Поляков С.Ю., Яковлев Ю.М. Об оценке рисков инвестиционных проектов. // Бух.учет. – 1996. - №2
3.Развитие и координация инвестиционной деятельности в СНГ //Деньги и кредит. – 1998. №5., С. 73.
4.Закон РК об иностранных инвестициях
5.Худяков А.И. Финансовов право РК. А.,2008
6.Петрова С.Г. Финансовое право.М.2007
7.Менц С.Д. Инвестиционное право.М.2009
Сатыбалдина Г.К.
преподаватель кафедры философии
ЕНУ им.Л.Н. Гумилева,
магистр регионоведения
ОСВЕЩЕНИЕ ВОПРОСОВ РЕЛИГИИ В КАЗАХСТАНСКИХ СМИ (газеты: «Казахстанская правда», «Литер»; январь-май 2010г.)
Религия является неотъемлемой частью современного мира. Она выполняет три блока социальных функций. Во-первых, религиозные институты осуществляют духовное оформление верующих, что проявляется в организации связи «человек – Бог», в воспитании религиозности и гражданственности, в насыщении человека добром и снятии зла, грехов. Во-вторых, религиозные организации занимаются религиозным и специальным светским образованием, милосердием и благотворительностью. В-третьих, представители религии активно участвуют в общественной жизни, способствуют нормализации политических, экономических и культурных процессов, межнациональных и межгосударственных отношений, решению глобальных проблем цивилизации.
Религия является институтом, важным для понимания современной социальной жизни. Она освещает повседневный опыт и практику многих индивидов; является значимым компонентом различных институциональных процессов, включая политику, отношения полов и социально-экономическое неравенство, а также играет важную роль в публичной культуре и социальных изменениях.
Растущее значение религии в современном мире, интерес к ней выражается в частности в том, что возросла доля общественно-религиозной тематики в средствах массовой коммуникации.
Одним из главных событий 2010 года стало председательство страны в Организации по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ).
Казахстан, известный во всем мире как приверженец идеям межкультурного и межцивилизационного диалога, намерен использовать свой уникальной потенциал для преодоления конфликтов, религиозной нетерпимости, ксенофобии и т.д.
Анализ периодических изданий - республиканская газета «Казахстанская правда» и общественно-политическая газета «Литер», за период январь – май 2010 года показывает, что тема председательства нашей страны в ОБСЕ была в центре внимания журналистов данных изданий. Газета «Казахстанская правда», провела целый ряд статей под названием «Под знаменем председательства», материалы, которых имеют официально-информационное значение. В газете же «Литер» мы можем встретить данную информацию в интервью с постоянным представителем Республики Казахстан при ОБСЕ послом Кайратом Абдрахмановым в статье «Сможет ли Казахстан вернуть доверие в Европе?» (3 марта 2010г.).
В публикациях этих изданий нашли отражение особенности казахстанской модели межконфессиональных и межэтнических отношений, возможностей использования опыта нашей страны для урегулирования конфликтных ситуаций религиозной и этнической почве.
Развитие глобализационных процессов ведет к тому, что различные социальные, экономические, культурные, политические и иные отношения и связи приобретают всемирный характер, а государственные границы становятся все более прозрачными.
Внутренних причин для возникновения и проявления экстремизма, в том числе, религиозного, по нашему мнению, нет. Однако существует опасность «экспорта» экстремизма.
Вторым по значимости вопросов рассмотренных в СМИ были тематики безопасности и негативного влияния миграции. Особенно остро эта тема стала рассматриваться после событий в Киргизии, так как мы живем в глобализирующемся мире. В связи с выше указанным обратим внимание на следующие публикации. Так, «Казахстанская правда» осветила этот вопрос в двух статьях: «Эксперты рекомендуют» (12 марта 2010г., № 56-57) и «Заслон экстремизму» (18 мая 2010г., № 123). В «Литере» же мы можем встретить информацию о заседании Совета безопасности РК, в статье «В Казахстане необходимо проводить демографическую и миграционную политику» (27 мая 2010г.), а также аналитический обзор политолога Сатпаева Д.
В Казахстане реализуется стратегический национальный проект «Мәдени мұра». Общество, государство должно активно использовать нравственно-гуманитарный потенциал религии как неотъемлемой части культуры. В традициях наших народов закреплены такие духовные ценности как толерантность и уважение и др. Это особенно становится актуальным в поликонфессиональных и полиэтнических обществах. В рассмотренных нами СМИ данная тема находит свое выражение. В республиканском периодическом издание в рубриках «Традиция» и «Культура» мы познакомились с материалом, информирующий население о реставрации курганом, могильников, восстановлении мечети Султана Бейбарыса (Каир), мечети-мавзолеи Исхак-бабы (Южно-Казахстанская область).
Одной из важных тем, волнующих общество является отношение государства и религии. В Казахстане создана правовая база для реализации принципа свободы совести и вероисповедания. В Казахстане, на ряду с традиционными религиями получили распространение и нетрадиционные, для нашей страны, конфессии. В свете сказанного особо хотелось бы отметить содержательное интервью газете «Казахстанская правда» председателя Комитета по делам религий МЮ РК Досжана А. («Межцивилизационный диалог. Проекция в будущее» // Казахстанская правда, 25 февраля 2010г., № 41). В интервью Ардак Досжан отмечает основные принципы государственно-конфессиональной политики страны, знакомит читателя с современной религиозной ситуацией в Казахстане. В целом материал статьи отвечает основным принципам подачи информации: простота, доступность, достоверность.
Периодическое издание «Литер» предлагает читателю следующие интересные статьи по религиозной тематике: «О деятельности духовного управления мусульман Казахстана» (26 января 2010г.), «Нурсултан Назарбаев удостоен особой награды Русской православной церкви» (19 января 2010г.), «Дискуссия о реформе ислама в обществе продолжается» (29 апреля 2010г.).
О деятельности нетрадиционных религиозных организаций печатные издания мало информируют население. В процессе анализа мы встретили лишь одну статью в газете «Казахстанская правда» (9 апреля 2010г., № 84-85) «Врачевали или шпионили», освещавшую деятельность организации «Нарконон» (учение Р.Хаббарда, Дианетика) в Павлодаре.
Рассмотренные периодические издания предлагают читателю информацию о конференциях по общественно-религиозной тематики (От камня преткновения к краеугольному // Казахстанская правда (23 февраля 2010г., № 41), Укрепляя межкультурный диалог // Казахстанская правда (20 марта 2010г., № 66-68), Исламский банкинг в Казахстане// Казахстанская правда (16 марта 2010г., № 61).
Таким образом, при анализе казахстанских печатных СМИ можно прийти к выводу, что материалы газеты «Казахстанская правда» по религиозной тематике носят более официально-новостной характер, информация направлена на гуманизацию информационной среды, равноправия множества национальных и религиозных онтологий, распространения, донесения до читателя официальной государственно-конфессиональной политики государства. Газета «Литер» предоставляет читателю новостную информацию по вопросам религии в более простой и доступной форме для читателя (например, в виде интервью, аналитических обзоров и т.д.).
В целом все проанализированные материалы газет представляют собой либо официально-новостной характер, либо освещающий традиционные, религиозные праздники. Вопросы, связанные с религией, мало освещаются в рассмотренных СМИ.
Сейітқазы П.Б.,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті,
педагогика ғылымдарының докторы
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛМЕУДЕН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР (педагогикалық аспект)
Еліміздің президенті Н.Назарбаев «Жас отан» жастар қанатының І съезінде елдің болашағы жастармен кездесу барысындағы сөзінде қазіргі жастардың алдына бірталай маңызды міндеттерді қоя отырып: «Әлемнің барлық халықтарында әрдайым парасаттылық, адалдық, үлкендерге құрмет, әйелдерге құрмет, достыққа адалдық, туған Отанға деген сүйіспеншілік бағаланған. Бұл санаттар әрдайым бағалы болады. Өз бойларыңда нақ осындай қасиеттерді тәрбиелеңдер. Бұқаралық ақпарат құралдарында батыстық жадағай мәдениеттің рухсыз үлгілеріне қарсы тұра отырып, рухани-имандылық құндылықтарды насихаттауды күшейткен жөн. ...Тұтастай мәдениет, спорт және жастардың рухани-имандылық құндылықтары мәселелеріне арналған телеарна құру туралы мәселені шешу керек. Оның өзектілігі қазірдің өзінде баршамыз үшін айқын болып тұр» деген пікір білдірді және рухани имандылыққа тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалының жоғары болғандықтан, оған кеңінен мән беру керектігін баса айтты [1]. Бұл пікір бекерге айтылып отырмағандығы белгілі, өйткені, бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы артқан заманда оның әртүрлі әсеріне мән бермеу жасөспірімдер мен жастардың тәрбие мәселесін ұйымдастыруда өзіндік қиындықтарға әкеледі. Бүкіл қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарының әсеріне, ықпалына мән беруі, оның қазіргі қоғамда қаншалықты маңызды орын алып отырғандығын көрсетеді. Соған сәйкес, кейінгі кездері бұл проблема төңірегінде баспасөз беттерінде де жиі айтыла бастады, олардың қатарында қазіргі жастардың бойындағы құндылықтарының өзгеруіне кейбір шетелдік ақпарат құралдарымен қатар, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының әсері болып отырғанын көрсеткен мақалалар да аз кездеспейді. Мысалы, ҚР ҰҒА академигі А.П.Сейтешев: «...Снижается роль моральных норм и критериев, идет ломка сложившихся нравственных ценностей, обесценивание человеческой жизни, рост преступности, сиротства, сексуального насилия, резкое материальное расслоение граждан. Во многом это обусловлено «криминализацией» и «эротизацией» средств массовой информации, художественной литературы» [2] деген пікірін білдірген. Жасөспірімдердің тәрбие мәселесіне байланысты көптеген ғылыми мақалалардың авторы, белгілі педагог А.П.Сейтешовтың пікіріне сүйенсек, соңғы кездердегі жастар арасындағы келеңсіздіктердің туындауына әртүрлі мақсатты көздеген бұқаралық ақпарат құралдарының да ықпалы жоғары болып отыр. Біз ұлттық мәдениетті қорғауға, салт-дәстүр, әдет-дағдыны сақтауға, уағыздауға тырысамыз. Батыстың жетілген жүйелері мұндай саясатты прогреске ұмтылмау, мәдениеттен қалу, надандыққа, сауатсыздыққа бой ұру деп бағалайды. Бұлай деу, әрине арандату, өз идеологиямыздан бас тартқызу. Ата-баба жасап беріп кеткен мәдени, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау, жаңалықтан безу, прогреске тарту емес, ұлттық қадір-қасиетті, менталитетті сақтау, патриоттық сезімді ояту, ұлттық ар-намысты күшейту. Ұлттық құндылықтардан безіп, басқа елдің мәдениетіне құлай салу, оны қабылдай қою – дәстүрсіздік, отансыздық. Сондықтан қазіргі ұйымдасқан, еріктен тыс жан-жақты, білікті күрес қана мәдени империализмнің идеологиялық диверсияның бетін қайтара алады. Бұл күрес бұқаралық ақпарат құралдарының өз бетінде оларға қарсы айтыстар, терең талдаулар, ғылыми зерттеулер арқылы жүргізілуге тиіс.
Осы аталған проблеманың бүгінгі күні көкейкесті болып отырғандығы жайында жасөспірімдердің әлеуметтік мәселелері бойынша көптеген еңбектердің авторы, ғалым А.Н.Тесленко да жан-жақты талдау берген. Ол қазіргі білім беру саласындағы жұмыстардың мақсатты жүргізілуіне қарамастан, қазіргі жастар мен жасөспірімдердің арасындағы келеңсіздіктердің көбінің кері ақпарат беруші бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп отырғандығына тоқталады. Мысалы, ол Астана қаласынан шығатын «Білімдегі жаңалықтар» журналында жарияланған мақаласында қазіргі кезде мұғалімдердің бұрынғы тәрбиелік ықпалының төмендеп ол рольді БАҚ атқара бастағанын нақты мысалдармен дәлелдейді. «...Все мы знаем сегодняшнее статусное положение учителя, его заработную плату, довольно точно можем определить степень его общественной активности. Вернее пассивности. Бездействие педагогической общественности сказывается на ценностных ориентациях школьной молодежи. Наши исследования убидительно свидетельсвуют об опасной тенденции формирования идеологической установки на конкуренцию и наживу.
Не без старания СМИ у молодого поколения сознательно формируется инфантильное, иллюзорное представление о жизни» деп автор қазіргі жасөспірімдер арасындағы өмір туралы түсініктерінің тым жеңілдеп кеткенінің, олардың оңай олжаға бейім тұратындығын бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан келіп отырған негативті ақпараттарға тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Ғалым одан әрі бұл мәселе бойынша өз ойын былай сабақтайды: «В процессе взросления, неизбежный крах иллюзий у большинства молодежи вызывает подавленность, делает еще более легкой жертвой манипуляции. Для многих это будет катастрофой, они скатятся в преступность и наркоманию, к этому их подталкиваем мы нашим бездействием и безмолвием. Поразительно, но на наших глазах открыто, без какого-либо общественного диалога пытаются уничтожить то лучшее, что еще осталось и служить народу...» [3].
Ғалымның пікіріне мән беретін болсақ, ақпараттық заманда мектеп өзінің негізгі миссиясы яғни, тәрбие беру функцияларына ие бола алмай отыр, өйткені, мектептің атқара алмай отырған бұл функциясын ықпалдылығы жағынан біршама басым тұратын бұқаралық ақпарат құралдары өзіне алғаны бүгінгі күні кім-кімге де белгілі. Іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылмай отырған кейбір бұқаралық ақпарат құралдары өзінің ықпалдылық мүмкіндіктерін жасөспірімдердің санасының улануына, яғни мінез-құлқының өзгеруіне пайдаланып отырғандығы жасырын емес. Автордың пікірінше, мектеп бұқаралық ақпарат құралдарының алдында өзінің әлсіздігін көрсетіп алғандығы байқалады.
Шын мәнінде буыны қатып, санасы қалыптасып үлгермеген жасөспірімдер үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұсынылған өнімнің, яғни әрбір телерадиобағдарламаның, мақаланың әсері тым жоғары. Бұл күрделі мәселе тек қазақстандық жасөспірімдерге ғана тән емес, мәселенің күрделенгені соншалық, бірқатар елдерде медиабілім проблемасы қарастырылып, оларды жүзеге асыру үшін арнайы медиабілім стандарты да жасалды. Аталмыш стандарттың мазмұнына талдау берген ресейлік медиапедагогтың бірі Л.С.Зазнобина қазіргі оқушылардың жай ғана бір тетікті басу арқылы бірнеше телевизиялық каналдарды пайдалануға қол жеткізе алатындығы және әр бала өзі таңдаған ақпаратты ғана көру мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетеді. Мысалы, тек қана спорт, детективтер немесе көңіл көтеру шоуларын ғана көру сияқты.
Керсінше, мектеп оқушылары саналы түрде мағынасы жоғары білім берушілік бағдарламаларды көруден бойын аулақ салуы, ал әлеуметтік проблемаларды көтеретін, сондай-ақ елдегі саяси жағдайларды айшықтайтын және әлемде болып жатқан әртүрлі жағдайларға түсінік беретін бағдарламаларды мүлде көрмеуі сияқты мәселелер туындап отыр.
Нәтижесінде қазіргідей ақпараттық заманда әр баланың өзіндік ақпараттық әлемі пайда болды деуге болады, ал мұндай жағдай оларды нақты өмірдегі шынайы жағдайлардан тыс қалдыруы қаупі бар. Демек, қоғамның ерекшеліктеріне орай бүгінгі көптеген жасөспірімдер иллюзиялық ақпараттық кеңістікте өмір сүруге бейімделуде, ал бұл оларды өмірдің нақты проблемаларына мән бермеуге итермелейді деп көрсетеді ғалым.
Көргенінің бәрі шындық, жазылғанның қай-қайсысы да пайдалы деп қабылдайтын балалар үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерінің ақ-қарасын ажырату қиын мәселе болып табылады. Сондықтан, демократиялық бағытты дұрыс түсінбей отырған бұқаралық ақпарат құралдарының іс-әрекеті педагогикалық қауымды алаңдатып отырғандығы заңды.
Осындай күрделі мәселе бойынша, академик Б.Момынбаев тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында отанға деген сүйіспеншілік, яғни патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатынын, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін нақтылай отырып, «...Осы тұрғыдан келгенде, қоғамдық сананы қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде БАҚ-тың жетекші орынға шығып отырғаны өмір шындығы. Солай бола тұра, бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ жүйесіндегі еркіндіктің бассыздыққа ұласып бара жатқаны айырықша алаңдатады» деп қазіргі кездегі аса күрделі де маңызды мәселе бойынша өзінің көзқарастарын білдірген.
Ғалымның қазақ жерінде қазақстандық БАҚ-тан гөрі шетелдік БАҚ-тың пайыздық көрсеткіші жоғары болып отырғаны туралы берген мәліметі де негізсіз емес. Өйткені, ғаламдану заманындағы мүмкіндіктерге орай елімізде шетелдік ақпарат құралдарының көбейіп отырғандығы шындық. Сондай-ақ, автордың отаншылдық сияқты киелі мәселе жайындағы келелі ойлары, атап айтқанда: «...Біздің ойымызша, БАҚ-тың ең киелі міндеті ақпараттық-ағартушылық ұстаным болуға тиіс. Бұл ретте, БАҚ-тың ролі бүгінгі таңда бірінші орында тұрғанын социологтар бір ауыздан мойындайды.
Демек, Қазақстан БАҚ-ғы ұрпақты аздыратын, ұлтты тоздыратын кейбір бейбастықты ауыздықтау проблемасы әбден шегіне жеткенін терең сезінуіміз керек» деген тұжырымды пікірі құптарлық [4]. Яғни қазіргі кезде ақпарат құралдарының үлкен мүмкіндіктері қажеттілігіне қарай пайдаланылмай отыр, керісінше оның теріс әрекеттеріне жол беріліп отырғандығын байқауға болады. Ондай жағдайды біз күнделікті теледидардағы әртүрлі бағдарламалардан, әсіресе мемлекеттік емес арналардан, басылымдардан кездестіріп отырмыз. Демек, жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруда, оларды жан-жақты тәрбиелеуде, сонымен қатар қоғамның жалпы дамуында өзіндік орны бар бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері бүгінгі күннің өзінде әлі де болса орнымен және толыққанды пайдаланылмай отыр.
Мұндай проблемалардың туындап отырғандығы мемлекет тарапынан оған көңіл бөлуді қажет ететіндігі сөзсіз. Аталмыш проблемаға кеңірек тоқталатын болсақ, кейінгі кездегі жастар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан келіп отырған келеңсіздіктерге мелекеттік жастар саясаты бағдарламасы аясында мән беріле бастады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының «Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау» атты бөлімінде жас өспірімдер мен жастардың бойында ізгілікті, рухани құндылықтарды қалыптастыру әлемдік, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттауға иек артып, жас шамасына қарай қарастырылуы тиіс екендігі айтылады.
Жастарға тән құндылықтар сипаты жас азаматтың тағдыры мен тұрмыс жағдайының әркелкілігін, құндылықтар жайлы түсініктерінің сан алуандығын көрсетеді екен. Сондықтан жастардың эстетикалық, ізгілікті талғамының қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының, әсіресе, электронды ақпарат құралдарының айтарлықтай ықпал ететінін ескеру қажет делінген бұл құжатта. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті уағыздау жастардың мінез-құлқына жан-жақты қысым етіп, өмірді қабылдауы барысында сондай әдет-дағдыларды қалыптастырады. Дүлей күшке табынушылықты, шылымды, спиртті ішімдіктерді жарнамалауға шектеу қою – мемлекет алдындағы жас ұрпақты рухани сауықтырудың бірден-бір кезек күттірмейтін шаралары.
Ақпарат құралдарының, озық ойлы зиялы қауымның күш-жігері, тәрбиенің бағытындағы қоғамда отансүйгіштік, іскерлік, үлкенді сыйлау, өзін қастерлей білу, жеке басы мен жақындары үшін жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді жоғары қоятын оңтайлы орта қалыптастыруға септігін тигізу қажет деп көрсетілген бұл тұжырымдамада бұқаралық ақпарат құралдарының жас жеткіншектер мен жастардың сана-сезіміне, ақыл-ойына ықпал ету мүмкіндігіне зор үміт жүктеледі.
Аталмыш проблемалардың туындауына байланысты ақпараттық заманда олар тарапынан келетін проблемаларды ауыздықтаудың қажеттігі туралы пікірлердің маңызы өте жоғары болып отыр. Бұл проблема тек біздің ғана елде қалыптасып отыр десек, дұрыс болмас еді, өйткені, мәселені зерделеу барысында ғаламдану заманында бұл қай мемлекеттің болмасын басты проблемаларының бірі болып отырғандығын анықтадық. Көптеген елдерде аталған проблема мемлекеттік дәрежеде көңіл бөліне бастаған мәселе болып отыр деуге болады. Сонымен қатар аталған мәселеге ғалымдар да назар аудара бастады.
Әсіресе, қазіргідей ақпараттық заманда олардың зиянды әрекетінен балаларды қорғау жайы зерттеу жұмыстарының обьектісі болуда. Сонымен қатар, балаларды өзіне қажетті ақпараттарды ала білуге тәрбиелеу мәселесі көптеген зерттеу жұмыстарында жан-жақты қарастырылған. Бұл мәселені зерттеп жүрген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, ақпарат құралдарын тиімді пайдалана алмаған балалар оның ықпалында қалады екен (А.А.Журин, Е.С.Полат, Л.С.Зазнобина). Бұл ғалымдардың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс пайдалана алмаған оқушы төмендегідей бірқатар қиындықтармен жолығатын көрінеді, атап айтқанда:
− ақпараттың белгілі бір бөлігін, әсіресе аудиовизуалды ақпаратты толыққанды қабылдай алмайды, себебі оны қабылдауға әзір емес;
− бірнеше мағына беретін хабарламалардың мағынасын толық түсінбейді немесе біржақты түсінеді;
− бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты ұстанымы әлсіз болады, олардың ықпалынан қалай сақтануды және көп жағдайда ондай сақтанудың қажеттілігін сезіне білмейді;
− ақпараттағы берілген қандайда мәселелердің барлығын сол күйінде қабылдап, оны терең талдауға әлеуеті жете бермейді [5].
Бұл келтірілген дәйекті пікірлерден жасалатын тұжырым, балаларды бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін дұрыс пайдалана алуға міндетті түрде тәрбиелеу керек, бұл шараны жүзеге асыру жауапкершілігі жеткіншектерге тәрбие беруде ең басты және оларды өмірге бейімдеудегі негізгі тұлға болып табылатын мұғалімдерге жүктеледі деген түйін жасауға болады.
Бала басылымдарды пайдалануды игере бастаған кезде, үлкендерге арналған БАҚ материалдары айрықша ықпал етіп, оған жасөспірімнің қызығушылығы арта бастаған тұста, бұқаралық ақпарат құралдарының тұлғаны әлеуметтенуіндегі ролі кеңейе түседі. Бұқаралық ақпарат құралдары жасөспірім тарапынан қабылдануына орай оған дамудың әртүрлі бағдарын ұсынуы мүмкін. Басқалай айтқанда, ол баланың кішкентай кезінде алған тәрбиесіне тікелей байланысты болмақ.
Жеке тұлғаны дамытудағы басты мақсат — адамның өз қарымы мен қабілетін, өзін таныту және жеке қасиетін ашуды мейлінше толыққанды жүзеге асыру мүмкіндігі. Алайда, бұл қасиеттерді басқа адамдардың қатысуынсыз қалыптастыру қиын. Ал қазіргі кезде аталған қасиеттердің дамуына бұқаралық ақпарат құралдары ықпалының жоғары екендігін де жоққа шығаруға болмайды.
Осылайша, адамның болашақ өмірі, қоғамдағы әлеуметтену үрдісі бала кезінде алған тәрбиесіне, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына тікелей байланысты. Аталған үрдіске бұқаралық ақпарат құралдары елеулі түрде әсер ететіндігі сөзсіз. Еліміз барлық қарым-қатынас тұрғысынан жалпы әлемдік стандарттарға жақындап келеді. Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне де қатысты. Бірақ, мұндай еркіндік жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуына барлық уақытта оң әсер ете бермейтіндігі де анық.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Назарбаев Н.Ә. «Жас отан» жастар қанатының І съезінде сөйлеген сөзі //Егемен Қазақстан. – 2008, 16 мамыр.
-
Сейтешов А.П. Изменение профессиональных и нравственных ценностей молодежи Казахстана. – // Білім. Образование, 2005, №5.
-
Тесленко А.Н. Куда ведут реформы в образовании? //Білімдегі жаңалықтар, 2004, №1.
-
Момынбаев Б.К. Отаншылдық білім мен тәрбиенің тұғыры болуға тиіс. // Егемен Қазақстан, 2006, 27 қаңтар.
-
Журин А.А. Информационная безопасность как педагогическая проблема. // Педагогика, №4.
Тәуекелова Н.Б.
ҚазҰАУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасының
аға оқытушысы, Алматы қаласы
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ФАКТОР РЕТІНДЕ
ХХ ғасырда әлемде нағыз «ақпараттық жарылыс» кезеңі басталды, яғни бұқаралық ақпарат құралдары саласында едәуір сандық және сапалық өзгерістердің күрт артуы байқалды. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың сана-сезіміне ықпал етіп, қоғамдық пікірді қалыптастырады, бұқара байланысты жүзеге асырады.
Кеңестік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында, яғни баспасөз, радио және телевидениеде билік органдарының іс-әрекеттерін насихаттаушы сараптамалық материалдарға баса мән берілсе, бүгінде БАҚ қызметтерінде түбегейлі өзгерістер болды. Құқықтық мемлекет құру мен азаматтық қоғамды дамытуды қолға алған кез келген демократиялық мемлекеттердегі бұқаралық ақпарат құралдарының басты қызметі – ағымдағы іс-әрекеттердің әлеуметтік бағасын бұқара санасына сіңіру болып табылады.
«Болашақ әлемді қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне баға жетпейді»,-деп мәлімдеген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев [1].
Ресей зерттеушісі Д.В. Ольшанскийдің пікірінше: «бұқаралық байланыс – мақсаты әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға ықпал ету болып табылатын, әлеуметтік-маңызды ақпараттардың қалыптасу, таралу және қызмет етуінің ерекше ортасы» [2]. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың бұқара бөлігі үшін ақпарат алудың басты көзі болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның өміріндегі орны мен рөлін қарастыру үшін мемлекетте тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүруін қамтамасыз ететін азаматтық қоғам категориясына зерттеу жүргізу қажет. Себебі, демократиялық мемлекеттерде азаматтық қоғамның өмір сүруі және толыққанды жұмыс істеуі арқылы қоғам мен мемлекеттің тиімді әрекеттестігі байқалады.
Азаматтық қоғам – бұл қоғамдық өмірдің мемлекеттік емес саласы, ең бастысы адамдардың экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғаралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық және жеке бастың тіршілік әрекет саласы, мемлекеттің тікелей араласуынсыз еріктілік негізде қоғамда дамитын тұлғааралық, отбасылық, қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни қатынастар мен құрылымдардың жиынтығы және тұлға бостандығының, саяси плюрализмнен, демократиялық құқықтық тәртіптен негіз алған индивидтер мен ұжымдардың қажеттіліктері және өзін-өзі көрсетуі жағдайларын қамтамасыз етудің саласы [3].
Азаматтық қоғамды құруға бірнеше факторлар ықпал етеді, олардың қатарына азаматтық, әлеуметтік және саяси құқықтарды мойындау, түрлі салалар бойынша ұйымдар, ассоциациялар құру, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін, әрі көппікірде жұмыс істеуі, саяси партияларды қаржыландыру, орта тапты қалыптастыруда шағын бизнесті дамыту үшін қайырымдылық мекемелерінің заңдастырылуы, өзін-өзі басқаруды негізгі институттарға беру жатады.
Азаматтық қоғамның демократия жағдайында өмір сүруінің негізгі алғышарты адам құқығын қорғайтын және индивидтердің бұл құқықтарын жүзеге асыруда өзгенің құқықтарын бұзбайтын тәртіпті бекітетін жеке және ұжымдық бостандықты құқықтық және заңдық негізде қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай жүйе билікті әлсіретпейді, керісінше көпшілік еркіндігін нығайтуда анархияға жол бермейтіндей етіп күшейтеді. Нәтижесінде мемлекет барлық билікті иеленуші институт емес, өз өкілеттігі шектелген, заңмен басқарылатын және азаматтардың контируктивті идеяларын қолдайтын басқару институтына айналады.
Қазіргі заманғы азаматтық қоғамның құрылымын бес түрлі негізгі жүйелермен түсіндіруге болады:
- экономикалық жүйе адамдардың жеке меншік, өндіріс, ортақ қоғамдық өнімді бөлу, айырбас және тұтыну қатынастарын жүзеге асыру процесіндегі экономикалық институттар мен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Мұнда алғашқы қабат ретінде экономикалық қатынастардың және қоғамдық өндірістің барлық деңгейінен өтетін меншіктік қатынастарды айтуға болады. Еліміздің Ата Заңының 6-бабында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады»,-деп жазылған. Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру қатынастары қоғамдық жүйе үшін маңызды екінші құрылымдық қабатты құрайды. Өндірістің негізінде қоғам мүшлерінің ерен еңбегі жатыр, сондықтан экономикалық қатынастардың ажырамас бөлігі еңбек қатынастары болып табылады. Экономикалық жүйенің құрылымдық элементіне акционерлік, кооперативтік қоғамдары, фермерлік шаруашылықтар, азаматтардың жеке кәсіпорындары жатады. Қоғамдық өнімді бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастары экономикалық жүйенің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады, алайда олар белгілі бір деңгейде әлеуметтік құрылымның аясында да қызмет атқарады. Осы тұрғыда тек қоғам арқылы реттелетін интеграциялық, бәсекелес, нарықтық қатынастар мен процестер туындайды;
- әлеуметтік жүйе адам қауымын және олардың өзара қарым-қатынастарының жиынтығын білдіреді. Олардың ішінде бала тәрбиесімен, ұрпақ жалғастырумен байланысты отбасы институтын, адамның әлеуметтік қатынастарын реттейтін институттарды, адамдардың үлкен әлеуметтік қауымдары (топтар, қабаттар, таптар, ұлттар, нәсілдер) арасындағы қатынастарды айтуға болады. Әлеуметтік салада қоғамдық пікірді қалыптастыру және білдіру, мемлекеттің араласуынсыз әлеуметтік шиеленістерді шешу сияқты азаматтық қоғамның маңызды қызметтері жүзеге асырылады;
- саяси жүйе тұтас өзін-өзі реттеуші ұйымдар: саяси партиялардан, қоғамдық-саяси қозғалыстардан, бірлестіктерден жәее олардың арасындағы қатынастардан құралады. Тұлға азамат, депутат, партия, ұйым мүшесі ретінде саяси көрінеді. Бұл жердегі ең маңызды қабат билікке қатысты қатынастар болып табылады. Биліктің қатынастар түрліше орын алады: бұл мемлекет пен оның басқа элементтері арасындағы қатынастары, мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы қатынастар. Олардың ішінде мақсаты саяси билікті иемдену болып табылатын саяси партиялардың қызметтеріне байланысты қалыптасқан қатынастар ерекше орын алады. Биліктік қатынастармен қатар, азаматтардың қоғамдық-саяси ұйымдарға бірігуі, сөз бостандығы, азаматтардың сайлау құқығына кепілдік, тура демократияның жұмыс істеуі сияқты проблемаларды қамтитын, көптеген саяси қатынастар да бар;
- рухани-мәдени жүйе адамдар, олардың бірлестіктері, мемлекет пен қоғам арасында рухани және мәдени иігіліктерге, материалды институттарға, мекемелерге (білім беру, ғылыми, мәдени, діни) қатысты қатынастардан қалыптасады. Аталған саланың негізгі құрамдас блогын білім берумен байланысты қатынастар құрайды. Білім саласының жай-күйі қоғамның даму перспективасын сипаттайды. Білімсіз тек рухани-мәдени сала ғана емес, сондай-ақ, тұтасымен қоғамдық жүйе өмір сүре алмайды. Сонымен қатар, мәдениет, ғылым, дін де үлкен рөл атқарады. Рухани салада азаматтық қоғамның элементтеріне тұлғаның құқығы мен бостандығын – ой, сөз, құқық еркіндігін, өз ойын ашық айта алуын жатқызуға болады;
- ақпараттық жүйе адамдардың бір-бірімен тікелей және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы пікірлесуі нәтижесінде қалыптасады. Оның құрылымдық элементтері ретінде қоғамдық және жеке ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпорындарды, сондай-ақ, бұқаралық апарат құралдарын жарыққа шығаратын адамдарды және олардың бірлестіктерін айтуға болады. Ақпараттық қатынастар бұзып-жарушы сипат алады, ол азаматтық қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Осы ретте ресей зерттеушісі М. Мунтян: «азаматтық қоғамды өндіріс, саясат, ақпараттар, рухани-мәдени құндылықтар, әлеуметтік қатынас салалары арасындағы аралық звено ретінде қарастыру жеткіліксіз» деген болатын. Зерттеушінің пікірінше әрбір жоғарыда аталған жүйелер қалғандары өз қызметтерін мүлтіксіз орындағанда да ғана сақталып, жұмыс істейді. Олардың арасындағы берік байланыстар өзекті проблемаларға жиі тап болып отырған посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің реформаланулары мысалында байқалады [4].
1991 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы, демократиялық даму процесі, экономикалық және әлеуметтік-саяси реформациялар, нарықтық экономиканы құруға беттеу, демократиялық қоғамды қалыптастыру Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы үшін барлық жағдайды жасады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның жұмыс істеуіне негіз бар, яғни мемлекетіміз экономиканы жеке меншік пен кәсіпкерлікке негіздеп, қоғамдық-саяси өмірге демократия элементтерін енгізген, адам және азамат құқықтарының жағдайын нығайтып, бостандық пен еркіндікті бекітілген. Еліміздің Конституциясында азаматтық қоғамға арналған арнайы тарау болмағанымен, онда Қазақстан Республикасының демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені, басты құндылықтар адамның өмірі, құқығы мен бостандығы болып табылатыны атап көрсетілген. Идеологиялық және саяси көпқырлылық танылады. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады, әрі тең дәрежеде қорғалады. Мұның барлығы – азаматтық қоғамның басты алғышарттары болып табылады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Осыған орай, демократия белгілерінің бірі болып табылатын табылатын ақпарат кеңістігінің ашықтығы Қазақстан үшін де басты мәселелердің бірі болып табылады.
Бүгінде елімізде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары ақиқатқа айналды және ашық ақпараттық кеңестікті дамыту өріс алды. Республикада 2 мыңнан астам БАҚ жұмыс істеуді, олардың ішінде 80 пайызын мемлекеттік емес бұқаралық медиалар құрайды. Мұнымен бірге Қазақстанның ақпараттық нарығында қазіргі таңда негізінен мемлекеттік емес газеттер, журналдар, теле және радиоарналар жетекшілік рөл атқаруда. Телевизиялық негізгі арналар мен бұқаралық ақпараттық құралдарға бақылау орнатуға ұмтыла отырып, мемлекетті басқару ісіне басымдырақ ықпал етуге ұмтылады және осы топтардың арасында мемлекеттік биліктің өкілдері ықпал ету үшін бәсеке күшейіп, кей жағдайда «ақпараттық соғыс» формасына дейін көрініс тауып отырды.
ХХІ ғасырдың басында Қазақстандық ақпараттық нарықта медиахолдингке ие бес-алты монополист қана бар болатын, оның құрамына радио, телевидение, газеттер кірді. Медиахолдингтер құру қаржыны жинақтауға мүмкіндік беріп қана қоймай технологиялық ресурстар мен шығармашылық интеллектуалдық ресурстарды да топтастыруға мүмкіндік берді. Осы ақпараттық маңызды салада меншікті шамадан тыс топтастыру мемлекетке ғана айтарлықтай қауіп төндіріп қоймайды, сондай-ақ қоғамға да зиянды. Өйткені аздаған адамдардың қолына жинақталған бұқаралық медиаға көзқарастар плюрализмін шектеп сөз бостандығының Конституциялық негіздерін бұзады. БАҚ-тың жеке монополистер құрылымдардың қолына жинақталуы олардың ақпараттық кеңістіктегі монополизмін туғызды. Болашақта Қазақстанда бүкіл дүние жүзіндегідей БАҚ-ты монополизациялау және топтастыру үрдісі жалғаса береді. Мемлекет топтастыру үрдісіне және БАҚ-тарды меншіктеуді құқықтық реттеудің жүзеге асуына бақылау жасауы тиіс.
Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі идеология алуандылығына тоқталап келіп, БАҚ туралы: «Қазақстанда сөз бостандығына цензура жоқ; мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары құрылып, жұмыс істеуде. Осы орайда бұрынғы шақырылған Парламентте БАҚ еркіндігін шектеу әрекеті байқалғанын, ондағы дүдәміл заң жобасына тоқтау салынды, мемлекет өзінің баспасөз бостандығы жолындағы бағытының мызғымайтындығын тағы да қуаттап берді» - деген тұжырымдар жасаған болатын [5].
Қазақстандағы ақпараттық саланы дамытуға әрқашан да үлкен мән берілді. Бұл мақсаттар үшін мемлекет көптеген түрлі шаралар атқаруда. Осының ішінде медиа-қауымдастықтың бірқалыпты дамуына кедергілерді жою мықтап қолға алынды. Мұндай стратегияның нәтижелілігін күнделікті өмірде көзіміз көріп жүр. Республиканың ақпараттық рыногы, әсіресе, соңғы жылдары тоқтаусыз өсіп келе жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазіргі уақытта қазақстандық медиа кеңістікте мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары басымдыққа ие. 1990 жылға дейін елімізде бар-жоғы 10 республикалық мемлекеттік газеттер мен журналдар басылды, эфирге 21 теле- және радиоарна шықты. Ресми мәліметтер бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 2 786 БАҚ тіркелген, оның 79%-ы мемлекеттік емес болып табылады. Осы орайда Үкімет оларға қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысуда [6].
Медиялық орталық ашықтығы мен бәсекелестігі тетіктерін күшейту, журналистер құқықтарының сақталуына кепілдік беру деңгейін жоғарылату, БАҚ жауапкершілігін күшейту мәселелері елімізде азаматтық қоғамның маңызды институты ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудағы негізгі міндет ретінде айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: