Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы


Химиялық заттардың экспортталуы кезiндегi iлеспе ақпарат



бет2/3
Дата13.06.2016
өлшемі361.86 Kb.
#133666
1   2   3

Химиялық заттардың экспортталуы кезiндегi iлеспе ақпарат

      1. Тараптар Конференциясы Дүниежүзiлiк кеден ұйымына III-қосымшаға қосылған әрбiр химиялық затқа немесе әрбiр химиялық заттар тобына Келiсiлген жүйе аясында, орынды түсiнiктен шыға отырып, нақты кедендiк кодтар белгiлеудi ұсынады. Барлық жағдайда осындай химиялық затқа тиiстi код белгiленгенде, әрбiр Тарап осы химиялық заттың экспортталуы кезiнде осы кодтың iлеспе құжатта көрсетiлуiн талап етедi.


      2. Әрбiр Тарап импорттаушы Тараптың қандай да бiр талаптары үшiн зиянсыз  III-қосымшаға  қосылған химиялық заттар сияқты, оның аумағында тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттарға тиiстi халықаралық нормаларды есепке ала отырып, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауiп-қатер және/немесе қауiптер туралы жеткiлiктi ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететiн таңбалауына қатысты талаптардың сақталуын талап етедi.
      3. Импорттаушы Тараптың қандай да бiр талаптары үшiн әрбiр Тарап зиянсыз химиялық заттарды экспорттау кезiнде оның аумағында экологиялық немесе медициналық таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты халықаралық нормаларды есепке ала отырып, адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауiп-қатер және/немесе қауiптер туралы жеткiлiктi ақпараттың бар болуын қамтамасыз ететiн таңбалауға қатысты талаптардың сақталуын талап ете алады.
      4. Әрбiр экспорттаушы Тарап кәсiби мақсатта пайдалану үшiн арналған 2-тармақта ескерiлген химиялық заттарға қатысты халықаралық танылған қалыпқа сәйкес келуi және әрбiр импорттаушыға ең соңғы ақпарат келтiрiлуi тиiс, қауiпсiздiкке қатысты деректер нысанының жiберiлуiн талап етедi.
      5. Қауiпсiздiкке қатысты таңбалау этикеткесiнде және деректер қалыбында ақпараттар импорттаушы Тараптың бiр немесе бiрнеше ресми тiлдерiнде мүмкiндiгiнше келтiрiлуi тиiс.

  14-бап


Ақпарат алмасу

      1. Тараптар тиiстi үлгiде және осы Конвенцияның мақсаттарына сәйкес:


      а) уытты және экоуытты сипаттағы ақпаратты қоса алғанда, осы Конвенцияның қолданылу саласы аясында химиялық заттарға қатысты ғылыми, техникалық, экономикалық және құқықтық ақпараттармен, сондай-ақ қауiпсiздiкке қатысты ақпаратпен алмасуға;
      b) осы Конвенцияның мақсаттарын iске асыру үшiн өзектi мәнi бар ұлттық регламенттеушi қаулылар туралы жалпыға бiрдей ақпаратты ұсынуға;
      с) тиiстi жағдайларда басқа Тараптарға тiкелей немесе хатшылық арқылы химиялық заттарды қолданудың бiр немесе бiрнеше түрлерiн қатаң шектейтiн iшкi регламенттеушi шаралар туралы ақпарат ұсынуға жәрдемдеседi.
      2. Осы Конвенцияны орындау барысында ақпарат алмасуды жүзеге асырушы Тараптар кез-келген құпия ақпаратты қорғауды өзара түсiнiстiк негiзiнде қамтамасыз етедi.
      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн мынадай ақпарат құпия саналмайды:
      а) 5 және 6-баптарды орындау барысында ұсынылған  I    және   IV-қосымшаларда  ескерiлген ақпарат, тиiсiнше;
      b) 13-баптың 4-тармағында ескерiлген қауiпсiздiкке қатысты деректер нысанындағы ақпарат;
      с) химиялық заттардың жарамдылық мерзiмi;
      d)   сақтандыру шаралары, оның iшiнде қауiптiлiк деңгейi, қауiп-қатер сипаты және қауiпсiздiкке қатысты тиiстi ұсынымдар туралы ақпарат; және
      е) уытты және экоуытты тексерiстер нәтижелерiнiң резюмесi.
      4. Химиялық заттардың шығарылған күнi осы Конвенцияның мақсаттары үшiн, әдетте, құпия ақпарат болып саналмайды.
      5.  III-қосымшаға  қосылған химиялық заттарды транзиттiк тасымалдау туралы ақпаратты қажет ететiн кез-келген Тарап, оның аумағы арқылы тиiстi үлгiде барлық Тараптарға ақпарат беретiн хатшылыққа осы қажеттiлiк туралы хабардар етедi.

  15-бап


Конвенцияны жүзеге асыру

      1. Әрбiр Тарап осы Конвенцияны тиiмдi жүзеге асыру мақсатында оның ұлттық инфрақұрылымдары мен мекемелерiн жасау және нығайту үшiн қажет болуы мүмкiн шараларды қабылдайды. Бұл шаралар қажетiне қарай ұлттық заңнамаларды немесе әкiмшiлiктiк сипаттағы iс-қимылдарды iске асыру немесе қабылдауды немесе өзгертудi қосады және:


      а) химиялық заттарға қатысты ақпараттың қауiпсiздiгiне қатысты ұлттық тiркелiмдер және деректер базаларын құруды;
      b) химиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында өнеркәсiп ұсынған бастамаларды көтермелеудi; және
      с) 16-баптың ережелерiн есепке ала отырып, ерiктi келiсiмдерге әрекет етудi қарастыруы мүмкiн.
      2. Әрбiр Тарап жұртшылықты химиялық заттармен жұмыс iстеуде және апаттық жағдайда шаралар қолдану туралы және III-қосымшада санамаланған химиялық заттарға қарағанда адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшiн едәуiр қауiпсiз болатын альтернативалар жайлы ақпараттарға тиiсiнше қол жеткiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
      3. Тараптар осы Конвенцияны тiкелей немесе субөңiрлiк, өңiрлiк және жаһандық деңгейде жүзеге асыру iсiнде құзырлы халықаралық ұйымдар арқылы дұрыс деп табатын жерде келiседi.
      4. Осы Конвенция ережелерiнiң бiрде-бiреуi Тараптардың осы Конвенцияда қарастырылған адам денсаулығын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған неғұрлым қатаң шараларды, осы Конвенцияның ережелерiне және халықаралық құқыққа сәйкес болған жағдайда қабылдау құқын шектеушi ретiнде өзiнше пайымдалмайды.

  16-бап


Техникалық көмек

      Тараптар, атап айтқанда, дамушы елдердiң және өтпелi экономикасы бар елдердiң қажеттiлiктерiн назарға ала отырып, осы Конвенцияны жүзеге асыру мүддесiмен химиялық заттарды тиiмдi пайдалану саласындағы қажеттi инфрақұрылымдар мен әлеуеттi дамыту үшiн техникалық көмектi кеңейтуге ынтымақтасады. Химиялық заттарды реттеудiң неғұрлым жетiлдiрiлген бағдарламалары бар Тараптар басқа Тараптарға кәсiби дайындықты қоса алғанда, олардың өмiрлiк циклi бойынша химиялық заттарды орынды пайдалану саласындағы инфрақұрылымдары мен әлеуетiн дамыту iсiнде техникалық көмек көрсетуi тиiс.

  17-бап
Сақтамау

      Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның ережелерiн сақтамау фактiсiн белгiлеу және осы ережелердi қадағаламаушылар ретiнде танылған Тараптар қатысында шараларды қолдану үшiн арнайы ресiмдер мен ұйымдастырушылық тетiктердi әзiрлейдi және бекiтедi.

  18-бап
Тараптар Конференциясы

      1. Осы арқылы Тараптар Конференциясы бекiтiледi.


      2. Тараптар Конференциясының бiрiншi мәжiлiсi бiрлесе әрекет ететiн ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры, осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырылады. Осыдан кейiн Тараптар Конференциясының кезектi мәжiлiсi Конференцияда белгiленген кезеңде шақырылады.
      3. Тараптар Конференциясының кезектен тыс мәжiлiстерi Конференция мұны қажет деп санаған немесе кез-келген Тараптың жазбаша өтiнiшi бойынша, бұл өтiнiштi Тараптардың үштен бiрi қолдаған кезiнде шақырылады.
      4. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi өздерi сияқты көмекшi органдардың рәсiмдер ережесiне және қаржы ережесiне, сондай-ақ хатшылық қызметiн реттейтiн қаржы ережелерiне консенсуспен келiсiм алады және қабылдайды.
      5. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның жүзеге асу барысын үнемi бақылайды және тиiстi бағасын бередi. Ол Конвенциямен жүктелген қызметтердi орындайды және осы мақсатта:
      а) 6-тармақта қарастырылған Конвенцияны орындауға қажет деп тапқан төмендегi көмекшi органдарды бекiтедi;
      b) тиiстi жағдайларда халықаралық ұйымдармен және үкiметаралық пен үкiметтiк емес органдармен ынтымақтасады; және
      с) осы Конвенцияның мақсатқа жетуiн қамтамасыз ету үшiн қажет кез-келген қосымша шараларды қарайды және қабылдайды.
      6. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кеңесiнде Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет деп аталатын көмекшi органды, осы Конвенцияға сәйкес Комитетке жүктелетiн қызметтердi орындау үшiн ратификациялайды. Бұған байланысты:
      а) Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитеттiң мүшелерiн Тараптар Конференциясы бекiтедi. Комитет химиялық заттарды реттеу саласындағы тағайындалған шектеулi санда үкiметтiк сарапшылардан тұрады. Комитет мүшелерi әдiл географиялық орналасу негiзiнде есепке алына отырып, оның iшiнде дамыған және дамушы елдер болып табылатын Тараптардың баланстағы өкiлдiктерiн қамтамасыз етудi қоса алғанда тағайындалады;
      b) Тараптар Конференциясы Комитеттiң жұмысын жүргiзу, ұйымдастыру және қалыптастыру шеңберi туралы мәселенi шешедi;
      с) Комитет консенсус негiзiнде өздерiнiң ұсынымдарын шығару үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды. Егер, консенсусқа қол жеткiзудiң барлық мүмкiндiктерi жасалған болса, ал консенсусқа қол жеткiзiлмесе, осындай ұсыным соңғы шара ретiнде дауыс беруге қатысып отырған мүшелердiң үштен екi басым даусымен қабылданады.
      7. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның арнайы мекемелерi мен Атом энергетикасы жөнiндегi халықаралық агенттiгi, осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез-келген Тарап Тараптар Конференциясының отырыстарында бақылаушы ретiнде қатыса алады. Хатшылыққа Тараптар Конференциясы отырысына бақылаушы ретiнде қатысқысы келетiндiктерiн хабарлаған, Конвенция iс-қимылына қатысты салада жұмыс тәжiрибесi бар басқа ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе үкiметтiк емес органдар немесе мекемелер, егер Тараптар отырысына қатысып отырғандардың кем дегенде үштен бiрi бұған қарсы болмаса, оған қатысуға жiберiлуi мүмкiн. Бақылаушылардың жiберiлуi мен қатысуы Тараптар Конференциясында қабылданған рәсiмдер ережелерiмен реттеледi.

  19-бап


Хатшылық

      1. Осымен хатшылық бекiтiледi.


      2. Хатшылыққа мынадай мiндеттер:
      а) Тараптар Конференциясының отырысын және оның көмекшi органдарын ұйымдастыру және қойылатын талаптарға сәйкес оларға қызмет көрсету;
      b) осы Конвенцияны жүзеге асыру iсiндегi өтiнiштерi бойынша Тараптарға, бiрiншi кезекте дамушы елдер болып табылатын Тараптарға және өтпелi экономикасы бар Тараптарға көмек көрсетуге ықпал етедi;
      с) басқа тиiстi халықаралық органдардың хатшылықтарын қажеттi үйлестiрумен қамтамасыз ету;
      d) Тараптар Конференциясының жалпы басшылығымен оның қызметтерiн тиiмдi орындау үшiн талап етiлуi мүмкiн осындай әкiмшiлiктiк немесе шарттық келiсiмдердiң қорытындысы;
      е) осы Конвенцияда қарастырылған хатшылық қызметтердi және Тараптар Конференциясы анықтауы мүмкiн осындай басқа да қызметтердi орындау жүктеледi.
      3. ЮНЕП Атқарушы директоры мен ФАО Бас директоры осы Конвенция шеңберiндегi хатшылық қызметтердi олардың арасында келiсiлетiн және Тараптар Конференциясы бекiтетiн келiсiмдердi есепке ала отырып, бiрлесе орындайды.
      4. Тараптар Конференциясы, егер ол хатшылық тетiгiнiң болжанған тиiстi себеппен қызмет атқармайды деген тұжырымға келсе, Тараптардың дауыс беруiне қатысып отырғандардың төрттен үш басымдылығымен хатшылық қызметтi бiр немесе бiрнеше басқа құзыреттi халықаралық ұйымдардың орындауына шешiм қабылдауы мүмкiн.

  20-бап


Дауларды реттеу

      1. Тараптар осы Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты олардың арасындағы дауларды келiссөздер жолымен немесе өзiнiң таңдауы бойынша кез-келген өзге бейбiт тәсiлмен реттейдi.


      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде немесе бұдан кейiн кез-келген уақытта экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы болып табылмайтын Тарап Депозитариге Конвенцияны талқылауға немесе қолдануға қатысты кез-келген дауда осындай мiндеттi мойнына алған кез-келген Тарапқа қатысты дауды реттеудiң мынадай құралдарының бiреуiн немесе екеуiн де мiндеттi деп танитыны туралы жазбаша түрде өтiнiш бере алады:
      а) Тараптар Конференциясы қабылдаған қосымшаға жататын рәсiмдерге сәйкес iс жүзiнде мүмкiн болатын төрелiк сотта қарау; және
      b) дауды Халықаралық сотқа беру.
      3. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы болып табылатын Тарап 2 а) тармағында ескерiлген рәсiмге сәйкес төрелiк iстi қарауға қатысты осы сипаттағы өтiнiшiн бере алады.
      4. 2-тармаққа сәйкес жазылған өтiнiш осы өтiнiштiң шарттарына сәйкес оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе оның пiкiрi туралы жазбаша хабарлама Депозитариге сақтауға берiлгеннен кейiн үш ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      5. Өтiнiш, пiкiр туралы хабарлама немесе осындай жаңа өтiнiш мерзiмiнiң аяқталуы, егер, дауласушы Тараптар өзгеше келiспесе, төрелiк соттың немесе Халықаралық соттың қарауында жатқан iстердi қарастырмайды.
      6. Егер, дауласушы Тараптар 2-тармаққа сәйкес сол немесе кез-келген рәсiмдi қабылдамаса және, егер, бiр Тараптың басқа Тарапқа олардың арасында дау туғаны туралы хабарлағаннан кейiн он екi ай өткен соң Тараптар өздерiнiң дауларын реттей алмағанда, кез-келген дауласушы Тараптың өтiнiшi бойынша бұл дау келiсiм комиссиясына берiледi. Келiсiм комиссиясы ұсынымдары бар баяндаманы ұсынады. Келiсiм комиссиясына қатысты қосымша рәсiмдер Конференцияның екiншi мәжiлiсiнен кешiктiрмей Тараптар Конференциясы қабылдауға жататын қосымшаға қосылады.

  21-бап


Конвенцияға түзетулер

      1. Кез-келгенi Тараптардың осы Конвенцияға өзгерiстер ұсына алады.


      2. Осы Конвенцияға түзетулер Тараптар Конференциясының кеңесiнде қабылданады. Хатшылық кез-келген ұсынылған өзгерiстiң мәтiнiн оны қабылдауға ұсынатын кеңестi өткiзуге дейiн алты айдан кешiктiрмей Тараптарға жiбередi. Сондай-ақ, хатшылық ақпарат үшiн осы Конвенцияға қол қойған елдерге және Депозитариге ұсынылған түзетулер мәтiнiн жiбередi.
      3. Тараптар консенсус жолымен осы Конвенцияға кез-келген ұсынылған түзетулер қабылдауға қатысты келiсiмге қол жеткiзуге барлық күшiн салады. Егер консенсусқа қол жеткiзу үшiн барлық құралдар қолданылып болса, онда соңғы шара ретiнде дауыс беруге қатысып отырған Тараптардың төрттен үш басым даусымен өзгерiс қабылданады.
      4. Депозитарий түзетулердi барлық Тараптарға ратификациялауға, қабылдауға немесе мақұлдауға жiбередi.
      5. Депозитариге түзетулердi ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы жазбаша хабарлама жiберiледi. 3-тармаққа сәйкес қабылданған өзгерiс оны қабылдаған Тараптар үшiн күшiне енедi, ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi Тараптардың кем дегенде төрттен үшi жiберiледi. Одан әрi өзгерiс кез-келген басқа Тарап үшiн осы Тараптың өзгерiстi ратификациялау, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжатты сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.

  22-бап


Қосымшалар қабылдау және оларға түзетулер енгiзу

      1. Осы Конвенцияға қосымшалар оның ажырамас бөлiгi болып табылады, егер, өзгесi тура қарастырылмаса, осы Конвенцияға сiлтеме сол уақытта оның кез-келген қосымшаларына сiлтеме бола алады.


      2. Қосымшалар рәсiмдiк, ғылыми, техникалық немесе әкiмшiлiктiк мәселелермен шектеледi.
      3. Осы Конвенцияға толықтырушы қосымшаларды ұсынудың, қабылдаудың және күшiне енудiң мынадай рәсiмi қолданылады:
      а) толықтырушы қосымшалар 21-баптың 1, 2 және 3-тармақтарында баяндалған рәсiмге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) толықтырушы қосымша қабылдай алмайтын кез-келген Тарап Депозитариге бұл туралы Депозитарий осындай толықтырушы қосымша қабылданғаны туралы жазбаша нысанда хабарлаған күнiнен бастап бiр жылдың iшiнде хабардар етедi. Депозитарий барлық Тараптарды олар алған кез-келген осындай хабарлама туралы кешiктiрместен хабардар етедi. Кез-келген Тарап кез-келген уақытта бұрын жiберiлген кез-келген толықтырушы қосымшаға қатысты қарсылығы туралы өтiнiштi төмендегi с) тармақшасын сақтай отырып, қосымша осы Тарап үшiн күшiне енгеннен кейiн қайтып ала алады; және
      с) Депозитарий толықтырушы қосымша қабылдау туралы хабарлаған күнiнен бастап бiр жыл өткеннен соң осы қосымша жоғарыда b) тармақшасының ережелерiне сәйкес хабарлама ұсынбаған барлық Тараптар үшiн күшiне енедi.
      4.  III қосымшадағы  жағдайдан басқа осы Конвенция қосымшаларына
түзетулер қабылдау және күшiне енгiзу Конвенцияға толықтырушы қосымшалар ұсыну, қабылдау және күшiне енгiзу үшiн бекiтiлген ұқсас рәсiммен реттеледi.
      5. III қосымшаға түзетулер ұсыну, оларды қабылдау мен күшiне енгiзу мынадай рәсiмде қолданылады:
      а) III қосымшаға түзетулер 5-9-баптарда және 21-баптың 2-тармақшасында мазмұндалған рәсiмге сәйкес ұсынылады және қабылданады;
      b) Тараптар Конференциясы консенсусқа негiзiнде өз шешiмдерiн шығарады;
      с) Депозитарий Тараптарға III қосымшаға түзетулер енгiзуге қатысты шешiм туралы кешiктiрместен хабарлайды. Түзетулер барлық Тараптар үшiн шешiмде көрсетiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
      6. Егер, толықтырушы қосымша немесе қосымшаға өзгерiс осы Конвенцияға өзгерiстер енгiзумен байланысты болса, онда осындай толықтырушы қосымша немесе түзету осы Конвенцияға түзету күшiне енгеннен кейiн ғана күшiне енедi.

  23-бап


Дауыс беру

      1. Төмендегi 2-тармақта көзделген жағдайды қоспағанда осы Конвенцияның әрбiр Тарабы бiр дауысқа ие болады.


      2. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы өз құзыретiне енген мәселелер бойынша осы Конвенцияның Тараптары болып табылатын мүше мемлекеттердiң санына тең дауыстар санына ие бола отырып, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырады. Осындай ұйым, егер, оған мүше мемлекеттер өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асыратын және керiсiнше болса, өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асырмайды.
      3. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "дауыс беруге қатысатын Тараптар" "жақтап" немесе "қарсы" дауыс берушi қатысушыларды және дауыс берушiлердi бiлдiредi.

  24-бап 


Қол қою

      Осы Конвенция барлық мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың ұйымдары үшiн 1998 жылғы 11 қыркүйекте Роттердамда және Нью-Иорктегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 1998 жылғы 12 қыркүйек - 1999 жылғы 10 қыркүйек аралығында қол қою үшiн ашық.

  25-бап
Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу

      1. Осы Конвенция мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының ратификациялауына, қабылдауына немесе мақұлдауына жатады. Ол мемлекеттер мен экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымдарының қосылуы үшiн Конвенция қол қою үшiн жабылғаннан кейiнгi келесi күнiнен бастап ашық. Ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға тапсырылады.


      2. Осы Конвенцияның Тарабы болатын экономикалық ықпалдастықтың кез-келген өңiрлiк ұйымы оның мүше мемлекеттерiнiң бiрде-бiрi Тарап болып табылмайтын уақытта Конвенциядан туындайтын барлық мiндеттемелермен байланысты болады. Осындай ұйымның бiр немесе бiрнеше мүше мемлекеттерi Конвенция Тараптары болып табылған жағдайда, бұл ұйым және оның мүше мемлекеттерi Конвенциядан туындайтын өз мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi тиiстi мiндеттерi туралы мәселенi шешедi. Осындай жағдайларда ұйым және мүше мемлекеттерi осы Конвенциядан туындайтын құқықты бiр уақытта жүзеге асыра алмайды.
      3. Экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында осы Конвенциямен реттелетiн мәселелерге қатысты өз құзыретiнiң саласы туралы жазады. Сондай-ақ, кез-келген осындай ұйым өз кезегiнде Тараптарға оның құзыретi саласының кез-келген тиiстi өзгеруi туралы хабарлайтын Депозитарийдi хабардар етедi.

  26-бап


Күшiне ену

      1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжат сақтауға тапсырылған күнiнен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.


      2. Осы Конвенцияны ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы елуiншi құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн ратификациялайтын, қабылдайтын немесе мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы үшiн Конвенция осындай мемлекет немесе экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы ратификациялау, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжатын сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.
      3. 1 және 2-тармақтардың мақсаттары үшiн экономикалық ықпалдастықтың өңiрлiк ұйымы сақтауға тапсырған кез-келген құжат осы ұйымның мүше мемлекеттерi сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды. 

  27-бап


Ескертпелер 

      Осы Конвенцияға ешқандай ескертпелерге жол берiлмейдi.

  28-бап
Шығу

      1. Тараптар үшiн осы Конвенция күшiне енгiзiлген күнiнен бастап үш жыл өткен соң кез-келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша хабарлама жiбере отырып, Конвенциядан шыға алады.


      2. Кез-келген осындай шығу Депозитарий шығу туралы хабарлама алған күнiнен бастап бiр жыл өткен соң немесе шығу туралы хабарламада көрсетiлуi мүмкiн неғұрлым осындай кешiрек мерзiмде күшiне енгiзiледi.

  29-бап


Депозитарий

      Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның Депозитарий болып табылады.

  30-бап
Бiрдей мәтiндер

      Осы Конвенция мәтiндерiнiң ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз тiлдерiнде де тең болатын түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға тапсырылады.


      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА төменде қол қойғандар осыған тиiстi түрде уәкiлеттiлер осы Конвенцияға қол қойды.
      Бiр мың тоғыз жүз тоқсан сегiзiншi жылы қыркүйек айының оныншы күнi Роттердамда жасалды.

  I қосымша

5-БАПҚА СӘЙКЕС ҰСЫНЫЛҒАН ХАБАРЛАМАЛАРДА БОЛАТЫН АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР

Хабарламалар мынадай ақпаратты қамтиды:

       1. Сипаты, анықтау, және қолдану түрлерi
      а) жалпы атауы;
      b) халықаралық деңгейде (мысалы, Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағының (ХТҚХО) танылған номенклатура шеңберiндегi химиялық атауы, егер, осындай номенклатура болған;
      с) сауда атаулары және құрамдар атаулары;
      d) кодтық нөмiрлер: Химия бойынша аналитикалық шолулар дайындау қызметiнiң (КАС) нөмiрi, Кедендiк кодтардың келiсiлген жүйесi және басқа нөмiрлер;
      е) химиялық зат жiктеуге қатысты талаптарға түскен жағдайларда, қауiптiлiк жiктеуi туралы ақпарат;
      f) түр немесе пайдалану түрлерi;
      g) физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттер.
       2. Соңғы регламенттеушi қаулы
      а) Соңғы регламенттеушi қаулыға қатысты ақпарат:
      i) соңғы регламенттеушi қаулының резюмесi;
      ii) регламенттеушi құжатқа сiлтеме;
      iii) соңғы регламенттеушi қаулының күшiне енген күнi;
      iv) қауiп-қатерi/қауiптiлiктi бағалау негiзiнде қабылданған соңғы регламенттеушi қаулы болғаны туралы хабар; және оң нәтижелi жағдайда тиiстi құжаттамаға сiлтеменi қосатын осындай баға туралы ақпарат;
      v) тұтынушылар мен жұмыскерлер денсаулығын қоса алғанда, адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне қатысты соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдау себептерi;
      vi) тұтынушылар мен жұмыскерлердiң денсаулығын қоса алғанда, адам денсаулығы немесе қоршаған орта үшiн химиялық заттармен байланысты қауiптiлiкке және қауiп-қатерге және соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдаудың болжамды салдарларына шолу;
      b) әрбiр санат бойынша бөлгенде соңғы регламенттеушi қаулы қабылданатын санат немесе санаттар:
      i) соңғы регламенттеушi қаулыға сәйкес тыйым салынған пайдалану түрi немесе түрлерi;
      ii) бұрынғыдай рұқсат етiлген пайдалану түрi немесе түрлер;
       iii)   өндiрiлетiн, импортталатын, экспортталатын және
пайдаланылатын химиялық заттар көлемдерiнiң бағалау, с) соңғы регламенттеушi қаулы басқа мемлекеттер мен өңiрлер үшiн өзектi болуын егер, мұндай баға бар болған жағдайда, мүмкiндiгiнше көрсету;
       d)   келесi элементтердi қосуы мүмкiн, өзге кез-келген басқа тиiстi ақпарат:
      i) соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдаумен байланысты әлеуметтiк-экономикалық салдарларды бағалауды;
      ii) егер, мұндай бар болса, альтернативалар және олармен байланысты қауiп-қатерлер туралы ақпарат, мысалы:
      - ауыл шаруашылық зиянкестерiмен күрестiң кешендi стратегиясы;
      - экологиялық таза технологияны қоса алғанда, өндiрiстiк әдiстер мен процестер.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет