Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет44/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Сұлтан Әбу Саид көреген туралы, оның қабіріне нұр жаусын, 
өзінің телегей-теңіз ақылымен небір қиындықты жеңіп, талай елді 
бағындырғаны, халықтың тыныштығын бұзып елді талағаны, ақырында 
өз әскерлерінің алдағы істі істеуге келіспей тарап кетуі, Шахтың қатер 
астында-жау ортасында жалғыз қалуы, ал қарсыласының оның басын 
оп-оңай қағып түсуі.
Ісі мен даналығы атақты еткен,
Патшаны Көреген деп атап кеткен.
Өзіне дүниені қарата алды,
Жаулады Мауреннаһр, Хорасанды. 
Тапады Сипаханды
83 
бас салды да,
Қырманды, Хорезмді, Қашқарды да.
Бағынып Забулстан, Кабулстан
84
,
Гүл жайнап тұсында оның табынысқан.
83
Сипахан – Ирандағы Исфахан қаласы.
84
Забулстан, Кабулстан – Ауғанстандағы қалалар.


285
Маңайын күштілікпен бір-ақ жайпап,
Патшалық құрған еді ұлан-байтақ.
Көңілі одан зорды қалап енді,
Жаулауға көзін тікті кең әлемді.
Жорыққа шықты ақыры оқталды да,
Үрім мен Табризді бетке алды да.
Берсе де құдай қанша кемеңгерлік,
Бар еді жалғыз міні төмендерлік.
Байлыққа жаны құмар болатұғын,
Халықты аш сүліктей соратұғын.
Масайрап сонысына күлетұғын,
Әскері тісін басып жүретұғын.
Үрімге тиді барып қапылыста,
Қайсар да дайындалды қарсы ұрысқа.
Қазандай бұрқ-сарқ етіп қайнады ұрыс,
Майданға сыймай қалқан, найза, қылыш.
Бұл соғыс толастамай көп ұласып,
Күйзелді ел есеңгіреп, арып-ашып.
Білдіріп наразылық қитыққаны,
Әскері Көрегеннің титықтады.
Жеңістен үміттерін үзді мүлде,
Ұмытты Шахтың билік-тізгінін де.
Қылышын кейбіреулер лақтырды да,
Жау жаққа шықты көбі топ құрды да.
Салбырап түсіп кетті ұнжырғасы,
Мазақ боп масқараға тұлдыр басы.
Көрсетпей тәңір де оған оң қабақты,
Қабарып кешкі күндей мұңға батты.


286
Селт етіп жендет кірпік қақпады да,
Боялды алмас семсер Шах қанына.
Құдай да көншімейді кісіге аса,
Халықтың қарғысына ұшыраса.
Айрылған әскерінен патша-пақыр,
Қалады айдалада қақсап ақыр.
Солмай ма үзілген гүл нәрсіз жүдеп,
Емес пе бір кесек ет жансыз жүрек.
Шах пенен әскер тұтас бір денедей,
Бас кетсе, дене мәнсіз бірдеңедей.
Демей ме үйірілер бақ пен даңқ,
Табысса ғашықтардай Шах пен халық.
Алмаса сенімді әскер қолға қару,
Жаһанды оңай емес жаулап алу!
Ескендірдің ұстазы Арастудан әкімнің өз ісін тапқырлықпен жүргізу 
арқылы алдындағы перде сырылып ашылған соң, өзінің күткеніне қолы 
жетсе де қанағат етпеудің мәні туралы сұрағаны.
Сұрады Дараны еске ап тағы бастап:
«Ұстазым Платондай
85
менің асқақ!
Адамның мақсатының мәні қандай,
Пайда мен зиянын кім танығандай?
Ынтамен берілген жан талаптанып,
Қияға талпынбай ма қанаттанып?
Сезініп мұң-мұқтажын жамағаттың,
Сәулесін төгер еді қанағаттың.
Байқасам, тосын қонған бақ күмәнді,
Мақсатсыз қараңғы екен Шахтың алды.
Бермесе халық егер оң батасын,
Жолда қап өзіңді-өзің сорлатасың.
85
Платон – біздің заманымыздан бұрын 427-347 жылы өмір сүрген, ұлы грек философы.


287
Өзі үшін ентелейді әркім алға,
Бұлжымас тіршіліктің салты барда.
Үстем боп сабыр менен ақыл-кеңес,
Көп тілін таба білсе опық жемес.
Аспандап сонда даңқы өрлемей ме,
Тасқындап күш-қуаты кернемей ме?»
Ұстазы жалғастырды табанда ойын:
«Бұл сауал сан қойылған саған дейін.
Тек қана сұңғылалар көнедегі,
Жауабын айтқан талай өнегелі.
Ақылға сүйенсе кім адаспайды,
Шекпейді адалдықтан азап-қайғы.
Шыдайды соққанға да, қаққанға да,
Жемісін мехнаттың татқан ғана.
Арқасы жауыр болар табандының,
Маубастар тез танытар жамандығын.
Желбуаз күмпілдектер не тілесін?
Халықтың төгіп-шайқар несібесін.
Ұстатпас ұғымсызға тәуір өнер,
Қолынан дарындының бәрі келер.
Пайдасын бір көрген соң игіліктің,
Салады қыңыр тартып, қиғылық кім?
Ертеңгі күнін ойлап ерінбейді,
Бұйығып, салғырттыққа берілмейді.
Тайсалмай тасқыннан да толқын ұрған,
Олқысын аянбайды толтырудан.
Тілегі бағы жанып оңғарылса,
Күйбеңдер жанталасып ол барынша.


288
Іздеген нәр табады көк бұтаққа,
Сәулесі ізгіліктің тек кітапта.
Бұйырса талабынан татар дәмі,
Болғаны мәңгі разы ата аруағы.
Кітаптан қалмаса ешбір санаңда нұр,
Не шығар жармасқанмен қаламға құр.
Топастың алды әманда құлама жар,
Ақиқат жолын меңзер ғұламалар.
Табынса халық күн мен мешітке егер,
Қайсысы қайырлы боп несіп себер?
Таппаса ой жүгіртіп бір шарасын,
Әзірге дәрменсізсің, бейшарасың.
Қайсы ұстаз құпиясын анықтаған,
Сөндірмей әлсіз шамды шалықтаған?
Келтірсе жақсылықтың кім мәнісін,
Тәңірі теріс демес қылған ісін.
Жинауы келіскенде тең құлай ма?
Қисыны келген шаруа жөн құдайға.
Ілессең әзәзіл мен жауыздарға,
Алланы күнәһар боп ауызға алма.
Адамдық, адалдықтың берері мол,
Көгерер ырыздыққа кенеліп ел.
Жерің жоқ еңбегіңді зая қылған,
Лайықсың бұған өзің ей, әділ жан!»
Бәсеңсіп ұстаз үні тынды ақырын,
Шәкіртке күндей құйып нұрлы ақылын.
Мына сөз сыр қатпарын ашқандай мың,
Көңілін жабырқатты басқандай мұң.


289


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет