Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет42/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Буртас (Бартас) – Еділдің орта тұсындағы Хазарлар мекендеген жер.
71
Бербер – Африкадағы ел.


261
Сарғыш ту, алтын тон мен күміс қалқан,
Шағылып жарқ-жұрқ етті күнге шаңқан.
Найзалы тұр қырық мың және арабтар,
Астында жер тарпиды жарау аттар.
Қара ту, қара қалпақ, қара садақ,
Көргендер таңырқайды тамашалап.
Арапты Уақи
72 
сұлтан өрлігі асқақ,
Мағрыбты Талиғ
73
өзі келді бастап.
Тауды да жүз мың қылыш қақ айырған,
Ардашер
74
батыр жетті Мадаиннан
75
.
Асырған өздерінше көркін бұлар,
Сымбатты сәулеттенген көз тұндырар.
Густахам
76
көз тігеді барлап сірә,
Бахрайын
77
, Құтайфты
78
, Бағдатты да.
Оранып көк темірге дабыл қаққан,
Көп әскер көк теңіздей дауылдатқан.
Сіресті қабағындай салқын күздің,
Сарбаздар сол қанатта алты жүз мың.
Алдында жеті жүз мың екпін алған,
Дауысты жеті қабат көкті жарған.
Кіршіксіз арайындай таң нұрының,
Үстінде аппақ киім барлығының.
Сарыала тон кигендер қасындағы,
Хорезм, Дешті-қыпшақ қосындары.
Жасақтар даурығады арқаланып,
Өзді-өзі қолбасысын ортаға алып.
72
Уақи – Араб әскербасыларының бірі.
73
Талиғ – Батыс елінің билеушісі.
74
Ардашер – Сасанилер әулетінен шыққан Иран шахы.
75
Мадаин – Ирактағы Фират өзені жағасындағы көне қала.
76
Густахам – Иран әскербасыларының бірі.
77
Бахрайын – Парсы шығанағындағы жарты арал.
78
Құтайф – Арабстандағы қала.


262
Алғандай уысына аспан, жерді,
Басқарды жеті сардар әскерлерді.
Жүз мыңнан әскер болды бәрінде оның,
Патшаның қоспағанда қалың қолын.
Жап-жасыл Шах әскері жапырақтай,
Қоймастай еш нәрсені қақыратпай.
Секілді жердің жүзін басып алған,
Кенеттен қаптап өсіп жасыл орман.
Ешкімге Дара басын имейтіндей,
Тәңірдің оғы да оған тимейтіндей.
Солайша әскерінің шебін құрып,
Жылжытты жауға қарай тебіреніп.
Еместей соқтықса кеп кімді де аяр,
Ескендір қарсы жақта тұрды даяр.
Жұлқынып, жау қайдалап, топты жарған,
Оң жаққа Фарандарды етті қорған.
Әдейі жау көптігін көзге ілмеді,
Ішкі ойын сырттағыға сездірмеді.
Қолбасы Шайбал жүрді ешкім жеңбес,
Баласы Рүстемнің Залмен теңдес.
Сарбазы мақпал киген жеті түсті,
Маржанға малынғандай жердің үсті.
Бейне бір кемпірқосақ түрге ендіріп,
Тұрғандай дүние төрін түрлендіріп.
Жүз мың қол шаңға көмді күллі аспанды,
Ақырған айбатынан күн жасқанды.
Бартас пен Рус тұрды сол жағында,
Жалтылдап сансыз шырақ қолдарында.


263
Қалайы сауыттары сұстанады.
Шетінен болат найза ұстағаны.
Жамылған қызыл шекпен үстеріне,
Атының кежімі сай түстеріне.
Дулыға бастарында сом болаттан,
Айдары қауырсыннан сәнге таққан.
Жасақтар тәуекелден айнымастай,
Жайнайды еңселерін қайғы баспай.
Бұлар да жүз мың еді жер толқытқан,
Майданның бір шетіне қоршау тұтқан.
Шептерін ұлан-асыр құрды да ерек,
Күзетші жасауылдар тұрды бөлек.
Көк сауыт кигендері сарт-сұрт еткен,
Айнадай жарқыл қағып сәуле төккен.
Шағылып дулығалар ай нұрына,
Ерлердің айбын қосар айбынына.
Болатпен қапталғандай аттары да,
Дарытпас жай оғын да қапталына.
Көк темір тау мен тасты жапырғандай,
Үрей сап, жауына ажал шақырғандай.
Үрімнің келе жатқан қолын бастап,
Жас патша құдіреттей көрінді асқақ.
Жұтынып нарттай жанып құлпырады,
Ызалы арыстандай ұмтылады.
Кежімі терісіндей жолбарыстың,
Сауыты қызыл жалын толған ұшқын.
Сел басты жердің үстін дамыл алмай,
Гүрілдеп жолбарыс пен қабыландай.


264
Шахтың да қаһары елді жанышқандай,
Алдыға шабынады арыстандай.
Екі жақ ұмтылысты жын құсардай,
Арыстан, жолбарыстар жұлқысардай.
Дара мен Үрім қолы қарсы келіп,
Арадай құжынасты жер түнеріп.
Дем беріп, сарбаздарға ұран тастап,
Шапқылап қолбасылар жүр айқастап.
Жыртқыштар, дию-пері күркіресіп,
Жатқандай қақ жарылып сілкілесіп.
Сияқты жер қозғалып, аспан көшкен,
Түріктер қимылдады астан-кестен.
Тигендей тозақ оты қаудай жайпап,
Дүние қияметке болғандай тап.
Тұншығып қара шаңға ел қақалды,
Аждаһа жұтатындай жер жаһанды.
Ақырып аузын ашса жалын құсар,
Түрі бар жолыққанның бәрін жұтар.
Тұс-тұстан озандатып гүрлеп керней,
Күңірентті қияметтік күн жеткендей.
Аспанды тозаң басып, жапты түнек,
Кеткендей күлге айналып жер тітіреп.
Маңайды бүркемелеп қара мұнар,
Даланың көзден тайды алабы бар.
Қаптаған қалың жасақ тасаланбай,
Жер бетін жарты шеңбер жасағандай. 
Жаншылып табанда қап жарты жалған,
Күн көзі көрінбеді нор тұманнан.


265
Нөпірде қалған адам қапалады,
Зар болып тамшы суға қаталады.
Айғай-шу тына қалды сәл тыныстап,
Тынышытық одан бетер қорқынышты-ақ.
Тұтасқан жер мен көкті көміп түгел,
Ұйтқытып қою шаңды сейілтті жел.
Жарқ етіп жай отындай сонда түнгі,
Суырылып бір Үрімдік алға атылды.
Тұлпары тақымында салады ойнақ,
Қылышы жарқыл қағып барады ойнап.
Мінер жақ иығында сонша ыңғайлы,
Қытайы жамылғысы толқындайды.
Оң қолда ауыр найза ұшы уытты,
Сол қолда алып қалқан тысы мықты.
Әбзелі әлем-жәлем желпілдейді,
Тағынған гүл-шашағы желкілдейді,
Ортада ат ойнатып елді жебеп,
Шүйіліп сөз бастады әлгі кенет.
Әуелі жалбарынды жалғыз хаққа,
Деп тілеп Ескендірді жеткіз баққа!
Салды айғай сонсын жауға батылданып:
«Берберден шыққан – менмін, атым – Барық!
Дараның құлақ кесті құлы едім мен,
Көрмеген еш рақат бұл өмірден.
Сорымды ол қайнатты сорпадайын,
Тарттырды қаншама азап, қанша уайым.
Иттен де күнім төмен болды менің,
Езіліп табанында көп жүдедім.


266
Алдына барып едім жылап-сықтап,
Болды ол көрге мені бір-ақ тықпақ.
Ақырып, ашуланып, жер тебінді,
Сыпыртты дүрелетіп жон терімді.
Жүргенде көріп қатты азап тепкі,
Ескендір рахым төгіп, азат етті.
Барып ем Ескендірге пана тілеп,
Құтқарды тар қапастан қара түнек.
Жетер ем ол болмаса баққа қашан,
Өлім ғой жақсылығын ақтамасам.
Тірлікте бір өлім бар қандай жанға,
Кіремін екі сертпен қан майданға.
Алдымен қызметімді адал жасап,
Патшама берем жауын табанға сап.
Сонан соң ісім болсын Дараменен,
Бәлемнің әуселесін бара көрем.
Алынбай қоймас одан енді кегім,
Көнбесе, басына бұлт төндіремін.
Жөн білсе, мойнына алып зор кінәсін,
Бас ұрып аяғыма, зар жыласын.
Өйтпесе, өзіне оның өз обалы,
Быт-шыт боп шығар мәңгі тозалаңы!»
Сөзіне жатпады да жауап күтіп,
Ұмтылды атын алға ол атқытып.
Атылды біреу бұған қарсы жақтан,
Түтіндей будақтатып шаң шұбатқан.
Тұлпары топты жарып арындайды,
Сусылдап жанған өрттей жалындайды.


267
Зулайды тұяғынан от шығарып,
Шоғындай қасіреттің көкті қарып.
Дүрлейді қаһарымен елді ықтырып,
Омыраулап, өршеленіп, ерлік қылып.
Ақырып, айбат шашып шатынаған,
Әйгілі бұл батырдың аты – Харран.
Майданға арыстанша келді атылып,
Сыйынды патшасы үшін ол да тұрып.
Барыққа шапты сосын жолбарыстай,
Қасқайып қабыл алды ол да бұқпай.
Екеуі алыса алмай көп сайысты,
Шыдамай арпалысқа ат қайысты.
Быт-шыт боп гүрзіменен ұрған қалқан,
Найзалар шықырласты бұлқан-талқан.
Харранды Барық дәлдеп кезеді де,
Сүңгітті көк найзасын өзегіне.
Күйретті қабырғасын баса көктеп,
Гуледі аспан асты қошеметтеп.
Мойнына тұзақ салып қырылдатып,
Әкелді Шахқа сүйреп дырылдатып.
Ескендір аруақтанып тосын тіптен,
Сый тартты жеңіскерге басын тіккен.
Күш кернеп құтырынған қызу Барық,
Майданға қайта кірді бұзып-жарып.
Қаһарлы пілдей бейне ол долданды,
Тарпырдай қарсы алдына келген жанды.
Шиырықты шайқас тілеп, мың шүйіліп,
Жауының төбесіне бұлт үйіріп.


268
Өзі де, тұлпарды да отқа кірген,
Тұп-тұтас қапталғандай көк темірмен.
Жау жақтан пілдей алып Шейд шықты,
Өліспей беріспейтін жойыт-мықты.
Сескенбей тұра ұмтылды анадайдан,
Барық та жағаласты қалап ойран.
Сұрапыл еді дию майдан ашты,
Аянбай сілкілесті, найзаласты.
Тәңірі Ескендірді ерек еткен,
Жебеді ол Барықты кереметпен.
Шейд те ат үстінен аударылды,
Жартастай құлап түскен қақ жарылды.
Барық ер жан сенгісіз қайрат жасап,
Мұны да алып келді байлап-матап.
Жаратқан Ескендірге жар болды да,
Дара Шах назаланды долданды да.
Майданды көкжал Барық бөріктірді,
Уайым сап, жаудың көңілін торықтырды.
Алақтап жан-жағына көз тастайды,
Шақырып жекпе-жекке ойқастайды.
Шыққандар қара жерді демде құшты,
Құлаған теректей боп ерден ұшты.
Ер Барық шеттерінен соғып дүрдей,
Жайратты жау батырын тоғыз бірдей.
Бәрі де тұтқын болды – самсап сынды,
Жарасы ауырлары жан тапсырды.
Енді оған келе алмады ешкім батып,
Салды айғай көзінен от ұшқындатып.


269
Сұстанып, бет қаратпай тірі жанды,
Шақырып жекпе-жекке тұрып алды.
Дараның іші өртенді, ыза кернеп:
«Мынаған енді қандай шығады ер!» – деп.
Ақыры біреу атын шықты ойнатып,
Алысып ауыздықпен, от шайнатып. 
Сыртынан қарағанда пілдей еді,
Керіктей тұлпары да бір дөй еді.
Қабылан терісімен атын жапқан,
Жолбарыс ішік киген жарқыл қаққан.
Қып-қызыл дулығасы секілді қан,
Қап-қара сәлдесінен шошиды жан.
Немесе қызғалдақтай жанып тұрған,
Көзіңді қызылдығы қарықтырған.
Түсінен адам шошыр түнеріткен
Бет-жүзі сақал басқан күреңіткен.
Сиықсыз мұрты хұрма ағашындай,
Ұсқынсыз келбеті де нақ осындай.
Алмастай екі көзі от тастаған,
Аумаған қанға толы қос тостаған.
Бір дүлей көкірегін кек қайнатқан,
Мағрыбқа қылыш сілтеп Ақсай жақтан.
Ерлері ол өлкенің жұрттан ерек,
Көкжалдай бет-бетімен жортқан бөлек.
Өңкей бір күш иесі қара дойман,
Жауына Шах бұйырса салар ойран.
Көзіне көрінгенді қырады ұдай,
Жар салса аттануға тұрады сай.


270
Майданға жалғыз шығар пайда табар,
Олжа үшін аспандағы айға шабар.
Бір тұтқын түсе қалса қолдарына,
Түсіп ап тарта берер жолдарына.
Уысқа түскенінен айырылмас,
Есебі түгелденсе қайырылмас.
Тұтқынға ажырақ сап көндікпеген,
Құл қылар қара табан зорлықпенен.
Айбаты осал емес Барықтың да,
Аузынан жалын шашар алып тұлға.
Екі дәу дүниені шаң қаптырды,
Көрмеді бірін-бірі қаңбақ құрлы.
Жарқылдап жай отындай қақтығысар,
Қусыра қуаласып аптығысар.
Толассыз найза шаншып, қылыш сермей,
Бір-бірін тықсырады тыныс бермей.
Тулақтай қақты жерді шабысымен,
Жүздері танылмастай шаң ішінен.
Барық та алдырмауға тырысады,
Ал анау одан сайын жұлысады.
Кім білсін күн түсерін басқа қандай,
Барықтан қуат сөне бастағандай,
Алысып тоғыз бірдей алпауытпен,
Қайраты бірте-бірте сарқа біткен.
Шалдығып шаршағанын аңғарып қап,
Қапсыра құшақтады жау да мықтап.
Салды да иығына тірі өліктей,
Қайқайып жүре берді тізе бүкпей.


271
Қолына құл түскен соң жайын мұндай,
Жөнелді қосынға да мойын бұрмай.
Жеткендей арманына баршама енді,
Бетке алып Мағрыбты тарта берді.
Халайық бұл қылыққа таңырқасып,
Кеткенше телмірісті таудан асып.
Әлгінің сойқандығы салып мұңды,
Көңілін Ескендірдің қамықтырды.
Барықтың ойлап мүшкіл халін тағы,
«Тағдыры не болар?» – деп жабырқады.
Қуанды есесіне жойылды деп,
Дараның жойдауыты шойын білек.
Дара да жадырады үрейі ұшқан,
Берберлік құрыды деп дүлей дұшпан.
Бөктеріп кете барған дүрдей жанды,
Алыптың кім екенін білмей қалды. 
Болмаса бассыздығы бағынбаған,
Сүйсінтті ерлігімен дауылдаған.
Диюдан айырылып қалғанына 
Іші ашып, түсті уайым қармағына.
Күн батты. Ай өрледі көкке қарай,
Ескендір дидарындай төккен арай.
Көрпесін қараңғылық жапты да алып,
Екі жақ тыныштыққа шөкті барып.
Талайлар түні бойы аласұрды,
Бұйрықты орындаумен таң атырды.
Дара да көз ілмеді лаулап іші,
Ән-күй мен шарап болды алданышы.


272
Секілді шарап емес қан жұтқандай,
Кім білсін қасірет тұр аңдып қандай?
Шығарды Ескендір де ұйқыны ойдан,
Түнімен медет тілеп бір құдайдан.
Орын ап оң жағынан кемеңгерлер,
Жайғасты сол жағына ерен ерлер.
Күңіреніп таң бозынан дабыл, керней,
Дүние даңғырлады дамыл көрмей.
Қиямет күні тағы зіркілдеді.
Кең дала қалың қолға іркілдеді.
Екі жақ өткізді әрең түнін бұғып,
Күпті ғып бірін үміт, бірін күдік.
Жылжыды қанатын кең жайған ерлер:
Мергендер, қылышкерлер, найзагерлер.
Нұр құйып жүректерге таң шапағы,
Ерлікке шақырғандай жар шашады.
Екі жақ тағы, міне, бетпе-бет кеп,
Салды айғай батырлары «жекпе-жек!» – деп.
Жаңғырып дүниенің бар түкпірі,
Дабылдың тағы, міне, сарсытты үні.
Тағы да қылыш жүзі қылпылдады,
Қырқуға қыршындарды қылқылдады.
Тағы да қапас торлап ашық көкті,
Тағы да көздерді қан басып кетті.
Ескендір бір түтігіп, бір қуарып,
Шайқасты ту сыртынан тұрды бағып.
Сол замат жаушы жетті шауып қатты,
Тапсырды Ескендірге жабық хатты.


273
Шегелеп айтты және белгі беріп:
«Мәніне қараңдар, – деп, – ой жіберіп».
Жаратқан жарылқай ма жылағанмен,
Ескендір ашты хатты дүдәмалмен.
Ұғынды екі жанның кек тұтқанын,
Дараға тұтқиылдан соқтыққанын.
Шектіріп зәбір-жапа сорға айдапты,
Еріксіз тәуекелге бел байлапты.
Дара да көрсетіпті көресіні,
Қалыпты таяқ тастам көр есігі.
Ашынып, өшігіпті тісін қайрап,
Патшаны құртуды ойлап, қару сайлап.
«Қимылдап алдын ала ұмтылмасақ,
Қалып тұр көзімізді құртуға сәт.
Жұлмасақ түбірімен улы ағашты,
Төндіріп жұртқа зауал, ылаң ашты.
Азаптың отына аз ба жанғанымыз,
Құтылсақ болмас еді арманымыз!»
Қағазға ашық жазып атын тіпті,
Арнайы Ескендірді шақырыпты.
Ашыпты құпиясын именбей бір,
Жандарын шүберекке түйгендей құр.
Хат сөзі көкейіне қонды да анық,
Ескендір мүскін жайға болды қанық.
Дегенмен әлдеқалай күмән ойлап,
Әліптің артын бақты тым абайлап.
Ол айтты: «Жауап беру емес оңай,
Жөні жоқ бәлен деудің және солай.


274
Қалай деп түсінеміз бұ қылығын,
Шын болса жақсы емес-ау түбі мұның».
Жіберді шабарманын көп ойланып,
Ол кетті майдан сыртын кең айналып.
Тағы да қалың әскер қақты дабыл,
Соғардай ажал құсқан отты дауыл.
Сөзінде әлгі екеуі тұрысты да,
Бастады бір бүлікті ұрыс шыға.
Қапыда жамсатуға тас түйінген
Екеуі төнді Шахқа қос бүйірден.
Қоя ма алғаннан соң ортасына,
Қанжарды салды бірі қолқасына.
Ағызды бірі бастан қызыл қанын,
Келтіріп өз алдына өз қылғанын.
Алтын тақ төңкеріліп жерге қарай,
Түбімен қопарылды дәу қарағай.
Іргесі Бахмен Шахтың құлады ескі,
Кейқуат әулетінің шырағы өшті.
Қазаны естіген соң ел дүрлікті,
Ыдырап қосындар да ең бір мықты.
Іріді әскер іші дүрбелең боп,
Үрейі ұшқан тобыр кімге көнбек?
Үңіліп ақылменен мәнісіне,
Ескендір көңіл қойды хақ ісіне.
Атына қарғып мініп алға жүрді,
Жол беріп майдан төрі қақ жарылды.
Су сеуіп қанды шайқас лапылына,
Дараның жетті жедел шатырына.


275
Бас иіп алқа топқа қошеметпен,
Келгенін баяндады не себеппен.
Ізінше аттан түсіп шатырға енді,
Қасына Дара Шахтың жақын келді.
Түскендей түбі жоқ бір орға барып,
Шах жатыр қызыл-ала қанға оранып.
Қасына тізе бүгіп отырды да,
Қайғырып қара жұтты аһ ұрды да.
Көтеріп басын сүйеп, алдына алып,
Күңіреніп, зар еңіреп, болды ғарып.
Үмітпен бетіне су көрді бүркіп,
Дара Шах көзін ашты қанды кірпік.
Басында отырған кім қатты жүдеп,
Сезді де тілге келді ақтық рет:
«Армысың, жас әміршім, аспандаған!
Батырым, бағыланым, асқан данам!
Өзіңдей асыл қайтып жарала ма?
Жауына сендей әділ бола ала ма? 
Білмеймін неге саған төктім қаһар,
Түсінбей құдіретіңді кеттім қатал.
Жеткендей қасиетіңе көзім жаңа,
Дараға пар келетін өзің ғана.
Қолайлы халайыққа әрбір ісің,
Жаһанның тәңір берген әмірісің.
Махаббат, мейірімге дидарың бай,
Құлақ сал, сырымды айтам иманымдай.
Салыпты күңгірт жолға тағдыр баста,
Қоймады аяғымды шалдырмасқа.


276
Есіріп, елес қуған кешегі Шах,
Сөнгенде үміті де өшері хақ.
Беймезгіл қонағым боп жолықтың-ау,
Кідіртпес мәңгі сапар – жорық мынау.
Әттең-ай, қапы қалдым, құлазыдым,
Пәниді қидым саған – разымын.
Екенсің ең қадірлім – аңдамаппын,
Бір сәттік енді өзіңе мен қонақпын.
Заматын зауалымның дәл білгендей
Басыма пиғылменен келдің нендей?
Танытып келген болсаң адамшылық,
Көрмесін көзің ешбір жаманшылық.
Басымды келіп тұрсаң алғалы егер,
Сусырып қылышыңды қамдана бер.
Аз ғана аялдарсың өзің дәт қып,
Тыңдарсың бір-екі ауыз сөзімді ақтық!»
Мына сөз қасіретін қатты қозғап,
Ескендір қанды жасын төкті боздап:
«Иманым бұйырмасын алдияр Шах!
Аярсып, жалған айтсам жан қияр сәт.
Тілейін тірлігіңді хаққа жылап,
Дүниені қараң етпе, тоқта азырақ.
Етейін тәж бен тақты мәңгі талақ,
Ұяттан өлмей тұрмын енді сәл-ақ.
Кінәмді өз мойныммен көтерейін,
Құлың боп керуеніңді жетелейін.
Көргенше сенің ажал құшқаныңды,
Жаһаннан жойсам нетті дұшаныңды?


277
Не дейін, таяқ тиді тасырлықтан,
Өзінің тажал болдым басын жұтқан.
Шамданып болымсызға шошаңдадым,
Сабырмен сыр түйінін шеше алмадым.
Қол жинап, қарсы шаптым есерлікпен,
Не таптым, жойқын қайрат бос ерліктен.
Бұлайша болады деп кім ойлаған,
Қатерге толы екен ғой шырайналаң.
Білмеппін дүние кері дөңгелерін,
Әкелген хатқа да мән бермеп едім.
Табанда жазаламай сол залымды,
Отырмын тістеп, міне, бармағымды.
Ақыры соқты неге қара мұның,
Орнады басыма кеп қаралы күн!
Тартынсам тас төбемнен құдай ұрсын,
Жолыңа жаным құрбан, ұлы әміршім!
Орныңа ләзім еді мені алғаны,
Сен қалсаң, Ескендірдің жоқ арманы!»
Шах айтты: «Тілегімді тыңда одан да;
Мен, сірә, жоқ адаммын бұл ғаламға!
Айтайын арызымды енді ақырғы,
Дұғаңнан тастай көрме мен пақырды!»
Елжіреп Ескендірдей кемел ерге,
Сыйынып, сыбырлады жөнелерде:
«Артыма үш өсиет қалдырамын,
Құп көрсең, тыныш табар мәңгі жаным.
Мойныңа қарыз болар менің қаным,
Сазайын тартпаса екі обыр залым.


278
Қан ішіп кімге опа қылмақ кісі,
Ой салып кетті саған – бір жақсысы.
Пәниден пенде емеспін опа тапқан,
Сақтасын құдай сені кесепаттан!
Мүсірке Кейқуаттың ұрпақтарын,
Өтінем, отай көрме бұтақтарын.
Сенімен жан жоқ енді жағаласар,
Кең болсаң, кем болмайсың – бағаң асар.
Есірке жетімдерді, тартпа кекке,
Балаңдай бауырыңа бас, артпа өкпе.
Кемесі қайырымдының жүзеді өрге,
Сабағын жас гүлімнің үзе көрме.
Раушанақ – қарашағым, жан жұлдызым,
Артымда қап барады жалғыз қызым.
Сол ғана Кейқуаттың әулетінен, 
Атаның құр қалмасын дәулетінен.
Салтанат рақатын көрсін ол да,
Жайнаған өмірінің көркін алма.
Сенемін ажарының сөнбесіне,
Жылынып, жаныңды тос сәулесіне.
Бақытын жалғызымның жандырғайсың,
Қадірлеп қасыңа алып, жар қылғайсың.
Пәк еді көз жасының тұнбасындай,
Қанатым, таянышым сырласымдай.
Ардақта асыл-текті сүйегімді,
Балам бол, өмірге әкел жиенімді.
Мен егер жатсын десең көрде тыныш,
Болғайсың қосағыңа сен де тыныс.


279
Туған ұл Ескендірдің кіндігінен,
Нәр алсын Кейқуаттың нұр гүлінен.
Қолынан әділеттің туы түспес,
Біздердей өкініштің уын ішпес. 
Қайтадан ғайып бізді кез қылар ма?
Қайтарма ықыласымды көз жұмарда!»
Ескендір жайып тұрып қолын көкке,
Күңіренді дауыс салып қалың көпке:
«Шахтардың ұлы Шахы, дана тақсыр!
Құлыңмын, құдіретіңнен пана таптыр!
Бейіште ғазиз жаның тапсын дамыл,
Тәңірі тілегіңді етсін қабыл!»
Мұны естіп, енді арманым жоқ дегендей,
Дара да иек қақты көп бөгелмей.
Құлатты күнді аспаннан түн аударып,
Сарайын Бахманның түнек жауып.
Жойылып Лухрасбтің салған заңы,
Дәстүрін Гуштасбтің шаң қармады.
Лап етіп Кейхисрау сөнді шамы,
Қапастай тұншықтырып сор құшағы.
Көкке ұшты Кавус
79 
үшін болды да арман,
Атағы Кейуаттың жерді жарған.
Рухы Манучехр
80 
қараң қалды,
Билігі Фаридунның
81 
тамамдалды.
Тынды бір қызыл қырғын, ала шапқын,
Ескендір орнын басты Дара Шахтың.
Мәйітті көрсетпестен азалы елге,
Оңаша алып шықты таза жерге.
79


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет