Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Екі дос туралы хикая, оның біреуінің көп сапар шегуінің арқасында 
аспан қожасы күн секілді ірі патша болуы. Екіншісі аяқ астында бопыр 
боп қопсыған тозаң секілді орнынан қозғалмайтын, жерге жабысып 
жататын. Ол бейне қиыршық құм құсап жерден бас көтермейтін еді, 
ақырында жоғарғы дәрежеге қалай қолы жеткені.
Екі дос Хорасанда тірлік кешкен,
Өтіпті бір-бірінен сыр бүкпестен.
Кедейлік байғұстарды жүрелетті,
Ауыр күн аш-жалаңаш жүдеу етті.
Тағдырдан қорықпай бірі қаһар төккен,
Аралап алыс елді сапар шеккен.
Көндігіп жоқшылыққа илеп алған,
Біреуі күйбеңдеумен үйде қалған.
Кедейлер жұрт көзінен тайсақтайды,
Қорлау мен мазағынан қайсақтайды.


336
Асыл тас аздығымен ардақталар,
Су моншақ көп болғанмен қор боп қалар.
Сезініп сайран өмір, еркіндікті,
Сапарға шыққанына серпін бітті.
Қызық пен кәсіп қуды жанды аямай,
Желгізді дүние, шіркін, желмаядай.
Юннанға
111
жетті жықпай көңіл туын,
Тапқандай масайрады өмір суын.
Жинады құтты жерден жанына нұр,
Кіргендей даналықтың бағына бір.
Кемеңгер ұстаз тауып, алды білім,
Сол жолда сарп етіп бар ғұмырын.
Тыңдаумен даналардың насихатын,
Ғаламның ашты іліммен не сипатын.
Білімпаз болғың келсе – аянбай бақ,
Көңілі хас наданның оянбайды-ақ.
Тәңірі сыйлаған соң ынта, жігер,
Атанды нағыз ойшыл, шын дәрігер.
Көп көрген кемелдіктен сая таппақ,
Әлемді шықпақ болды саяхаттап.
Жағалап Үнді еліне барған екен,
Шахының көзі көрмей қалған екен.
Халқына жар салыпты мынадайлық:
«Көзімді емдесе егер шырадай ғып,
Қызымды соған берем болса да кім,
Соныкі шалқар байлық, барша малым.
Өзімнен туған ұлдан кем көрмеймін,
Өмірде ешкімді оған теңгермеймін!»
111
Юнан – Греция ертеде осылай аталған.


337
Қарашы, жаратқанның қостағанын,
Жайнатты барды да оның қос жанарын.
Шах қызын берді, тоқтап уәдесінде,
Өткерді ұлан-асыр кәдесін де.
Кім мәңгі дүниеде тұра бермек,
Патшаның қалды артында мұрагер боп.
Манағы жарлы досы білді кенет,
Мұның Шах болғандығын Үндіге кеп.
Үміт пен күдік қатар кернеп ішін,
Аттанды досын көзбен көрмек үшін.
Тұрақсыз тұлдыр қайда тоқтай алмақ,
Қалаға досы отырған жетті аяңдап.
Кедейді анау ханнан бетер күтіп,
Өзіне уәзір сайлап, көтерді тік.
Үйінен ұзамаса пақыр байғұс,
Жоқшылық тұра ма әсте батырмай тіс!
Сайланып шығып еді алыс жолға,
Қайралып мінді жігер, намысқа ол да.
Рухы тасып туған алғашқысы,
Даңқы асып, болды дана ел басшысы.
Түсірмей мақсаттыны тұзаққа тар,
Шеккенде, тәңірі жар бол, ұзақ сапар!
ҒИБРАТ
Ескендірдің Арастудан: «Данышпандар не себептен ылғи да алыс 
жолға шығып, сапар шегуге кеңес береді?» – деп сұрағаны.
Данаға сауал қойды Шах мынадай:
«Ұстазым, шалқар ойлы ақ тұмадай!
Үйінде жатқан ұйқы қандырады,
Сапарға шықан шаршап, шалдығады.


338
Дерт жамар жол қатері бар емес пе,
Дәрігерлер неге үнемі салады еске?»
Данаға болған еді бұ да – бір сын,
Ол айтты: «Ғазиз досым, ұлы әміршім!
Сорлатса жанарыңнан жас тамдырып,
Дейсің ғой керегі не бос қаңғырып?
Сапарды серуен деп ойлаймысың?
Тартпайды ел еріккеннен жол қайғысын.
Көңілің кейде шалқып, кейде тынар,
Байқасаң әр бейнеттің зейнеті бар.
Шикіні ауызға алып, татқан ба адам,
Астында қазан жетім от жанбаған.
Балқыған от ішінде сары алтынға,
Төнбейтін тірі пенде табарсың ба?
Ауыр ғой шөлдегі жол тозақтан да,
Аптапта қаңсығаннан азап бар ма?
Көрмесең мехнат тартып, талқы не бар,
Таптырмас сен көксеген алтын өмір.
Ғұмырды саф алтындай шалмайды кір,
Қақтасын азап-аптап жанбайды бір.
Сапарда сілкінбесе әркім солай,
Тазармас көкейдегі алтын сарай.
Өжет жан осынау бір сыннан өткен,
Арылар күдікті ойдан мұңға бөккен.
Ұзарып тартқан сайын жолың алыс,
Құйылар қуат қаулап, жаныңа күш.
Бұйығып жата берсең, басың қатар,
Қозғалсаң денең ширап, асың батар.
Сәт сайын қимылдаған пайда табар – 
Тағамың тоя жеген бойға тарар.


339
Ауаны жаңартпасаң жүнжір жаның,
Жабығып, жігеріңді құм қылғаның.
Сыры мол саяхаттың ұққан жанға,
Құр аттай ойнақтайсың шықсаң жолға.
Жазылса жүйкеңдегі құрыс-тырыс,
Аласың кең көсіліп, дұрыс тыныс.
Алайда артық жатыс денеңді езер,
Сергектік үрке қашып, сенен безер.
Осылай жан әлемің мың құбылар,
Секілді бораннан соң күн жылынар.
Ергенде сайран-сапар жетегіне,
Саф ауа, мөлдір суға жетеді не?
Асылы табиғаттың – су мен ауа,
Таппайсың екеуінсіз мүлде дауа.
Кеңейіп көкірегің соларменен,
Бөленіп рақатқа, толар денең.
Болмасаң рухың күшті, дию-мықты,
Сапарда жеңе алмайсың қиындықты.
Міне, – осы, ақылмандық асыл шындық,
Құлақ қой емшіге де, басың шұлғып».
Жеткендей масаттанды мақсатқа мың,
Жауапқа көңілі толып жас патшаның.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет