Хушан – Пешдадилар әулетінің бірінші билеушісі.
95
Брахими Адхам – Балхтық Ибраһим Адхам. (ҮІІІ ғ. өмір сүрген ақын).
96
Мұрғаб – Хорасандағы жер және өзен аты.
97
Марв – Хорасандағы сәулетті қала. Қазіргі Мари қаласы.
98
Тахмурус – Пешдадилар әулетінің екінші әміршісі.
320
Чахчаран
99
- төртінші өзен екпіні ерен,
Бас алған шың-құздардан көк тіреген.
Шашқан бір құс жолындай ақ тарысын,
Ағады ақ айран ғып шатқал ішін.
Інжудей малта тасы қолтығында,
Жатады жұлдыз ойнап толқынында.
Науқасқа шипа суы тыныс болған,
Жазылар құлан таза мұны ішкен жан.
Шашады жағалауы көктемдей нұр,
Қызыр кеп гүл-бәйшешек еккендей бір.
Аспаны – алтын шара төңкерілген,
Бейіштей саф ауамен көмкерілген.
Шөл қысып қаталаса таң сәріден,
Әлемді сусындатар кәусарымен.
Аяғы құмға сіңіп жоғалады,
Жер астын кеулеп, үңгіп, жол алады.
Ескендір Хорасанның өңірін шолып,
Тоқтады төрт өзенге көңілі толып.
«Болмас, – деп, – мұнан өткен жәннат мекен!»
Сүйсінді, көңіл құсы самғап төтен.
Көз тоймас өлке, өзенді сол араға,
Салдырды көрікті, әсем жаңа қала.
Сұрыптап атаулардың мыңдағанын,
«Ғират» деп атын қойды бұл қаланың.
Шықса да қала даңқы нұр сипатпен,
Көргендер қараса да ілтифатпен,
Ескендір тия ала ма матап көпті,
«Ғиратты» халық «Хири» атап кетті.
99
Чахчаран – Забулстандағы өзен.
321
Жас қала бой түзеді өрлеп көкке,
Құлпырар қара тас та өрнектетсе!
Көгілдір жеті әлемдей шеті көлбеу,
Жер беті жеті ықылым – жеті белдеу.
Күніндей кең әлемнің орасан бір,
Жайнатып өз белдеуін Хорасан тұр.
Секілді сұлулықтың мәңгі иесі,
Ғират қой Хорасанның жан-жүйесі.
Алтын күн төбесінен шуақ төгіп,
Дүниені нұрға орайды қуат беріп.
Ешқашан құламасын ойрандалып,
Гүлденсін, сәулетіне ел қайран қалып.
Қаланы иемденіп көрік болған,
Ескендір соқты айнала берік қорған.
Аңсаумен жатса-тұрса жорық жолын,
Жайқыннан бастап өтті қалың қолын.
Көзіне елестетіп жер-жәннатты,
Алдында гүлжазира көлбеп жатты.
Ортасын қос өзеннің жері жойқын,
Ежелден Мауреннаһр елі дейтін.
Ол шеті, бұл шетінің ара-шегі –
Сегіз жүз шақырымның шамасы еді.
Бір өзен шығысында – Сайқын еді,
Оңтүстік батысында Жайқын еді.
Жамырап ел ортасын жарып ағар,
Арастай он бес өзен тағы да бар.
Жағалай арық тартып кенерелі,
Қалалар мол ырысқа кенеледі.
Заравшан – оның бірі аққан ерек,
Жер бетін безендірген баққа бөлеп.
322
Шәрбаты мейіріңді қандырғандай,
Бақытын тіршіліктің жандырғандай.
Құлпырып қалалары гүл жайнады,
Қарық боп молшылыққа күллі аймағы.
Құрдымға сіңіп кетсе Фурат
100
барып,
Кең өлке қаңсыр еді қурап қалып.
Ескендір Иранбаққа кіргендей тап,
Ұнатты мына өңірді бірден байқап.
Ұқсайды мөлдір Құхақ
101
шалқар Нілге,
Немесе жәннаттағы салсабілге
102
.
Секілді төсегендей жерге кілем,
Мысырдан бұл араны көрмеді кем.
Әрқашан халық қамын ерте ойлады,
Қала үшін әдемі бір жер сайлады.
Құт дарып, қонғаннан соң өзенге бақ,
Құхақ деп ел атаған ежелден-ақ.
Інжудей қызықтырар титтей тасы,
Жібектей үлбірейді көк майсасы.
Орны бар табиғатта әр нәрсенің,
Құхақтан қандырады нулар шөлін.
Ағады төбені орап сыр жасырмай,
Ғашықтың көз жасының тұнбасындай.
Сол тұсқа салынды бір жап-жас қала,
Кең сарай кедейлерге болмас пана.
Қарады кереметке ел аң-таң боп,
Ескендір атады оны Самарқан деп.
Орнығып болғаннан соң басып ірге,
Аттанды қолын бастап Кашмирге.
100
Достарыңызбен бөлісу: |