Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет38/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Мухолофатты жауласуды айыптау: «Мух» пен «улфаттің» күншілдік 
дертімен астасып жатуы және «мухлдің» өкінішке жалғасып, «апатқа» 
ұрынуы; егер мусадохат болып, басқаша жазылса, яғни мұның жан-
тәнімен берілгендік белгісінің танылуы; Осылайша дұшпандықтан 
бас тартқанда ғана тұрғындардың бақытқа кенелетіні; Адамдардың 
өзара жауласуы адамзаттың қолы жеткен табыстарының 
(жақсылықтарының) тас-талқанын шығаруға себеп болуы және соның 
салдарынан дүниені күйретіп, күйзелтетін қатердің төнетіні.
Уа, достым, пенделерден опа кеткен,
Сеніспей бірін-бірі қапалы еткен.
Жауласып, жұлқысудан жалықпайды,
Іргені қиратқанын және ұқпайды.
Батасың шыңырауға ойға қалсаң,
Қырқысу, қырық пышақ қайда барсаң.
Жұбатар жан табылмас жылағанды,
Көрмейсің көңілі тоқ бір адамды.
Бәсеке, бақталастық арбап іштен,
Азғындап кәсіптесер ардан күскен.
Сәл ғана артып кетсе тіс басады,
Бір зергер бір зергермен ұстасады.
Өнері бір шебердің өрлей қалса,
Біреуі оны тәуір көрмейді онша.
Осылай бақталастық жалғасады,
Ұлғайып, бара-бара жауласады.
Аңдысып күндіз-түні керісумен,
Қалады бірін-бірі көрісуден.
Сыймастай дүниеге қуарады,
Бірі өлсе екіншісі қуанады.


242
Жауыздық, қаскүнемдік бұл тірлікте,
Білсеңіз, қызғаншақтық, күншілдікте.
Тек қана өнерде емес мұндай әдет,
Ол түгіл патшалықтар тынбай әлек.
Патшаға бағынған ел жүз мыңдаған,
Бөлініп, тоз-тоз болып тозғындаған.
Патшаның не дегенін орындатып,
Жақыны ел билейді арын сатып.
Олардан қалыспайды әмірлер де,
Қожа боп қалу үшін әрбір елге.
Таласып әмірлікке қолбасылар,
Бір-бірін жарға жығып, орға тығар.
Қолбасы сайлансам деп мыңбасылар,
Естуге хан жарлығын күнде асығар.
Мансапқа кім болса да жанын сатқан,
Ғадет қой келе жатқан әлімсақтан.
Қайсы ұлыс билесе де талас тынбас,
Құртқанша көзін жойып тағат қылмас.
Күштілер өз маңайын тұншықтырар,
Көнбесе табанымен жаншып тынар.
Қастықтың күдірейіп тұрса жалы,
Араздық одан сайын құрсанады.
Патшаның маңайы да оңған емес,
Бәрінің іштерінде толған егес.
Жүрсе де жаны кейіп, жанталасып,
Кедейлер жауласпайды, балталасып.
Жауласу қашырады берекені,
Жоқтыққа кіріптар ғып қор етеді.
Қиын-ақ жарты әкімдер қақтығысса,
Зарлайды ел тап болғандай қатты қысқа.


243
Шошынса әркімнен де күй кетеді,
Быж-тыж ғып патшалықты күйретеді.
Арық мәз арнасынан ауғанына,
Қарамас қурайды-ау деп бау-бағыңа.
Азапқа батса осылай толарсақтап,
Әз патша ғана елін қалар сақтап.
Жауыздық топан судан айнымайды,
Қаптаса, тартар әлем мәңгі қайғы.
Ширықса дүлей тасқын лақылдаған,
Орнатар жер бетіне ақырзаман.
Қозғалса суық қару сұмдық қатал,
Қылыштай су түбіне шындық батар.
Дүние қалтырайды қыл үстінде,
Сорлылар зар болады тыныш күнге.
Тасқын-сел қырып-жойып құтырады,
Апаттан халық қалай құтылады.
Шыдамы таусылғандар көріп қайғы,
Кетем деп топан суға қорықпайды.
Мінеки, екі патша тайталасты,
Қақ жарып дүниені сойқан ашты.
Алыс қап тыныш өмір, ырысты еңбек,
Қалың ел қару ұстап ұрысқа енбек.
Жетелеп суық сезім әрекеге,
Ұмтылмақ әке ұлына, бала әкеге.
Араға өшпенділік кіріп алар,
Бірі өліп, от басында бірі қалар.
Қанына әке шөлдер өз ұлының,
Баласы құртқанша асық көзін мұның.
Кездессе ағайынды тосын қазір,
Бірінің басын бірі кесуге әзір.


244
Бұзылып достардың да пейілі небір,
Адамдар жүрегінің мейірі кемір.
Шахтардың арасында дау басталса,
Амал жоқ шабыспасқа, жауласпасқа.
Соғыстың ызғырығы шырқыратар,
Көтеріп аспанға шаң бұрқыратар.
Өсекті гулетуден жан ұялмас,
Өзді-өзін шаң ішінен тани алмас.
Басталса сұмдық соғыс орға айдайды,
Күйзеліс, қызыл қырғын сор қайнайды.
Болмай ма қандай дауды кекті оятқан,
Соғыссыз бітіруге төкпей-ақ қан.
Қанжылар қайда болсын қара халық,
Жаншылып, жапа шегіп, жараланып.
Әмірден рақым кетсе, елді аямай,
Жорыққа аттануы сондай оңай.
Сарбазға жаны қымбат қалған аман,
Екінің бірі жеңсе болғаны оған.
Білесің қанға батып, азап көрсең,
Соғыс та лапылдаған тозақпен тең.
Екі Шах бітіссе елдің алмай шырқын,
Бөленер абыройға қандай, шіркін!
Тыйылса титықтатқан жанжал ада,
Түйіні шешілмейтін дау бола ма?
Патшалар келіп жатса келісімге,
Орнайды рақат өмір ел ішінде.
Жауласқан екі Шахтан күнә тартып,
Емес пе жарлы екі дос мың есе артық.


245


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет