Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату



бет6/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#131368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату

және тоқтата тұру шарттары

51. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші;

2) мүгедектік алынған, үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

3) стационарлық жағдайда немесе үйде арнаулы қызмет көрсетілген кезде;

4) қызмет алушы ішкі тәртіп ережесін бұзған кезде;

5) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шартты бұзған жағдайда жүзеге асырылады.

52. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру осы стандарттың 3-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету 51-тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылған қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетуді қалпына келтіру арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тоқтатылғаннан кейін бір күнтізбелік жыл асқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

53. Қызмет алушыда жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім пайда болған жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметті көрсету тоқтатыла тұрады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қалпына келтіру қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілім болып табылатын сырқаттың жоқтығын растайтын медициналық құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

54. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату және тоқтата тұру жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

55. Бұл ретте міндетті түрде шығару эпикризі, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, ол қызмет алушының не оның заңды өкілінің қолына беріледі.

8. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды басқару
56. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.

57. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі бөлімшені уәкілетті органның немесе құрылтайшының келісімі бойынша осы заңды тұлғаның директоры лауазымға тағайындайтын және босататын меңгеруші басқарады.

58. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы осы стандартқа 4-қосымшада көзделгеннен кем емес көлемде бюджет қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып бекітеді.

59. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысында сақталады және қызмет алушылар мен олардың заңды өкілдерінің бірінші талабы бойынша беріледі.

60. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұйым басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган және/немесе құрылтайшы – ай сайын қарайды.

61. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін жартылай стационарлық ұйымның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық ұйымды қоспағанда) демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына

1-қосымша

Нысан
Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы

____________________________________________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

_____ жылы «___»__________ туған, _________________________________

мекенжайы бойынша тұратын

____________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан, ________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

күндіз болуға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) _______________________ 2) _______________________

3) _______________________ 4) _______________________

5) _______________________ 6) _______________________

7) _______________________ 8) _______________________

9) _______________________ 10) ______________________


Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.
20 ___ жылғы «___»_________ _______________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)

Құжаттарды қабылдаған __________________ 20 __ жылғы «___»______

(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына

2-қосымша

Нысан
МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

_____________________________________________

(медициналық ұйымның атауы)


Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні «____»_________ _____ жыл

Үйінің мекенжайы ___________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,азық-түлікті көтере алмаушылық және сол сияқты)

________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

Медициналық тексеру:

(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы

мәліметтерді көрсету қажет)

Хирург _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

невропатолог ________________________________________________________

____________________________________________________________________

психиатр ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

окулист ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

отоларинголог _______________________________________________________

____________________________________________________________________

дерматовенеролог ____________________________________________________

____________________________________________________________________

фтизиатр____________________________________________________________

____________________________________________________________________

терапевт/педиатр_____________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________________________________________________

Көрсетілімдер бойынша:

эндокринолог ________________________________________________________

кардиолог ___________________________________________________________

ортопед _____________________________________________________________

нарколог ____________________________________________________________

онколог _____________________________________________________________

гинеколог ___________________________________________________________

зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі_________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

жалпы зәр анализі __________________________________________________



(мерзімі, нәтижесі)

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

____________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ____________________________________________________________________



(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы: ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу үшін медициналық қарсы

көрсеткіштер бар ма)

М.О.


Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20___ жылғы «___»___________

Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына

3-қосымша

Нысан


______________________________________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)



Ұйымға келуді есепке алу журналы





Қызмет алушы адамның Т.А.Ә.

Мерзімі

(күні, айы)



Тақырыбы

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның Т.А.Ә. мен қолы

1

2

3

4

5
































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет