Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясын ратификациялау туралы



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі361.86 Kb.
#133666
1   2   3
II косымша

ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН НЕМЕСЕ ҚАТАҢ ШЕКТЕЛГЕН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА ҚОСУ ӨЛШЕМI

      Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет 5-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жiберген хабарламаны қарау кезiнде:


      а) соңғы регламенттеушi қаулының адам денсаулығын немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында қабылданғанын растайды;
      b) соңғы регламенттеушi қаулы тәуекелдiктi бағалау қорытындысының негiзiнде қабылданғанын белгiлейдi. Бұл баға тиiстi Тараптағы басым түсетiн шарттардың контексiндегi ғылыми деректердi шолуға негiзделуi тиiс. Осы мақсат үшiн ұсынылған құжаттамада:
      i) деректердiң ғылыми танылған әдiстер көмегiмен алынғаны;
       ii)   деректер шолуларының жалпы танылған ғылыми принциптердi және рәсiмдердi сақтай отырып жүргiзiлгенi және құжат түрiнде ресiмделгенi;
      iii) соңғы регламенттеушi қаулының қаулыны қабылдаушы Тараптағы басым түсетiн шарттарды есепке ала отырып, тәуекелдiктердi бағалау қорытындысына негiзделгенi айқындалуы тиiс
      с) соңғы регламенттеушi қаулының химиялық заттарды III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiктi түрде кеңiнен негiзделгенiн қамтамасыз ететiндiгiн мыналарды:
      i) соңғы регламенттеушi қаулының осы химиялық заттардың тұтыну көлемiнiң немесе оны қолдану түрлерi санының елеулi қысқаруына алып келгенiн немесе күтiлетiндей алып келетiнiн;
      ii) соңғы регламенттеушi қаулы хабарлама ұсынған Тараптағы адам денсаулығына немесе қоршаған орта үшiн тәуекелдiктiң iс жүзiндегi азаюына алып келгенiн немесе күтiлетiндей елеулi азаюына алып келетiнiн;
      iii) тек шектеулi географиялық аймақта немесе басқа да шектеулi жағдайларда қолданылған соңғы регламенттеушi қаулыны қабылдау үшiн негiз болған пiкiр болғанын;
      iv) халықаралық деңгейде осы химиялық заттармен жалғасқан сауда фактiлерiнiң барлығын есепке ала отырып анықтайды;
       d)   алдын ала болжанған дұрыс пайдаланбау химиялық заттарды  III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiктi негiз болып табылмайтынын ескередi.

  III қосымша



АЛДЫН АЛА НЕГIЗДЕЛГЕН КЕЛIСIМ РӘСIМIНIҢ ҚОЛДАНЫСЫНА
ТҮСЕТIН ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАР 

Химиялық зат

КАС тиiстi нөмiрi (лерi)

Санаты

2, 4, 5-Т

93-76-5

Пестицид

Альдрин

309-00-2

Пестицид

Каптафол

2425-06-1

Пестицид

Хлордан

57-74-9

Пестицид

Хлордимеформ

6164-98-3

Пестицид

Хлорбензилат

510-15-6

Пестицид

ДДТ

50-29-3

Пестицид

Дильдрин

60-57-1

Пестицид

Диносеб және     диносебтың тұздары

88-85-7

Пестицид

1,2-диброметан

106-93-4

Пестицид

Фторацетамид

640-19-7

Пестицид

НСН (аралас изомерлер)

608-73-1

Пестицид

Гептахлор

76-44-8

Пестицид

Гексахлорбензол

118-74-1

Пестицид

Линдан

58-89-9

Пестицид

Сынап бiрiгуi, сынаптың
органикалық емес бiрiгуiн қосу, алкилсынаптың          бiрiгуi, сонымен  қатар,
алкилоксиалкилдiк және арилденген сынап бiрiгуi

  

Пестицид

Пентахлорфенол

87-86-5

Пестицид

Монокротофос (600 г/л-дан
асатын, белсендi
ингредиенттерi бар еритiн 
сұйық құрамдар)

6923-22-4

Аса қауiптi пестицидтiк  құрам

Метамидофос (600 г/л-дан 
асатын, белсендi 
ингредиенттерi бар еритiн сұйық құрамдар)

10265-92-6

Аса қауiптi 
пестицидтiк құрам

Фосфамидон (1000 г/л-дан
асатын, белсендi
ингредиенттерi бар еритiн
сұйық құрамдар)     

13171-21-6

Аса қауiптi пестицидтiк құрам

 

Химиялық зат

КАС тиiстi нөмiрi  (лерi)

Санаты

Метилпаратион (19,5-,40-,50-,60-проценттiк белсендi құрамдас бөлiктерi бар және 1,5-,2- және 3-проценттiк белсендi құрамдас бөлiктерi бар эмульгаторланған 
концентраттар (ЭШ)

298-00-0

Аса қауiптi пестицидтiк құрам

Паратион Осы заттың барлық құрамы - капсулалар-
дағы суспензиялардан (КЖ)
басқа, аэрозолдар, тозаң-
датылатын ұнтақтар (СҰ), 
эмульгаторланған концен-
траттар (ЭШ), түйiршiктер (Т) және суланған ұнтақтар (СҰ)

56-38-2

Аса қауiптi пестицидтiк құрам

Кроцидолит

12001-28-4

Өндiрiстiк химикат

Полибромдалған     дифенилдер (ПБД)

36355-01-8 
(гекса-) 
27858-07-7 (окта-)
13654-09-6 (дека-)

Өндiрiстiк химикат

Полихлорланған     дифенилдер (ПХД)

1336-36-3

Өндiрiстiк химикат

Полихлорланған    терфинилдер (ПХТ)

61788-33-8

Өндiрiстiк химикат

Трис            (2,3-дибромпропил) фосфат

126-72-7

Өндiрiстiк химикат

  IV қосымша

АСА ҚАУIПТI ПЕСТИЦИДТIК ҚҰРАМДАРДЫ III ҚОСЫМШАҒА ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ӨЛШЕМДЕР

       1-бөлiм. Ұсынушы Тараптан талап етiлетiн құжаттама
      6-баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылған ұсыныстардың келесi ақпаратты қамтитын лайықты құжаттамасы үлестiрiледi:
      а) қауiптi пестицидтiк құрамның атауы;
      b) белсендi ингредиенттi немесе құрамдағы ингредиенттер атауы;
      с) құрамдағы белсендi ингредиенттiң салыстырмалы көлемi;
      d) құрамның типi;
      f) ұсынушы Тарапта құрамды қолданудың кеңiнен таралған және танылған түрлерi;
      g) қолайсыз салдарларды және пестицидтiк құрамның қалай пайдаланғанын қоса алғанда, проблемаға қатысы бар оқиғаларды нақты сипаттау;
      h) кез-келген регламенттеушi, әкiмшiлiк немесе өзге шаралар қабылдаған немесе ұсынушы Тараппен сондай жағдайлардың пайда болған нәтижесiнде қабылданатын болады.

2-бөлiм. Жинақталуын хатшылық жүзеге асыратын ақпарат

      6-баптың 3-тармағына сәйкес хатшылық құрамға қатысты тиiстi ақпараттың жинақталуын жүзеге асырады, қоса алғанда:


      а) құрамның физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттерiн;
      b) басқа мемлекеттердегi қайта өңдеуге немесе қолдануға қатысты шектеудiң барлығы туралы ақпаратты;
      с) басқа мемлекеттердегi құраммен байланысты оқиғалар туралы ақпаратты;
      d) басқа Тараптар, халықаралық ұйымдар, үкiметтiк емес ұйымдар немесе ұлттық, сонымен бiрге халықаралық басқа тиiстi көздердiң желiсi бойынша ұсынған ақпаратты;
      е) тәуекелдiк және/немесе қауiптiлiк бағасын;
      f) егер, мұндай бар болса, құрамның қолданылу ауқымы, мысалы өндiрiс немесе сату тiркеуiнiң саны немесе көлемi туралы куәландыратын ақпаратты;
      g) егер, мұндай бар болса, қаралатын пестицидтердiң басқа құрамдарын және осы құрамдармен байланысты оқиғаларды;
      h) ауыл шаруашылық зиянкестерiмен күрестiң ұқсас әдiстерi;
      i) Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет анықтайтын осы мәселеге қатысы бар басқа ақпаратты.

3-бөлiм. Аса қауiптi пестицидтер құрамын III қосымшаға қосу критерий

      Химиялық заттарды қарау жөнiндегi комитет 6-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жiберген ұсыныстарды қарау кезiнде мынадай факторларды назарға алады:


      а) ұсынушы Тарап шеңберiнде кең таралған немесе қолданылған танымал тәжiрибеге сәйкес жүзеге асқан құрамның пайдаланылуы туралы куәландыратын деректер сенiмдiлiгiнiң тiркелген оқиғаларға алып келгенiн;
      b) ұқсас климаты, жағдайлары және құрамды пайдалану сипаты бар басқа мемлекеттер үшiн осындай оқиғалардың өзектiлiгiн;
      с) тиiстi инфрақұрылымы жоқ мемлекеттерде тиiмдi немесе кеңiнен қолданылмауы мүмкiн технологиямен немесе әдiстермен байланысты қайта өңдеудi немесе қолдануды шектеудiң бар болуын;
      d) пайдаланылған құрам көлемi тұрғысынан тiркелген салдарлардың маңыздылығын; және
      е) алдын ала болжанған бұрыс пайдалану сол немесе өзге құрамды III қосымшаға қосу үшiн жеткiлiксiз негiз болып табылмайтынын.

  V қосымша

ЭКСПОРТ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАДАҒЫ БАР АҚПАРАТҚА ҚАТЫСТЫ
ТАЛАПТАР

      1. Экспорт туралы хабарлама мынадай ақпаратты қамтиды:


      а) экспорттаушы Тараптың және импорттаушы Тараптың тиiстi тағайындалған ұлттық органдарының атауы және мекен-жайы;
      b) импорттаушы Тарапқа экспорттық жеткiзудi жүзеге асырудың болжамды күнi;
      с) тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттардың атауы және 5-бапқа сәйкес хатшылық ұсынуы тиiс I қосымшада көрсетiлген ақпараттық материалдар резюмесi. Қоспада немесе құрамда осындай химиялық заттардың бiреуi бар болса, осындай ақпарат әрбiр химиялық затқа ұсынылады;
      d) егер, ол белгiлi болса, химиялық заттың болжамды санаты және оның импорттаушы Тарапқа осы санат шеңберiнде пайдаланудың болжамды түрi көрсетiлген өтiнiш;
      е) әсер етудi және химиялық зат шығарындысын қысқартуға бағытталған сақтанудың шаралары туралы ақпарат;
      f) қоспа немесе құрам болған жағдайда, осы тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттың концентраты көрсетiледi;
      g) импорттаушының атауы және мекен-жайы;
      h) импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органына көмектесе алатын экспорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органында бар кез-келген қосымша ақпарат.
      2. 1-тармақта ескерiлген ақпаратпен қоса экспорттаушы Тарап импорттаушы Тарап сұратуы мүмкiн 1-қосымшада белгiленген осындай қосымша ақпаратты ұсынады.

      Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясы мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен куәландырылған конвенцияның орыс тiлiндегi мәтiнiмен тең түпнұсқалы.



       Қазақстан Республикасы
      Қоршаған ортаны қорғау
      вице-министрi

      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет