Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет48/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Ескендір бүкіл әлемді өзіне қаратып алу мақсатымен жорыққа аттанды. 
Хорасанға жетіп, Ғиратты салдырды. Мауреннаһрды бағындыруы, 
көздің жауын алатын Самарқанды тұрғызуы. Кашмир жаққа қарай 
бағыт алуы, Кашмирліктердің сиқырын тыйып, бейне Мұсадай өзінің 
қуатты қолын созып таңғажайып айламен сиқыршылардың қорғанын 
талқандауы және жеңіліп талқандалған Маллудың өзінің сиқырлы 
қорғанына қарай бет алуы, ал Ескендірдің Кашмир қаласына дейін баруы.
Жалғасып жеңіс жайлы дастан әрі,
Былайша жаңа әңгіме басталады:
Ескендір қыс сыңайын шамалады,
Арран мен Қарабахты сағалады.
Әлемді алуды аңсап тыншы кетті,
Тажал ой көңілдегі түртіп отты.
Мәслихат құрды жинап дүйім халқын,
Аңғартып алдағы істің қиын парқын.
Тағдырдың ерді тылсым елесіне,
Мінді де тәуекелдің кемесіне.
Байсалды, батыл шешім жасап тағы,
Әскерін жарақты ғып жасақтады.
Жеңсін деп табанға сап түтіп жауын,
Тілеуін тіледі оның бүкіл қауым.
Жатса да жорық қамы асып бастан,
Ойлады ел ісін де асықпастан.
Аң аулап, саят құрды тыныққанда,
Арастың маңындағы шығып тауға.
Өтті де қыс айлары жайбарақат,
Шуақты жасыл көктем келді рақат.


318
Жер жүзін майса басып, қаулады көк,
Қисапсыз қалың әскер саулады үдеп.
Қыстаудан алып шықты әскерін Шах,
Ұқсатып желкілдеген шөпке бір сәт.
Жұлдызшы бергендей бір бақты жорып,
Аттанып сәтті күні ашты жорық.
Қадады Сипаханға бірден көзін,
Хорасан ар жағында тұр қол созым.
Жолдағы Иранды оңай қаусатпағы,
Жүзіктей ойнатады саусақтағы.
Сүйсініп Хорасанның ауасына,
Бөленді рақаттың дауасына.
Өлке еді байтақ жатқан, байлығы асқан,
Жайнаған көркінен бір айнымастан.
Саф ауа, мөлдіреген аспан қандай,
Елтисің жұпарына мас болғандай.
Сеңгір тау, кең жазира, ерке бұлақ,
Тынығар тұрған жаның өртеніп-ақ.
Теңіздей төңкеріліп толқындатқан,
Тағы да төрт өзен бар, шалқып жатқан.
Бейіштен аққан судай сарқылмайды,
Сапырып ақ көбігін сарқылдайды.
Біреуі – Хирманд
89 
оның сусыл қаққан,
Жаннаттай жазираны сусындатқан.
Қандырып бау-бақшаны, көкорайды,
Даласын Забулстан гүлге орайды.
Саялы орманының көлемі дәу,
Көркіндей патшалықтың көне, мынау.
89
Хирманд – Ауғанстандағы өзен.


319
Нимруз
90
деп аты шыққан күллі әлемге,
Төгеді шапағатын мұндағы елге.
Бұл елдің кедейі де Хатамдай
91
бар,
Рүстемдей төгеді ері қаһарлы айбар.
Дарижаз
92 
екінші өзен мөңкіп аққан,
Маржандай тұнық суы толқын атқан.
Іздесең ондай су жоқ еркін шарлап,
Жұтатын хор қыздары дерсің шәрбат.
Ежелгі Балхқа
93
әсем көрік беріп,
Жауына қаһар шашар көбіктеніп.
Балхты Хушан
94 
патша әсемдеген,
Түп-тұтас астана деп әсерлеген.
Таулары көк тіреген бұл өлкеде,
Брахими Адхам
95 
тұрған тым ертеде.
Әйгілі үшінші өзен - Мұрғаб
96 
деген,
Кәусары таудан құлар тулап төмен.
Жазатын жан жарасын, күллі дертті,
Суының шипасы бар құдіретті.
Қасиетті суды жұрты әспеттейді,
Құлпырған Марвтен
97
жер әсте өтпейді.
Жаннаттай малындырып лағыл нұрға,
Орнатқан Тахмурас та
98
тағын мұнда.
Бұл жерге бақшасына кие қонған,
Кейіндеу Санжар сұлтан ие болған.
90
Нимруз – Забулстанмен қатар жатқан аймақ.
91
Хатам – жомарттығымен аты шыққан араб билеушілерінің бірі.
92
Дарижаз – Забулстандағы үлкен аңғарлы өзен.
93
Балх – Хорасандағы қала.
94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет