Құрметті бозойлықтар, қадірлі ауыл ақсақалдары мен азаматтары



жүктеу 67.08 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі67.08 Kb.
Бозой селолық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар және 2014 жылға алда тұрған міндеттер туралы село әкімінің есебі.
Құрметті бозойлықтар, қадірлі ауыл ақсақалдары мен азаматтары.

Міне, 2013 жылда тарих еншісіне айналды.. Әр жылдың көтерер жүгі, алар асуы, тапқан табысы, жеткен жетістігі мен кемшілігі болады.

Бозой ауылдық округі аумағындағы елді мекендер сәулеттеніп өмір көшіне ілесіп, құлашын кең жайып, халық көбейіп, өндіріс дамып, мал басы артып, өсіп өркендеу үстінде.

Бозой ауылдық округінің келешегі кемел, болашағы зор. Округте газ өндіру, айдау, өңдеу, мұнай өндіріп, өңдеу орындарында 500 еңбекші қызмет жасап, ел байлығын еселеп, өз отбасын асырап, бала өсіріп тәбиелеп, ұшыруда. Сонымен бірге елге қызмет жасайтын әлеуметтік салалар да барлығы дерлік округ халқына мінсіз қызмет жасап келеді, онда еңбек етіп 280 отбасы табыс табуда. Шаруа қожалықтары мен орта шағын кәсіпкерлікті дамытумен 106 кәсіпкер шұғылданатын болса,онда 200 адам жұмыс жасап, 3000 халықты қолжетімді бағадағы азық-түлікпен және Қазақстандағы бағасы ең арзан етпен қамтамасыз етіп отырған осы Бозой ауылдық округінде. Бозой ауылдық округі бойынша демографиялық жағдай да көңіл тойдырарлық. Сондай-ақ, үй ішінен үй болып шығып жатқандар да баршылық. Қазіргі таңда жеке үй салу үшін жер сұраушылардың саны да күннен күнге артып келеді.

Бозой орта мектебін 2013 жылы 30 оқушы аяқтап, оның 23-і бірыңғай ұлттық тестке қатысты. 1 оқушы математика пәнінен қанағаттанарлықсыз деген баға алды. Барлығы дерлік жоғары, арнаулы оқу орындарына түсті.

Ауыл тазалығын сақтау, ауылды аялау, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Бұл бағытта бірінші мектеп ұстаздарына, басшыларына және оқушыларға алғыс айтамыз. Ұдайы сенбілік өткізіп, елдегі болып жатқан игі шаралардың басы-қасында да ұстаздар қауымы мен басшылары бірге жүреді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Арал тораптық өндірістік басқармасы ұжымы 15 балаға әрқайсысы 25 000 теңгенің оқу- құралымен түгел жабдықтап берді. Обаға қарсы күрес стансасы ұжымы 2 азқамтылған отбасы баласына 10 мыңнан 20 мыңға көмек көрсетсе, «ТетисАралГаз» ЖШС-і ұжымы 250 мың теңгеге көмек қолдарын созды. Сонымен бірге Аяққұм негізгі мектебіне биылғы жылы 24 бала мектепке тартылды. Мектеп ұжымы ауыл болып мектепті жөндеуден өткізуге ат салысты. Төбесін жауып, су ақпайтын етті. Пештерін қайта салып, есік-терезелерін бүтіндеп, сырлап, ақтады. Ауласын тазартып, отынын жеткілікті түсіріп алды. Жаңа оқу жылын үлкен дайындықпен қарсы алды. Аудандық білім бөлімімен тығыз байланыста. Қазіргі таңда заман талабына сай білім беріп, елдегі мәдени игі шараларға ат салысып келеді. Аяққұм негізгі мектебі орталығындағы барлық мәдени шаралар өтетін орын, әрі білім ордасы. Сондықтан да осы мектептің әрі қарай жұмыс жасауына қолдау керек.

Ауылдағы аурухана мекемесінде ұжым мүшелері аз болса да, елдің уақытылы ем-домын алуға, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы егуде, балаларға, аяғы ауыр аналарға уақытылы көмек, бағыт-бағдар беруде. Жыл ішінде 2600 науқас адамды қабылдап, 197 адамға күндізгі стационарлық қызметін ұсынды, үйден емделген 680 адам, скрингтен 1062 адам өтті. Жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етілген. 451 адам тегін дәрімен қамтамасыз етілген. Ауылда қазіргі уақытта тұмау, жөтел аурулары ауа райына байланысты көбеюде, уақытылы бақылап отырады.
Тұрмыстық - әлеуметтік жағдай
Сонымен бірге электр қуатын өндіретін, сататын мекеме Арал тораптық өндірістік басқармасының бүгінгі таңда ауылға берген қуаты жетпеуде. «Игілік» ЖШС-і де тек жоғарыдан алған электр энергиясын халыққа сатып, ауылда елдің электр қуатына деген сұранысын есептеп, қазіргі қолданып отырған желіні, бағана, кабель жүйелерінің жарақсыздығын анықтауға комиссия құрылды. Бозой селосының даму аймағына 5 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселе шешіліп, жаңа трансформатор қойылып, жаңадан салынған 15 тұрғын үйге жарық қосылды.

Ауылдағы жалғыз басты адамдарға қызмет жасайтын 3 әлеуметтік жұмысшы бар. Бұлардың әр адамға күніне 2 сағаттан қызмет көрсетуін бақылап отырамыз. Үйлерін ақтау, жинау, керекті заттарын дүкеннен жеткізіп беру, почта қызметін көрсету – осы әлеуметтік жұмысшылардың міндеті. Олар өз жұмыстарын атқарып жатыр.

Почта қызметі уақытылы жұмыс жасап, елдің еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақыларын таратып, газет-журналдармен қамтамасыз етіп отыр. Байланыстың барлық түрі осы почта қызметі арқылы жүзеге асады. Және де Ел Президенті мен Үкіметіміздің саясатын насихаттайтын, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеру жолындағы жұмыстардың жаршысы бұқаралық ақпарат құралдарына ауыл тұрғындары мен мекеме ұжымдары түгел атсалысты.

Тағы бір қуантарлық жағдай ауылдағы мәдени-рухани ошақ – «Арай» мәдениет үйінің үстіміздегі жылы республикалық бюджеттің қаржылық көмегімен күрделі жөндеуден өтетіндігі. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімі аппаратына «Тетис Сервис Казахстан» ЖШС-інің демеушілік арқылы тарту еткен УаЗ автокөлігі де халық үшін жасалған игілікті істердің бірі дер едім.

Сонымен қатар өткен жылы азқамтылған отбасы мүшелерінен мектеп, балабақша және интернатқа 10 қызметкер жұмысқа тартылды. Және де «Шымкент-Бейнеу» газ құбырының Бозой бөлігіне күзет қызметі (Секуретти) үшін 10 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Мұның барлығы дерлік ел мүддесіне қызмет ету болып табылады.
Ауыл шаруашылығы
Бозой селолық округі бойынша биылғы жылы 4000 МІҚ, 8000 қой-ешкі, 2975 түйе, 6500 жылқы малы қысқа түсті. Шөп дайындаған «Ақжол» ш/қ төрағасы Нәсіпжан Лекеров пен «Наурыз -М» ш/қ төрағасы Елемесов Мұратбайға алғыс айтамыз. Себебі, аталған екі қожалық иелері азқамтылған отбасыларын арзан бағаға шөппен қамтамасыз етті. Округ бойынша мал басы жылдан жылға артып, көбеюде. Шаруа қожалықтары да, жеке адамдар да мал басын өсіруде. Ағымдағы жыл ішінде 2 шаруа қожалығы («Ерке-Ұлан» және «Наурыз») жабылса, жаңадан 1 шаруа қожалығы («Береке») қосылды. Бірақ, малдың сапасы нашар.Малды асылдандыру жұмыстары жүрмейді. Шаруа қожалықтары тек санын көбейтуде, сапасын ескермейді. Малдар түрлі жұқпалы ауруларға қарсы мемлекет тарапынан түгел егілді, бірдейленді, сырғаланды.

Малды бірдейлендіру жұмыстары, оның ішінде МІҚ малы округ бойынша аяқталды. Ауыл ішінде мал ұстау, көшемен мал айдау дұрыс емес. Мұндай жағдайларға әкімшілік жаза қолданылады. Сонымен қатар қарасан ауруына қарсы егу ақылы түрде жүзеге асырылады. Себебі, үкіметтен бөлінетін қаржы бұл ауру түріне қарастырылмаған.

Биылғы жылы 20 шаруа қожалығы жаз жайлауға шықты. Жайлауға шығу қожалықтардың міндеті. Осы бағытта жұмыс жасап, түсінік жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы 2 шаруа қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 9 бас асыл тұқымды бұқа алынып, тағы да 4 бұқаға тапсырыс берілді. Шаруа қожалықтары аудан, облыс, Астанада болған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қалмай қатысып келеді. Өткен жылы Астанадағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне «Әділ-Ханит» шаруа қожалығы (төрағасы – Д.Әбдіхалықов) 3 бас жылқы етін апарып, арзан бағадағы ет өнімін сатылымға шығарды. Ауылдағы ет бағасы да тұрақты.

Елдегі мал басы өскенмен мал өнімдерін өңдеу, өндіру жұмыстары кенже қалуда. Дегенмен де ет өнімдерін алыс-жақын облыстарға, аудан орталығына апарып сатуда. Бұл да ел игілігі үшін жасалған жұмыстар дер едім. Шұбат өнімдерін «Қараноғай» шаруа қожалығы (Маржан Абнасирова) мен Қоянқұлақ елді мекенінің тұрғыны Бөлекбай Тасымовтың отбасы сауып, тұтынушыларға ұсынуда.

Ауылдағы жұмыссыздарға кәсіпкерлікпен айналысуға ұсыныс жасаймыз. Бірақ, нәтиже жоқ. Елде істеуге болатын жұмыстар көп. Жылыжай салу, бақша өнімдерін өндіру, жүн жинау, киіз, байпақ басу, тоқыма бұйымдарын өндіру, құс өсіру, т.б.Техника жөндейтін СТО ашу, құрылыс салу, жөндеу жұмыстарымен айналысу, тері илеу – осының барлығы осы ауылдан жасауға болатын жұмыстар. Ауылда кәсіпкерлікпен айналысуға мемлекет тарапынан бөлінетін түрлі несиелер бар. Соны пайдаланып, өзі табыс тауып, өзгені де жұмысты етуге болады.

Елдегі болып жатқан мереке, атаулы күндерді өткізуге округтегі шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қолдау жасап, үнемі жәрдем беріп отырады.


Тәртіп – тазалық.
Ауыл тәртібі тұрақты. Үнемі бағдарлап, келген-кеткен адамдар есепке алынады. Мал ұрлығы, басқа ұрлықтар тіркеліп уақытылы ашылуда, сондай-ақ, алда шешімін күтіп тұрған мал ұрлықтары да бар. Десек те, әр азамат өз малдарын қадағалауға тиісті.

Ауыл арасында ұсақ тәртіпсіздік болғанмен дер кезінде қаралып, жазасын алуда. Десек те, жасы толмаған баланың рульге отыруы әлі бар. Сонымен бірге тазалық – ауылдағы ең өзекті мәселе болып тұр. 2013 жылдың осы уақытына дейін 9 рет сенбілік жасалып, елдегі барлық мекемелер қатысып, тазалық жұмыстары жасалды. Ауыл сыртында 3 жерде мусор төгетін орын бар. Оның да ішіне төкпей, сыртына төгеді. Мал өлімтігін залалсыздандыратын орынға апарып тастамайды. Осындай келеңсіздіктен құтылу керек, дегенмен бұрынғыдай емес, халық қалыптасып келеді. Тазалыққа жаны ашып, шырылдайтындар да бар. «Самсоновка» фирмасының автотехникаларының көмегімен ауыл сыртынан 36 үйінді мусор жиналып, төгілді. Әр үйіндіде 4 машина қоқыс бар, яғни 240 тонна деген сөз. Сонымен қатар селоның оңтүстік бөлігінде орналасқан тұрғын үй лер мен қора-жайларды басып жатқан топырақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, 480 рейс, яғни 9600 тонна топырақ шығарылды. «ТетисАралГаз» ЖШС-нің техника және жұмысшылармен көмек беруінің нәтижесінде Ұран Бақтыбай көшесінің 600 м жерінің блок тастары көтеріліп, жері тегістеліп, қайтадан қойылды. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, алдағы уақытта ауылдың барлық көшелері кезекпен осылай дұрысталады деп күтілуде.

Ия, тірлігі де, тілегі де қоғам мүддесімен сабақтас бозойлықтардың ағымдағы жылға өкпелері жоқ. Бозойды шаттыққа бөлеп, ұрпақ өсіріп, үміттерін үкілеп, елбасы саясатын қолдап келеді. Қазақстанда болып жатқан саяси науқанда ауызбіршілік танытып, ел бірлігін ойлап, азаматтығын білдіру. Бұл үшін сіздерге тек алғыс, рахмет айтамын. 2013 жылды жаман бастаған жоқпыз, осындай бағытпен жылдың жетістіктеріне жете берейік, ағайын.

Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстанның-2050 стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алып жұмыс жасадық. Жұмыс өз нәтижелерін де берді.



«Көркейе бер, туған жер» акциясымен ауыл азаматына елге мини футбол алаңын салу үшін жер телімі берілді, келесі жылы құрылысын бастау керек.

Бозой ауылдық округінде шешімін күтіп тұрған әлі де талай мәселелер бар. Олардың шешілуі уақыт еншісінде. Сондықтан да келер күнге үмітпен қарайық дегім келеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет