Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Ғашықтардың алау атқан жалынды жүректерін мұз ғып 
қатыратындай қыстың нышанын байқататын суық желдің сыңайы, 
ғашықтардың нәзік тыныстарын танытатын аңыз, жандарында 
87
Арран Қарабах – Армения мен Әзербайжанның арасындағы таулы өлке.
88
Масиха – Иса пайғамбардың лахап аты.


308
лапылдаған жалыны, бейне мәрмәр тастай қатқан мұз, бұрқаған 
боранның күллі әлемді таптауы және жылдың осы мезгілінде аспан 
астының ұшқын шашқан күннің алауынан жарқырап кетуі немесе 
бұйыққан дүниенің күн аруы көктем лебі арқылы күлімдеуі.
Өте ме от шарапсыз қысқы думан,
Шарап та, жалын да бір ыстық ұрған.
Шараптай от лауласа қызу тарап,
Жайнаса қызыл шоқтай қызыл шарап.
Қаз мойын, шөлмек шіреп ірге жақта,
Үйтіліп пісіп тұрса үйрек отта.
Үй ішін сәуле гүлдей нұрландырып,
Жанардай жымыңдаса тұрған күліп.
Үйіріліп көбелектей отты айналған,
Ару қыз шарап құйса шоқтай жанған.
Жағымды түтін иісі манаурайды,
От басы сары алтындай алаулайды.
Гауһардай көмір шоғы тез маздайды,
Ақықтай құйған шарап көзді арбайды.
Көгілдір алау үйді нұрға орайды,
Телміріп терезеден түн қарайды.
Хош иіс қыр астынан жарып мұрын,
Түнгі бұлт мамырлайды алып тыным.
Айбарлы аппақ орда асқақтайды,
Жауының жүрегіне тастап қайғы.
Әуені жыршылардың мың құбылып,
Шұлғиды отырғандар құлдық ұрып.
Шарапқа қызды деудің мәні болмас,
Солардың дидары мен әніне мас.
Шер қоздап, мұңлы ырғақты төкті сарнап,
Қиялы қиырларға кетті шарлап.


309
Қыстығып, жүрек сыздап, көңіл жүдеп,
Еркіне ие болмай егілді кеп.
Масайып, елес буып тұрып алар,
Алдында айдай ару мың бұралар.
Балқытар ыстық демі тартып жанын,
Кеседей шарап толы шалқып жалын.
Ордадай ойрандалған қызсыз өмір,
Батпайды қарауға да көз сүзе бір.
Елесі перизаттың шарап толы,
Кесесін кімге ұсынса – азап-соры.
Кесені алған адам – мойынса жан,
Бағынар қияметке дейін соған.
Етсе кім сол бір сәтте жан тәсілім,
Ұғынар мәңгіліктің барша сырын.
Жоғалса әлгі елесі зым-зия боп,
Әр жерге құлайды мас қылжия кеп.
Ай батып, таң атпастан қайта оянар,
Бір жұтпай жанын байғұс қайда қояр.
Думанның шамын қайта маздатады,
Шаттықтың шоғын тағы қоздатады.
Мөлиер соққандай бір тасқа басын,
Ішпей-ақ көріп соны мас боласың.
Маңдайға баса киіп қара бөркін,
Созылып жатар сабаз далада еркін.
Қойсаң да жүнге тығып – бекер әуре,
Жұлдыздай сүйіктісі төгер сәуле.
Бәрібір оған сенің қыс пен жазың,
Іздейді сары аязда көктем назын.


310
Ғашығын іздп келіп өліп-талған,
Сазарар оттай болып сөніп қалған.
Тартқылап мазалайды құлағынан,
Оянса, арбап тағы қылады лаң.
Қылығы түн жамылған емес бекер,
Өлімін Масиханың елестетер.
Жан салып сүйгеніне бүгін түнде,
Бергендей Қызыр уәде тірілтуге.
Кім ішсе өмір суын сол қуанар,
Жаңадан тыныс тауып мәңгі қанар.
Ұмытпа, масайсаң да жаның мұңдас,
Қашанда халық сөзі жаңылдырмас.
Айырылған ғашығынан әлгінде бір,
Мас та бір, естен танған Мәжнүн де бір.
Көре сап перизатты кетті талып,
Дертінен дүниені етті тәрік.
Өрт түсті махаббаттан өзегіне,
Жұмбағын жан пендесі сезеді ме?
Ертесін таң бозынан қаңғырады,
Қасірет көкірегін жандырады.
Қар ұрсын, боран соқсын болдырмайды,
Өзге бір әсем әлем қол бұлғайды.
Жолықсын жоқ қылатын сұрапылға,
Келмейді басын ойлап бұл ақылға.
Сең жүріп, судың беті құрсанды мұз,
Түспейді таспен оны ұрсаң бір із.
Күн нұры жылтыр мұзда құбылады,
Жұлдыздай мәңгі сөнбес шұғылалы.


311
Жарық қып түнгі аспанды самаладай,
Жұлдыздар жыпырлайды баданадай.
Ал күндіз күннің көзі сұрғылттанып,
Батады өлеусіреп сырғып барып.
Сұстанып билеушілер тіреседі,
Көк сүңгі мұрттарына сіреседі.
Құс байғұс безек қағып ебелектей,
Ұмтылар жанған отқа көбелектей.
Шалқыған жалын тілі шымшылайды,
Ақиқат күйіп-жанып шырқырайды.
Аспанда ай бозарып қалтырайды,
Дүние мұз жамылып жалтырайды.
Әуеде ауыр жүзіп ақша бұлттар,
Мұз төгер қойны-қоншын ақтарып бар.
Түстікке қыс патшасы ашты жорық,
Шүйілді боран - әскер тас түнеріп.
Сөнгендей шамның бәрі түнге сіңіп,
Алғандай ызғырық та мүлде өшігіп.
Жарық пен жылылықтың мүшкіл халі,
Жалынның жанданбаса ұшқындары.
От жанар қырғауылдай мың құбылып,
Қыс бірақ дүниені тұр қуырып.
Ақ сіреу меңіреу әлем алаңдар ма?
Оранған жылы тонға адамдар да.
Қалың жұрт баса киген тымақтарын,
Құл сорлы білмес қайда тұрақтарын.
Қарасаң қысқы дала қар сапырған,
Арқаннан аумайды бір тарқатылған.


312
Суықтың зәрі қайтып, сағы сынар,
Сарнаған кәрі шалдың жағы тынар.
Жәндіктер отқа үймелер тынбай жанған,
Секілді шоғыр жұлдыз күнді айналған.
Шуақты ел аңсайды аулақтаған,
Тұтанып маздағандай лаулап сабан.
Аязда хауыз беті тегіс қатқан,
Сияқты көрінеді күміс жапқан.
Балықтар мұз астында қам жемейді,
Жайынға жем болмайды қан көмейлі.
Таптасын Бахман-аяз сан мың қолы,
Сірескен былқ етпейді жердің жоны.
Топырға толып дала, қырқа-дағы,
Ақ түтек аспан асты бұрқанады.
Көзіңді аштырмайды қылау батып,
Сояудай кірпігіңе қырау қатып.
Боласың қорыққандай, тарыққандай,
Боранды бір әлемге жолыққандай.
Түсердей тіршіліктің бәрі жайрап,
Көзіңше сарбаздары салып ойнақ.
Қалғандай дүниеден үйің шеттеп,
Шықпайсың от басынан үйірсектеп.
Жаныңа дыр-думанның сазы ұнайды,
Ал, сыртта тамұқ-боран азынайды.
Хор қызы ұсынады кәусар суын,
Сергітіп, үстемелеп жан шалқуын.
Балбырап бір жығылып, бір тұрасың,
Бас ұрып аяғына құлшынасың.


313
Қорқасың айрылсаң тірі өлгендей,
Тамаққа өткір пышақ тірелгендей.
Бақытқа батсаң егер ойлап қара,
Көлдетіп көздің жасын, жайдақтама.
Не керек жайнап тұрған үйің – жәннат,
Жарыңсыз тозақтан да қиын болмақ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет