Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Ескендір әрекетінің қысқаша мазмұндамасы және сол қысқаша 
мазмұндаманың жан-жақты анықтамасы. Дара елшісінің Ескендірден 
алтын жұмыртқа сұрай келуі және болат жебедей өткір жауап алып 
қайтуы. Найзағай жарқылының отты ұшқындары Дара төзімнің 
қырманын өртеуі; оның күнжұт, доп және имек таяқ жіберуі. Ескендірдің 
имек таяқпен допты соғуы және күнжұтты құстардың теріп жеуі.
Тарихтың түкпірлерін ақтарған жан
Сыр ашты бізге қалың қатпарлардан.
Ескендір хикаясын баяндады,
Әңгіме бірден-бірге аяңдады.
Ұстазы құлағына құйып еді,
Дүниені шарлауды ойға түйіп еді.
Өмірін әділдікке арнап еді,
Құтқару елді сордан арманы еді.
Көркейіп көкейдегі ой жазып құшақ,
Айналды бәйтерекке нәзік бұтақ.
Қолпашқа, даңғазаға желікпеді,
Ақыл мен қайратына ерік берді.
Жарқырап жалғыз өзі алып көкті,
Күндей боп жер жүзіне жарық төкті.
Халқының құлақ қойды шағымына,
Еш пенде тең келмеді шалымына.
Қасында жүрген небір майталманы,
Жым болып, алдыңда сөз айта алмады.


221
Жеткізу мүмкін емес тілмен бәрін,
Білмесең Ескендірдің кім болғанын.
Ғажайып әр сағаты, әр күні оның,
Желісін үзу қиын әңгіменің.
Аяқсыз қалдырмайын, аянбайын,
Ықшамдап арттағыға баяндайын.
Толғасам тоқтап әрбір дерегіне,
Өмірде жетер едім дегеніме.
Үңіліп аңыздардың астарына,
Түгендеп арқау етем дастаныма.
Ескендір өмірінде ғажайып көп,
Мәніне жетіп оның жазайық тек.
Түзетем бұрынғыдан кетсе жаңсақ,
Жырлаймын ақиқатын көпке жар сап.
Ол барда Отанға ойран салсын кім кеп,
Үрімге бола білді алтын діңгек.
Босатып байтақ елін тар бұғаудан,
Тазартты айналасын зәрлі жаудан.
Дүниені қол астына қаратқалы,
Жорыққа әскер жинап, жарақтады.
Еркінше жүргізбекке жарлық ерен,
Жаулады Мағрыб жерін алдыменен.
Сейілтіп сор-азаптың тас тұманын,
Зәңгібар
33
халқының да ашты бағын.
Әйгілі жауыздығы бар әлемге,
Айқасты араз болып Дарамен де.
Күшіне кім шыдасын табанда оның,
Қаратты сонан кейін Фаран
34 
жерін.
Илантып ондағы елді ар-намыспен,
Шарттасты алыс жатқан Андалуспен
35
33
Зәңгібар – ежелгі Хабашстан, қазіргі Эфиопия.
34
Фаран – Батыс Европа.
35
Андалус – ежелгі Испания.


222
Мысырды қайтарында бағындырды,
Көк сүзген мұнарасы табындырды.
Дамылдап әскерімен ол осында,
Тұрғызды Александр
36 
қаласын да.
Сонан соң оның күші құдіретті,
Сөндірді Зардұштағы
37
қалың өртті.
Тоқтамай Ирак пенен Ажам
38
асты,
Шаттанып барған жері әнге басты.
Иракқа жеткен кезде қалың қолы,
Көтерді төбесіне халық оны.
Қаратты Халеб
39 
пенен Шам жерін де,
Нұр төкті кембағыл мен қам көңілге.
Йеменде жүзі таңдай арайланды,
Ақыққа тас біткеннің бәрі айналды.
Теңізбен жүзіп сосын жағаны ала,
Қалады қанша сәнді жаңа қала.
Тек қана Фарсы
40 
еді алынбаған,
Соғыссыз бірақ ол да бағынды оған.
Байрағы бақытының желбіреді,
Бетке алып терістікті енді үдеді.
Көрді де жатқан жауды тізбектеліп,
Жаулады Хорезмді іздеп келіп.
Туымен сәуле шашқан көкті нұсқап,
Даласын жарқыратты Дешті-Қыпшақ.
Ұзақ жол азабына қарамады,
Сақс
41
пен Сақлабты
42
да аралады.
36
Александр – Жерорта теңізі жағалауындағы Ескендір салдырған қала.
37
Зардұш – ежелгі ел аты.
38
Ажам – ежелгі Иран.
39
Халеб – Сирядағы қала.
40
Фарс – Иран мемлекетінің оңтүстік бөлігі.
41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет