәрсе болып
шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем сөз деп аталып, қара сөздер
жалаң сөздер деп айтылады» (1: 258). Ғалым мұнымен шектелмейді. Осы екі
түрлі сөзді қалай тануға, олардың дұрыстығын қалай айқындауға болады? деген
сауалдарға жауап береді: «Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық
жағы тексерілсе, көркемсөздің сынында пікір дұрыстығының үстіне
пікірге
берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет –
екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, оның сынында мынандай сұраулар
боларға керек» (1: 269).
Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми түсініктің негізін жалғастырып, нақтылай
түседі. Демек, қарасөз «шығарманың сүлде жағының сыны» болса, көркемсөзге
басқа міндеттер жүктеледі:
1. «Тұрмыстың қай жағын алып сөз қылған?
Достарыңызбен бөлісу: