Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет11/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Ләйліні көріп Ибн Сәлімнің ғашық болуы және құда түсіп, 
қыз әкесінің батасын алуы хақында.
Көмейден сөз маржанын төгілдірді,
Көрген жан ой ұшқынын не бір нұрлы:
Көзіне сағыныштан сүрме жаққан,
Сол күні бақтан Ләйлі келе жатқан.
Сұлуды серуендеген жалғыз өзі,
Жолшыбай бір адамның шалды көзі.
Таң қалды. Адамзаттың ғажабы – бұл,
Аңқыған иісі – жұпар, ажары – гүл.
Әлгі адам атақ-даңқы жұртқа мәлім,
Арабтың әмірі еді аты – Сәлім.
Теңіздей шалқып жатқан көл-көсір бай,
Мыңғырған төрт түлігі жерге сыймай.
Жасынан өзіне-өзі сенімді өскен,
Алаңсыз сейіл құрып өмір кешкен.
Мол байлық асқақтатып аз ғұмырда,
Салмаған алтын жатсын көз қырын да.
Толтырған аспан астын күндіз нұрға,
Кездесті жалт-жұлт еткен бір жұлдызға.
Жүрегі түсті де бір төңкеріліп,
Оянды ұйқыдағы тентек үміт. 


58
Келді де сарайына берді жарлық,
Ақтарып қазынасын көрді барлық.
Жүз сыйлық әлемде жоқ таңдап алды,
Табылмас шарласа да бар ғаламды.
Жан бар ма айтқанына мақұл демес,
Өткізді жақсылармен ақыл-кеңес.
Ел-жұрты ақ тілегін қабыл көрді,
Әмірші риза боп көңілденді.
Іріктеп ой мен сөзге жүйріктерді,
Қайтуға құда түсіп бұйрық берді.
Түйеге теңдеп тарту-таралғыны,
Азанда аттанды олар барар күні.
Қарсы алды қыз әкесі қонақтарды,
Шаттықтан жарылуға сәл-ақ қалды.
Сәлімді ол бұрыннан да білетұғын,
Сыртынан жақсы көріп жүретұғын.
Бірі еді жаратушы жебегеннің,
Әмірі Бену Асад деген елдің.
Жолынан қыз әкесі жаңылмады,
Құрметтеп келгендерді қабылдады.
Тәуба деп іштерінен Жаратқанға,
Қысылып, қымтырылды қонақтар да.
Жасады құдалықтың жоралғысын,
Жан-жақтан жаудырумен мол алғысын.
Жайғасып сонан кейін төрге шығып,
Алыстан сөз бастады кең көсіліп.
Сәлімнің осы Сізге тілегі деп,
Ләйліге сөз аяғын тіреді кеп.


59
Тізгінін дастарқанның еркін ұстап,
Сөйледі қыз әкесі кең тыныстап:
«Білдірсе маған ниет ұл болуға,
Тұрады кедергі боп кім жолында? 
Кем болмай туған ұлдан күйеу балам,
Арман жоқ бола білсе сүйеу маған.
Әкенің қарсы келер уәжіне кім?
Гүл қызым құрметтейді тәжін оның.
Біраз күн аялдасын, асықпасын,
Сабағы сынған гүлді жасытпасын.
Жүдетті жанын жеген сары уайым,
Тағдырдың салғанына не қылайын?
Жайнатып мұңға батқан көңіл күнін,
Жазылар жарасынан менің гүлім.
Бөленіп раушан гүлмен мол бақытқа,
Бұйыртса қауышады сол уақытта!»
Солай деп қонақтарды салды жолға,
Бақ құсы деп ойлады қонды қолға.
Бұл кезде жүрген еді Ләйлі бақта,
Түсерін қайдан білсін қай күні отқа?
Кім көрсін мұңлы жасты көзіндегі,
Өртеген өз қайғысы өзінде еді.
Суырылды суық семсер қынабынан,
Қай күні өзі білер қылады қан...
Басына төнді кенет пәле, міне,
Салатын сергелдеңнің әлегіне.
Жүрегі сезінгендей бір сұмдықты, 
Үйіне әрең жетіп, сусын жұтты.



61
Маймылдай жылмаң қақты малайлары,
Әзірше білдірмейік деп ойлады.
Айтуға бата алмады құрдастары,
Жанына жақын тұтқан сырластары.
Жетсе егер суық хабар құлағына,
Жарылмай ғашық жүрек тұрады ма?
Маңайы бұл сұмдықты мәлімдесе,
Өлмей ме құда түсті Сәлім десе.
Жасыра тұрайық деп ақылдасты,
Шешімді бір ауыздан мақұлдасты.
Алыстан бір топ адам келді бірде, 
Арнайы көңіл сұрап, хал білуге.
Болатын әкесінің жақындары,
Кіре сап таңдайлары тақылдады.
Жырлайтын жегенін де, ішкенін де,
Бар еді кәрі кемпір іштерінде.
Ләйліні жұбатпақ боп кірмей жатып,
Сөйледі семсер тілін сумаңдатып:
«Уайымға көп салынба, қызыл гүлім,
Жайнап тұр жақсылыққа жүзің бүгін!
Жуырда бағың сенің ашылады,
Жолыңа меруерт-моншақ шашылады.
Сақайып, алқа, сырға тағынасың,
Махаббат әміріне бағынасың. 
Әлемде сенен сұлу қыз болмайды,
Өзгеден жігіт қалай қызғанбайды?
Тойыңа жұрт келеді шартараптан,
Татуға шаттық толы бал шараптан!»


62
Кемпірдің ауысқандай есі мүлде,
Күйеудің айтып салды есімін де.
Түнерді айдай жүзі қабарды да,
Ләйліге қатты тиді хабар мына.
Шындықтың Аллаға аян шектелмесі,
Ашылды құпияның бетпердесі.
Жүрегін жібергендей кемпір тіліп,
Құлады естен танып, ол түршігіп.
Уа, достым, жоқ болсаң да бұл өмірде,
Тұрасың шын сүйгеннің жүрегінде!
Адассаң махаббаттан шоқ басарсың,
Сүймесе бар болсаң да жоққа тәнсің.
Кінә артар құлай сүйген пендеге кім?
Көкірек көзімді аштың, сен де менің!..


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет