Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет43/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Кавус – Қияндар әулетінен шыққан екінші патша.
80
Манучехр – Пешдадилар әулетінен шыққан жетінші патша.
81
Фаридун – Пешдадилар әулетінен шыққан алтыншы патша.


280
Арулап, табытқа сап жарқыл қаққан,
Жерледі таң біліне жан тұрмастан.
Жап-жасыл гүлді дала мың құбылып,
Ертемен жұпар шашып тұрды күліп.
Әскерін кең жазыққа тік көтеріп,
Шатырын ортасына тікті әкеліп.
Жайғасып, сілкінді де тұнжыр ойдан,
Жар шашты тоқталсын деп қырғын-ойран. 
* * *
Даяшы, шарап шалқыт мен келгенде,
Түстім ғой, шерменде боп сергелдеңге!
Дара Шах сімірді уды кесесімен,
Құр қалмас Ескендір де есесінен.
Төк жыршы, тәтті әуенді жұртқа жаққан,
Оятпа қасіретімді түпте жатқан.
Шараппен пенде бар ма шөлін басқан?
Пәниде құрғар емес көзім жастан.
Науаи-ау! Аяқ бассаң зәбір-жапа,
Жоқ мынау айналаңның бәрінде опа.
Сатқындық, сұғанақтық жайлап алған,
Абай бол, өзің бірақ тайма жолдан!
Патшалық тәртіп пен тәңірдің өзі жарасқандай асқан сәулетті 
әлемнің құрылуы, сол сияқты тәртіп пен құрылыстың иедершілігі, 
қалаулылардың, пайғамбарлардың, топтардың қайда екені және олардың 
басқа жан иелерінен өзіндік ерекшеліктерімен даралануы, әрқайсысының 
өз қасиетімен өзіне тиесілі орынға жайғасуы және егер бұл дүниедегінің 
бәрі бір-біріне селбесіп, көмектесіп отырса, өте жақсы болатыны, олай 
етпегенде жаман болатыны хақында. 
Шах болып, жаям деуші іргесін кең,
Әскерін қолбасыдан білмесін кем.


281
Айырып наданы мен білгірлерін,
Танысын қол астында кім жүргенін.
Дананың аты – дана қанша айтсаң да,
Ұсақтан ұлы шықпас қампайтсаң да.
Қандайлық татымсызда құн болмақшы?
Бағасын әр нәрсенің білген – жақсы.
Кемеңгер кішіреймес илесең де,
Сүмелек қырға шықпас сүйресең де.
Тақ бекіп, қазына тасып, шалқыр өрге,
Әділ заң билік құрған алтын елде.
Орнаса түзу тәртіп, халыққа – бақ,
Патшаның атақ-даңқы шарықтамақ.
Халыққа мақау патша қан құстырар,
Оп-оңай ойрандалып, хандық құлар.
Шыға алмас білімсіз Шах шиыр жолдан,
Баладай шатырашқа
82 
үйір болған.
Тастардың нарқын білмей былықтырар,
Қолма-қол ту-талақай құрып тынар.
Ладьяны пілге беріп жоя салар,
Пешкіні ферзь орнына қоя салар.
Мұнымен нені оңдырып жарытады,
Қаратып жұртын жерге налытады.
Салса да қанша салмақ ол ойына,
Ұқсамас шатыраштың нобайына.
Ит сабын жей қоймайды сабасаң да,
Мұжымас жылқы сүйек қамасаң да.
Болмаса құдай атып жын қақтырған,
Қасқырға сеніп қойын кім бақтырған?
82
Шатыраш – көне түрікше шахмат.


282
Жыртқыштың жыртқыштығын дәл ескермей,
Ет бермеу арыстанға – өрескел ғой.
Арыстан ашықтырсаң – жоқты ойлай ма,
Бас салып бақташысын жеп қоймай ма?
Алтын тәж таз басына қона ма нақ?
Қарғаны керегі не томағалап?
Ақиық ақша бұлттан ары аспай ма,
Томаға соған ғана жараспай ма?
Келіспес сәнді кежім көк есекке,
Хақ надан қыңқ етпейді көрешекке.
Жыланның басын езіп, жаншығаның – 
Жолыңды қаскүнемнен аршығаның.
Жыланды маңайыңа жайлатқаның, – 
Емес пе өзіңді-өзің жайратқаның.
Жыланға әуестікті қоймағаның – 
Ажалды мойынға сап ойнағаның.
Көк төбет босағада ырылдайды.
Төр жақта тарғыл мысық пырылдайды.
Ит түзде қотаныңды қорғап-бағар,
Мысықтан тышқан күнде жорғақ қағар.
Тоқтықта мысық пен ит семіреді,
Сүт ішіп, күнде сүйек кеміреді.
Ашықса, кетер әбден кетуі де,
Жым-жылас тайып тұрар екеуі де.
Айтайын терең толғап, тоқтап ерек,
Тағы бір қасиетті Шахқа керек.
Асылдың айырғандай қандайлығын,
Адамның байқай білсін жан байлығын.


283
Көмірді дей алар кім қара маржан,
Әйнектен гауһар, сірә, бола ма арзан?
Ақықты қандай адам тасқа балар,
Керіш пен қыштың орны басқа болар.
Жұлдыздар бір-біріне тең келер ме,
Әр түрлі әлемдегі пенделер де.
Танытпай нақ бейнесін жынды қылар,
Аспанның қабағындай мың құбылар.
Кейбіреу күндей күлер жаны елжіреп,
Кейбіреу қара ниет, шемен жүрек.
Егіз де бірге туған ала-құла,
Жұптасқан жақсысы да, жаманы да.
Былайша Әліп пенен Әлф бірдей,
Шатаспа, «бір» мен «мыңды» анық білмей.
Қабығы тасбақаның шөлде қатқан,
Інжудей көрінеді көлде жатқан.
Кәдеге шірік сүйек аса ала ма,
Маржандай әсем моншақ жасала ма?
Болғанмен әнтек ұқсас жақындамас,
Майшамдай сүңгі өмірі лапылдамас.
Айнымас тұз бен қант үгітілген,
Тек қана айырасың мұны тілмен.
Қарғаға құмай ұқсас байқағанға,
Тәптіштеп бәрін бірақ айта алам ба?
Ақымақ еш нәрсені айырмайды,
Мұны тек дана патша пайымдайды.
Алтын деп қалайыны құр малданып,
Күн ғой деп қызған таба, жүрме алданып.


284
Білмесең сезгірлікпен мұның бәрін,
Үйреніп өзіңе құт ұғынғаның.
Асыл Шах кемеңгерді жағалайды,
Еңбегін құрметтеп бағалайды.
Арына даналардың шаң жұқтырмас,
Дақ салып жүрегіне шалдықтырмас.
Құдайым қайыры жоқ тақтан сақта,
Қадірлі халайыққа жаққан патша.
Қатігез Шахқа халқы жібімейді,
Түссе де мүшкіл халге күні мейлі.
Еркімен оған мойнын онша бұрмас,
Қасынан қиын кезде жан табылмас.
Әскері қолдарына қару алмас,
Өшіксе болып кетер жауынан қас.
Таусылып ел төзімі сынар бір күн,
Бұрқ етіп, бүлік бастап, қылар қырғын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет