Халык, педагогикасын зерттеу пэні, онын мані мен максаты


Ғылыми педагогика мен халык педагогикасынын



бет3/5
Дата24.09.2024
өлшемі32.03 Kb.
#503948
1   2   3   4   5
Этнопедагогика 1

Ғылыми педагогика мен халык педагогикасынын
байланысы.

  1. Халық тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

  2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.

  3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

  4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректіболуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуінорынды санаған.

  5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойывн дамытубүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

  6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі — тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

  7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

  8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы — тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.

Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.


Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.
Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет